К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
екі-үш құдық болатын, су тереңде (Ғ.Мұстафин). 
         Мәселен,  бірінші  сөйлемде  екі  негізді  деп  есептесек,  оның 
грамматикалық  негізі  -  "құдық  болатын"  тіркесі.  Алғашқы  сөйлемде 
екі-үш  қана  құдық  болатыны,  оның    Қарағандыда  болатыны  жайлы 
ақпарат  айтылса,  телінбе  компонентте  ол  құдықтардың  терең 
орналасқандығы жайлы мәлімет беріліп, соңғы ой (құдықтың тереңдігі 
жайлы) алғашқы сөйлемнің мазмұнына меншікті, тиесілі болып тұр. 
         Ал  келесі  "Тарам-тарам,  шыйыр,  құмайт  жолдарды  ерсілі-
қарсылы ағылған жүк машиналары ойып тастаған, окоп" сөйлеміндегі 
толымсыз  құрылымы  "окоп".  Бұл  сөйлемнің  алғашқы  сөйлемі  екі 
негізді сөйлем. Сөйлемнің  предикативтік орталығы  - жүк машиналары 
(күрделі  бастауыш)  ойып  тастаған  (күрделі  баяндауыш).  Бірінші 
компоненттегі  ойды,  яғни  жүк  машиналарының  ойып  тастаған 
жерлерін  окоп  деп  атауға  болатынын  анықтап  тұрған  "окоп"  сөзі 
толымсыз құрылым қызметін атқарып тұрғанын байқаймыз. "Қазақ тілі 


149 
 
грамматикасында"  телінбе  компонентті  іргелес  салалас  сөйлемдер 
спонтанды,  стихиялы  түрде  құрылған  сөздің  көрінісі  ретінде 
қалыптасқан.  Бірақ  бүгінгі  тілімізде  ол  сөзге  түрлі  стильдік 
(коммуникативтік)  өң  беретін  конструкцияға  айналады,  –  деген  пікір 
айтылады  да,  Отырысы  мынау,  омалып  (Майлин).  Не  көретіні  бар, 
мал  болса  анау,    қотанда  жатқан  (Нұрманов)  сөйлемдерімен 
дәлелденеді [12; 700]. 
           Телінбе  компонентті  іргелес  саласатың  алғашқы  сөйлемінде 
аффектілі  сөздің  қолданылуы,  сөзге  эмоциялық  сипат  жүктейтіні 
белгілі  құбылыс.  Жоғарыда  берілген  сөйлемдерде  "мынау,  анау" 
аффектілі сөздерді баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. 
         Аффект  –  "жан  толқуы"деген  латын  сөзі.  Бұл  –  адамның 
психологиялық  күйініш,  сүйініш  сезімдері  үстіндегі  көңіл-күйінің 
айқын  көрінісі.  Бұрқ  етіп  бір  сәтті  сананың  бақылауынан  шығып 
кететін күйде айтылатын сөздер қатарына жатады.  
         Берілген  екі  сөйлемнің  де  белгілі  бір  адам  эмоциясын,  яғни 
сөйлеушінің  ашуын,  наразылығын  жеткізуге  арналғандығын  аффектілі 
сөздердің қолданысы көрсетеді. 
          Жалпы  іргелес  салалас  сөйлемдердің  түрлері  ауызекі  сөйлеу 
тілінде,  мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сөздерде,  ертегі  стилінде  жиі 
кездеседі.  Бұл  қолданыстардың  потенциалы  көркем  стильде  де  жиі 
пайдаланатыны  байқалады.  Зерттеу  нысанына  алынған  телінбе 
компонентті  іргелес  салалас  құрмалас  сөйлем  көркем  сөз  стилінде  де, 
ауызекі сөйлеу стилінде де қолданылады. 
        Ауызекі сөйлеу тілі жайлы Н.Д.Андреев: "Сөйлеу тілі стилі сөйлеу 
тілі  мәтінін  қысқартады  және  осындай  қысқалықтың  болуын 
қажетсінеді", – дейді [13; 6]. 
          Н.Д.Андреевтің  сөйлеу  тіліне  қатысты  пікірін  құптай  отырып, 
телінбе құрылымға да ойдың ықшамдалып берілуі тән деуге болады. 
           Телінбе  компонентті  іргелес  салалас  құрмалас  сөйлемдер 
сөйлеушінің  спонтанды  ойын,  эмоциясын  білдіретіндіктен,  көбінесе 
ауызекі  сөйлеу  тілінде  қатысты  коммуникативтік  мақсатты  жүзеге 
асыру үшін жұмсалады. Мысалы: – Е, сен тіпті жеткізер емессің ғой, 
шымылдығың желпілдеп тұрғандай (Тоқжігітов). – Анау отырған бала 
кім?  –  Ол  біздің  баламыз  ғой,  мектеп  бітірген.  Бірінші  сөйлемдегі 
"шымылдығың  желпілдеп  тұрғандай"  құрылымы  алғашқы  сөйлемге 
меншіктеліп,  оны  пысықтап  тұрғанымен,  ол  салыстырмалық мағынаға 
да ие болып тұр. Бұл сөйлемде таңғалу, мұқату эмоциялары бар. 
          Сөйлеу  тілі  стилінде  сөздердің  қолданылу  ерекшелігі  жағымды, 
жағымсыз  эмоцияға  тікелей  байланысты.  Сөйлеуші  әр  уақытта  өзі 
баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әртүрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, 
ойын,  көңіл-күй  сезімдерін  білдіретіндіктен,  жағымды-жағымсыз 
көңіл-күйді білдіретін сөздер жиі қолданылып отырады. 


150 
 
          Іргелестің  бұл  түрі  тілдегі  салаластың  басқа  түрлерінен 
құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да ерекшеленетінін көреміз. 
Ең  алдымен,  екінші  компоненттегі  ойдың  толық  берілмеуі,  яғни 
сөйлемнің сегменттелуі телінбе құрылымға тән сипат. 
          Тілдегі  сегменттеу  амалы  деп,  сөйлеу  легін  (мәтінді)  тілдің 
белгілі:  мәнді  (сөйлемдерге,  сөздерге,  морфемаларға)  немесе  мәнсіз 
(силлабемаларға,  фонемаларға)  бірліктерімен  сәйкес  келетін  құрамдас 
бөлшектерге  (сегменттерге) мүшелер деген ұғымды білдіреді [14; 415]. 
         Бұны адам ойын, айтайын деген пікірін ықшамдап жеткізу кезінде 
жасалатын  амал  деп  түсінеміз.  Сегменттеудің  мақсаты-бейне,  оқиға 
жайлы көзқарасты талдау оңай және қарапайым болу үшін, оны өзгерту 
немесе жеңілдету. 
          Ал  тілдік  материалды  интонациялық-мәндік  қасиеттері  бойынша 
сегменттеу, фраза деп аталатын сөйлеудің коммуникативтік бірліктерін 
болып  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Керісінше,  тілдік  материалды 
формалық қасиеттері бойыншы сегменттеу, сөйлем деп аталатын тілдің 
синтаксистік  бірліктерін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  береді  (бұл 
терминдердің басқа да коррелятивтік жұптары бар). Сөйлем және фраза 
тілдің  материалдың  түрлі  аспектілеріне  жатса  да,  бұлар  бір 
коммуникативтік деңгейдің бірліктері болып саналады. 
       Демек,  телінбе  компонентті  іргелес  салалас  құрмалас  сөйлем    –
сегменттеу амалы арқылы жасалатын іргелестің түрі. Ол өзіне қатысты  
интонациялық-мәндік 
белгілері 
бойынша 
сегменттеліп, 
яғни 
фразаларға мүшеленуі негізінде жасалады. 
           С.Аманжоловтың  "Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің  қысқаша 
курсы" еңбегінде: "...қандай сөйлем болсын, мейлі ол сөзден немесе бір 
сөзден  құралған  сөйлем  болса  да,  өзіне  тән  интонация  болады"деп 
айтылған.  1961  жылы  М.Балақаев  пен  Т.Қордабаевтың  бірігіп  жазған 
"Қазіргі  қазақ  тілі  синтаксисі"  жарық  көрді.  М.Балақаевтың  аталған 
кітабында  да  басқа  еңбектерінде  де  интоноциясы  болатынын  айтады 
[15; 7]. 
           Интоноция жөнінде Г.Әзімжанова: "Интонация мәтінде де үлкен 
рөл  атқарады:  Әртүрлі  стиль  мен  жанр  түрлерін  әртүрлі  ыңғайда 
безендіреді,  мәтінді  әртүрлі  мағыналық  бөлшектерге  бөледі, 
тыңдаушыға  эмоционалды-эстетикалық  әсер  ете  алады,  фразааралық 
байланысты қамтамасыз етеді" – деп пайымдаған. 
        Толымсыз 
құрылымның 
телінуі 
құрмалас 
сөйлемнің 
интонациясынан  байқалады.  Телінбе  компонент  қысқы  паузамен 
бөлініп  айтылады.  Мысалы:  Білсең,  //бұл//анадан  туғалы  теңіз  кешіп, 
//тар сүйретіп жүрген кісілер,         //теңіздің астын атының басындай 
білетін  (Нұрпейісова).  Берілген  телінбе  компонентті  іргелес  салалас 
құрмалас  сөйлем  мазмұнының  ерекшеліктеріне  байланысты  бес 
ырғақты  топқа  бөлінеді.  Бұл  сөйлемнің  алдыңғысы  жоғары  әуенмен 
айтылады да, азғана паузамен бөлінеді. Кейінгі сөйлемнің интонациясы 


151 
 
біркелкі  жай  толқынданып,  үлкенді-кішілі  паузамен  ажыратылады.  Ал 
"теңіздің  астын  атының  басындай  білетін"  телінбе  құрылымы  қысқы 
паузамен  алдыңғы  сөйлемге  ұласып,  интенсивтілікпен  айтылады. 
Телінбе компонент тиянақты интонемаға ие. 
         Бұл сөйлемдегі "теңіздің астын атының басындай білетін" телінбе 
құрылымын  сөйлемнің  алғашқы  сыңарына  қосып,  ойды  толықтырып 
беруге  де  болады.  Мысалы:  Білсең,  бұл  -  теңіздің  астын  атының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет