К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Өнімдерді өндіріске жөнелту



Pdf көрінісі
бет35/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117
Өнімдерді өндіріске жөнелту. Өнімдерді жөнелту қойма цикілінің 
қорытынды 
операциясы 
болып 
табылады. 
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындардың қойма бөлмелерінен өндіріске, филиалға, буфетке өнімдерді 
жіберу материалды жауапты тұлғамен (өндіріс меңгерушісі, буфетші) талабы 
бойынша жүзеге асады. Талап негізінде бухгалтерия талап-накладная 
рәсімдейді, оны бас бухгалтер және кәсіпорын жетекшісі қол қояды, ал 
тауарларды жіберген соң- қойма меңгерушісі мен тауарды алған материалды 
жауапты тұлға қол қояды. Қоймадан өнімді алған кезде ассортименті, массасы 
мен сапасы бойынша талап-накладнаяға сәйкестігі, қаптама дұрыстығы 
тексеріледі. 
Жөнелту алдында қоймашы қаптамасын ашып, өнім сапасын тексереді, 
оларды сұрыптап тазалайды. Өнімдерді жөнелту кезінде қоймашы реттілікті 
қадағалау керек: ертеректе түскен тауарлар ең бірінші жөнелтіледі, ең 
соңынан– картоп, көкөністер. 
Қоймашы өлшеу ыдысын, өлшеу жабдығын, құралдар, саймандар 
дайындап қою керек. Өнімдерді алған кезде материалды жауапты тұлғалар 
таразы дұрыстығын, ыдыс салмағын, өнім сапасын, жөнелтілетін тауарларды 
өткізу мерзімін тексеру керек. 


51 
4. ҚАПТАМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
4.1.Қаптама тағайындалуы мен жіктелуі
Қаптама- тауарларды тасымалдау және сақтау кезінде қолданылатын 
тауарлық орамасы. Олар тауар саны, сапасының сақталуын қамтамасыз етуге 
арналған, оларды сыртқы әсерден, шығындар мен бұзылудан сақтайды. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өңделетін немесе өткізілетін 
барлық тауарлар мен өнімдер қаптамада келіп түседі. Шикізаттың, өнімдердің, 
дайын өнімдердің әртүрлі физико-химиялық қасиеттері әртүрлі қаптама 
түрлерін қолдану қажеттілігін анықтайды.
Қаптамалардың жіктелуі төрт негізгі белгілер бойынша жүргізіледі:
Материал түрі бойынша қаптама қаптама ағаш, шыны, металл, мата, 
картон-қағаз, пластмасса әртүрлі; 
Қаттылық дәрежесі, яғни механикалық әсерге қарсылық қабілеті 
бойынша - қатты, жартылай қатты, жұмсақ; 
Мамандану дәрежесі бойынша – әмбебап және арнайы; әмбебап қаптама 
тауарлардың бірнеше түріне қолданады; 
Қолдану реттілігі бойынша бір реттік және көп реттілік болады. Көп 
реттік қаптама өз алдында инвентарлы-инвентарлық нөмірі бар және 
белгілі бір кәсіпорын-жабдыктаушынн каптамасы және жалпы 
колданыстагы каптама-әртүрлі жабдықтаушылардан түсетін каптама 
болып ажыратылады; көп реттік қаптаманы қолдану айналымдағы 
қаптама санын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. 
Қазіргі кезде көп реттік қаптама – жабдық кең қолданылуда, ол бір 
мезгілді сыртқы қаптама, көлік құралы және қойма жабдығы орнын алатын 
арнайы құрылым. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында сиымдылық түріндегі 
және оны тасымалдау құралы түріндегі бірегей контейнер (4.1- сурет) кең 
тараған. Бұл сиымдылықтар алдын ала даярлау және өндірістік кәсіпорыннан 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына жартылай фабрикаттарды тасымалдау, 
сақтау даярлауға тағамдарды қысқа мерзім сақтауға, даярлауға, таратуға 
арналған. 
Қаптамаға техникалық, қолдану санитарлы-гигиеналық, экологиялық 
талаптар қойылады. 
Техникалық талаптарға материалға, өлшемге қойылатын талаптар, 
беріктілік, сенімділік жатады, өнім сақталғыштығын және ыдысты көп рет 
қолданылуын қамтамасыз ету керек. 
Қолдану талаптары қаптама, ашу, қабылдау, тасымалдау, сақтау, сату 
ыңғайлылығын қарастырады.
Санитарлы-гигиеналық талаптар жылдам санитарлық өңдеу және 
дезинфикация мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Қаптама экологиялығы- оның қауіпсіздігі, жою кезінде қоршаған орта 
ластануын болдырмауы. 


52 
4.1.-сурет. «Гастроном» типті контейнерлер 
а-жалпы түрі, б-әртүрлі нұсқалары, в-өлшемдері: 1-функционалды сыйымдылықтарымен 
контейнерлер, 2-сыйымдылықтармен жылжымалы стеллаждар. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет