Бақылау сұрақтар:
1 Фасциолезбен қандай жануарлар аурады?
2 Қандай қоздырушы түрлері фасциолезді тұдырады?
37
3 Аралық иелер кім болады?
4 Инвазиялық сатысы деген не?
5 Фасциолездің қандай барысы болады және диагнозды қалай қояды?
Тақырып 7 Дикроцелиоз
Сабақтың мақсаты: Дикроцелиоз қоздырушысының қурылысымен, даму
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және боялған препараттар
Дикроцелиоз – кен тараған гельминтоз, Dicrocoelliidea тұқымдасына
жататын Dicrocoelium lanceatum трематодасымен шақырылады. 70 астам үй
жануарлары мен жабайы сүткөректiлердiң өт қабы мен өт өзегiнде өмiр сүретiн
паразиттер. Күйiс қайратын: қой, ешкi, iрi қара мал, буйвол, түйе, елiктер т. б.
ауырады. Дикроцелийлер адамда да кездеседi. Дикроцелиоз шығыны – ауру
малдын өнiмдiлiгiнiң төмендеуi. А. Г. Кокуриннiң айтуы бойынша ауру малдың
етiнде ақуыз 2 , май 1,65 кемидi. Көп жағдайда ауру малдың бауыры жарамсыз
болады.
Қоздырушының ұзындығы 1 см, енi 1,5-2 мм, пiшіні ланцет тәрiздi.
Ауыз сорғышы мен құрсақсорғышы жақын орналасқан. Iшек жолдары тегiс,
паразит денесiнiң бүйiрiнде орналасады. Трематода денесiнiң алдынғы жағы
мен құрсақ сорғышының артында 2 ен мен жұмыртқалық, ұрыққабылдағыш,
Мелиса денесi орналасқан. Дененiң ортанғы бөлiгiнде iшек бүйiрiнде
жүзiмтәрiздi сары денелер орналасқан, жатыр ағаш сияқты тармақталған,
трематоданың құрсақ бөлiгiнiң артқы жағын алып жатыр.
Аралық иелер. Жерде тiршiлiк етпейтiн моллюскалар Helicella, Sebrina,
Theba, Fruticda туыстары мен қосымша иелер Farmica, Proformica туыстығының
құмырсқалары.
Қоздырушының биологиясы. Қоздырушы жұмыртқалары ішіндегі
мирацидии, өтпен қосылып жануар iшегiне түседi, нәжiс арқылы сыртқы ортаға
шығады. Онда оларды моллюскалар жұтады. Моллюсканың iшегiнде
жұмыртқадан мирацидий шығады, ол спороцистаға айналады.
Мирацидидiң дәндi шараларынан көптеген ұрықтық торшалар дамиды.
Кейiннен бұл торшалар бөлек топтар құрайды, осыған байланысты аналық
спороциста дочерний спороцистаға бөлiнедi.
Ересек
церкарийлерден
кейiн
спороцистада
жаңа
церкарийлар
тоқталмайды. Сондықтан моллюскалар көп уақыт паразит тасымалдаушы
болады. Спорацистадан церкарий қан арқылы моллюсканың тыныс алу жолына
енедi, онда олар клей тәрiздi затпен оралады.
Кiлегейлi домалақ тыныс алу қозғалысы мен моллюскадан шығып, өсiмдiкке
жабысады. Дикроцелийлар моллюскада 3-6 ай дамиды. Сыртқы ортада кiлегеiлi
церкарии бар түйiндерді құмырсқалар жейдi.
Құмырсқа организмiнде церкарий кiлегейден босанып, құрсақ қуысындағы
iшекке енедi. Онда олардың құйрығы жойылады, инцистирленедi, 1-2 айда
метацер-карияға айналады.
38
3 сүрет. Dicrocoelium
lanceatum lanceatum
lanceatum lanceatum
Сонғы иелер дикроцелозбен жайлауда шөппен бірге құмырсқаларды жеп,
зақымдалады. Құмырсқа денесiндегi церкарий құрсақ құысынан басқа енiп,
құмырсқа жүрiсi бұзылады. Бүндай құмырсқалар өсiмдiкке жабысады.
Сондықтан мал тез зақымданады, құмырсқалар қорытылып болғаннан соң
метацеркарий цистадан босайды. Бауырға, өт жолына белсендi енiп, 1,5-3 айда
ересек сатыға айналып, сыртқа ортаға жұмыртқалар бөледi.
Эпизоотологиялық деректер. Дикроцелиоз барлық жерде кең таралған,
далалы аудандардын оңтүстiгiнде кездеседi. Жануарлар көктем мен күзде
жайлауда зақымдалады. Есiнен таңған құмырсқалар тәнертен және кешке көп
болады. Құмырсқалардың инвазиялық интенсивтiлiгi бiрден онға дейiн болады.
К.О.-нын әртүрлi аймақтарында аралық ие, қосымша ие, сонғы ие сандары
әртүрлi бекiтiлген. Құмырсқа мен моллюсканын
интенсивтiлiк
процентi
де
әртүрлi.
Дикроцелийумның жұмыртқалары сыртқы орта
жағдайларына
төзiмдi
болады
18-20˚С
температурада кебудi бiр апта бойы төзедi. 50˚С
температурада өлмейдi, төменгi температураға да
төзiмдi.
Осыған
байланысты
олар
моллюска
мен
құмырсқада қыстап жығуы мүмкiн .
Патогенез Дикроцелиум бауырдың өт өзегiнде
патологиялық өзгерiстер туғызады. Интенсивтi
инвазияда өт жолынды созылмалы катаральдi
қабынуы болуы мүмкін, бауырда милиарлы цирроз
болады. Бауыр паренхимасы өте зақымданбайды.
В. Д. Акопян (1972) айтуы бойынша дәлелдегендей
ауру
қойлар
организмiнде
А
және
С
витаминдерiнiң алмасуы бұзылады. Ақуыз симасуы
нашарлайды.
Иммунитет
Дикроцелиозбен
бiрiншiлiк
зақымданғанда аз уақыттық иммунитет пайда
болады (барлық малда емес).
Ауру белгiлерi Әлсiз инвазияда клиникалық
белгiлер байқалмайды. Гельминттердiң саны көп
болса, аурудың ауыр ағымы байқалады.
Жануар жабырқаған, асқорыту жұмысы бұзылады, iш қату мен iш өту айналып
келiп тұрады. Жүнi сынғыш келедi, денеде терi түскен жерлер,. кеуде және
кеуде астында iсiктер байқалады. Сиырда сүттiлiк төмендейдi. Жас малда
дикроцелиоз белгiсiз өтедi. 3 жастан жоғары қойларда клиникалық белгiлер
байқалады. Оларда арықтау, жүдеу, өнiмдiлiктiң төмендеуi байқалады. Iрi қара
мал мен қойды дұрыс азықтандырмағанда өлуi мүмкiн.
Патологоанатомиялық өзгерiстер Инвазия жоғары болғанда бауыр
үлкейген, өт жолдары кеңейген, олар ақ тұстi, қоныр-жасыл сұйықтықпен
толған, онда көптеген паразиттер болады. Капсула және капсула астында
торшаланған сүрет болады, торшалар қосылып бiртектi капсула ошағын
39
құрайды, органикалық ақ түстi дақтар болады. Жануарды сою кезiнде арықтық,
анемия, терi асты клетчатка инфильтрацияланғаны байқалады.
Диагноз Тiрi кезінде нәжiстi овоскопия зерттеу арқылы паразит
жұмыртқаларын табамыз. Дикроцелий жұмыртқалары ұсақ, ұзындығы 0,038-
0,045 мм, енi 0.02-0,03 мм, қара-қоңыр түстi, сыртында қалың қабықшасы
болады. Ол ассеметриялы, iшiнде мирацидий болады және бiр жақ шетiнде
қақпақша болады.
Өлген кезде бауырды ашып қарағанда дикроцелий құрттарын табады және
патологоанатомиялық өзгерiстерге қарайды. Инвазияның интенсивтiлiгiн
анықтау үшін бауыр үстiнің висцеральдi жағынан параллельдi 3 тiлiк тiледi де
сосын дикроцелий санына қарайды. Инвазия интенсивтi болғанда бауырдағы
трематода саны бiрнеше мың болады.
Емдеу Қазiргi кезде ең тиімді дәрі гексихол. Оны ірi қара малға 0,3 г/кг,
жас малға 0,4 г/кг, ешкi мен қойға 0,4 г/кг мөлшерде бередi. Iрi қара малға
ұсақталған жем немесе құрама азыққа қосып 0,5-1 кг әр басқа жеке бередi. Қой
мен ешкiге гексихолды құрама азықпен қосып 1:8, 1:10 мөлшерде бередi, мал
топтарына тәңертен бередi. Препаратты фасциолез ауруында сияқты талаптар
бойынша пайдаланады. Ересек iрi қара малға антигельминтиктi жеке берiп
азықтандырады, бұзау мен қойға топтап, азықпен араластырып бередi. Жас
дикроцелилардың препаратқа төзiмдiлiгi жоғары, бiрақ ересек болған сайын
төзiмдiлiгi төмендейдi. Дегельминтизацияланған жануар бауырларынан
паразиттер препаратты бергеннен кейiн 12 сағаттан кейiн түсе бастап, 7 күнге
созылады.
Алдын алу шаралары Дикроцелиозға қарсы сақтық шараларды
комплексті жүргізеді ересек мал басын дегельминтизациялау, жайлауды
гельминтологиялық бағалау, аралық иелердi жою, ветеринарлы-санитарлық
шектеулер откізеді.
Жануарларға дегельминтизацияны күз-қыс айларында жасаған дұрыс.
Жердi жырту арқылы аралық иелермен күресемiз, мәдени өсiмдiктер егемiз,
құрғақ шөптi өртеймiз. Дикроцелиозға қарсы шараларды жануарлар осы
аурумен зақымдалған жерлердi анықтау керек. Оны құмырсқа мен
моллюскаларды зерттеу арқылы анықтаймыз. Құмырсқа иелеуiндегi есiнен
танған құмырсқаларды зерттеймiз. Бұл ауру бар жерлерде малды бақпау керек.
Жайлауда алдын алу шаралары үшiн құмырсқа иелеуiн изоляциялау әдiсiн
қолданады. Жануарға ең қауыптi жайылатын жер суқоймасы мен өзен маңында.
Ет комбинаты мен мал соятын жерлерде жануар бауырын ветеринарлы-
санитарлық қадағалап, қарайды. Өте қатты зақымдалған бауырды утилге
жiбередi, әлсiз зақымдалған бауырларды тазартып, шектеусiз жiбередi.
Жүргiзiлген сауықтыру шараларыңың эффектiлiгiн жыл сайын тексередi.
Ол үшiн әрбiр таза емес шаруашылықтан 20-30 жануарды гельминтокопрология
әдiсiмен тексередi.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай жануарлар түрлері дикроцелиозге бейімді болады?
2 Аралық және қосымша иелері кім болады?
40
4 сурет. Paramphistomum cervi
3 Дикроцелиоз жұмыртқалардың айырмашылығы қандай?
4 Дикроцелийлар қай мүшелерде мекендейді?
5 Қай түрде өтеді?
Тақырып 8 Iрi қара малдың және қойдың парамфистоматоздары
Сабақтын мақсаты: Парамфистоматоз қоздырушысының қурылысымен, даму
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және боялған препараттар
Парамфистоматоздар
–
Paramphistomatatа
подотрядының,
Paramphistomatidae тұқымдасы трематодаларымен шақырылатын, жiңiшке
iшекте, мес қарында, сирек күйiстiлердiң тақия қарынында тiршiлiк ететiн
паразиттер iрi қара мал, енеке, сирек қой, ешкi, сонымен қатар солтүстiк
бұғылар мен кейбiр жабайы күйiстi жануарлардың гельминтоздары. Жiтi және
созылмалы өтедi. Жiтi парамфистоматоз 1,5-2 жастағы бұзауларда байқалады
және жiңiшке iшектiң кiлегейлi қабығы мен ұлтабарда орын ауыстыратын
трематодалармен шақырылады.
Созылмалы түрі – қосалқы қарындарда, ұлтабардың кiлегейлi қабығында
тiршiлiк
ететiн
ересек
гельминттермен
шақырылады.
Ауру айтарлықтай экономикалық зиян
тигiзедi: жiтi өткенде iрi қара мал төлдерi 50 –
100 %-ға дейiн өлiмге ұшырайды және
физиологиялық дамуы күрт баяулап, малдың
өнiмдiлiгi төмендейдi.
Қоздырушылары
Paramphistomum,
Calicophоron, Gastrothylax, Liorchis туыстығына
жататын парамфистомататтың бiрнеше түрi, iрi
қара мал мен қойда тiршiлiк етедi. Оның iшiнде
ең
көп
таралған:
Liorchis
scotiae,
Paramphistomum
ichikawai,
Calicophoron
calicophorum, Gastrothylax crurneniier. Олардың
денесi ұршық немесе цилиндр тәрiздi, көлденен
кесiндiде көбінесе дөңгелек пiшiндi келеді.
Трематода ұзындығы 5-20 мм. Ауыз сорғышы
жоқ, ауыз тесiгiнен кейiн күштi фаринкс
орналасқан, құрсақ сорғышы жақсы дамыған
және
дененiң
артқы
жағына
жақын
орналасқан.Трематодалардың қомақты денесi
анатомоморфологиялық құрылысын зерттеу
үшiн тотальдi препараттарды дайындауда
қиындатады.
Аралық иелерi. Planorbidae тұқымдасындағы тұшы су ұлуларының түрлерi –
катушкалар, Planorbis planorbis, Gyraulus filiarus, Segmentiija nitada және тағы
басқалары.
41
Қоздырушының биологиясы. Paramphistomatata подотрядының барлық
түрлерiнiң даму циклы бiрдей. Мысалы: L. scotra жұмыртқалары жануардың
нәжiсiмен бiрге сыртқы ортаға шығып, одан мирацидий шығады.
Соңғылардың даму мерзiмi қоршаған орта температурасына байланысты.
19-27 С
о
-та мирацидийлер 12-13 күннен кейiн шығады да, суда жүзудi
бастайды. Содан кейiн ұлудың денесiне енiп, онда 9-12 редияға шейiн дамиды,
одан редиялар мен церкариялар қалыптасады. Церкарийлер 1,5-3 айдан кейiн
ұлулардан шығады және судағы өсiмдiктерге жабысып адолескарийге
айналады.
Соңғы иелер жайылымда жүрiп су iшкенде адолескарийлердi жұту арқылы
зақымданады. Жас лиорхистар iшектiң қалыңдығына енiп, онда дамудың
ұлпалық кезеңiн өтедi және iшек-қарын жолы арқылы мес қарынға ретроградты
жолмен орын алмастырады. Iрi қара мал мен қойда лиорхистардың толық
жынысты сатыға дейiнгi өсу мен дамуының жалпы мерзiмi 3,5-4 ай.
Эпизоотологиялық деректер. Жануарлар жайылым мерзiм iшiнде
зақымдалады. Инвазияланған ұлулар қыстайды және ең негiзгi зақымданудың
қайнар көзi су қоймалар болып табылады. Адолескарийлер төзiмсiз және
биотоптар кепкенде өледi. Көбiнесе жітi парамфистоматоздың шығуы 1 айдан
кейiн бузауларды жайылымға шығарған соң байқалады. Ересек трематодалар
жануарларда бiрнеше жыл тіршiлiк етедi және мес қарында жылдың әр
мезгiлiнде кездеседi. Жайылымда жабайы күйiстiлер де зақымдануы мүмкiн.
Ауру белгiлерi. Iрi қара малда аурудың жiтi түрi ауыр түрде өтедi; көп
жағдайда өлiммен аяқталады немесе созылмалы түрге айналады. Малдарды
ауру тараған жайылымға шығарғаннан кейiн 3-4 аптадан кейiн клиникалық
белгілері көрiнедi және 17-35 күн iшiнде байқалады, ауру малдар әлсiзденедi, аз
5 сурет. Дефинитивтіқ ие ішегінде парамфистома тіркелуі
42
қозғалады, оларда көрiнетiн кiлегейлi қабықтары бозарады, ыңырсуы, тістерiн
қайрады, тәбетi жоғалады, арықтайды, жатып қалуы, қосалқы қарындардың
гипотониясы мен атониясы, iш қатумен алмасып отыратын iш өтуi, жақасты
және кеуде асты аумақтарда iсiктер байқалады. Мал несебiнде ақ зат пайда
болады. Қанда эритроцит саны азаяды, гемоглобин төмендейдi, лейкопения
немесе лейкоцитоз байқалады.
Iрi қара малдың парамфистоматозының созылмалы түрi ұзақ тоқталмайтын
іш өтумен, арықтаумен, қан аздықпен сипатталады.
Қойларда ауру жiтi және созылмалы өтедi, бiрақ бiздiң елде сирек
тiркеледi. Көп санды толық жынысты емес паразиттердi тапқанда, әсересе олар
iшек қабырғасының қалыңдығы мен оның сол аппаратында орын
алмастырғанда iш өту болады. Қойлар арық болады. Жақ аралық аумағында,
кеуде асты аумағында және iштiң төменгi бөлiгiнде iсiктер көрiнедi. Толық
жынысты гельминттер мес қарын мен кітапша қарында жиналғанда ауру
көрiнбейтiн клиникалық белгiсiз өтедi, бiрақ та жануарлар өсу мен дамуы
баяулайды, арықтауы да мүмкiн.
Патологоанатомиялық өзгерiстер негiзiнен жас, толық жынысты емес
гельминттер мекен ететiн жерлерде байқалады: он екi елi iшекте, ұлтабардың
пилорикалық бөлiгiнде. Өзгеру сипаты зақымдану дәрежесiне байланысты және
iсiнумен, он екi елi iшектiң және ұлтабардың пилорикалық бөлiгiнiң
қабынуымен, шажырқайлы сөл түйiндерiнiң үлкеюiмен, арықтаумен, көрiнетiн
кiлегейлi қабықтардың қаназдығымен байқалады. Жақ асты және кеуде асты
аумақтарда қоймалжын инфильтраттар. Он екi елi iшекте мыңдаған
парамфистоматидтердi табады. Созылмалы түрiнде трематода тапқан жерлерде
мес қарын талшықтының атрофиясы байқалады.
Диагнозды тiрi кезiнде клиникалық белгілеріне, эпизоотологиялық
деректерге және нәжiсiн зерттеу арқылы қояды. Соңғы диагнозды өлген кезiнде
жiңiшке iшек пен ұлтабарда жас трематодаларды тапқаннан кейiн қояды.
Емi. Ірi қара малды парамфистоматозының созылмалы түрiнде
битионолды малдың салмағына 0,07 г/кг мөлшерде ұнтақталған жеммен немесе
құрама азықпен қосып, жеке 1:10-1:20 қатынасында 8-12 сағат ашыққаннан
кейiн бередi.
Битионалдан дайындалған суспензия түрiнде гексахлорэтан 0,2-0,4 г/кг
дозада тиiмдiлiгi аз. Инвазияның жiтi түрiнде битионолды 48 сағат
интервалында
2
рет
еңгiзедi.
Қойдың
созылмалы
және
жiтi
парамфистоматозында жақсы антигельминтик 0,15 г/кг дозадағы битионол
болып табылады. Осымен қатар симптоматикалық емдік дәрiлердi бередi.
Алдын алу және күресу шаралары. Фасциолездегi алдын алу шараларын
қолданады. Қорада ұстау кезеңiнде барлық зақымдалған iрi қара малға
жоспарлы
дегельминтизацияны
жасайды.
Қажет
болған
жағдайда
дегельминтизацияны қайталайды, бiрақ та алғашқы рет жасағаннан кейiн 2
апта өткен соң жасайды. Жазда аурудың шығуы мүмкiн болған кезiнде 3-4
аптадан кейiн жайылымға шығарған соң 10 күн аралығында екi мәрте
преимагинальдi дегельминтизацияны 2 жасқа дейiнгі төлдерге жүргiзедi.
43
Паразиттiң жұмыртқаларына көңдi биотермиялық өндеу арқылы әсер
тигiзедi. Аралық иелер мекендейтiн суаттарға жақын орналасқан мал тұратын
жерлерге көң суға түспесіне аса көңiл аударады.
Сезiмтал жануарларды парамфистоматозбен зақымданудан қорғаудың
маңызы зор. Сондықтан малдарды қолайсыз ойпат жерлерде жаюға, ағынды
суаттарда және шалшықтарда суаруға болмайды.
Шаруашылыққа iрi қара малдың жаңа партиясы түскенде олардың iрiктеу
гельминтокопрологиялық байқау (қарау) жүргiзедi. Зақымдалған жануарларды
айқындағаннан кейiн соңғыларын дегельминтизациялайды, сосын жалпы
табынға қосады.
Бақылау сұрақтары:
1 Парамфистоматоз қоздырушының құрылысында қандай ерекшесі бар?
2 Парамфистомалар қай мүшелерде мекендейді?
3 Парамфистоматоздар қандай зиян келтіреді?
4 Ересек парамфистомалардың өмір үзақтығы?
5 Аурудың зақымдалу кезі?
Тақырып 9 Етқоректiлердiң описторхозы
Сабақтын мақсаты: Описторхоз қоздырушысының құрылысымен, даму
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар
Описторхоз – сүтқоректiлер қатарының, көбiнесе ит, мысық, терiсi бағалы
аңдар, сирек шошқалардың, сонымен қатар адамның Opishorchidae тұқымдасы,
Opistorchis felineus трематодасымен шақырылатын бауырдың өт жолдарында,
өт қабында және сирек ұйқы безiнде тiршiлiк ететiн табиғи – ошақты ауруы.
Қоздурышысы. Трематода денесiнiң ұзындығы 8-13 мм, енi 1-3,5 мм.
Ауыз сорғышынан кейiн фаринкс орналасқан, өңешi бар, ол екi iшек бұтағына
бөлiнiп, трематоданың артқы жағына жақын тұйық болып аяқталады. Құрсақ
сорғышы дененiң бiрiншi және екiншi дене бөлігінің аралығында орналасқан.
Еннiң алдында жұмыртқалықпен iрi шәует қабылдаушы орналасқан. Дене
ұзындығының ортасынан үштен бiрi бөлігін жатыр iлмегiмен толған. Жыныс
тесiктерi құрсақ сорғышының алдында орналасқан.
Аралық иелер – Bithynia leachi тұшысу ұлуы, қосымша иелері – тұқы
балықтарының көптеген түрлерi: шабақ балық, қара балық, сазан тұқымдас
кішкене балық (язь), тұқы, табан балық, шабақ, сазан және т.б.
Қоздырушының биологиясы Сыртқы ортаға бөлiнiп шыққан трематода
жұмыртқаларында қалыптасқан мирацидий болады. Жұтылған жұмыртқасынан
мирацидий аралық иенiң iшегiне шығады, iшек қабырғасы арқылы қуысқа енiп,
спорацистаға айналады. Бiр айдан кейiн спороцистадан редия құрылады, онда
церкарийлер дамиды. Церкарий редияны тастап, ұлудың ас қорыту безiнде
инвазиялық сатысына дейiн пiсiп жетіледi. Кейiн шамамен екi айдан сон
церкарий ұлу организмiнен шығып, суат түбiнде жүзедi. Осындай инвазионды
церкарийлер қосымша иелерге – тұщы су балықтарына жабысып, олардың терi
44
жабындысы арқылы бұлшықет және дәнекер ұлпасына енедi, онда олар
қабықпен қапталады да метацеркарийге айналады. Балық бұлшықетiне енген
метацеркарийлер тек 6 апта өткен соң инвазионды сатысына жетедi: олар
беткей және терең арқа бұлшықеттерiнде, қабырғааралық бұлшықетте,
желбезекте, жүзу қанатында, ішек қабырғасында және уылдырықта тiршiлiк
етедi.
Соңғы иелер описторхоз метацеркариймен зақымдалған шикі, қақталған
немесе тоңазытылған балықты жегенде зақымданады. Соңғы иенiң жiңiшке
iшегiнде олар цистадан босатылып, бауырдығы өт жолдарына өт өзегi арқылы
енедi. Мұнда паразиттер тоқтайды да, өседi және 3-4 апта өткесiн толық
жынысты сатысына жетедi.
45
6 сүрет. Opistorchis felineus
Осылай Opistorchis felineus жұмыртқадан толық жынысты сатысының даму
циклы 4-4,5 айға дейін созылады.
Эпизоотологиялық
деректер
Описторхоз өзен бассейндерiнде O.
felineus ареалы – Обь бассейiнен
Батыс
Европаға
дейін
ошақты
таралған.
Инвазияның негiзгi қайнар көзi –
описторхиспен зақымдалған адам.
Сонымен қатар суаттардан ит пен
мысықтар су ішкенде жұқтырады.
Битинийдiң негiзгi биотопы – суаттар.
Битиниялар ағысы баяу, өсiмдiктерге
бай өзендерде мекен етедi.
Адам описторхозбен шикi немесе
шала пiсiрiлген және қуырылған
балықты жеу арқылы зақымданады.
Азыққа
жұқа
етiп
тiлiнген,
тоңартылған шикi балықты пайдалану
әдiсi Сiбiрде кең таралған, ол ауруға
әкеп соғуы мүмкiн.
Патогенез описторхистар бауырдың
өт жолдарында тiршiлiк етiп, паразит-
тердiң токсикалық әсерiн күшейетiп,
өт өзегiнiң кiлегейлi қабығына
механикалық тiтiркендiргiшін тудырады. Бұл үдемел және созылмалы
инвазияға, өт өзегiнiң қабынуына әкеп соғады. Бұдан басқа, описторхистар
бауырда цирротикалық өзгерiстер тудырады. Паразиттердiң зат алмасу
өнiмдерiн бауыр мен басқа мүшелердiң антигендiк әсер нәтижесiндегi
патологиялық процесс қиындатады.
Ауру белгiлерi описторхозбен зақымдалған ақ түлкiлерде сары ауру,
тәбеттiң төмендеуi, жабырқаулық жағдай, арықтау, ас қорыту жолының
бұзылуы (iш өту iш қатумен алмасып отырады) байқалады, дене
температурасы қалыпты. Жануарлар бауыр аумағында ауырсынуы сезiледi.
Бауыры үлкейген, тығыздалған, жиi көптеген түрлi пiшiндi және мөлшерлi
төмпешiктермен, сонымен қатар ұлпалардың сарғаюы байқалады. Инвазия
шамалы болғанда клиникалық белгiлерi болмауы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |