10
Мүсіндік анатомия жануарлар денесінің сыртқы бітімін жəне оның
мүшелері мен мүшелер жүйелерінің мөлшерлік арақатынастарын зерттейді.
Мүсіндік анатомияның суретшілер мен мүсіншілер үшін маңызы өте зор.
Морфологияның, онын ішінде анатомияның ғылым реұлпадегі
қалыптасуына
адамзат
қауымдастықтарындағы
медицина мен мал
шаруашылығына байланысты дамыған
ветеринария себепкер болды.
Ветеринария (лат. veterinarius — малды емдеу) мамандығы көптеген
ғылымдарды бір-бірімен жүйелі түрде байланыстыра отырып,
меңгерудің
нəтижесінде қалыптасады. Ауырған жануарларға мал дəрігерлік көмек
көрсету үшін, ең алдымен аурудың түрін дəл анықтау қажет. Қалыпты
жағдайдағы жануарлар организмі мүшелер жүйелерінің кұрылысын жете
білмей, жануарлар денесіндегі ауруға байланысты өрбиұлпа ауытқуларды
анықтау мүмкін емес. Сондықтан, болашақ мал дəрігерлері, бірінші кезекте,
үй жануарлары организмдерінің кұрылыс ерекшеліктерін жете білуі қажет.
Морфология
ілімі
организмнің
құрылымдық
бөліктерінің
қалыпты
жағдайдағы құрылысын зерттей отырып, ветеринария мамандарына
жануарлар денесіндегі қалыпты жағдайдан ауытқулардың түрлерін жəне
дəрігерлік көмек көрсетудің жолдарын аныктауға мүмкіндік береді.
Морфология пəні жоғары оқу орындарында дайындалатын жоғары
білімді жəне білікті мал дəрігерлерін дайындау ісінде басқа да іргелі
биологиялық пəндермен қатар, аталған мамандықтың биологиялық негізін
қалап, болашақ мамандарды ветеринария жəне мал шаруашылығы
салаларындағы аса өзекті мəселелерді шешуге керекті біліммен қамтамасыз
етеді.
Соңғы жылдары жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің жəне мүшелер
жүйелерінің дамуы мен құрылыс заңдылықтарын
терең зерттеп білу
мақсатында бұрынғы классикалық морфологиялық əдістермен қатар, тірі
нысандарда жүргізілеұлпа тəжірибелік жəне олардағы жүреұлпа процестерді
модельдеу əдістері қолданылып, жануарлар организмдерінің тым ұсақ
гистологиялық
құрылымдары
құрылысын
зерттеу
оптикалық
жəне
электронды
микроскоптардың
көмегімен
ұлпалық,
жасушалық,
субжасушалық, молекулалық деңгейлерде жүргізілді. Зерттеу нəтижесінде
жинақталған
ғылыми
материалдар
цитохимиялық,
гистохимиялык,
авторадиографиялық, биометриялық, математикалық модельдеу жəне
электрондық есептеу əдістері (ЭЕƏ) арқылы алынған жаңалыктармен
толықгырылып, алынган өте құнды жаңа ғылыми мəліметтер цитология,
эмбриология, гистология ілімдерінің одан əрі қарқынды дамуына септігін
тигізуде. Міне, осындай соңғы ғылыми жетістіктер əдістерінің
көмегімен,
қазіргі танда цитологияда, эмбриологияда, гистологияда туындаған көптеген
іргелі теориялық мəселелерді (адам мен жануарлар организмі
жасушаларының, ұлпаларының, мүшелерінің қалыптасу, даму, жетілу,
қалпына келу заңдылықтары; аталған кұрылымдардың құрылымдық жəне
пішіндік қалыптасуындағы, яғни морфогенезіндегі иммундық,
эндокринді,
жүйке жүйелерінің маңызы; əр түрлі биологиялық, химиялык, физикалық
11
жəне т.б. факторлардың əсеріне дене құрылымдарының бейімделуі мен
организмнің
жасына
байланысты
өзгеруі;
адам
мен
жануарлар
эмбриогенезіндегі морфогенез процестерін зерттеу арқылы алынған ғылыми
мəліметтер) шешу— биология ғылымдарының жалпы дамуына зор үлесін
қоспақ. Аталған теориялық мəселелер медицина мен ветеринарияда өз
шешімін табуға тиісті кейбір өзекті
проблемаларды зерттеуге де пайдасын
тигізбек. Оларға организмдер ұлпаларьн ауыстырып салу, қанды ауыстырып
кұю кезіндегі жасушалық жəне ұлпалық сəйкестілік, əр түрлі тіршілік
жағдайына байланысты ұлпалардың қалпына келу (регенерация) мүмкіндігі
сняқты мəселелерді жатқызуға болады. Адам мен жануарлар организмі
жасушаларының, ұлпаларының, мүшелері мен мушелер жүиелернің қалыпты
жағдайдағы құрылымдық жəне қызметтік деңгейін анықтау, олардағы
патологиялық процестрді ажыратуға мүмкіңдік туғызады. Осы аталған іргелі
теориялық жəне өзекті қолданбалы проблемаларды зерттеу арқылы шешімін
тауып, медициналық жəне ветеринариялық практикаға ендіру , морфология
пəнінің білім беру жүйесіндегі маңыздылығын арттырады.
Морфология ілімі болімдерінің дамуы
олардың зерттеу нысандарын
дұрыс
таңдауға
жəне
зерттеу
əдістеріне
тікелей
байланысты.
Морфологияның негізгі зерттеу нысаны — əр түрлі жануарлардың
организмдері, олардың жасушалары, ұлпалары, мүшелері жəне мүшелер
жүйелері. Ал оның зерттеу əдістері морфология бөлімдерінің зерттеу
мақсаттарына байланысты. Жануарлар организмі дене құрылысынын əр түрлі
деңгейдегі бөліктері (жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелері) құрылысы мен
атқаратын
қызметі
жағынан
өздеріне
тəн
биоморфологиялық
ерекшеліктерімен
сипатталады.
Сондықтан,
организмнің
аталған
құрылымдық беліктері морфологияның əр түрлі бөлімдерінің зерттеу
нысандары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: