Тақырып 4 Жануарлар токсоплазмозы
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, боялған препараттар
Токсоплазмоз - жануарлар мен адамды зақымдайтын антропозооноздық
ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды немесе тіршілікке
қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру малдың орталық
жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция жүйесі зақымдалады.
Токсоплазмоз дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру
Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда; Кавказ және
Орта Азия мен Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі.
Қоздырғышы. Токсоплазмозды споровиктер класына жататын
Toxoplasma gondі деген қарапайымдылар қоздырады.
Токсоплазмалардың құрылысы мен өсіп-даму сатылары. Токсо-
плазмалардың өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылысы әртүрлі
болады. Олар: трофозоиттар (жыныссыз өсетін түрлері), цисталар,
псевдоцисталар, шизонттар, мерозоиттар, гаметалар және ооцисталар болып
бөлінеді.
Трофозоиттар жартылай ай тәрізді, апельсин жарнағына ұқсас,
ұзындығы 4-7 мкм және ені 2-4 мкм. Романовский әдісімен боялған
жұғындыда олардың ядросы қоңыр-қызылға, ал цитоплазмасы көгілдір түске
126
боялады. Олар ішкі ортаның ұлпалы мүшелерінде, мида, торша және әртүрлі
ұлпалардың торша аралығын мекендейді. Қанда сирек кездеседі.
Эндодиогения немесе іштен бүршіктену арқылы трофозоиттар көп рет
көбейіп цисталар түзейді. Цисталар дөңгелек пішінді, өзіндік екі қабат
қабықтары бар, ал ішінде көптеген мерозоиттары бар. Цисталардың тұрқы
100 мкм. Көбінесе олар мидан, диафрагма және жүрек етінен табылады.
Ауру малдың етін немесе кемірушілер етін жеген мысықтың асқазанына
түскен цисталар ыдырайды да, олардың ішінен шыққан мерозоиттар ішектің
эпителий торшаларына еніп, онда шизогония даму сатысынан өтеді.
Шизогониядан кейін гаметогония жолымен дамып, гаметоциттер
түзіледі. Еркек гаметтер немесе микрогаметтер тұрқы 1-1,5 мкм, ұрғашы
немесе макрогаметтер диаметрі 30-60 мкм. Микрогаметтер мен
макрогаметтер қосылу (копуляция) нәтижесінде зигота түзіледі, соңынан
ооцистаға айналады да, мысықтың нәжісімен сыртқа шығады.
Ооцисталар пішіні аздап сопақтау, сырт қабығы өте нәзік, тұрқы 11 х 13-
14 мкм. Қоршаған ортаға шыққан ооцисталар 3-5 күн ішінде спорогония
сатысынан өтеді де, олардың ішінде споралар түзіледі.
Спорогония сатысынан өткен ооцисталар мал-жанға қайта жұққан соң
спорозоиттар бөліп шығарып, аздан соң мал денесінде олар трофозоиттарға
айналады.
Токсоплазмалар жыныстық жолмен үй мысығы мен кейбір мысық
тұқымдастар ішегінде дамиды.
Эпизоотологиялық деректер. Токсоплазмоз жер жүзіне көп тараған, ол
жершарының барлық құрылықтарда кездесетін протозооз. Бұл ауруға
көптеген жануарлар және адам да бейім. Токсоплазмозға 200-дей
жануарлармен құстар түрлері шалдығады.
Жануарлар арасында токсоплазмоз энзоотия түрінде кездеседі.
Токсоплазмалар ауру мал ағзасынан секреттер және экскреттермен де
шығады: сілекей ішінде, мұрыннан, көзден, жыныс мүшелерінен аққан
сұйықтықта, сондай-ақ, нәжіспен, несеппен және сүтпен сыртқы ортаға
тарайды.
Токсоплазмозбен адам да ауырады. Сондықтан оның медицина
саласында да маңызы бар. Токсоплазмоз адамды кейде өлі тууға, түсік
тастауға, сәбилердің ерте шетінеуіне ұшыратады.
Токсоплазмоздың медициналық маңызына ең алғаш көңіл аударған чех
зерттеушісі Янку (×апки, 1923) болатын. Ол осы аурудан шетінеген баланың
көзінің торша қабаты кесінділерінен токсоплазма цисталарын тапқан.
Токсоплазмалар мал қиы мен суда өте ұзақ сақталады. Олар
дезинфекциялағыш заттарға, кептіруге де төзімді.
Токсоплазмоз жануарлар мен адамға қоздырғышының әртүрлі
сатысында жұға береді. Асқазан арқылы трофозоиттар мен цисталары шала
піскен ауру малдың еті, жарақаттанған тері, сондай-ақ ауру енесі арқылы
іштегі төлге де жұғады. Ал кейде тасымалдаушы кенелер арқылы
(Dermacentor және Amblyomma кенелері) жұғады. Кенелер организмінде
127
токсоплазмалар ұзақ уақыт сақталады, бірақ тасымалдаушылар организмінде
олар көбеймейді.
Патогенезі. Табиғи жағдайларда токсоплазмалардың әртүрлі вирулентті
штамдары кездеседі. Олардың кейбіреулері сүт қоректілер мен құстарға өте
вирулентті. Басқалары, керісінше, жануарларға вирулентті емес. Белгілі бір
жағдайларда вирулентті штамдар күшін жойып авирулентті түріне айналса,
ал авирулентті түрлері вирулентті қасиет қабылдауы мүмкін.
Жануарларға жұққан соң-ақ токсоплазмалар барлық мүшелерге
таралады. Олардың шығарған уыты орталық жүйке жүйесі мен ішкі
мүшелердің қызметі мен құрылысын бұзады. Егер ауру іштегі төлге жұқса,
онда орталық жүйке жүйесінде токсоплазмалар тез көбейіп, төлдің дамуын
тежейді.
Токсоплазмалардың зат алмасуында шыққан өнімдер организмді
аллергияға ұшыратады.
Иммунитет. Токсоплазма жұққан малдардың барлығында иммунитет
пайда болып, бірнеше жыл сақталады.
Егер организмде антиденелер болса, қайта жұққан паразиттер
көбеймейтіндігін зерттеулер көрсетті. Антиденелердің қанда сақталу мерзімі
бір қалыпты емес.
Ауру белгілері. Токсоплазмоз туа және жүре пайда болған болып екіге
бөлінеді. Туа пайда болған токсоплазмоз іштегі төлге енесінен жұғады.
Мұның нәтижесінде, буаздықтың алғашқы жартысында іш тастау болады
немесе соңынан төл өлі туады. Кейде гидроцефалия, аяқтарының толық
дамымауы сияқты ақаулар кездеседі. Аяқтардың толық дамымауы қозыларда
және мысықта, іштегі төлдің мумификацияға ұшырауы сиырда жиірек
кездеседі.
Жүре пайда болған токсоплазмоз ауыз арқылы немесе басқа жолдармен
жұғады. Қоздырғыштың вируленттілігіне және паразиттің ішкі ағзаларды
зақымдауына
байланысты,
токсоплазмоз
әртүрлі
болып
білінеді.
Токсоплазмоздың жіті, жітілеу, созылмалы және симптомсыз түрлері бар.
Аурудың жіті түрінде жасырын кезеңі 2-4 күн. Кейде дене қызуы 42
0
С
дейін көтеріледі. Тыныс алуы мен жүрек соғуы шапшаңдайды. Бұлшық ет
дірілі байқалады. Мал қатты күйзеледі, жем мен судан бас тартады.
Коньюктивит және танаудан кілегейлі іріңді шырыш ағады. Ауру әсіресе үй
қояндарында ауыр, ал шошқа, ірі қара мал, қой ешкіде жеңілірек, сондай-ақ
жылқы, есек, түйеде симптомсыз өтеді.
Торайлардың қаны тоқырауынан терісі қызарады, кейде салданады.
Қойдан қанды несеп шығады, іші өтеді. Буаз мал іш тастайды. Мал өлер
алдында дене температурасы күрт төмендейді.
Сиырлардың жүйке жүйесі қатты қозады. Ауруға жүйке, тыныс алу, қан
тамыр және асқазан жүйелері және көзіде шалдығады. Кейде малдың
аяқтары салданады немесе жартылай салданады.
Итте шырышты немесе қан аралас шырышты іш өту байқалады, құсады,
денесі тырысып-бүрісуі мүмкін. Буаз қаншықтар іш тастайды. Аурудың
соңында аяқтары салданады немесе жартылай салданады.
128
Жітілеу түрінде клиникалық белгілері әлсіздеу байқалады. Жасырын
кезеңі 5-10 күн, дене қызуы 4-6 күн сақталады, бірақ 41
0
С-ден артық
көтерілмейді. Малдың тәбеті нашар, іші өтіп, бірте-бірте арықтай береді.
Жүрісі тәлтіректеп, аяқтары жартылай салданады, іштастаудан кейін аяқтары
салданады.
Созылмалы түрінде аздаған уақыт дене қызуы көтеріліп, жем-шөпке
тәбеті болмай мал ариды.
Симптомсыз
өтетін
түрінде
организмде
токсоплазмалардың
болғанымен, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды.
Өлекседегі өзгерістер. Жіті түрінен өлген малдың сөл бездері үлкейген
және қанталаған. Жітілеу түрінде-өлексенің арықтығы көзге түседі.
Гастроэнтерит белгілері байқалады. Құрсақтан пайда болған токсоплазмозда
өлген төлдің миының ақ затында некроз ошақтары кездеседі. Қабыну
өзгерістері мидың барлық қабаттарында бар. Ұрғашы малдың қағанақ
қабықтарынан ақшыл немесе сарғыш түсті диаметрі 3 мм некроз ошақтары
табылады.
Диагнозды клиникалық немесе эпизоотологиялық деректер арқылы
және лабораториялық зерттеу нәтижелері негізінде қояды.
Лабораторияда қақырықтан немесе сыртқы бездерінен биопсия алып,
шыныға жұғынды препарат жасап, микроскоппен зерттейді.
Өлекседен алынған жұлын, кеуде және құрсақ қуыстары суларын,
сондай-ақ қағанақ суларын центрифугадан өткізіп, тұнбасынан жұғынды
препараттар
жасалып,
микроскоп
арқылы
тексеріледі.
Жұғынды
препараттарды бауырдан, сөл бездерінен, талақтан, өкпеден және т.б. ішкі
мүшелерден жасауға болады. Оларды метил спиртімен бекітіп, Романовский-
Гимза әдісімен бояйды. Паразиттің цитоплазмасы көгілдір, ал ядросы қызыл
түске боялады.
Токоплазмозды анықтау үшін, биологиялық әдісті де қолдануға болады.
Ол үшін зерттелетін жануардан сынама алып, ақ тышқандарға жұқтыруға
болады. Тышқан миына инемен 0,03 мл немесе іш қуысына 1 мл тексерілетін
сұйықтық егіледі. 3-4 күн өткен соң, тышқанның іш қуысында 3 мл-дей
экссудат түзіледі. Оның ішінен көптеген токсоплазмаларды табуға болады.
Токсоплазмозды анықтау үшін, көптеген серологиялық реакциялар
қолданылады. Атап айтқанда комплементті байланыстыру реакциясының,
иммунофлуорлеценттік әдістің және тағы басқаларының маңызы зор.
Токсоплазмалардың тұрақты иесі мысықтарды зерттеу үшін, Фюллеборн
және Дарлинг әдістері қолданылады. Ауру мысықтың нәжісінен
токсоплазмалардың ооцисталарын іздестіреді.
Емі. Емі толық зерттелмеген.
Токсоплазманың тұрақты иелері мысықтарға химкокцид дәрісін 24 мг/кг
мөлшерінде 3 күн ұдайы тамаққа қосып береді. Сонан соң 25 күн ұдайы осы
препараттың профилактикалық (жартылай дозасы) дозасы беріледі.
Алдын алу және күресу шаралары. Токсоплазмозға шалдыққан малды
дер кезінде анықтап, оқшаулағанның маңызы өте зор. Сойылған малдың еті
129
әбден пісіріледі, ал ішек-қарын, өкпе-бауыр және т.б. ішкі мүшелері жеуге
жарамайды.
Ауру мал тұрған қораларда дезинфекция және дератизация жүргізіледі.
Ит пен мысық қаны әрбір кезең сайын КБР мен тексеріліп, оң реакция
бергендері жойылып отырылады. Жалпы мал қораларына ит пен мысықты
жіберуге болмайды. Сауықтыру шаралары қой қоздағанда, сиыр
бұзаулағанда және шошқа торайлаған кезеңдерде мұқият жүргізіледі. Өлі
туған төлді итке, мысыққа, шошқаға және бағалы терілі аңдарға беруге
болмайды. Оларды терең орға көміп тастайды немесе өртейді.
Бақылау сұрақтары:
1 Токсоплазмоз ауруына сипаттама беріңіз?
2 Қоздырушылары қалай аталады?
3 Ауру белгілерінің ерекшеліктері қандай?
4 Диагнозды қалай қояды?
5 Қандай алдын-ала шараларың өткізеді?
Тақырып 5 Жылқы трипаносомозы (киеңкі, қарақаптал)
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Киеңкі немесе қарақаптал жылқы мен есектің және қашырдың
Trypanosoma equіperdum деп, аталынатын қарапайым паразит қоздыратын,
тек жыныстық қатынас арқылы жұғатын созылмалы ауруы. Ауруға
шалдыққан малдың жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі
зақымдалады.
Қоздырғышы. Киеңкінің қоздырғышы - Trypanosoma equіperdum,
Tryposomatidae тұқымдасына, Zoomastigophora классына жатады. Денесі
бұрғы тәрізді, ұзындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6 мкм. Денесінің орта тұсында
ядросы, ал оның арт жағында тағы бір кішірек ядросы (кинетопласт)
орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол
паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас
жағында созылып жатады. (қараңыз: )
Киеңкінің трипанозомасы жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және
осы қабықтың қыл тамырларын мекендейді. Трипанозоманың бұл түріне тек
қана тақ тұяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш
жұқпайды. Сондай-ақ, жасанды қоректерде де өсіп, өнбейді. Жыныс
мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Паразит
денесінен
трипанотоксин
деген
уытты
заттар
бөлініп
шығады.
Трипанотоксин қанға тарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді.
Эпизоотологиялық деректер. Киеңкі ауруымен жылқы, есек және
қашыр ауырады. Ауру көбінесе шағылыс маусымында, ауру малдан сау
малға жұғады. Үйірдегі айғыр ауруды ондағы биелерге таратады.
130
Сондай-ақ, ауру қоздырғышы зерттеу аспаптары арқылы да таралуы
мүмкін. Киеңкі әсіресе асыл тұқымды мал өсіретін жылқы зауыттарына және
фермаларына аса қауіпті.
Қазақстан жағдайында киеңкі жергілікті байырғы жылқыда, әсіресе
табындағы жылқыда, ешбір сыртқы белгісіз астыртын өтуі мүмкін. Бірақ
шеттен әкелінген асыл тұқымды жылқыға жұқса, кесел ауыр түрде өтеді.
Есек пен қашырда бұл аурудың клиникалық белгісі болмайды.
Ауру белгілері. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы
кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді. Ал
биенің желіні, сыртқы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі жағы
ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал
ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай
түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді
де, орнында ақшыл дақтар (пигментсіз) қалады. Қынаптан сарғылт түсті қан
аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан,
оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі
өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің аяғында малдың жыныстық
қабілеті күшейгендей сырт белгілері байқалады. Аурудың екінші кезеңіне
жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек
жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және
қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4-20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер
пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктер өздігінен жойылып, аздан
соң қайта шығуы мүмкін.
Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әрі асқына түссе,
киеңкінің үшінші кезеңі басталады.
Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге) немесе
толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйке парезге шалдыққан
жылқының бір құлағы салбырайды, бір жақ қабығы түседі, ернінің бір жағы
қисаяды.
Малдың шонданай жүйкесі зақымданса, жүрісі тәлтіректеп, сауыры мен
артқы аяқтарының бұлшық еттері семе бастайды. Сондықтан жылқының
жүрісі өзгереді, артқы аяқтарын сылтып басады. Белжүйкесі толық
зақымданған жағдайда, жылқы артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты
отырып қалады. Сол себептен киеңкіні орысша “подседал” деп те атайды.
Кейінірек жылқы бөксе жағын көтере алмай, жатып қалып бірте-бірте
көтеремге айналады да, денесі салданып өліп қалады. Осылай ауырған
жылқының 30-50 % дейін өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Аурудың үшінші кезеңінде малдың көзі коньюнктивитке шалдығып,
оған ақ түсуі (ноғала) мүмкін. Сондай-ақ, буындар ісініп, тыныс жолдары да
қабынады.
Киеңкі созылмалы ауру, ол 1 жылға, кейде одан да артық уақытқа
созылады. Бірақ жоғарыда көрсетілген белгілері түгел біліне бермейді.
Табындағы жылқыда аурудың бірінші кезеңі байқалмай өтуі де мүмкін. Ауру
асқынып, мал қиналып тұрып қалғанда ғана киеңкінің келесі кезеңдерінің
белгілері біліне бастайды. Кейде ауру жасырын түрде өтіп, тек қана екінші
131
және үшінші кезеңдерінің кейбір белгілері ғана білінеді. Жаңа қағида
бойынша киеңкіге шалдыққан жылқы, тұқымдық қасиетіне қарамастан,
бірден сойылуы керек.
Диагнозы. Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді,
клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық және
серологиялық
(КБР,
иммунофлуоресценция)
зерттеулер
жүргізеді.
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан,
айғырдың уретрасынан қырынды алып, пән шынысына бір тамшысын
тамызып, жапқыш әйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған
малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан
сарысуын серологиялық реакциямен тексереді.
Киеңкі шыққан жылқы табыны арасында клиникалық, микро-скопиялық
және КБР әдістерімен зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін ескере келіп,
оларды 4 топқа бөледі.
1.Аурулар тобы: а) КБР әдісімен 1 рет болса да оң реакция (титрі 1:10
және жоғары) берген немесе жыныс мүшелерінен трипанасома табылған
жылқы;
ә) КБР әдісімен 2-3 рет күдікті нәтиже берген жылқы;
б) Денесінде шығырық пішінді ісіктері, салдану және жартылай
салдану белгілері бар жылқы;
в) КБР әдісімен теріс реакция берген, бірақ ауруға тән клиникалық
белгілері бар жылқы;
ІІ. Ауруға күдіктілер тобына мыналар жатады:
а)Үш рет КБР әдісімен теріс реакция берген, бірақ аурудың көмескі
болса да белгісі бар жылқы;
ә) 3 рет КБР әдісімен зерттегенде, 1 рет күдікті реакция берген, бірақ
ауру белгілері жоқ жылқы;
б) Аурудан сау емес топтағы көтерем жылқы.
ІІІ. Күдіктілер тобына аурудан сау емес үйірде шағылыста болған
жылқы жатады.
ІУ. Сау топ. Бұл топқа ауру малдармен араласпаған, ауруға күдікті және
ауру жылқымен шағылыспаған малдар жатады.
Өлекседегі өзгерістер. Малдың өлексесі өте арық. Кілегей қабықтары
бозарыңқы. Жыныс мүшелерінің маңында ісік уытты жаралар, ақшыл дақтар
болуы мүмкін. Бөксе жағы мен артқы бұлшық еттері семгендіктен, жіліктері
сойдиып қаңқаға ұқсаған. Сөл бездері ұлғайған.
Емі. Жалпы киеңкіге шалдыққан жылқыны емдемей, етке жібереді.
Бұрын ауру жылқыны күре тамырына 0,015 г/кг мөлшерінде физиологиялық
ерітіндіге езілген 10 % наганин құйып емдеген. 15-20 күннен соң, наганинді
осы әдіспен қайта қолданған. Дәрінің уытын қайтару үшін емдеген соң,
жылқыны жеңіл тер шыққанша күніне 3-4 рет желдіртіп отырған. Киеңкіні
емдеу үшін азидин,неоазидин, батризин, беренил дәрілері де қолданылады.
Ол үшін азидинді 3-5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке
егеді. Емді 24 сағаттан соң, осы дозада қайталайды.
132
Емдеуден кейін 5-6 айдан соң, жылқыны барлық анықтау тәсілдерімен
зерттейді. Теріс реакция берген жылқыны сау деп есептейді. Ауру
қайталанса, жылқыны етке жібереді.
Алдын алу және күрес шаралары. Соңғы ветеринариялық қағида
бойынша, киеңкіге шалдыққан айғыр-биені, тұқымдық қасиетіне қарамай,
дер кезінде сойысқа жібереді. Кейде, өте сирек жағдайда, ауруға күдікті
топтағы жылқыларға емдеу шараларын жүргізеді. Киеңкі жылқыларды
азидин, неоазидин, батризин дәрілерінің біреуімен, тірі салмағына 3, 5 мг
дозада, арасына тәулік салып, 7% -дық ерітінді түрінде, екі рет қалың етке
егу арқылы емдейді. Бірақ, киеңкіден айыққан мал, рецидив беріп, қайта-
қайта ауыра береді.
Шағылыстыру науқаны қарсаңында жылқыны түгелдей барлық
диагностикалық тәсілдерімен тексеріп, мал ішінде киеңкінің бар-жоғын
анықтау керек. Аурудың көмескі белгілері бар жылқыны оқшаулап емдеу
орынды. Айғырларды үйірге қосар алдында, сақтық шара ретінде наганинмен
0,01 г/кг мөлшерде егеді. Одан басқа антрицид, трипамидий, неоазидин,
батризин және т.б. трипаноцидтік дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, құрал-
саймандар зарарсыздандырылады.
Таза емес шаруашылықтарда мал табынын жасақтауға, сырттан мал
қосуға, мал сатуға, әкетуге және ауыстыруға, сонымен қатар сырт малымен
ұрықтандыруға жол берілмейді.
Шаруашылықтағы мал басы және ондағы есек, қашыр түгелімен
киеңкіге тексерілуі тиіс. Ауруға шалдыққандарын сояды немесе жояды, ал
оған күдікті малдарды аралығына 30 күн салып, серологиялық әдістермен екі
рет тексереді. Жылқы қанын тексеруді қатарынан екі рет теріс нәтиже
алғанша жалғастыра береді.
Жылқы табынан соңғы рет ауру шыққанына 6 ай өткен соң және 4, 6
айларда екі рет қатарынан серологиялық реакциялар теріс нәтиже берген
жағдайда,
қорытынды
шаралар
жүргізілген
соң,
шаруашылықты
трипаносомоздан таза деп, жариялауға болады.
Киеңкіден тазартылған шаруашылықтарда, жылқыны шағылыстыру
мерзімінің аралығында, жыныс жасындағы барлық малды үш қайтара
серологиялық тексеруден өткізеді. Біріншісін- шағылысу кезеңі өткен соң, 1-
5 айға кейін, екіншісін - бірінші тексеруден 3 ай өткен соң, үшіншісін –
екінші тексеруден 1 ай өткен соң жүргізеді.
Мал басын киеңкіден тазартқан соң, 1-5 жылдан кейін малды
шаруашылықтан шығаруға, сатуға рұқсат беріледі. Жылқы киеңкісі өзінің
қауыптілігіне байланысты, Халықаралық эпизоотиялық бюроның есебіне
кіреді.
Бақылау сұрақтары:
1 Жылқыларда осы ауруға шалдықса қандай мүшелері зақымдалады
2 Қоздырғыштарын атаңыз.
3 Клиникалық белгілері қалай өтеді
4 Диагнозды қалай қояды
133
26-сурет. Түйе қанындағы Trypanosoma evansі (М.С. Сабаншиев бойынша)
5 Қандай алдын-ала шараларың өткізеді?
Тақырып 6 Жылқы мен түйе су-ауруы (трипаносомоздар)
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Достарыңызбен бөлісу: |