К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары



Pdf көрінісі
бет83/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117
6.19. Өндірілетін өнім сапасын жақсарту жолдары 
“Сапа” термині (лат. qualities) қасиет, ерекшелік дегенді білдіреді, бірақ 
нақты анықтамасы болмауынан, “сапа” түсінігінің нақты анықтамасы өнім 
сапасын жоғарылату және оны айқындау әдістерін айқындау мәселесін шешуге 
мүмкіндік береді.
Өнім сапасы – тағайындалуына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын өнім қасиетттерінің жиынтығы.
Өнім сапасының мөлшерлік сипаттамасы параметрмен сипатталады. 


166 
Өнім параметрі - өнім қасиетін немесе оның күйін мөлшердік 
сипаттайтын белгі (мысалы, бидай ұнының сапасын сипаттайтын клейковина 
мөлшері және оның тобы). 
Өнім белгісі - өнімнің кез-келген қасиеті немесе күйінің сапалық немесе 
мөлшерлік сипаттамасы (мысалы, түсі, иісі, дәмі, пішіні және т.б.). 
Тамақ өндірісінің әртүрлі өнімдері үшін оның сапасынн сипаттайтын 
әртүрлі белгілерді айқындайды. Тамақ өнімдерінің маңызды белгілері оның 
тұтынушылық қасиеті болып табылады. 
Өнім сапасы көрсеткіші - өнім сапасын құрайтын бір немесе бірнеше 
өнім қасиетінің мөлшерлік сипаттамасы. 
“Параметр”, “белгі”, және “өнім сапасы көрсеткіші” түсініктері арасында 
тығыз байланыс бар. 
Өнім сапасының бірлік көрсеткіші - өнімнің тек бір ғана қасиетін 
сипаттайтын көрсеткіщ (мысалы, ылғалдың проценттік мөлшері, градуспен нан 
қышқылдылығы, баллмен шай дәмі және т.б.) 
Өнім сапасының құрама көрсеткіші - өнімнің бірнеше қасиетін 
сипаттайтын көрсеткіш (мысалы мәйекті сырдың тауарлық сорты). Өнім 
сапасының мұндай көрсеткіші бірнеше жай қасиеттерді немесе бір күрделі 
қасиетті (бірнеше жай қасиеттен тұратын) сипаттай алады.
Өнімнің ақаулық коэффициенті - өнім бірлігіне сәйкес келетін орташа 
өлшенген ақау мөлшері. 
Өнім ақаулығының индексі – өнімнің орташа өлшенген ақаулық 
коэффициентіне тең, қарастырылатын интервал шегінде өндірілген әртүрлі 
өнім сапасының кешенді көрсеткіші.
Өнім сапа көрсеткішінің базалық мәні - өнім сапасын бағалау кезінде 
негіз ретінде таңдап алынған көрсеткіш мәні. Базалық мән ретінде ең жақсы 
отандық немесе шетелдік тамақ өнімінің үлгісі, НТҚ көрсетілген сапа 
көрсеткіштерінің мәні алынады.
Өнім сапа көрсеткішінің салыстырмалы мәні – бағаланатын өнім сапа 
көрсеткіші мәнінің базалық мәніне қатынасы. Олар өлшемсіз және процент 
есебімен де өрнектеледі. 
Өнім сапа көрсеткішінің номиналды мәні – рұқсат етілген ақаулар 
есептелетін өнім сапасы көрсеткішінің бекітілген мәні. Өнім сапасының 
номиналды мәні нормативті-техникалық құжатта, сонымен қатар анықтамалық 
әдебиетте келтіріледі. 
Өнім сапа қөрсеткішінің шекті мәні - өнім сапасының ең үлкен немесе ең кіші 
бекітілген мәні. Өнім сапасының шекті мәні сәйкес НТҚ келтіріледі және өнім 
сапасын бақылағанда қолданылады.
Өнім сапа көрсеткішінің рұқсат етілген аытқуы - нормативті құжатта 
бекітілген шекте орналасқан өнім сапасының нақты мәнінің номиналды 
мәнінен ауытқуы.
Өнім сапасының деңгейі – бағаланатын өнім сапасының көрсеткіштерін 
сәйкесінше базалық мәнімен салыстыруға негізделген салыстырмалы 
сипаттамасы. 


167 
Өнім сапасы қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда кәсіпорынның 
бәсеке қабілеттілігінің маңызды факторы болды. Нарық жағдайында өндіруші 
өз өнімінің тұрақты сапасына, әлемдік және отандық тәжірибемен өндірілген 
барлық құралдарды қолдануға ұмтылады. Оның ең маңыздысы сапаны 
қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. 
Өнім сапасына әсер ететін барлық факторлар объективті және субъективті 
болып бөлінеді.
Обективті факторлар саны өте көп және қабылданатын техникалық шешім, 
техникалық құралдардың қасиеттерімкн, өнім өндірісі және тұтыну кезінде
еңбекті ұйымдастыру формалары мен әдістерімен сипатталады Оларға 
төмендегілер кіреді:
* өнім құрылымы
* өндірістік базаның техникалық деңгейі; 
* жаңа өнімді дайындауды ұйымдастыру; 
* өндірісті механикаландыру және автоматтандыру; 
* технология и бақылаудың техникалық құралдары; 
* қолдану (тұтыну) базасының техникалық деңгейі және т.б. 
Субъективті факторлар тобына адамның өндірістік қызметімен 
байланысты факторлар жатады. Ол өнім сапасына еңбек сапасы арқылы әсер 
ететін адамдардың белгілі бір өндірістік функцияларды орындау қабілетімен 
сипатталады. Оларға мыналар жатады:
* профессионалды іскерлік; 
* орташа білім деңгейі; 
* адам психологиясы; 
* еңбек нәтижесіне жеке ұмтылысы.
Тәжірибе көрсеткендец, жұмысшының профессионалды іскерлігі жоғары 
болса, шығаратын өнім сапасы да жоғары болады. 
Мінез-құлқы төзімді жұмысшылар өздерін өндірістік операцияларды 
орындауға және өндірістік тәртіпке бағындырады. Өндірістік процестердің 
талаптарына өздерін бағындыра алмайтын адамдар еңбек сапасын төмендетіп, 
ақау жібереді.
Жұмысшылардың жеке ұмтылыстары өндірістік мақсатқа сәйкес келсе
жоғары сапалы өнім шығруға қызығушылығы болса, еңбек сапасы 
жоғарылайды, ол тұрақтанады және өнімнің сапасына кепілдік береді. 
Субъективті факторлардың объективті факторларға қарағанда ерекшелігі 
тұрақтылығының төмен болуы. Сондықтан субъективті факторлардың өзгерісін 
ескеретін және алдын-алатын шараларды қарастыру керек. 
Яғни, сапа сапа көрсеткіштері жүйесінен тұратын және кәсіпорын 
қызметінің тиімділігін жан-жақты бейнелейтін комплексті түсінік. 
Өнім сапасы өмірлік циклының барлық этаптарында қалыптасуы керек-
қажеттілікті анықтаудан қанағаттандыруды бағалауға дейін (зерттеу және 
жобалау; дайындау және өндіру; сақтау және тасымалдау; өткізу немесе 
тұтыну; жою). Осындай тәсілмен сәйкес әрекеттерді өткізу жолымен аталған 
барлық стадияларды басқаруды қамтамасыз ету қажет. 


168 
Сапа жүйесі – жалпы сапамен басқаруды жүзеге асырылуын қамтамасыз 
ететін ұйымдасқан құрылым, жауапкершілік, үрдістер мен қорлар жиынтығы. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының сапасы ең алдымен түсетін шикізат 
сапасына тәуелді. Азық-түлік тауарлары немесе материалды – техникалық 
жабдықтау тауарларына келісім құра отырып, фирма немесе жеке кәсіпорындар 
жабдықтаушыға сенімді болу керек. Тамақ өнімдерін өңдейтін және өндіретін 
кәсіпорындарда өнім сапасымен басқару жүйесі енгізілуі керек. Сапа жүйесі 
тауар сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, жабдықтаушы сенімділігін 
бағалау критериі болып табылады. 
Тауар сапалылығын екі әдіспен тесеруге болады. Біріншісі тауардың өзін 
бақылау, тексеру, бұл әдіс тауарлардың аз мөлшері сатып алынғанда ыңғайлы. 
Ал көтерме сауда кезінде жалпы бақылағаннның өзінде ақаулы тауарды жіберу 
мүмкін.
Соңғы жылдары екінші әдіс кең қолданылуда: тауарды тексермей 
кәсіпорынның тұтынушыны қанағаттандыратын сапалы өнім өндіру қабілетін 
тексеру. 
Сапа жүйесінің принципі өнімнің барлық өмірлік кезеңдерін немесе «сапа 
ілмегі» кезеңдерін қамту болып табылады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны 
үшін «сапа ілмегінің» келесі кезеңдерін көрсетуге болады: 
1. Маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу. 
2. Өнімге қойылатын техникалық талаптарын, кәсіпорын стандарттарын 
құрастыру. 
3. Материалды – техникалық қамтамасыздандыру. 
4. Өндірістік үрдістерді дайындау және құрастыру. 
5. Өндіріс. 
6. Сапаны бақылау, тексеру. 
7. Техникалық көмек және қызмет көрсету. 
8. Дайын өнімді өткізу және тарату. 
Жобаланған шаралар сапаның қамтамасыз ету бағдарламасына (мысалы, 
өнім сапасын жоғарылатудың мақсаттық ғылыми-техникалық бағдарламасы) 
кіреді. Бағдарлама нақты өнімге өңделеді және қажетті ресурстармен сапаны 
қамтамасыз ету үшін өнім сапасы мен техникалық деңгейіне қатысты 
тапсырмалар кіреді. 
Жүйелі түрде шаралар күнделікті немесе периодты орындалатын (нарықты 
қарастыру, жұмысшылар біліктілігін жоғарылату; персоналдың үздіксіз білімі) 
жұмыстарынан жинақталады. 
ИСО 9004 стандарттарында сапа философиясы келесідей: сапаны 
қамтамасыз ету жүйесі алдын-ала мәселелерді ескертуі керек. Алдын-ала 
ескерілетін шаралар ішінде құралдарды жаңалау, құралдарды жобалап жөндеу, 
жұмыс орындарында сәйкес құжаттың болуы және т.б. қаралады. 
Кәсіпорында сапа қызметін орындай отырып, өнімнің өмірлік циклінің 
барлық этаптарында сапасына әсер етуші ішкі және сыртқы факторлар мен 
жағдайлардың әрекеттігін байланыстылығынан шығатын өнім сапасын 
басқаруға жүйелік жақындық туындайды. 


169 
Осындай тәсілмен сап өндірістің барлық деңгейінде жинақталуы қажет. 
Өнім бәсекеқабілетті болу үшін аналогқа қарағанда өз функциясын жақсы 
орындап, сенімділікке ие болу керек. Бәсеке қабілетітікке соңғы жылдары 
дайындаушы өнімді тұтынушыға өз бәсекелестерінен бұрын жеткізіп, күшті 
сервис, күшті қызметпен қамтамасыз етмен әсер етуде.
Бәсеке қабілетті өнім кез-келген жағдайда туындалады. Мұндай жағдайлар 
анықталған экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларда пайда 
болады. Ірі кәсіпорындар өз өнімдеріне кез-келген бәсекелестіктен 
қорықпайды, себебі олар ең алдымен нарықты мұқият қарастырады, содан соң 
тұтынушылардың маркетингтік зерттеулерге сүйене отырып қажеттіліктерін 
анықтайды. 
Экономиканың даму этаптары өндіріспен тұтынушы байланысының 
күшеюімен анықталады. Өнім сапасын бағалауда өнім өндірісіне және 
тұтынушыға кететін шығындарды анықтауда тұтынушы ролі жоғарылайды. 
Осыған байланысты қажеттіліктің барлық жиынтығынан соңғы тұтынушы 
жүйесін шығарып, олардың жалпы өндірістің құрылымының өсуіне және 
өнзгерісіне әсерін анықтайды. Осы кезде толық түрде өндірістің соңғы 
тұтынушымен интеграциясы туындалады. 
Өндіруші мен тұтынушының экономикалық интеграциясы тұтынушы 
үнемділігіне, шығарылатын өнім сапасының жоғарылату қажеттілігіне 
негізделген. 
Осындай тәсілмен өнім сапасын қамтамасыз етудегі тұтынушылық-
бағалық жақындық қалыптасады, біріншіден тұтынушы бағасының пайдалы 
эффектісінің суммасына кететін өндіріс шығындарын төмендету, ал екіншіден 
өнім сапасы мен пайдалылығын көбейту есебінде адамның қажеттілігін 
қанағаттандыру деңгейін жоғарылату. Ол органикалық түрде өндіріспен 
тұтынушымен дайындаушы мен тұтынушы арасындағы экономикалық қатынас 
механизмінің құрамдас бөлігіне кіреді. 
Осы позициялардан өңделген сапаның басқару жүйесінің тиімділігін 
талдасақ, келесі себептерге байланысты өнімнің бәсеке қабілеттілігін және 
сапасын жоғарылатуға онша әсер еткен жоқ: 
 жүйенің мақсаттық функциясы нақты тұтынушының талаптарын 
қанағаттандыруға бағытталмаған; 
 әрекетті заңды және нормативті базалар, мемлекеттік стандарттау жүйесі 
мемлекет, кәсіпорын-дайындаушы мен тұтынушы арасында бірлік 
құқықтық кеңістік түзбеді; 
 өнім сапасын басқару жүйесінің тиімділігін жалпылама бағалауда жоғары 
сапалы өнімнің (мысалы, сапасы жоғары категориялы өнім) меншікті 
салмағы қабылданды; 
 көп жағдайда жүйенің функциялары мен міндеттерін орындауға қажетті 
ақпараттармен қамтамасыз етілмеген болатын. 
Халық шаруашылығының басқару механизмін қайта құруда келесідей 
кезеңдерді белгілеуге болады: шаруашылық ұйымдардың жеке шекарасын 
кеңейту, горизонталь бойынша байланыстардың бір мезгілде күшеюнен 


170 
вертикаль байланыстардың әлсіреуі, партнерлар арасында келісілген келісім 
шартқа негізделген басқаруды директивтік басқарумен алмастыру, яғни мәні 
бойынша стандарттаудың интегралдык функциясы қарастырылып отыр. Сәйкес 
басқару жүйесімен өткізілетін сапаның басқару механизмінің тиімділігін 
қалыптастыру. Осының барлығы зерттеулер мен өңдеулер, өндіру, айналым 
мен өткізуді жүргізуде соңғы өнімнің сапасына және техникалық деңгейіне 
мақсатты бағытталған әсерді қалыптастырады. 
Шаруашылықтың барлық формаларының бірлік негізі еңбек тиімділігін 
жоғарылату болып табылады. 
Еңбек тиімділігі – жоғары тұтыну қасиеттері бар стандарттарды 
қолдануға, 
кәсіпорында 
ғылыми-техникалық 
жаңалықтарды 
енгізуге, 
шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға кететін барлық категориядағы 
жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу көзі, экономикалық стимулы, критериі 
болып табылады. Осы критерий бойынша анализ өнім сапасын басқарудағы 
принципиалдық кемшіліктерді анықтауға, комплексті болу тәсілдері мен 
жолдарын көрсетуге, жалпы өндірістің, қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
даму мақсаттары мен міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. 
Стратегиялық жоспарда өнім сапасын басқару тиімділігін қазіргі этапта 
«жоғарғы сапа – төмен баға» критериі бойынша бағалау қажет. Өнім сапасын 
қамтамасыз етудің маңызды жағдайы бір кәсіпорындағы өнім сапасын 
жоғарылату тұтынушы еңбегінің шығынын үнемдеу үшін бағытталған. 
Кәсіпорындар аралығындағы шаруашылық байланыстары дайындаушы 
өнімінің сапа көрсеткіштері жоғары екенін және тұтынушының сәйкес 
үнемділігі экономикалық қатынастың маңызды элементін құру керектігін 
көрсетеді. 
«Сапа ілмегі» кезеңдеріне әсер ету сипаты бойынша сапа жүйесінде үш 
бағыт бөлінеді: 
 сапаны қамтамасыз ету; 
 сапамен басқару; 
 сапаны жақсарту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет