49
Тауарлық қорлар минималды, бірақ кәсіпорынның бірқалыпты
жұмысына жеткілікті болу керек. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін
қалыпты сақтау шартында төмендегіде тауарлық қорлар нормалары
ұсынылады:
тез бұзылмайтын өнімдер (ұн, қант, жарма) -8-10 күн.
тез бұзылатын өнімдер (ет, балық, құс және т.б.) – 2-5 күн.
нан, сүт қоры бір күндік өткізу мерзімінен аспау керек.
Нормативтен асатын қорлар сақтау кезіндегі қорларды ұлғайтуды,
тауар
айналымын тежейді, есеп жүргізуді қиындатады, қойма бөлмелерін аса
толтырып, сақтау шарттарын нашарлатады.
Сақтауға орналастыру. Шикізаттар мен өнімдерді сақтау кезінде
СанЕменН 2.3.2. 1324-03 «Тамақ өнімдерін
сақтау шарттары мен сақтау
мерзіміне қойылатын гигиеналық талаптар» сәйкес санитарлық нормалар
талаптары қадағалану керек. Санитарлық ережелер қадағалануы мен
бақылануына тез бұзылатын өнімдерді өндіретін және тасымалдайтын
кәсіпорын
жетекшілері, қоғамдық тамақтандыру және сауда орындары
жауапты. Санитарлық ережелерді қадағалануын санэпидем қызмет органдары
бақылайды.
Қойма ауданын тауарларды дұрыс орналастырып максималды қолдану,
механизмдерді қолдану мүмкіндігі, персоналдық қауіпсіз жұмысын қамтамасыз
ету, тауарлық-материалды құндылықтар оперативті есептеу өте маңызды.
Өнімдер шығыны мен бұзылуын алдын-алу үшін
қойма бөлмелерінде
олардың физико-химиялық қасиеттеріне сәйкес тауарлларды сақтаудың
оңтайлы тәртібін қамтамасыз ету керек. Сақтау тәртібі белгілі бір
температураны,
ауа
қозғалысының
жылдамдығын,
салыстырмалы
ылғалдылықты қарастырады. Сақтау кезінде өнімдерді,
әсіресе тез бұзылатын
өнімдердің өткізу мерзімінің қадағалануын қатаң байқау керек. Мысалы, ірі
кесекті ет жартылай фабрикаттары 2-6°С температурада 48 сағат, аунатпасыз
порциялық жартылай фабрикаттар -36 сағат; аунатылған порциялық жартылай
фабрикаттар -24 сағат, шабылған ет жартылай фабрикаттары -12 сағат; 0-2°С
температурада барлық балық түрлері – 48 сағат, 0-2°С температурада
мұздатылған балық -24 сағат, сүт қышқылды өнімдер 2-6°С температурада 36
сағатқа дейін сақталады.
Шикізат өнімдерді орналастыру мен сақтаудың бірнеше әдістері бар:
Достарыңызбен бөлісу: