К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Орталықтандырылмаған жеткізуде



Pdf көрінісі
бет27/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

Орталықтандырылмаған жеткізуде тауарларды кәсіпорын өз көмегімен 
жабдықтаушыдан алады. Жеткізу тәсілдерімен өнімдерді жеткізу маршруттары 
да байланысты. Орталықтандырылмаған жабдықтау кезінде өнімдерді 
кәсіпорынға тек сызықтық маршрутпен жеткізеді. Ал орталықтандырылған 
жеткізуде сақиналы маршрутпен жеткізеді, яғни бір машинада тауар график пен 
маршрутқа сәйкес бірнеше кәсіпорынға жеткізіледі. Сақиналы маршрут 
көліктің жүк көтеруін толық қолдануға, көлік шығындарын азайтуға, 
ыдыстарды қайтаруын тездетуге мүмкіндік береді. 
Тауарайналымда маңызды орынды көлік орындайды. Тауар айналымы 
үрдісінде көлік ұйымдары: 
 тасымалдау кезінде жүк сақталғыштығын; 
 жүктің уақытылы жеткізілуін; 
 жүктеу және тасымалдау ережелерін қадағалау; 
 көлік құралдарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету керек. 
Азық-түлік өнімдерін тасымалдау үшін арнайы көлік қолданылады. 
Кузовтары цинктелген темірмен немесе алюминиймен қапталады. Өнімдерді 
тасымалдауға арналған әрбір машинаның, бір жылдан аспайтын мерзімге 
санитарлық-эпидемиологиялық ұйым берген санитарлық паспорты болу керек. 
Көлікті дұрыс таңдау өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жабдықтау 
шығындарын төмендетуді, жабдықтау мерзімін сақтауды, жабдықтау жиілігі 
мен өлшемін қадағалауды, тауарлардың және оның тұтынушылық қасиеттерін 
сақтауды қамтамасыз етеді.
2.6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық 
жабдықтауды ұйымдастыру 
Материалды-техникалық жабдықтау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын 
барлық түрлі жабдықтармен, асханалық және ас ыдыстармен, өндірістік, 
саудалық құрал-саймандармен, санитарлық арнайы киіммен және формалық 
киіммен, жиһазбен, жаймалармен және т.б. қамтамасыз етуге арналған. 
Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыруға келесі талаптар 
қойылады: 
жабдықтау жинақтылығы мен уақыты жүргізілуі
үздіксіздігі, себебі жабдықтаудың үзілуі кәсіпорынның нақты тәртібін 
бұзады, қызмет көрсетуді нашарлатады, сондықтан амтериалды-
техникалық құралдарға және тауарлық қорлар өлшемінде қажеттілігін 
анықтау өте маңызды; 
жабдықтау сенімділігі мен жоғары сапасы, яғни барлық материалды 
құралдар әрекеттігі стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек; 
жабдықтау түрін дұрыс таңдау. 
Нарық экономикасы мен бәсекелестік жағдайында қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарын материалды-техникалық құралдармен орталықтандырылған 
жабдықтау құлдырады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жабдықтау 


41 
бөлімдері 
немесе 
жеке 
жауапты 
жұмысшылар 
арқылы 
өздігінен 
жабдықтаушыларды іздейді, материалды құралдар жабдықтауға келісім шартқа 
келіседі. 
Қаптамада келген жабдықтарды қабылдау кезінде қаптама бүтіндігі, 
техникалық шарттарға, ілестірмелі құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Белгілі-
бір ақаулар, ауытқулар айқындалса, акт құрылады. Акт құру реті (мерзімі, 
комиссия құрамы және т.б.) келісім шарт пен нұсқаумен анықталады. Акт 
негізінде жабдықтаушыларға арыз беріледі. Жабдықтаушыларды таңдауға 
қойылатын талаптар азық-түлік өнімдерін жабдықтаушыларға қойылатын 
талаптарға ұқсас, яғни жүйелі түрде ықтимал жабдықтаушыларды зерттеу, 
олардың тізімін құру, ұсынылады, жеткізулер сапалы, уақытылы, сенімді болу 
үшін жабдықтаушыны таңдау кезінде арнайы критерий бойыеша талдау 
жүргізіледі. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны өндірушімен тікелей келісім шарт 
құруы мүмкін немесе көтерме жәрмеңке, аукциондық сауда орталықтарының 
қызметтерін қолдану мүмкін. Тауарды сауда желілерінен сатып алса да болады; 
көптеген қалаларда ас үй жиһазымен, ас ыдыстармен және т.б. жабдықтауға 
көмектесетін сервис орталықтар құрылады. Кішігірім кәсіпорындар аз көтерме 
дүкендер қызметін қолдану мүмкін. 
Ең тиімді және ұйымдасқан түрі жәрмеңкелік сатып алу болып 
табылады. Оның бірқатар артықшылығы бар; сатып алушыларда 
жабдықтаушылармен ұсынатын тауарлардың нақты сынамасымен танысуға, 
модельдер көрсетілімін, модификациясын қарауға, оларды әрекетте көріге, 
қажетті коммерциялық ақпарат және кеңес алуға болады; сонымен қатар 
келісім шарт құру мерзімдері тездетіледі, сатып алушының өнімді жабдықтауға 
тапсырысы жедел қарастырылады, өзара пайдалы шешім табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет