483
3Дорсальды жүйке тармақтары дененің қандай бөліктерін жүйкелендіреді?
4.Вентральды жүйке тармқтары дененің қандай бөліктерін жүйкелендіреді? 5.Жануарлар
денесінде қандай жүйке тораптары болады? Оларды қандай жүйке тармақтары кұрайды.
б.Алдыңғы аякты қандай жүйкелер жүйкелендіреді? Олар қандай жүнке
торабынан шығады?
7.Бел жене құрсақ жүйке тораптарының жүйкелерін еске түсіріп, олар
жүйкелеңдіретін дене аумактарын атаңыз.
8.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз.
МИ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Ми жүйкелері 12 жұп болып, мидың төменгі бетінен бассүйектің
тесіктері аркылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII
жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында шеттен басталып,
тітіркенстерді ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал (I, II, VIII),
тітіркеністерді ми орталықтарынан шеткі бұлшық еттерге жеткізетін таза
қозғалтқыш (Ш, IV, VI, XI, XII) жəне аралас жүйкелер (V, VII, IX, X) болады.
Ми жүйкелері кұрамыңда, олар жүйкелеңдіретін мүшелер тамырларының
қызметін
реттейтін
симпатикалық
жүйке
талшықтары
(алдыңғы
симпатикалық жүйке ганглийінен келеді) болады. Ми жүйкелерінің 10 жүбы
(X, XI жұптарынан басқалары) бас аумағы мүшелерін жүйкелендіреді.
Иіс жүйкелері (I жұп, сезімтал жүйкелер) — nn. olfactorii — мурын
қуысындағы иіс сезімі мүшесіндегі нейроциттер аксондарынан түзіліп, иіс
баданасында ақталалы.
Көру жүйкесі (II жұп, сезімтал жүйке) — n. opticus — көздің торлы
қабығындағы ганглионды нейроциттердің аксондарынан түзілген. Аралық
миға енеді.
Достарыңызбен бөлісу: