К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Құрал-жабдықтар: Плакаттар 
 
Су-ауру  жылқы  мен  түйенің  трансмиссивті  протозоидтық    ауруы. 
Трипаносомозбен  ауырған  малдың  дене  қызуы  көтеріліп,  денесінің  әр 
жерінен  ісіктер  пайда  болады,  сөл  бездері  ісінеді,  қатты  арықтайды.  Су-
аурудың жіті және созылмалы түрлері болады. 
Қоздырғышы.  T.  evansі  –морфологиялық  белгілері  жағынан  басқа 
трипанозомаларға  ұқсас  (  6  –  сурет).  Бұл  паразитті  әр  елде  әртүрлі  атайды, 
жалпы  оның  15  шақты  атауы  бар  (T.  сameli,  T.  soudanense,  T. 
ninaekohlijakimovae,  T.  equinum  және  т.б.  ).  Паразитті  алғаш  1880  жылы 
Индияда  жылқы,  қашыр,  түйе  қанынан  тапқан  ағылшын  ғалымы  Эванс. 
Ауруды  Индияда  сурра  деп,  атайды.  Түйе  трипаносомозы  көбнесе  су 
маңында  шығатын  болғандықтан,  қазақ  халқы  мұны  су  –  ауру  деп,  атаған. 
Кейіннен бұл атау әдебиетте сақталынып қалды.  Паразиттің дене тұрқы 2,8-
32 х 1,4-28 мкм. Мекені- қан плазмасы. Олар қан ішінде жылдам қозғалады. 
Трипаносомалар  қарапайым  жолмен    2-4,  ал  кейде  көп  бөлшекке  бөлініп, 
көбейеді.  Ауру  малдан  сау  малға  қоздырғышты  қансорғыш  жәндіктер-
соналар  тасымалдайды. 
 
 
 
Эпизоотологиялық  деректер.  Бұл  ауруға  жылқы,  түйе,  есек,  қашыр 
бейім. Сондай-ақ ит, үй қояндары, теңіз шошқасы және ақ тышқандар сияқты 
зертханалық жануарлар да ауырады. 
Су-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. Әсіресе 
Шымкент, Қызылорда, Атырау облыстарында Орал және Сырдария өзендері 
алқаптарында жиірек тіркеледі. Ауру қоздырғышын соналармен қатар шақпа 

 
 
134 
шыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшық 
сулы, ағынсыз, қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі. Жаз бойы 
су-ауру  трансмиссивті  жолмен  таралып,  күзге  таман  ауру  малдың  саны 
көбейе түседі. Мұндайда су-аурудың жасырын түрімен  ауырған жылқы мен 
түйе инвазияның  негізгі көзі болып табылады. Су аурудан арылмаған және 
мал 
дәрігерлік-санитариялық 
шаралар 
дұрыс 
жолға 
қойылмаған 
шаруашылықта  су  ауруға  түйе  көп  шалдығады.  Ауру  малға  дер  кезінде  ем 
және  жақсы  күтім  жасау  керек,  себебі  бұл  инвазияға  шалдыққан  мал 
өздігінен сауықпайды. 
Аурудың  белгілері.    Жылқы  су-ауруының  жасырын  кезеңі  2-3  апта. 
Алғашқыда байқаусыз дене қызбасы болады. Ауру малдың денесі босаңсиды, 
тәбеті  қашады.    Денесінің  әр  жерінде  ісік  пайда  болады.  Ісіктер  жыныс 
мүшелері мен аяқтарында да болуы мүмкін. Дене ыстығы көтерілуімен қатар 
тыныс  алуы  және  тамыр  соғуы  жиілейді.  Ауруға  жүйке  жүйесі  шалдыққан 
жылқы қозып алға ұмтылады немесе сіресіп тұрып алады. 
Қан  құрамын  зерттегенде  эритроциттердің  саны  2-3  млн-ға  дейін 
азайғаны  байқалады.  Қанда  анизоцитоз,  пойкилоцитоз,  эоозинофилдер  мен 
лимфоциттердің көбеюі байқалады. 
Қызуы көтеріліп, денесі дірілдеп терлейді, кейде жылқы жатып алады. 
Көбінесе  су-аурумен  жылқы  созылмалы  түрде  ауырады.  Дене  қызуы 
қанда  паразит  көбейгенде  байқалады.  Мал  тәбеті  қашпай  және  азығы  тәуір 
болса да жүдейді, көзінде ирит және кератит белгілері пайда болады. Кілегей 
қабықтары  бозарыңқы  сарғыш  тартқан.  Кейде  су-ауруға  жүйке  жүйесі  де 
шалдығады.  Жүрісі  сенімсіз,  жүргенде  мал  аяқтарын  жоғары  көтереді, 
сүріншек  келеді.  Тәбеті  сақталғанмен,  кейінірек  жылқының  бөксе  жағы 
салданып жатып қалады. 
Түйе  су  ауруының  жасырын  кезеңі  2-3  апта.  Оның  жіті  және 
созылмалы  түрлері  бар.  Су-аурудың  жіті  түрінде  ауық-ауық  түйенің  дене 
қызбасы 40
0
С дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды 
да,  көп  жата  береді.  Сөл  бездері  ұлғаяды,  оларды  қолмен  ұстағанда  мал 
ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге 
айналады. 
Аурудың  созылмалы  түрінде  түйенің    жүні  үрпиіп,  үйісіп  қалады. 
Мезгіл-мезгіл    жүйке  жүйесі  қозып,  түйе  айнала  береді,  аяқтары  ісінеді, 
арықтап,  құр  сүлдері  қалады.  Су  -  аурудың  созылмалы  түрі  бір  жылдай 
байқалады.  Ауру  түйе  көп  жатып,  суды  көп  ішеді.  Кейінірек  түйенің  арт 
жығы салданып, титықтап барып өледі. Аурудың бұл түрімен түйенің кәрісі 
де, жасы да ауырады. 
Диагнозы. Су-ауруға диагноз қойып, анықтау үшін эпизоотологиялық 
деректерді  сараптайды,  клиникалық  белгілерін  анықтап,  микроскопиялық 
және серологиялық  зерттеулер  жүргізеді.  Аурудың  клиникалық  белгілері әр 
уақытта  айқын  бола  бермейді.  Олардың  ішінде  көңіл  аударатыны:  арықтау, 
тұрақсыз қызба, кератит, коньюнктивит, дененің әр жерінде ісік пайда болуы. 
Сондықтан  зертханалық  зерттеулер  шешуші  роль  атқарады.  Шыныға 
жаққан қан жұғындысын Романовский әдісімен бояп, немесе қан тамшысын 

 
 
135 
микроскоппен қарап, трипаносомаларды іздейді. Паразиттің бір талы табылса 
болды  малдың  су-ауруы  болғаны.  Бірақ  микроскопиялық  әдіс  үнемі  нәтиже  
бермейді.  Өйткені  ауру  малдың  қанында  паразит  тұрақты  кездеспейді. 
Сондықтан  малдың  қан  сарысуын  серологиялық    реакциялармен  тексереді. 
Жылқының  қан  сарысуын  комплементті  байланыстыру  реакциясымен,  ал 
түйенікін формалин реакциясымен тексереді.  Ол үшін  зерттелетін малдың 1 
мл  қан  сарысуына  2  тамшы  таза  формалин  араластырылады  да  термостатқа 
немесе  бөлмеге    бір  тәулікке  қойылады.  Егер,  түйе  су  ауруымен  ауырған 
болса,  қан  сарысуы  желім  тәрізді  болып  ұйып  қалады,  ал  мал  аурудан  сау 
болса,  сарысу  күйінде  қалады.  Реакция  күдікті  болса,  пробиркадағы  сарысу 
қоймалжыңданып,  төмен  қаратқанда  ақырын  ғана  ағады.  Бірақ  бұл 
реакцияның да диагностикалық құндылығы өте төмен. 
Кейбір  жағдайларда  диагнозды  анықтай  түсу  үшін,  биосынама  әдісін 
қолданады.  Яғни  ауруға  күдікті  малдың  қанын  алып,  натрий  цитратымен 
араластырып,  зертханалық  жануарларға  егеді.  Егер  мал  ауру  болса,  онда 
олардың қанынан 6-15 күн ішінде паразит табылады. 
Өлекседегі  өзгерістер.  Су-аурудан  өлген  жылқының  кілегей 
қабықтары  бозарыңқы,  денесінің  әр  жерінде  ісіктер  бар.  Ішкі  мүшелері 
қанталаған. Жүрек еті босаңсыған, оның іші - сырты қанталаған. Ішектің ішкі 
қабаты ісінген, қанталаған, ішінде көп шырыны бар. Су-аурудан өлген түйе 
өлексесіндегі өзгерістері бұл ауруға тән емес. Өлексе арық, кілегей және сірі 
қабықтары  бозарыңқы.  Лимфа  бездері  мен  талағы  ұлғайған.  Жүрек  еті 
азғындаған, ішіндегі қаны сұйық, нашар ұйыған. 
Емі.  Су-ауруды  емдеу  үшін  азидин  дәрісін  3,5  мг/кг  мөлшерінде  7  %  
ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін 
нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткені олар дәрінің әсерінен 
іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин 
мен  азидин  қоспасы.  Алдымен  1,0  г  нагининді  және  3,5  г  азидинді 
қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. 
Қоспаны  ауру  малға  әр  100  кг  тірі  салмағына  3,5  мл  есебімен  тері  астына 
немесе қалың етке егеді. 
Шет елдерде түйенің  сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін  цимеларзан 
дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді. 
Айырықша  дәрілерден  басқа  аурудың  белгілеріне  қарай  малға 
симптоматикалық  ем  шаралары  қолданылады.  Ауру  малдың  азығы  мен 
күтімін  жақсарту  шарт.  Малды  емдегеннен  кейін  6  ай  оқшау  ұстап,  оларды 
клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек. 
Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген  жөн. 
Алдын  алу  және  күресу  шаралары.  Су-ауру  бар  шаруашылықтарды 
инвазиядан  арылту  үшін,  көктемде,  жазда  және  күзде  мал  басын  әр  3  ай 
сайын,  қыста,  көктемде  және  жаз  айларында,  кемінде  3  диагностикалық 
әдістермен  тексеру  керек.  Клиникалық  белгілері  бар    немесе  формалин 
реакциясы  оң  нәтиже  берген  түйелерді  бөліп  алып,  емдейді,  ал  қалған 
трипаносомоздан 
сау 
малдарды, 
одан 
сақтандыру                            
мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды. Ол үшін, наганиннің бір 

 
 
136 
бөлігіне,  азидиннің  3,  5    бөлігін  қосып,  10%-дық  суспензия  ретінде  тері 
астына егеді. 
Одан  басқа  да  трипаноцидтік  дәрілерді  қолдануға  болады.  Бірақ, 
азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткені олар іш тастап кетеді. 
Мал  басын  су-ауруынан  сақтандыру  үшін  маса-соналары  жоқ,  су 
жағалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Трипаносомоз ауруымен көбінесе қандай малдар ауырады? 
2 Қоздырғышын атаңыз? 
3 Трипаносомоз аурулары қай жерлерде жиі кездеседі? 
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді? 
5 Диагнозды қалай қояды? 
 
Тақырып 7 Ірі қара бабезиозы 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Бабезиоз  -  жіті  өтетін,  мал  денесінің  қызуымен,    гемоглобинуриямен, 
анемиямен және кілегей қабықтарының сарғыштануымен, жүрек-қан тамыр, 
асқазан жүйелері қызметі бұзылуымен сипатталатын трансмиссивті ауру. 
Қоздырғышы  -  B.bovіs.  Бабезиялар  эритроцит  ішін  мекендейді, 
ондағы  мерозоиттардың  пішіні  қандауыр  немесе  алмұрт  тәрізді,  жұпталған 
қос түрі сүйір ұштарымен қосылып, эритроциттің шеткі жағына доғал бұрыш 
түзіп, орналасады. Олардың тұрқы 1,0-2,5 х 0,5-1,5 мкм. Қан жағындысында  
көбінесе  жалғыз  сақина  тәрізділері,  кейде  үш  жапырақ  тәрізді  түрлері 
кездеседі.  Зақымданған  эритроциттер саны  7-15  %,  сирек  жағдайда 40  %-ке 
жетеді. 
Қоздырғыштың  биологиясы.  Ірі  қара  мал  организмінде  бабезиялар 
эритроцитте    қарапайым  әдіспен  екіге    немесе  бүртіктеніп  бөліну  арқылы 
көбейеді.  Кейде  бабезияларды  эритроциттен  тыс  плазмада  көруге  болады. 
Олардың  кене  денесінде  көбеюі  толық  зерттелмеген.  B.bovіs-ті  үш  иелі 
Іxodes rіcіnus және І. persulcatus кенелері тасымалдайды. Кенелер ауру немесе 
ауырып 
жазылған 
жануарлар 
қанымен 
қоректеніп, 
бабезияларды 
қабылдайды.  Кене  денесіне  енген  паразиттер  алдымен  оның  ішегінде 
қарапайым  әдіспен  бөлініп,  соңынан  2-4-6  ядрола  торша  түзеді.    Мұндай 
бабезиялар  ішек  эпителийіне  еніп,  көп  бөлшекке  бөлінеді  де,  көп  ядролы 
торша    түзеді.  Соңғылар  ыдырап,  тағы  бірнеше  рет  бөлінеді.  Бұдан  кейін, 
түзілген гүрзі тәрізді торшалар, гемолимфаға еніп, кененің әртүрлі мүшелері 
мен ұлпаларына тарайды. Сонымен қатар, паразиттер жұмыртқа уызына еніп, 
онда олар тағы да көбейеді. Кене жұмыртқаларынан шыққан балаңкенелерде 
және одан дамыған  нимфа мен имаго сатысында бабезиялар бар. Олар кене 

 
 
137 
организміне таралып, сілекей бездеріне енеді. Іxodes кенелері мал қанын сору 
кезінде,  бабезияларды сілекейімен берге қанға енгізеді. 
Эпизоотологиялық  деректер.    Бабезиозға  ірі  қараның  барлық 
тұқымдары бейім. Ауру Ресейде, Балтық бойындағы республикаларда, Батыс 
Украинада кездеседі. Қазақстанда да бұл ауру кездеседі деген деректер бар. 
Бабезиоз ауруының таралуы І.rіcіnus кенесінің таралу ареалына байланысты. 
Бұл  кенелер  бұталы  жерлерде,  бұта  және  ұсақ  орман    алқаптарында  өмір 
сүреді.  Кенелер  мал  қанын  Оңтүстікте    көкек-мамырда,  ал  Солтүстікте  
мамыр-маусым  айларынан  сора  бастайды.  Ауру  белгісі  мамыр  айының 
ортасынан  бастап  білінеді.  Аурудың  ең  көп  шығатын  айы  маусым  және 
шілденің  басы,  онан  соң  олардың  саны  бірте-бірте  азаяды.  Кейбірде  ауруға 
шалдыққан мал тамыз-қыркүйек айларында, кейде қазан айында да кездеседі. 
Энзоотиялық алқапта бабезиоз мозаика тәрізді тараған. 
Бабезиозбен ересек мал ауыр түрде ауырып, оған қарағанда мал төлінде 
індет  жеңілдеу  өтеді.  Энзоотиялық  ошақтарда  1-2  жастағы  жас  мал  кейде 
қатты ауырады. 
Ауру  белгілері.  Аурудың  алғашқы  белгілері  жануарларды  кенелі 
жайылымға шығарғаннан кейін 12-14 күнен соң білінеді. 
Көбінесе жануарларда дене қызбасы  көтерілер алдында сауымы шұғыл 
төмендейді,  мұндайда  сүттің  түсі  сарғыш  тартып,  дәмі  ащы  болады.  Дене 
қызбасы 41-42
0
С дейін көтеріледі, 2-3 күннен соң мал денесі солғын тартып 
жатып алады, жемнен бас тартқанымен,  су ішеді. Тыныс алуы 1 мин ішінде 
70-80-ге дейін жиілейді. Жүрек соғысы күшейеді, тамыр соғысы 1 мин ішінде 
90-100-ге  дейін  жиілеп,  оның    ырғағы  бұзылады.  Кейде  көк  тамыр  соғуын 
көруге  болады.  Алғашқыда  несеп  қызғылт  түсті,  соңынан  соң  қызыл-қоңыр 
түске  айналады  (гемоглобинурия).  Несеп  шығару  қиындап  сиырлар  белін 
бүкірейтеді.  Несеп  тоқтағанда  сиырлардың  бұлшық  еті  дірілдейді.  Несепте 
қан  немесе  өт  пигменттері,  белок,  хлоридтер  мен  фосфордың  көп  жиналуы 
байқалады. 
Көздің, сондай-ақ мұрын және ауыз қуыстарының, жыныс мүшелерінің 
кілегей  қабықтары  сарғыштанады,  аурудың  жіті  түрінде  олар  қанталайды. 
Аурудың  алғашқы  күндерінде  жануарлардың  іші  өтеді,  соңынан  мес 
қарнында атония дамиды.  Тезегі құрғақ, шырышты. 
Қаны сұйылып, эритроциттер саны 2 млн-ға дейін, гемоглобин 30 %-ға 
дейін  азаяды.  Қан  құрамында  айрықша  өзгерістер  болып,  эритроциттер 
анизоцитозға, пойкилоцитозға, полихроматофилияға шалдығады. 
Қызбаның  алдыңғы  күндерінде  қанда  паразиттер  пайда  болады.  Буаз 
сиырлар  іш  тастауы  мүмкін.    Кейде  талақ  жарылуынан  мал  өліп  қалады. 
Аурудың жеңіл түрінде  (көбінесе жас малда) гемоглобинурия пайда болады, 
кейін  3-4  күннен  соң  қызба  төмендеп,  несеп  мөлдірлене  бастайды.  Малдың 
жем-шөпке  ынтасы  қалыптасып,  бірте-бірте  қан  көрсеткіштері  де  2-3  айдан 
соң  ғана  қалпына  келеді.  Сүт  шығымы  бұзаулағаннан  соң  ғана  қалпына 
келеді. Өлім-жітім 30 %-ға дейін жетеді. Емді дұрыс және ерте жүргізсе, мал 
шығыны болмауы мүмкін. 

 
 
138 
Өлекседегі  өзгерістер.  Көрінген  кілегей  қабықтары  бозарған  және 
сарғыш тартқан. Тері астындағы шелі сарғайған, нүкте тәрізді қан құйылған. 
Бауыры ұлғайған, түсі сары балшық тәрізді, ұлпасы тығыз. Өт қалтасы қою, 
түйіршікті,  қоңыр-жасыл  өтке  толы.  Жалбыршақ  қарын  құрғақ.  Ұлтабары 
жартылай  бос.  Ұлтабар,  ащы  және  жуан  ішектерінің  кілегей  қабықтары 
қалыңдаған, қызарған және қан құйылған. 
Талағы  екі  және  одан  да  көп  есе  үлкейген,  кесіп  көргенде  шырышты, 
ұлпасы  жұмсақ,  қабық  асты  қанталаған.  Ол  жарылған  жағдайда  құрсақ  іші 
ұйыған  қанға  толы.  Сондай-ақ  бүйректері  де  үлкейген,  ұлпасы  босаңсыған, 
оның қабаттарының шекарасы жойылған. Қуығы қызыл несепке толы, кілігей 
қабықтары қызарған және қанталаған. 
Жүрегі  үлкейген,  бұлшық  еттері  босаңсыған,  сұр  немесе  сұр-қызғылт 
түсті. Эпикард нүкте немесе дақ тәрізденіп қанталаған. 
Диагноз  қою  үшін  эпизоотологиялық,  клиникалық  зерттеулер 
жүргізіліп,  сондай-ақ  патанатомиялық  (өлекседегі) өзгерістер  еске  алынады. 
B.bovіs-ті  табу  үшін  қан  жағындыларын  міндетті  түрде  зерттеу  шарт. 
Бабезиозға  диагноз  қойғанда  оған  клиникалық  белгілері  ұқсас:  қараталақ, 
лептоспироз және гематурия сияқты аурулардан ажырата білу керек. 
Емі.    Ауру  малды  жайылымға  шығармай,  қолда  күткен  жөн.  Жеңіл 
қорытылатын балауса шөп,  тартылған жем-шөп көжесін, жаңа сауылған сүт, 
көк  сүт  және  су  беру  қажет.  Себебі  мал  жиі  шөліркейді.    Жүрек  қызметін 
бақылауға  алып,  кофеин,  камфора  дәрілерін  қолдану  қажет.  Ішек-қарын 
жолдарының  қызметі  бұзылғанда,  іш  айдайтын  глаубер  тұзын  (240-300  г) 
береді, 10 %-ті хлорлы натрийді 0,5 мл/кг дозада күре тамырға  жібереді. 
Арнайы  химиялық  препараттардан  батризин,  неоазидин,  азидин, 
беренил  дәрілерінің  біреуі    0,0035  г/кг  есебімен  7  %  ерітінді  түрінде  етке 
немесе  тері  астына    жіберіледі.  Осы  препараттардың  барлығын  стерилді 
дистилденген суда ерітеді. Препараттарды қайталап 24-48 сағ. соң егеді. 
Аурудан  сақтандыру  шаралары  екі  бағытта  жүргізіледі.  Біріншісі  - 
тасымалдаушы  кенелермен  күрес.  Кене  тараған  жайылымдарға  мал  жаюға 
болмайды.  Мәдени  жайылымдар  малды  кене  талауынан  қорғайды.  Ауру 
кездесетін  шаруашылықтарда  кенелерді  өз  биотоптарында  жоюмен  қатар, 
акарацидті  препараттармен  малды  дәрілеу  қажет.  Екіншісі  -  химиялық-
профилактика.  Ауруды  таратып  алмау  үшін,  ауруға  бейім  жануарларға 
азидин, наганин немесе беренил қолданылады. Препаратты 12 күнде бір рет 
қолдануға  болады.  Жақсы  нәтиже  азидин  мен  наганинді  алма-кезек 
қолданудан болатыны дәлелденген. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Бабезиоз ауруы барысында малдардың қай жерін зақымдайды 
2 Қоздырғышын атаңыз 
3 Даму биологиясы қалай өтеді. 
4 Клиникалық белгілері қалай байқалады. 
5 Диагноз қалай қояды. 
 

 
 
139 
Тақырып 8 Ірі қара пироплазмозы 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, боялған препараттар 
 
Пироплазмоз  -  анемиямен,  кілегей  қабаттарының  сарғаюмен,  жүрек 
жұмысының  зақымдануымен,  малдың  күйзелуімен,  тәбетінің  жоғалуымен, 
дене қызуының жоғарылауымен,  сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей 
қабығының,  ағзалардың  қанталауымен,  гемоглобинуриямен    ерекшеленетін 
трансмиссивтік ауру. 
Қоздырғышы.  Pіroplasma  bіgemіnum  Романовский  әдісімен  бояғанда 
пироплазмалардың  цитоплазмасы  көкшіл,  ядросы  қызғылт  түске  боялады. 
Әдетте  эритроцит  ішінде  бір,  екі,  кейде  одан  да  көбірек  паразит  болады. 
Паразит  пішіні  алмұрт,  дөңгелек,  сақина  тәрізді  және  ұзынша  сопақ. 
Қосарланған  алмұрт  тәрізділері  жіңішке  жақтарымен  жалғасып,  эритроцит 
ішінде  сүйір  бұрыш  түзейді.  Жалғыз  орналасқандарының  тұрқы  2,2-ден  6 
мкм  дейін,  қосарланған  алмұрт  тәрізділерінің  тұрқы  4,5  мкм-ге  дейін. 
Аурудың  бас  кезінде  дара,  кейіннен  жұптасқан  түрлері  көбірек  кездеседі. 
Аурудың  әрі  дамуына  байланысты,  зақымданған  эритроциттердің  саны  тез 
көбейіп,    5-15  %  -ке  жетеді  (сирек  жағдайларда  40  %-ке  дейін)  (I,  XVІІ 
суреттер). 
Қоздырғыштың  өсіп  дамуы.  Эритроцит  ішіндегі  пироплазма 
жыныссыз  екіге  бөліну  арқылы  немесе  бүршіктену  арқылы  көбейеді.  
Пироплазмалар  кене  денесінде  шизогония  әдісімен  көбейеді.  Пиро-
плазмалардың  тасымалдаушысы  –  бір  иелі  Boophіlus  calcaratus,  екі  иелі 
Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma 
bіgemіnum  паразитін  кенелер  трансовариалдық  жолмен  тасымалдайды. 
Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал 
H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Пироплазмоз  негізінен  еліміздің 
Оңтүстік  бөлігінде  таралған.  В.calcaratus  кенелері  негізінен  Оңтүстік 
Қазақстанда  кездеседі.  Олар  көбінесе  ірі  қараның  қанын  сорады  да  басқа 
түлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 күн өмір сүріп, ұрғашылары 
мыңдаған  жұмыртқа  салады.  Олардан  2-3  апта  ішінде  алты  аяқты  балаң 
кенелер  дамып  шығады.  Олар  жұмыртқадан  шығысымен  ірі  қара  денесіне 
жабысып,  паразиттік  өмір  сүре  бастайды  да,  3-4  апта  ішінде  нимфа  және 
имаго  сатыларына  жетеді.  Жылы  кезеңде  В.calcaratus  кенелері  үш  ұрпақ 
беріп  үлгереді.  Осыған  орай  Оңтүстік  өңірінде  ірі  қара  мал  арасында 
пироплазмоз  3  рет  байқалуы  мүмкін.  Бірінші  рет  көктемде-сәуір,  мамыр 
айларында,  пироплазмоздың  бұл  толқыны  өлім-жітімсіз  жеңіл  түрде  өтеді. 
Екінші  рет  жазда  шілде-тамыз  айларында  ауру  кең  етек  алып,  өлім-жітім 
көбейеді. Үшінші рет күзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін 
байқалады. Бұл кезде  ауру мал арасына көбірек тарайды. 

 
 
140 
Жасанды  және  таулы  жайылымдарда  (теңіз  деңгейінен  900-1200  м 
биіктікте)  ірі-қара  пироплазмозы  болмайды,  себебі  бұл  жерлерде  жайылым 
кенелері жоқ. 
Boophіlus calcaratus кенелері тараған аймақтарда пироплазмоз көбінесе 
франсайеллезбен бірге кездеседі. 
Ауру белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн. Бір жасқа 
дейінгі төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді. 
Ауруға  шалдыққан  ірі  қара  малының  ең  алдымен  дене  ыстығы  41-42
0
 
дейін  көтеріледі  де,  осы  деңгейден  төмендемей  тұрып  алады.  Ауырған  мал 
қатты  күйзеледі.  Жемге  сылбыр  қарап,  қатты  шөліркейді.  Сауын  сиырдың 
сүті азаяды. 
Тамыр  соғуы  минутына  100-120-ға  дейін  шапшаңдап,  жүрек  соғуы, 
тыныс  алуы  жиілейді.  Ішектің    жиырылып-созылуы  аурудың  алғашқы  1-2 
күндері  күшейеді,  көздің  кілегей  қабығы  алғашқыда  қызарады,  сонан  соң 
бозарып,  сарғыштанады.  Екінші  күннен  бастап-ақ  ауру  мал  басын 
салбыратып,  күйзеледі,  көзінен  жас  жиі  ағады.  Жем  мен  суға  сылбыр 
қарайды, кейде мүлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Несеп 
алғашында сары түсті, аурудың жіті түрінде 2-күннен бастап-ақ қызыл түске 
боялады. Гемоглобинурияға несеп шығарудың жиілеуі қосылады, 3-4 күннен 
соң  ауру  белгілері  ең  жоғарғы  дәрежесіне  жетеді.  Бұл  мезгілде  мал  қатты 
күйзеледі,  жемсудан  бас  тартып,  жатып  алып  тісін  қайрайды.  Мес  қарын 
қозғалуын  мүлде  қояды  немесе  өте  баяу  қозғалады.  Жүрек  соғу  ырғағы 
бұзылады. Несеп қоңырлау-қызыл түсті, жиі және аз мөлшерде шығады. Осы 
белгілері 5-7 күнге  созылып, мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Егер күтімі 
жақсы  болып,  ауырған  малға  мезгілінде  мал  дәрігерлік  көмек  көрсетілсе, 
ауру белгілері бірте-бірте қайтып, мал пироплазмоздан айыға бастайды. Бірақ 
ауырып сауыққан малдың қаны бірден толыға қоймай, 2-3 айдан кейін ғана 
бұрынғы қалпына келеді. 
Малдың жалпы күйінің нашарлауы шыжыған күн көзінде көп тұрғанда, 
немесе алыс жерге айдағанда жиі кездеседі. 
Өлекседегі  өзгерістер.  Кілегей  және  сірі  қабықтары  бозарыңқы, 
сарғыш тартқан және ұсақ нүкте тәрізді қанқұйылған. Сөл бездері ұлғайған. 
Талағы  қызыл-қышқыл  түсті,  үлкейген,  үстіңгі  жағы  қанталаған,  ұлпасы 
жұмсарып босаңсыған. Бауыры үлкейген, қоңыр-қызыл түсті, ал кейде сары 
балшық түстес. Бүйректері үлкейген қыртыс қабаты мен жұмсақ қабатының 
шекарасы байқалмайды. Қуығы  әдетте қоңыр-қызыл, сирек жағдайда қоңыр-
сары  түсті  несепке  толы.  Жалбыршағы  әдетте  қатты,  ішіндегі  жемі  құрғақ 
жентектелген.    Өкпесі,  өлексенің  жатқан  жағынан  ісінген.  Бронхтарында 
көпіршіген қызғылт түсті сұйық зат бар. Жүрек, әсіресе жүрекше үсті нүкте 
және  сызықша  тәрізденіп  қанталаған.  Жүрек  еті  оңай  жыртылады,  түсі 
қоңыр, әр жерінде қанталаған ошақтар бар. Жүректің ішкі жағы қанталаған, 
ішінде қан ұйыған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет