Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Тейлериоз жіті
және жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа жерден әкелінген
жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы,
желіні мен мойнындағы, жаурын алдындағы бездері қабынып, “безі шошып”,
ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал
ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,8
0
дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп,
қатты күйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс
алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Ол аяқтарын
талтайтып, басын төмен салбыратып тұрады. Ас қорыту жолдарының
қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады.
Кейін ішек перистальтикасы мүлде әлсіреп, тұрақты атония дамиды. Қандағы
эритроцит саны мен гемоглобин мөлшері 2-3 есе кемиді. Несеп шығару
қиындайды.
Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру
және сүт шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл
төмендеп, мал тез арада шығынға ұшырайды.
118
Аурудың жітілеу түрінде де сөл бездері шошып, дене қызуы 40-41
0
дейін көтеріліп, осы деңгейде 2-3 күн тұрады, сонан соң қалпына келеді.
Бұдан 2-3 күн өткен соң, дене ыстығы қайта көтеріліп, өзгермелі қызба
аурудың аяғына дейін байқалады.
Көз бен мұрынның кілегей қабықтары - алғашқыда қызарыңқы.
Олардың бозаруы баяу дамиды. Анемия қызба басталған соң, 5 күннен кейін
біліне бастайды. Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті азаяды не
мүлде болмайды. Аш бүйірі мен қабырғалары айқын білініп тұрады. Күйіс
қайыру бірте-бірте тоқтап қалады. Ішек қозғалуы алғашқыда жиілегенмен
кейін мүлде тоқтайды. Сүті азаяды. Ауру мал арып, 2-3 аптадан соң
көтеремге айналады, әлсірейді, жүргенде тәлтіректейді. Ол мойнын бір
жағына бұрып, ыңыранып жатып алады. Жүрек қызметінің бірте-бірте
әлсіреуінен 3-4 аптадан соң мал шығынға ұшырайды. Тейлериоздың жітілеу
түрінде лейкоциттердің саны 9 мыңға дейін көбейеді. Қан құрамында
нормобластар, базофильді түйіршіктері бар эритроциттер және денешіктер,
анизоцитоз, пойкилоцитоз және полихроматофилия құбылыстары байқалады.
Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін
есепке ала отрып, микроскопиялық зерттеу жүргізу қажет. Ол үшін аурудың
алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып
алып, таза шыныға жағады да Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан
соң микроскоппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы
торшаларды табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония
әдісімен көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады.
Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін,
тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан
алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен
боялады. Эритроцит ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек және таяқша
тәрізденіп жатады. Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып
боялады. Тейлериоз ауруын анықтау барысында өлекседегі осы ауруға тән
өзгерістерге де көңіл бөлінеді. Ертерек анықтау мақсатында серологиялық
әдістемелер қолданылады – КБР, КҰБР және РИФ.
Өлекседегі өзгерістер. Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық
келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан, қанталаған.
Сыртқы бездері ісініп қабынған, қанталаған, көкірек қуысына қызғылт сұйық
зат жиналған. Жүрек ұлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы нүкте тәрізденіп
қанталаған. Жүрек қабы сарғыш түсті экссудатқа толы. Бауыры ұлғайған,
оның түсі сары топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде
тіліктің беті қызыл-қоңыр түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты
қанталағандығы байқалады. Ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір
жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана
тән құбылыс. Ащы ішектің ішкі қабаты да қабынады, әр жері нүкте
тәрізденіп қанталайды. Тоқ ішектегі өзгерістер де осындай, бірақ ащы
ішектегіден көмескілеу. Токсиндердің әсерінен жүйке торшаларында, жүйке
талшықтарында, сонымен бірге мидың қабықтарында, қантамырларында
морфологиялық өзгерістер пайда болады – склероз, кариоцитолиз.
119
Емі. Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және ауру белгілеріне
қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе
көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген
тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт
және айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мг кг мөлшерінде 7 % азидин
немесе неоазидин, батризин бұлшық ет аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен
кейін күре тамыр арқылы 0,5 мл/кг мөлшерінде 10 % хлорлы натрий және әр
мал басына 1-2 г 1-2 % аскорбин қышқылы жіберіледі.
Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 г/кг 5 % террамицин немесе
бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың
тірілей салмағының әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке
жіберіледі. Үшінші күні кофеин және 0,01-0,005 г/кг мөлшерінде 10 %
сульфадемезин бұлшық етке егіледі.
Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мг/кг мөлшерінде
хиноцид, ал төртінші және бесінші күндері 12,5 мг/кг бигумаль 1 % ерітінді
түрінде ауыз арқылы ішкізіледі.
Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша және одан кейін
2 күн ұдайы осы екі дәріні қоса қолдануға болады.
Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г
фталазол, 50 мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет және күніне 1
реттен 2-3 күн ұдайы 300-500 мг-нан В
12
витамині бұлшық етке егіледі.
Соңғы кездерде тейлериозға қарсы құрамында 5% -ті бупарваквоннан
тұратын дәрілер (Бупакон, Фармакон, Бутолекс т.б. ) қолданылады: 1мл/20кг
тірі салмаққа бұлшық етке 1 рет, асқынған жағдайда 24 сағаттан соң қайта
егіледі.
Алдын алу және күресу шаралары. Мүйізді ірі қара малын
тейлериоздан сақтандыру үшін, алдын алу емдік шараларын кешенді жүргізу
қажет. Алдымен мал басын кенелердің шабуылынан қорғау қажеттігін
ұмытпаған жөн.
Ірі қараны жаз айларында көп жылдық себінді шөп өсірілген
жайылымдарда жайған дұрыс, себебі мұндай жайылымда, әдетте, иксодид
кенелері болмайды.
Егер мұндай жайылымдар болмаған жағдайда, малды жайылым
кенелерінен арылту үшін немесе оларды дарытпау мақсатымен 1 % хлорофос
ерітіндісі немесе 0,1 % күйдіргіш натрий (сілті) қосылған 0,5 % хлорофос
ерітіндісі қолданылады. Сондай-ақ, 3 % СК-9 (хлорлы скипидар)
эмульсиясын, 3 % полихлорпинен немесе парисар, дикрезил, бутокс сияқты
басқа акарацидтер ерітінділерін қолдануға болады. Осы көрсетілген
ерітінділер мен эмульсиялар кене көп таралған маусымда әрбір 7-10 күн
сайын қолданылады. Кейінгі жылдары сыналған протеидтің 0,1%-тік
ерітіндісі мал басын кенелерден 30-45 күн бойы қорғайтыны анықталды. Бұл
дәрілер ірі қараның жасына байланысты әрбір малға 1-3 л мөлшерінде ДУК,
ЛСД-2 машиналарымен немесе гидропультпен бүркіліп отырады. Кейбір,
Hyalomma sсupense сияқты жайылым кенелері мал қораларында кездессе,
ондай қораларды 1,5 % хлорофос ерітіндісімен дәрілеу керек. Бұдан кейін
120
қора ішін 4-6 сағат желдетіп, оттықтар ішін ыстық сумен тазалап жуу шарт.
Кенеге қарсы ивомек, протеид, неоцидол дәрілерін де пайдалануға болады.
Соңғы жылдары тейлериозға қарсы БЭВИ-ның (Ресей) тірі себінді
вакцинасы қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашы-лықтарда 6
айдан 18 айға дейінгі жас малды, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл
тұқымды малды, ақпан-қаңтар айларында нұсқау ереже-леріне сәйкес
вакцинациялау қажет. Аталмыш ауруға қарсы Израйль, Түркия, Кения, Иран
және Қытай мемлекеттерінде вакцина шығарылып, қолданылуда.
Бақылау сұрақтары:
1 Тейлериоз ауруына жалпылама сипаттама беріңіз.
2 Тейлериоз ауруымен көбінесе қандай малдар ауырады?
3 Тейлериоз ауруы көбінесе қай жақтарда кездеседі?
4 Клиникалық белгілері қалай өтеді?
5 Алдын-алу шараларын қалай жасалады?
Тақырып 2 Жылқы нутталиозы
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, боялған препараттар
Нутталлиоз - қарапайымды қан паразиттері нутталиялар қоздыратын,
ауырған мал денесінің қызбасымен, қанының азаюымен, сарғаюмен,
ағзаларға қан құйылуымен, орталық жүйке, жүрек, қан тамырлары және ас
қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін
трансмиссивтік ауру.
Нутталлиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есек, қашыр)
жануарлар ауырады.
Қоздырғышы - Nuttalіa equі Theіlerіdae тұқымдасына жататын қан
эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні
сопақ, алмұрт тәрізді және нүкте тәрізді болып келеді. Паразиттің тұрқы 1-4
мкм. Тұрқы жағынын олар үш түрлі болады: ірілерінің тұрқы эритроцит
радиусына тең, орташалары эритроцит радиусының жартысындай, ал ұсақ
түрлері радиустың төртінші бөлігіндей. Жылқы қанында бұл паразиттер екі,
үш және төртке бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде
нутталиялардың крест тәрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл түрлерін
“мальта кресі” деп атайды. Тақ тұяқтылардың қанында нутталиялар өте ұзақ
уақыт – 6 жылға дейін, ал кейбір деректерге қарағанда 18 жылға дейін
сақталады. Егер жылқы қанында паразиттердің ірі және орташа түрлері
121
басым болса, нутталиоз жіті және жітілеу түрінде байқалады, ал оның
түрлері көбірек болса, аурудың созылмалы болғаны.
Нутталиоз ауруының қоздырғышын Dermacentor туысына жататын
кенелер және Hyalomma plumbeum, Rhіpіcephalus bursa кенелері
тасымалдайды. Нутталиялар кене арқылы жылқыға трансфазалы жолмен
таралады. Кене, балапан кене не нимфа сатысында инвазияланса, онда
нутталиоздарды келесі сатылары нимфа немесе имаго таратады. Сондай-ақ,
нутталлиялар кененің келесі ұрпағына трансовариалды (жұмыртқа арқылы)
жолмен де ауысады. Кене мал денесінен қан сорғанда, паразиттер оның
сілекейімен жылқы организміне өтеді. Олар лимфа бездері арқылы қанға
өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген паразиттер өсіп-дамуын
жалғастырып, жедел түрде бөлініп көбейе бастайды. Нәтижесінде
нутталлиялар қандағы эритроциттердің 10-30 % -ын зақымдайды.
Эпизоотологиясы. ТМД (тәуелсіз мемлекеттік дамуында) елдерінің
орталық және оңтүстік аудандарында кездеседі. Солтүстік және орталық
белдеулерде сирек кездеседі.
Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда нутталиоз мамыр айынан
бастап, жаз бойы тіркеледі.
Нутталлиоз әдетте пироплазмозбен аралас кездеседі. Бұл ауруға жас
мал, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды жылқы шалдыққыш
келеді. Ауру қан арқылы іштегі төлге де жұғуы мүмкін. Жергілікті байырғы
жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын кенелердің
талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін табиғи түрде арттырып
отырады. Нутталлиозбен ауырып жазылған малда ауруға қарсы стерилсіз
иммунитет пайда болады. Ондай иммунитет 1-1,5 жылға дейін сақталады.
Ауру белгілері. Нутталлиоздың жасырын кезеңіі 1-2 апта. Жіті түрмен
ауырған жылқының дене ыстығы 41
0
С дейін, ал кейде одан да жоғары
көтеріледі, тамыры жиі соғып, ентігеді. Қаны азаяды, сары ауруға
шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі
нашарлайды. Асқазан жолының қызметі бұзылады. Ауру мал арықтап, дене
қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді. Аурудың бұл түрі 3-6 күнге созылады,
егер нутталлиоздың жасырын кезеңінде жылқы жұмыстан босатылмаса, ауру
ұзаққа созылады.
Нутталлиоздың жітілеу түрінде де осы белгілер байқалады, бірақ олар
көмескілеу білінеді. Нутталлиоздың жітілеу түрі 30-40 күнге созылады.
Нутталлиоздың жіті және жітілеу түрлері дер кезінде емделмесе немесе
толық емдеуден өтпеген жылқыны ертерек пайдаланса, ауру созылмалы
түріне айналады. Мұндайда нутталлиоздың сыртқы белгілері біртіндеп
көмескі тартып, тұрақсыз болады. Қызбасы күн сәулесі түскенде және мал
жегілгенде, мінілгенде ғана аздап көтеріледі, мал ариды. Мұндай
жылқыларды жұмыстан босатып, арнайы дәрілермен емдесе, тез сауығып
кетеді.
Диагнозы. Жылқы нутталлиозына диагноз індеттанулық деректердің,
клиникалылық белгілерінің, патологоанатомиялық өзгерістердің және
зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады.
122
Комплементі байланыстыру реакциясы және иммунофлуоресценция
реакциясы негізгі серологиялық әдістер болып табылады.
Жылқының нутталлиозына түпкілікті диагноз қаннан және сөл
бездерінен, көк бауырдан немесе бауырдан алынған пунктаттардан
дайындалған Романовский-Гимза әдісімен боялған жағындыларды зерттеу
арқылы қойылады.
Нутталлиоз ауруын дәл анықтау үшін жылқының қаны зерттеледі.
Ауру малдың құлақ қан тамырларынан алынған бір тамшы қаннан жұғынды
дайындап, ол Романовский-Гимза әдісімен боялады. Боялған қан
жұғындысын микроскоппен зерттеп, аурудың жіті және жітілеу және
созылмалы түрлерін анықтауға болады. Қан жұғындысында “мальта кресі”
деген түрін табу бұл аурудың нутталлиоз екенінде ешбір күмән келтірмейді.
Өлекседегі өзгерістер. Нутталлиоздың жіті түріндегі өлекседегі
өзгерістері біршама айқындау болады. Өлексені жарып көргенде мүшелері
мен ұлпалардың сарғыш тартқаны байқалады, бауыр мен талақ ұлғайып, қан
сұйылып, ұю қасиетін жоғалтқан. Осы аталған өзгерістер пироплазмоз
ауруында да кездеседі. Бірақ нутталиоздың пироплазмоздан ерекшелігі -
мүшелер мен ұлпалардың қанталауы.
Емі. Аурудың белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданып,
жылқының күтімі мен азығы жақсартылады. Арнайы химиялық
препараттардан нутталлиоз ауруында да пироплазмозға қарсы қолданылатын
дәрілер нәтиже береді (диамидин, азидин). Сондай-ақ, нутталиоздың көпке
созылып асқынған түрінде 0,005-0,01 г/кг мөлшерінде 5-10 % сульфантрол
ерітіндісі бұлшық етке егіледі.
Асқазан қызметін қалпына келтіру үшін жемге қосып биомицин 0,002-
0,005 г/кг мөлшерінде немесе биоветин береді. Бұл дәрілер іштегі қабыну
процестерін тежеп, жылқының сауығып кетуіне әсерін тигізеді.
Алдын алу шаралары. Нутталлиозға қарсы сақтық шараларын
жүргізгенде, оның пироплазмозбен аралас немесе пироплазмоздан сәл кейін
шығатынын ескерген жөн. Кейбір шаруашылықтарда әсіресе жас малдың,
жаз айларында арық болуы, осындай аралас инвазияға байланысты болса
керек. Сондықтан жаз айларында осы үйірдегі жылқының қанын мезгіл-
мезгіл тексеріп тұру қажет. Егер нутталлиоз ауруы шыға қалған жағдайда
оған қарсы алдын ала дауа шаралары жүргізіледі.
Мемлекеттік шекараларда экспортқа және импортқа жіберілген малдар
нутталиозға тексерілуі тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1 Жылқыда паразиттер қай жерінде мекендейді?
2 Қоздырғышы қалай аталады?
3 Жылқыларда осы ауру барысында білінетін негізгі клиникалық белгілерін
атаңыз?
4 Нутталиоз ауруы кезіндегі өлекседегі өзгерістерін көрсетіңіз?
5 Емдеу шаралары қалай жүргізіледі?
123
Тақырып 3 Қоян эймериозы
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Қоян эймериозы дегеніміз – 4-5 айлық кездегі көжектердің асқынған,
және асқынған кездегі созылмалы аурулары, олар Coccidiida түрлерінен
туындайды.
Локализация - ішектегі эпителлиалдық жасушалар мен бауырдың өт
жолын айтамыз.
Қоздырушылар: көжектерде эймерийдің тоғыз түрі паразитті тіршілік етеді,
оның сегізі-ішекте, ал біреуі – өт жолында. Осы аталғандардың төртеуі
маңызды рөл атқарады.
E.perforans – ооцисталары эллипстік және сопақ формада, мөлшері (20-
25) х (12-15) мкм, түссіз, микропилесі өте көріне бермейді. Спорогония
процесі 1-2 күнге созылады. Эндогендік даму процесі ішектің төменгі
қабатында өтеді. E.media – сопақ формалы, ооцистердің мөлшері (18-
33)х(13-21) мкм, сарғылт – қоңыр түсті, микропилесі жақсы көрінеді.
Спорогония процессі 2-3 күнге созылады. Эндогендік даму 12 елі ішекті,
жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде өтеді.
E.magna – сопақша формадағы ооцистер,
(32-37)х(21-25) мкм көлеміндегі, сары қоңыр түсті, оның төңірегінде білезік
түрінде түзілген. Спорогония 3-5 күн бойы жүреді. Эндогендік даму тоқ
ішектің орта және төменгі бөлігінде жүреді.
E.stiedai – сопақша келген және эллипсті формадағы ооцистердің
көлемі – 37-21 мкм, сарғылт – қоңыр түсті, аяғында микропилесі болады.
Эндогендік дамуы өт жолында өтеді.
Даму биологиясы – Барлық Eimeria тұқымына сай эймерийлерде
болады.
Эпизоотологиялық мәліметтер: Аурулардың барлығы түгелдерлік
жерлерді қамтиды. Оның әрі қарай қозуына жылы әрі дымқыл ауа райы әсер
етеді. Бұл індетке 1-4 айлық жануарлар ұшырайды. Көжектер бірінші күннен
бастап паразиттерді енгізеді. Анасынан ооцистерді сүт арқылы еміп, кейін
тамақ ішу арқылы және су арқылы сіңіреді, жаңа туған көжектерде ооцистер
8-10 күннен кейін табылады.
Инвазияның негізгі қайнар көзі – ересек көжектер, эймерияны
таратулар – ауру және ауруға шалдыққан көжектер. Ооцистердің паразиттері
кеміргіштермен, құстар мен жәндіктердің тіршілігінде табылады. Ооцистер
қоршаған ортаның әсеріне дайын,алайда олар 80
0
-100
0
С-да 5-10 минуттан
соң тіршілігін жояды. Эймериоздан айығу толық емес тамақтану кезінде
және азық мөлшерінің өзгерісі кезінде, әсіресе көжектердің сүттен айыру
кезінде өте қиын жағыдайда өтеді. Өлім-жіті саны күрт өседі.
124
Аурудың белгілері – инкубациялық кезең 4-12 күн аралығында өтеді.
Бұл ауру шиеленіскен, асқынған және созылмалы түрде өтеді. Жайылған
аймағына байланысты қоздырушылардағы эймериоздың ішектік, бауырлық
және араласқан формалары ажыратылады.
Аурудың бірінші белгісі – көжектердің салбыр әрі босауы, аз
қимылдауы, көп жатуы, және салмағының күрт түсіп кетуінен көруге болады.
Қарыны үрленген, әрі ауырсынады, тамақтан бас тартады, іш өту, (фекалия),
кей кездері қанның пайда болуы, жиі несептің шығуы байқалады. Жеріктіктің
әсерінен танаулары суланып, көжектерде шырыш бөліне бастайды.
Паталогоанатомиялық өзгерісі. Ауруға ұшыраған үй қояндары
әлсірейді. Бауырлық формадағы эймерийде бауырдың көлемі 4-5 есе
үлкейеді, өт жолы ұлғайып, үстіңгі және ішкі бөлігінде сары ақ түйіншіктер
пайда болады. Түйіншіктерде ірімшік тәрізді зат болады, ал оның ішінде
бірнеше ооцистер табылады. Осыдан интерстицианальді гепатитті байқауға
болады. Ішектік формада ұйыма қыйықшы ішектің жеңілген бөлігінде сұр-
қызыл түрде кездеседі. Катаральдық және геморрагиялық-катаральдық
асқыну көп байқалады. Паразиттер көп жиналған жерде ақшыл нүктелерді
көруге болады, асқынған ішектің себебінен оның көлемі ұлғаяды.
Диагностикасы. Эпизоотологиялық мәліметтерді алып, аурудың
белгілерін анықтап, Фюллеборн мен Дарлингтің тәсілі бойынша
патологоанатомиялық өзгерістерді эймерия-ооцистеріне анықтап диагноз
қойылады.
Емдеу. Үй қояндарына норсульфазолды 0,3-0,4 г салмағы 1 кг денеге
0,5-1 пайыздық моноциллин ерітіндісін 4-5 күн бойы арасында 3 күндік
үзіліспен 2 курс бекітіледі; сульфадалиметоксин және сульфалиридозинді 1кг
салмаққа 0,12 дозада екі курс бойынша монолицитің ерітіндісін бес күн бойы
қабылдайды. Йодтың судағы ерітіндісін (50 мл 2 пайыздық) 250 мл сүтпен
араластырып, ыстық отта, ысытады, 180 мл суды қосып, үй қояндарына 7-14
күні бойы ішкізуге береді. Алдын алу шаралары үшін күні бойы осы
процедураны қабылдауы тиіс.
Алдын алу шаралары және күресу жолдары. Үй қояндарын торлы
жынысты үй қояндарымен торда ұстайды. Нысапты күніне 2 рет алып, көң
сақтайтын қоймаға апарады. Жасуша және құрал-саймандарды тазалықта
ұстайды. Тамақтандыратын және сусындыратын жер әркез таза болуы керек,
оларға нысап түспеуі үшін бөлек ұстайды. Тамақты арнайы жабдықталған
жерде ұстайды. Үй қояндарын енесінен айырғаннан кейін күнделікті тамақ
беру тәртібіне үйретеді. Алдын алу шараларын жасау мақсатында
сульфадиметаксин
мен
сульфадиметоксин
мен
сульфапиродоксин
қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Кояндарда қоздырушылары қай жерінде мекендейді?
2 Қоздырушылары неше түрге бөлінеді?
3 Даму биологиясы қалай өтеді?
4 Клиникалық белгілері қалай байқалады?
125
5 Алдын-алу шараларын қалай жүргіземіз?
Достарыңызбен бөлісу: |