К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


  1. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
 



1. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
 
1.1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық 
әрекетінің ерекшеліктері 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары әр түрлі ұйымдастыру – 
құқықтық формаға ие болуы мүмкін. Қоғамдық тамақтануда кәсіпкерлік қызмет 
жалдамалы еңбектің қолданылуынсыз жүргізілуі мүмкін және жеке еңбек 
әрекеті ретінде тіркеледі. Жалдамалы еңбектің қолданылуымен жүргізілетін 
кәсіпкерлік қызмет кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпорын өнім өндіру үшін 
құрылған, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және түсім алу 
мақсатында қызмет көрсету, жұмысты орындауда өз еркімен басқара алатын 
субъект болып табылады. Кәсіпорын өз қызметін еркін жүргізе алады және де 
салық төленгеннен кейін өнім мен түскен түсімді де қолдана алады. Заңға 
сәйкес жеке, мемлекеттік, муниципалдық жеке кәсіпорындар құрылуы мүмкін. 
Қоғамдық тамақтануда, сонымен қатар әр түрлі жекешелендірілген 
кәсіпорындар жұмыс істейді. Муниципалды кәсіпорындар тұрғылықты басқару 
органдарымен ұйымдастырылады; муниципалды кәсіпорын мүлкі тұрғылықты 
бюджетке сәйкес қор есебінен құрылады және аудан, қала мүлкісіне жатады. 
Қоғамдық тамақтануда жеке кәсіпкерліктер көп, бұндай кәсіпорындар 
мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру нәтижесінде 
пайда болған.
Кәсіпорын ұйымдастырудың әр түрлі формасына ие: толық серіктестік 
(бұндай кәсіпорын заңды тұлға болып табылмайды); аралас серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік; жабық типтегі акционерлік қоғамдастық; 
ашық типтегі акционерлік қоғамдастық. Сонымен қатар біріктірілген 
кәсіпорындар ұйымдастырылады.
Қауымдастық 
– 
біріккен 
істі 
ұйымдастыруға 
келіскен 
қатынасушылардың бірігуі. Әлбетте, біріккен кәсіпкерлік келісімі құжат 
түрінде рәсімделуі керек, құрылтай келісім шарты құрылады, онда әр 
қатынасушының іске араласу шарттары, құқығы мен міндеттері, олардың 
мүлікке ие болу көлемі, түскен түсімді бөлу тәртібі және т.б. анықталады. 
Қауымдастықтың екінші құрылтайлық құжаты жарғы болып табылады, онда 
заңды тұлға ретіндегі ішкі ұйымдастыру тәртібі мен қоғамның жұмыс істеуі 
анықталады.
Қауымдастық тіркелу сәтінен бастап заңды құқыққа ие болады. Қоғам 
жергілікті басқару органдарының тұрған жері бойынша тіркеледі.
Жеке (жанұялық) кәсіпорын мүлікке құқығы бар азаматқа немесе оның 
жанұясына үлестік жеке меншік ретінде беріледі.
Толық серіктестік бірнеше азаматтың немесе заңды тұлғалардың 
қосылуы арқылы олардың арасында келісім шарттың құрылу негізінде, біріккен 
шаруашылық қызметін құруын көрсетеді. Толық серіктестіктің мүлкі 
қатынасушылардың салымының есебінен құрылады, алынған кіріс жалпы 


10 
үлестік жеке меншік құқығы бойынша оның қатынасушыларына тиесілі. Толық 
серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
Аралас серіктестік нағыз құрамы мен салым құюшылардан тұрады және 
заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестік 
заңды 
және 
азаматтық 
тұлғалардың шаруашылық қызметін жүргізу үшін олардың салымдарын 
біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық қор құрушылардың салымының 
есебінен 
құрылады. 
Қауымдастықтың 
жарғылық 
капиталы 
оның 
қатынасушылар үлесінің номиналды бағасынан құрылады. Жарғылық 
капиталдың салымына ақша, құнды қағаздар, ақшалық құны бар басқа да заттар 
жатуы мүмкін. Қауымдастықтың қысқартылған фирмалық атауында толық 
немесе қысқартылған қоғамның атауы және «жауапкершілігі шектеулі» сөздері 
немесе ЖШС аббревиатурасы болуы керек.
Акционерлік қоғам – коммерциялық ұжым, жарғылық капиталы белгілі 
бір акциялар санына бөлінген. Акционерлік қоғам ашық немесе жабық болуы 
мүмкін, бұл қоғамның жарғысында және фирмалық атауында көрінеді. Ашық 
қоғамда шығарылатын акцияларына ашық түрде жазылуға құқығы бар, заң 
және басқа ҚР құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес еркін сатуды жүргізе 
алады. Алдын–ала анықталынған топ тұлғаларының қоғамы, оның 
қатынасушыларының арасында бөлінген акцияларға қарай жабық қоғам болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет