МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ БІЛУГЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫН ЗАТТЫҚ
ОРТА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жубандыкова А.М.- п.ғ.к., аға оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектепалды даярлықтағы балаларды
тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің ӛрісі кеңейіп келеді. Балаларға берілетін білім
мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты
бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Әсіресе мектепалды даярлықтағы балаларды
оқу іс-әрекетін меңгеруге даярлау 12 жылдық білім беру жағдайында ерекше мәнге ие.
Белгілі гуманист-педагог Ш.А.Амонашвили осы жастағы балалардың ерекшелігін
«Алты жасар балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық»- деп кӛрсетеді. Ғалым
осы жастағы балаларға қатысты қандай проблемалар тууы мүмкін екенін, олармен
жұмыс жасауда басқа әдістеменің керектігін; мұғалім ӛзінің педагогикалық
позициясын, ең бастысы, алты жастағы балалармен жұмыс жүргізуде, сол позиция
тудырып отырған оқыту-тәрбиелеудің формалары мен тәсілдерін анықтай білу керек
екендігіне кӛңіл бӛлді.
Ш.Амонашвили ӛз тәжірибесінде жеті жасар баладан гӛрі алты жасар бала мектеп
ӛміріне анағұрлым дайынырақ екендігін дәлелдеген болатын Соңғы жылдарда отбасы
мен қоғамның мәдени деңгейі ӛлшеусіз ӛсті. Қазіргі ата-аналардың бәрінде орта және
кәсіптік білімі бар, ал олардың кӛпшілігі жоғары білімге ие. Мұның ӛзі бала ӛсетін
әлеуметтік ортаны сапалық жағынан ӛзгертті. Оның дамуына бұқаралық ақпарат
құралдары, балаларға арналған журналдар, кітаптар мен фильмдер үлкен әсер ететіні
белгілі. Ойындардын мазмұны ӛзгеріп, балалардың дене сымбаты мен ақыл-ойының
дамуына ықпал ететін, олардың қоршаған орта шындығымен, адамдардың ӛмірі және
еңбегімен, осы заманғы техникамен жан-жақты танысуға кӛмектесетін ойыншықтар
пайда болды.
Білуге білуге құштарлықтың құрылу мәселесінің педагогикалық жақтары
Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.Н.Поддьяков, С.Л.Новоселова т.б.
зерттеулерімен байланысты. Олардың еңбектерінде баланың айналасындағы адамдар
және сыртқы заттық ортамен кӛп аспектілі ӛзара іс-әрекеттестігі кезінде олардың білуге
құштарлығын ертеден дамыту керектігі дәлелденген.
Жеті жастағы балаларға бүгінгі күні ұсынылып отырған білім берудің мазмұны,
Л.С. Выготскийдің сӛзімен айтсақ, олардың даму ӛрісінде болмай отыр, сондықтан да
оны белсенді түрде ынталандыра алмайды. Алайда білім берудің дәл сол мазмұны -
оқу, жазу, қарапайым есептеу - алты жасар балалардың танымдық талпыныс құралына
айналып отыр. Бұл білімдер олардың даму ӛрісінде болады да, танымдық ынтасын
оятады. Баланың осы ынтасын қанағаттандыруды мектеппен, олардың «тезірек
ержетуге» деген ұмтылысымен байланыстыратын болсақ, оның мәні тіпті зор.
Ресей психологтары А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, В.С.Мухина баланы мектепке
дайындау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, оны орындау тәсілдерін
меңгеруін, ӛзін-ӛзі бағалай және бақылай алуын, тәрбиеші-педагогтарды тыңдап, оқу
материалдарын есте сақтау қабілеттерін жатқызса, Л.И.Божович, Р.В.Овчарова т.б.
ғалымдар мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу керектігі туралы
атап кӛрсетті. Психологиялық кӛзқарас тұрғысынан заттық ортаны белгілі білім беру
аймағындағы дамыта оқыту Л.С.Выготский, Н.Л.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков,
А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин т.б. арқылы жүзеге асырылады. Білім беру кеңістігі заттық
орта ретінде және компоненттердің аралық қарым-қатынасының барысында мынадай
қасиеттермен қамтылатындығы атап кӛрсетіледі:
қоғамның, қоршаған ортаның, тұлғаның ӛзгертілген сұраныстарына сәйкес білім
беру құрылымының ӛзгеру қажеттілігіне қарай, тез қайта құрылу қабілетінің икемділігі;
31 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
қарым-қатынас - біріккен іс-әрекеттер арқасында кӛрінетін және оған енетін
элементтерінің үздіксіздігі;
тұлғаға білім беруде қызмет кӛрсету сұраныстарына сәйкес даму ортасында
ӛзгеруін қарастыратын ӛзгергіштігі;
тәрбие тапсырмаларын шешу арқылы, оған кіретін құрылымның біріккен іс-
әрекетін күшейтуді қамтамасыз ететін бірлікті ықпалдастыру;
басқаруда білім берудің барлық субьектілерінің кең түрде қатысуын, оқыту
формаларының демократиялық түрде болуын қамтамасыз етудің жариялылығы;
білім беру үрдісіндегі барлық субьектілердің біріккен іс-әрекеттік қарым-
қатынасын орнату және педагогикалық тұрғыдан кӛтермелеу негізінде қамтамасыз
етудің жариялылығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жӛнінде Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова,
М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.М.Меңдаяқова,
Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова еңбектерін атауға болады.
Мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі мәселесі бойынша
Ұ.Т.Тӛленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева еңбектерінде мектепалды дайындығында
оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетін пайдаланудың теориясы мен әдістемесін,
мектепалды топбалаларының бастапқы экологиялық мәдениетін қалыптастыру
жұмысын ұйымдастыру әдістемесін зерделеген.
К.М.Метербаева,
қоршаған
дүниемен
таныстыру
арқылы
балалардың
байланыстырып сӛйлеуін қалыптастыруды, Ш.Сапарбайқызы ғылыми еңбегінде
мектепалды топ жас аралығындағы балаларды қазақтың тұрмыс салт дәстүрі негізінде
еңбекке баулу мәселелері қарастырылған.
Балалардың мектептегі оқуға педагогикалық-психологиялық жағынан даярлығын
анықтау мазмұнының жасалу жағдайына қысқаша шолу жасалынды. Осы саладағы
еңбектерді талдау барысында мектепке педагогикалық-психологиялық даярлықты анықтау
мәселесін шартты түрде 5-кезеңге бӛліп қарастыру мүмкіндігі анықталды.
Мектепке даярлаудың педагогикалық-психологиялық жақтарын осы салада
қызмет етіп жүрген мамандар түрліше қарастырады. Мәселен, Р.В.Овчарова
«даярлықтың» үш бағытын ажыратып кӛрсетеді.
Біріншіден, баланың жалпы дамуы. Оқушы болар кезде оның жалпы дамуы
белгілі бір деңгейге жетуі қажет. Ең әуелі есінің дамуы, зейіні және ақыл-ойының
ерекшеліктері жетілуі тиіс. Баланың ақыл-ой ерекшелігі сӛз болғанда баса назар
аударатын жайттар: білімдер мен ұғымдар қоры және ойша әрекет жасай алу іскерлігі.
Екіншіден, атқарылуы тиіс ішкі әрекеттерді ырқына бағындыра алуы. Мектеп
жасына дейінгі баланың қабылдауы жылдам, қиялы жүйрік, ойы ұшқыр; зейінін бір
нысанадан екінші нысанаға еркін аудара алады. Әйтсе де, осы сапаларды ырықты түрде
әлі игере алмайды. Мәселен, қандай да бір оқиғаны немесе үлкендер әңгімесін ұзақ
уақыт бойы бүге-шігесіне дейін есінде сақтап қалады. Ал қызығушылығын
тудырмайтын қандай да бір жайтқа ұзақ мерзімге зейінін шоғырландыру қиын.
Дегенмен осы іскерлікті бала мектепке барғанға дейін дамыту керек. Себебі, мектепте
ӛзі қызыққан іспен ғана шұғылданып қоймай, орындалуы тиіс әрекеттерді де жүзеге
асыру қажет болады.
Үшіншіден, білім алуға деген ықыласының қалыптасуы. Мұнда мектептің сыртқы
кӛз тартар белгілеріне қызығуды емес, білім алуға деген шынайы, терең ықыластың
оянуын айтады.
Осы үш бағыттың да бірдей маңыздылығын тұжырымдай отырып, «мектепке
даярлықтың жеке жақтары» деп, дене дамуын, танымдық жетілуін, кӛңіл-күйлік,
еріктік даярлығын, баланың жеке басы мен әлеуметтік-психологиялық даярлығын атап
кӛрсетеді де, олардың әрқайсысына түсінік беріледі.
Жалпы дене дамуына мектеп жасына дейінгі баланың дене бітімінің: бойы,
салмағы, бұлшық ет тонусы, кӛкірек қуысының кӛлемі, тері жамылғысы т.б.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
32
қалыпты мӛлшерге сәйкес келуі және кӛз жанары; естуі; қимыл-қозғалысы; әсіресе,
қолы мен саусақтарының нәзік қимылы; жүйке жүйесінің қозу мен тежелу жағдайы;
сондай-ақ жалпы денсаулығын жатқызады.
Танымдық даярлық мазмұнына баланың сӛздік қоры, кӛзқарас деңгейі, арнайы
іскерліктерімен қоса, танымдық үрдістерінің даму деңгейі; олардың «жақын арадағы
даму аймағына» бағытталуы; кӛрнекі-бейнелік ойлаудың жоғары деңгейлері; оқу
міндетін ерекшелеп бӛле алуы мен оны әрекеттің дербес мақсатына айналдыра алу
іскерлігін жатқызады.
Жеке басы мен әлеуметтік-психологиялық даярлығына «оқушының ішкі
жағдайы» (Л.И.Божович) деп аталатын жаңа әлеуметтік қатынастың; оқу үшін қажетті
адамгершілік қасиеттер тобының; сондай-ақ баланың құрдастарымен, үлкендермен
қарым-қатынас сапасының, мінез-құлық ырықтылығының қалыптасуын жатқызады.
Кӛңіл-күйлік — еріктік даярлығы, егер бала алдына мақсат қойып, шешім қабылдай
алса, іс-әрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыруға күш жұмсай алса, осы жолда
кездескен кедергілерді жеңе алса – қалыптасқан деп есептелінеді, әрі балада
психикалық үрдістердің ырықтылығы жетіледі деп санайды.
Ғалым кейде мектепке барар баланың адамгершілік және дене дамуы бағыттарына
қарағанда, психикалық үрдістердің дамуы мен мотивтік бағыты – психологиялық
даярлық бағыты деп ерекше бӛліп қарастыратынын айта отырып, «даярлық
бағыттарын» анықтау жолдары мен баланың мектепке даярлығының деңгейін кӛрсететін
ӛлшемдер сапасын белгілейді.
М.Р.Битянова
зерттеулерінде
мектепке
даярлық
болашақ
оқушының
психофизиологиялық жағдайын сипаттайтын біртұтас әрекет екенін еске сала отырып,
кітап авторлары «даярлықтың» түрлі психологиялық ӛлшемдерінің ішіндегі аса
маңыздысы деп когнитивтік даярлық, яғни баланың мектептегі оқу әрекетін сапалы
игеруіне кӛмектесетін таным үрдістері мен дағдыларының қалыптасуы; мотивтік
даярлық – оқушының ішкі жағдайының қалыптасуы; және әлеуметтік даярлық –
баланың мұғалім мен сыныптастарымен қарым-қатынас барысында әлеуметтік
құптарлық орынға ие болу бағыттарын атап кӛрсетеді.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесін зерттеумен шұғылданған ғалым
Е.Е.Кравцова «даярлықты» тӛрт бағытта қарастырады.
Бірінші бағытқа мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдылардың
қалыптасуын;
екінші бағытқа мектепке дейінгі кезең соңында кӛрінетін дағдарыс пен соның
нәтижесінде пайда болатын жаңа құрылымдар сипатын зерттеуді;
үшінші бағытқа оқу әрекетінің алғышарттарын;
тӛртінші бағытқа берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде
бағыну іскерлігін жатқызады. Мұндағы бірінші мен үшінші бағыттар оқу әрекетіне
қатысты деп кӛрсетіліп отырғандықтан, ақыл-ой мазмұнын құрайтыны белгілі; ал ол ӛз
кезегінде танымдық даярлық бағытының ӛлшемдері болып табылады.
Мектепке педагогикалық-психологиялық даярлық– баланың мектептегі оқуды
табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Мектеп пен оқуға жағымды
қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары
деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным
үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы); сондай-ақ үлкендермен және
құрдастарымен ӛзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы ӛміріне араласып кетуді,
бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін (адамгершілік даярлық) сапалардың
қалыптасуынан тұрады.
«Ақыл-ой даярлығы», «адамгершілік даярлығы» ұғымдары педагогикалық
тұрғыда белгіленген ӛлшемдер. Оларды психология ғылымының тіліне аударсақ
«танымдық даярлық» және «жеке бастық - кӛңіл-күйлік даярлық» бағыттары болып
шығады.
33 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
Еріктік даярлық пен кӛңіл-күй даярлығы бағыттарын, зерттеуші-ғалымдардың
біразы бірге қарастырады. Олардың түпкі мазмұнына үңілер болсақ, екеуі екі бӛлек
психологиялық ӛлшем екенін кӛреміз. Осы тұрғыдан алғанда; сондай-ақ, кӛңіл-
күйінің де, еріктің де мектепке педагогикалық-психологиялық даярлықты анықтау
барысындағы аса маңыздылығын ескерсек, ол екеуін «даярлық» бағыты ретінде бір-
бірінен бӛлек қарастырудың дұрыстығына кӛз жеткіземіз.
Баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт: танымдық қабілеті, дене
күшінің дамуы, оқуға ынтасы, кӛңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы - мектептік
кемелді құрайды.
Мектепалды топ балаларының мектептегі оқуға педагогикалық-психологиялық
жағынан даярлығын анықтау шарасы, арнайы әдістемелерді қолдану арқылы, қысқа
мерзімде жылдам жүзеге асырылар болса, дағдарыстың ӛту ерекшелігін зерттеу іс
жүзінде аса қиын. Себебі, даму дағдарысы табиғаты аса күрделі, қайшылықты, әрі әр
балада әрқалай ӛту түрлілігімен сипатталатын ерекше құбылыс. Оны балалар
психологиясының заңдылықтарын жетік білетін маман болмаса, «екінің бірі»
анықтай алмайды.
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуін жеделдетуде мектепалды даярлықтағы
балалардың басым кӛпшілігін қамтитын мектепалды топтоптары, шағын орталықтар
зор рӛл атқаруда. Онда балалар ӛздеріне қажетті тәрбиені бойларына сіңіре отырып,
адамгершілік-этикалық
нормалардың
әліппесімен
танысады,
педагогтардың
жетекшілігімен олардың тілі, ойлау қабілеті, еңбекке икемділігі, эмоционалдық- еріктік
аясы мақсатты дамытылады. Әдетте, мектепалды даярлықта бала оқуды, жазуды,
қарапайым есептеуді үйренеді. Сӛйтіп ол мектепке келгенде-ақ оқу материалын,
әріптер, мәтіндер, қарапайым математикалык мысалдарды түсініп игеретін болады.
Ж.Ж.Руссоның философиялық-педагогикалық кӛзқарастарында даму ортасы
ерекше орын алады. Белсенді тұлғаның оңтайлы даму негізі деп ортаны
қарастырғандардың ішінде Ж.Ж.Руссо алғашқылардың бірі болды. Ол тәрбие үрдісі
тиімді ӛту үшін, әр тұлғаға оның шындықтағы мүмкіншіліктері мен табиғи
сұраныстарының арасында тепе-теңдік орнататындай ерекше даму ортасы
құрастырылуы керектігін атап кӛрсетті. Бұл ортада тұлға әзір білімді алмайды, ол сол
білімді ӛзі тауып, тірі табиғатты бақылай отыра ӛзінің тәжірибесінің негізінде
үйренеді. Ж.Ж.Руссоның пікірі бойынша, тұлға дамуының негізгі кайнар кӛзі білімнің
кӛлемі емес, сол білім кӛлемін ӛздігінен еркін пайдалана білуінде. Осылайша «табиғи
саналылықтың» тәрбиесінде дамыған тұлға ӛз қасиеттерінің ішкі әлем дүниесінің
еркіндігін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
М.Монтессори тұжырымдамасында білім берудің мазмұны құрылымдық білімдік
орта формасында ұсынылады. Білімдік орта –білім алушының табиғи немесе жасанды
әлеуметтік мәдени ортасы, оған баланың ӛнімді іс-әрекетін қамтамасыз етуге қабілетті
білімнің түрлі құралдары мен мазмұны енеді. Табиғи ортада тәрбиешінің міндеті ӛте
қарапайым: ол тек жаңа педагогиканы ұғынып, меңгеруге кӛмектесуі ғана жеткілікті
деп қарастырған.
Кеңестік педагогикада «орта» термині 20-жылдары пайда болды. Ол кезде «орта
педагогикасы» (С.Т.Щацкий), «баланың қоғамдық ортасы» (П.П.Блонский), «қоршаған
орта» (А.С.Макаренко) ұғымдары жиі қолданылды. Кӛптеген зерттеулер нәтижелері
кӛрсеткендей, педагогтің әсер ету обьектісі бала және оның қасиеттері, іс-әрекеті, тіпті
оның мінез-құлығы да емес, керісінше оның ӛмір сүру жағдайлары болып есептеледі.
Сыртқы жағдай – қоршаған орта, тұлғааралық қарым-қатынас, іс-әрекеттер, ал ішкі
жағдай - баланың эмоционалдық кӛңіл-күйі, ӛз-ӛзіне деген қарым-қатынасы,
ұстанымдары мен ӛмірлік тәжірибесі болып табылады. Осылайша, «даму ортасы»
ұғымының толық мағынасы сан түрлі дәрежеде әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде
түрліше ұйымдастырылған жағдайда тұлға дамуының үрдісі түрінде жүзеге асуына
ықпал етумен байланысты болып келеді.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
34
Тұтас педагогикалық үрдісте заттық ортаның рӛлі туралы ресейлік ғалымдар
В.В.Давыдов, В.А.Орлов т.б. зерттей келіп, білім беру ортасы түсінігіне мынадай
сипаттамалар берген: әр жас кезеңіне сай айқын түрде психологиялық жаңа
құрылымның сәйкес келуі; оқытудың бастаушы іс-әрекет негізінде ұйымдастырылуы;
басқа іс-әрекет түрлерімен ӛзара байланысты алдын-ала ойластырылуы және оның
құрылымдануы.
Балалардың білуге құштарлығын қалыптастыру мәселесі теория мен тәжірибеде
жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайда ол ӛзіндік анықтаушы мағынаға ие
болып отыр.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается педагогически-психологические аспекты ребенка
дошкольного возраста проявление позновательного интереса через предметной среды.
SUMMARY
This article is about pedagogical-phycology aspects of children preschool age whose
interests to knowledge appears through subject environment
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Исмаилова Р.Б. – п.ғ.к. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта
қарау, оның мазмұны мен құрылымын ӛзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның
бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса
да ӛз мамандығының шебері, ӛздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы
жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру
үрдісінде олардың ӛзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты
қалыптастыруда ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде
қарауға тура келді. Студенттердің ӛзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың
кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Ӛзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары ӛз
зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Жоғары оқу орындарында студенттердің
ӛзіндік
жұмысын
ұйымдастырудың
ерекшеліктерін
Г.Ахметова,
Н.Асанов,
А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми,
дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру
мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова, Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева, Р.И.Бурганова,
Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай, М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов,
Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов, К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова,
Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге кӛшуімен
байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді ӛздігінен ізденіс арқылы
табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін
кӛтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен
білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа
деңгейге кӛтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп,
ӛзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру-дың педагогикалық-
психологиялық мақсаты да кешенді түрде ӛзгеріске ұшырады.
35 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
Кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда ӛзіндік жұмыстардың маңызы орасан зор.
Студенттің ӛзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды ӛзінше
орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір
ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше
түрі.
Студенттің ӛзіндік жұмысы – жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде
студенттердің ӛзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай
болса кредиттік оқыту жүйесінің жоғары мектепте ендірілуі және СӚЖ-дің үлесінің артуы
оны белсендіруге баса кӛңіл аудартады.
Студенттің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы қызметі: ӛз әрекетін ӛзі
ұйымдастырушы; ӛз бетімен ізденіп, шығармашылық әрекет жасаушы; ӛз тағдырын ӛзі
басқарушы. Студенттің ӛзіндік жұмысы - кез-келген пәнді оқуға ӛзіндік жұмыстың
орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс – студенттің
ғылыми, оқу кәсіби құзырлылығын қалыптастырып, мәселелерді ӛзіндік шешуіне
оңтайлы шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алсақ, ӛзіндік жұмыстың қай түрі болса
да, оның студенттердің оқу әрекетіне жататыны белгілі. Ал оқу әрекетін ұйымдастыру
оқытушының шеберлігін, студенттердің қызығушылығын тудыруын, олардың алдына
мақсат қоя білуін, мақсатты шешуге жағдай жасауын, оны кәсіби тұрғыда шешетіндей
міндет жүктеуін қажет етеді. Бұл ӛзіндік жұмысқа байланысты оқытушыға жүктелетін
мәселе болса, енді тікелей студенттің әрекетіне байланысты мәселе-мақсатты әрекет
ету, ойлану, ой қорыту, дұрыс шешім қабылдау, нақты нәтижеге қол жеткізу. Осындай
құрылымнан тұратын ӛзіндік жұмыс нәтижесінде студент ӛздігінен білім алудың кӛзін
ашады, кәсіби бағыттылығы қалыптасады. Қазіргі таңдағы жоғары оқу орындарында
жүргізіліп отырған ӛзіндік жұмыс түрлері баршылық болғанмен: біріншіден, оның
мазмұнын ашу, екіншіден, оның құрылымын нақтылау, үшіншіден, ӛзіндік жұмысты
ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, тӛртіншіден, оны бағыттай отырып, кәсіптік
шеберлік деңгейіне кӛтеру жақтары жетіспей келеді.
Студенттердің ӛзіндік жұмысына берген түрлі анықтамаларды саралай келе,
студенттердің ӛзіндік жұмысы (СӚЖ)– жоғары мектептің оқу үдерісінде студенттің
ӛзіндік әрекетін ұйымдастырудың және басқарудың ерекше құралы деп есептейміз.
Ғылыми әдебиеттерде ол оқытудың құралы, оқу-ғылыми танымның формасы,
шығармашылық ойлау әдісі ретінде де қарастырылады.
Ӛзіндік жұмыстың түрлері кӛп болғанымен, оның студенттердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруға бағытталған түрлерін, оны орындауға жұмсалатын
уақытты және нәтижесін айқындайтын критерилерін саралаудың да ӛзіндік ерекшелігі
бар. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алсақ, ӛзіндік жұмыс студенттің оқу
әрекетіне ене отырып, студенттің алдына мақсат қоя білуін, мақсатты шешудің жолын
іздеуін, әрекет етуін, ойлауын, ой қорытуын, нақты нәтижеге қол жеткізуін қамтамасыз
ететіндігі белгілі.
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта
күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Себебі студентердің кәсіби бағыттылығы
бойынша жақсы жүмыс жүргізілсе білікті кадрлар ағымын дайындауға кететін
шығындар тӛмендейді, еңбек ӛнімділігі жоғары болады, ең алдымен ӛз
мамандығынан қанағат алу, денсаулығын сақтау тұрақты болады.
РЕЗЮМЕ
В статье раскрываются особенности подготовки кадров в высших учебных
заведениях.
SUMMARY
The article reveals the features of training in higher educational institutions.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
36
Достарыңызбен бөлісу: |