К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет569/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қабырға-кұрсақ жүйкесі (n. costo-abdominalis) деп аталады. Қабырғаарадық
жүйкелердің латеральды тармақтары теріасты бұлшық еттерін жəне 


көкірек пен құрсақ қабырларының терісін жүйкелеңдіреді. II жəне III
қабырғааралық жүйкелердің латеральды тармақтары иық жүйке латеральды 
көкірек жүйке тармақтарымен қосылып, қабырға-иық жүйкесін (n.
costobrachialis) түзіп, жауырын мен иық аумақтарын теріасты бұлшық еті мен 
терісін жүйкелендіреді
Бел торабының (plexus lumbahs) жүйкелер. Бел торабын бел
жүйкелерінің вентральды тармақтары түзеді. Бұдан шығатын жұйкелер: 
мықыш-құрсақасты жүйкесі (n. iliohypogastricus), мықын-шап жүйкесі (n.
ilioinguinalis), жыныс-сан жүйкесі (n. genito-femoralis), санның латеральды 
терілік жүйкесі (n. cutaneus femorislateralis) негізінен бел, кұрсақ бұлшық
еттері мен сол аумақтардың терісін, еркек жануарлардың сыртқы жыныс 
мүшелерін, ұрғашы жануарлардың желіндерін жүйкелендіреді. Бұл тораптың
сан жəне жапқыш жұйкелері артқы аяқты жүйкелендіреді. 

482



206 — сурет. Сиыр йық торабының жүйкелері 
1 — көкірек жүйкелерінің артқы тобы,
2 — жауырынасты ж., 3 — жауырынүсті ж., 4 — қолтық ж., 5 — кəрі жілік ж., 6 – 
шынтақ ж., 7 — бұлшық ет-тері ж., 8 - көкірек жүйкелерінің алдыңғы тобы, 9 - орталықж.,
10 - дорсальды бақай жж., 11 - пальмарлы бақай жж. 


207 — сурет. Сиырдың бел жəне құйымшақ тораптарының жүйкелері 

1 — мыкын-кұрсақасты ж., 2 - мықын-шап ж., 3 — жыныс-сан ж., 4 — сан ж., 5 ~


алдыңғы бөксе ж., 6 — артқы бөксе ж., 7 — шонданай ж., 8 - жыныс ж., 9 - жапқыш ж., 10 
— артқы тікішек ж.,
11 — санның артқы терілік ж., 12 — асықты жілік ж., 13 – шыбық ж., 14 — анық ж., 
15 — плантарлы жіліншікж ж., 16 — дорсальды жіліншік жж., 17 — бақай жж.

Сан жүйкесі (n. femoralis) жамбас-ортан жілік буынының бүккіш жəне


жақындатқыш бұлшық еттерін жəне артқы аяқ ішкі бетінің терісін (анық 
жүйкесі) жүйкелендіреді.
Жапқыш жуйке (n. obturatorius) жапқыш тесігі арқылы жамбас куысынан 
шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш жəне жапқыш бұлшық
еттерін жүйкелендіреді. 
Құйымшақ торабын (plexus sacralis) құйымшақ жүйкелерінің вентральды
тармақтары түзеді. Бұдан шығатын жыныс жəне артқы тікішек жүйкелері 
жыныс мүшелері мен тік ішекті жүйкелендіреді.
Алдыңғы жəне артқы бөксе жүйкелері (nn. gluteus cranialis et caudalis) 
бөксе бұлшық еттері мен сол аумақтағы теріні жүйкелендіреді.
Санның артіды терілік жүйкесі (n. cutaneus femoris caudalis) боксе жəне 
сан аумақтарының артқы жағындағы терілерін жүйкелендіреді.
Шонданай жүйкесі (n. ischialis)— артқы аяқтағы ең ірі жүйке. Ол 
жамбас-ортан жілік буынының терең бұлшық еттерін жүйкелендіріп, үлкен
шонданай ойығы арқылы жамбастың сыртқы бетіне шығады да, асыкгы жілік 
жөне шыбық жүйкелеріне ажырайды.
Асыкты жілік жүйкесі (n. tibialis) артқы аяқтың ішкі бетінен артқы 
бетіне өтіп, латеральды жəне медиальды плантарлы жіліншік жүйкелеріне
ажырайды да, одан əрі плантарлы бақай жүйкелеріне айналады. Ол жамбас-
ортан жілік жене тілерсек буындарының жазғыш, бақай буындарының
бүккіш бұлшық еттерін, осы аумақтардағы сүйектерді, буындарды, теріні 
жүйкелендіреді.

Шыбык жүйкесі (n. peroneus s. fibularis) тілерсек буынының бүккіш,
бақай буындарының жазғыш бүлшық еттерін, осы аумақтардағы сүйектерді, 
буындарды жəне теріні жүйкелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет