К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет14/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   117
Аспаздық дүкендері- өз аспаздық өнімдерін өндірісі бар және 
тұтынушыларға аспаздық өнімдер, жартылай фабрикаттар, тоқаш және 
кондитерлік өнімдер және сатып алынатын азық-түлік тауарларын өткізетін 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.
 
1.5. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын рационалды орналастыру 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын рационалды орналастыру –
жұмыс, оқу, тұру орны, демалу жері бойынша және орын ауыстыру кезінде 
қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде аса ыңғайлылық құру және 
кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
Бәсеке жағдайында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының орналасуы 
аса маңызды, сондықтан келесі факторларды ескеру керек:
 қала халқының саны, өндірістік кәсіпорындардың, әкімшілік, әлеуметтік-
мәдени және оқуорындарының орналасуы;
 бөлшек сауда кәсіпорындарының болуы;
 халықтың сатып алу қабілеті мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 
өнімдеріне сұраныс;
 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары желілерін орналастырудың 
қабылданған нормативтері.
Заманауи қалаларда халықтың шоғырлануы, тұрғын үйлердің салыну 
тығыздығы, нақты белгіленген төрт негізгі аймақтар – өндірістік, тұрғын-
әкімшілік, коммуналды-қойма және демалу аймақтары тән. 
Өндірістік аймақта фабрикалар, зауыттар және басқа өндірістік нысандар 
орналасады. Бұл аймаққа тән ерекшелік өндірістік кәсіпорындарда 
асханаларды, аспаздық дүкендерін орналастыру болып табылады. Жұмысшы 
асханаларының нормативтері – 1000 жұмысшыға 250 орын.
Тұрғын-әкімшілік аймақ тұрғын массивтерден, әкімшілік, қоғамдық 
ұйымдардан, оқу орындарынан тұрады. Бұл аймақта студенттік, мектеп, 
жалпыға ортақ асханалар, кафе, мейрамханалар, барлар, дәмханалар, өнімдерді 
үйге жіберетін кәсіпорындар, аспаздық дүкендері орналасады. 
Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін орындарының нормативі қатаң 
сақталу керек: 
 мектеп асханаларында -1000 оқушыға 250 орын; 
 студенттік асханаларда - 1000 студентке 180 орын. 
Коммуналды-қойма аймағында әртүрлі қоймалар, базалар, тоңазытқыштар, 
тамақ өндірісі кәсіпорындары орналасады. Бұл аймақта басқа қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындары мен бөлшек сауда желілерін өз өнімімен 
жабдықтау үшін алдын-ала даярлау кәсіпорындарын, жартылай фабрикаттар 
комбинатын, жартылай фабрикаттар өндіретін маманданған цехтарды 
орналастырған жөн.
Демалу аймағында бақтар, спорт кешендері, көрініс орындар, жағажай 
орналасады. Бұнда қысқы және жазғы залдармен тұрақты кәсіпорындар 
құрылуы мүмкін, бірақ көп бөлігін жиналып-құрылатын құрылымды жазғы 


24 
типті кәсіпорындар алып жатыр. Кәсіпорындардың негізгі типтері әртүрлі 
дәмханалар, кафе, мейрамханалар, барлар болып табылады.
Жаяу жүргінші және көлік жүйелерін ұйымдастыру да аса маңызды: көп 
ағынды жерлерде ірі және көп мөлшерде мейрамханалар, барлар, кафелер, 
дәмханалар, асханалар орналасады.
Халық санына байланысты қалалар: кіші- 50 мыңға дейін адам, орташа – 
50 мыңнан 100 мыңға дейін адам, үлкен – 100 мыңнан астам және 250мыңға 
дейін адам, ірі -250 астам және 500 дейін адам, аса ірі -500 мыңнан астам адам, 
мегаполистер 1 млн астам адам. 
Ірі қалалар тұрғындары көбіне жұмыс орны, оқу орны бойынша қоғамдық 
тамақтандыру қызметтерін қолданады.
Қала 
санының 
өсуімен 
1000 
адамға 
шаққанда 
тамақтану 
кәсіпорындарындағы орын саны да өседі.
Қоғамдық тамақтандыру желілерін рационалды ұйымдастыру басқа 
жақтан келген адамдарды да ескереді, олар кіші қалаларға қарағанда ірі 
қалаларда көбірек болады.
Тамақтану кәсіпорындарын рационалды ұйымдастыруға халықтың 
күнделікті және периодты сұранысы да әсер етеді. Күнделікті сұранысты 
қанағаттандыру үшін асханалар, өнімді үйге жіберетін кәсіпорындар, аспаздық 
дүкендері қажет. Бұндай кәсіпорындарды халық тығыздығы үлкен жерлерде бір 
бірінен 500 м радиуспен, халық тығыздығы аз қалаларда 800 м радиуспен 
орналастырған жөн.
Периодты сұраныстағы өнімдермен тұтынушыларды негізінен дәмханалар 
мен кафелер, мейрамханалар мен барлар қамтамасыз етеді. Бұндай 
кәсіпорындармен тұтынушыларға қызмет көрсету радиусы -800 м, ірі 
мейрамханалар үшін -1,0-1,5 км. 
Сонымен қатар қала үшін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары типтері 
арасындағы шамалы қатынасты (%) ескеру керек: ең көбі дәмханалар мен 
кафелер -40%, барлар саны ұлғаяды -20-25%, мейрамханалар -25-30%, жалпы 
асханалар азаяды -5-10%. 
Жаңа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ашуды жоспарлағанда 
кәсіпорын тиімді жұмыс істеуі, сұранысқа ие және рентабельді болуы үшін 
рационалды орналастырудың барлық факторларын ескеру қажет. 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет