К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет28/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
Аукциондық сауда – сатушы максималды пайда алу мақсатында сатып 
алуға қатысып отырған бірнеше немесе көп сатып алушылар бәсекесін 
қолданатын тауар өткізу әдісі. Тауар ең үлкен баға ұсынған сатып алушы 
меншігіне өтеді. 
Материалды құралдар саны шығындар, жабдықтау және қолдану 
нормалары негізінде анықталады. Шығын нормасын бір рет қолданылатын 
заттарға, қажеттілігін анықтау үшін орнатылады, мысалы бір реттік ыдыс, 
жуғыш заттар және сауда-өндірістік әрекет барысында толық тұтынылатын 
басқа материалдар. Жабдықтау нормасы көп рет қолданылатын заттарға 
(жабдық, жиһаз, ас ыдыстары мен аспаптар, ас үй құралдары және т.б.) 
қажеттілігін анықтау үшін орнатылады. Жаңа кәсіпорындар мен қайта құру 
кезінде қайта жабдықталған кәсіпорындар үшін қажетті жабдықтар мөлшері 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын саудалық-технологиялық және 
тоңазыту жабдықтармен жабдықтау нормаларымен анықталады. Жабдықтармен 
жабдықтау нормалары (1,2 қосымша) кәсіпорын типіне, оның қуатына 
байланысты.Ас ыдыстарға, ас аспаптарға, жиһазға және ас үй инвентарьларына 
қажеттілік «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын фарфор-фаянс, шыны 


42 
және металл ыдыстармен, ас аспаптармен жабдықтау нормасы» бойынша 
есептеледі.
Ас үй инвентарьларының мөлшері мен номенклатурасын кәсіпорын типі 
мен орын санына байланысты анықтайды. Нормалар жеке мейрамхана, кафе, 
дәмхана, асхана және т.б. үшін берілген (3 қосымша). 
Арнайы киімді қолдану нормасын ескеріп есептейді – әрбір жұмысшыға 
жылына екі жинақ киім. Аспазшы үшін жинаққа күрте,ақ алжапқыш, ақ қалпақ 
кіреді.
Инвентарьдің сынуын, шытынауын азайту үшін ұйымдастыру-техникалық 
шаралар құрастыру керек, олардың сақталуын ұйымдастыру керек. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет