Сіз бұл әлемде бәрі айқын болса дейсіз. Бәрі ретті әрі жоспарлы болса. Сондықтан бейсана түрде өз өміріңізді белгілі бір құрылымға саласыз. Әрекетіңізді бір жөнге келтіресіз. Сіз мерзім мен жоспарға қатты бағынасыз. Ұзақмерзімді жобаларды көп кішкентай қадамдарға бөлесіз. Сіз ұқыпты болмасаңыз да нақтылықты жақсы көресіз. Өмірдің тосынсыйларына тап болғанда бәрін бақылауда ұстағыңыз келеді. Discipline таланты әлсіз адамдар сіздің тәртіпке деген құмарлығыңызды жақтырмауы мүмкін. Бәрі сіз сияқты емес екенін түсініңіз. Олар сіз ұсынатындай құрылымның қажет екенін түсінсін. Сіздің тосынсый мен қателік секілді нәрсені жақтырмайтыныңызды адамдарды тығырыққа тірейтін бақылау түрі деп қабылдамауы керек. Керісінше бұл сіздің өмірдегі алаңдатушы факторларға мән бермей ұдайы алға жылжуға деген ұмтылысыңыздан шығатынын көрсетіңіз.
Discipline таланты бар жандар былай көрінеді: М ханым: Мен үшін реттілікті бұзбай өте маңызды. Кейде бір сериал көре бастасам бірақ кейін ұнамаса да оны соңына дейін аяқтауға мәжбүрдей сезінемін. Өйткені бір нәрсені толық аяқтамай келесісіне көшсем реттілік бұзылады деп білемін. Айналамдағы нәрсенің бәрі ретті болса екен деймін.
Discipline таланты бар жандарға кеңес:
Бәрі дұрыс па екенін қайта-қайта тексеруге ұялмаңыз. Қателік сізді құлазытатынын мойындаңыз.
Нақтылық сіздің болмысыңыздың бір бөлігі. Айналаңыздағы адамдар сіз сияқты тәртіпті болмауым мүмкін екенін түсініңіз. Нақтылық сіздің мықты тұсыңыз.
Сіз ұсақ-түйекке ден қойғанды жақсы көресіз. Сіз өзіңіз бен басқаларды шығын мен қателіктен құтқара аласыз. Сіз тиімділікті арттырасыз.
Іштей бәрі мінсіз болса екен дейсіз.
Ақша мен уақыт ысырап болып жатқан жерлерді анықтап оларды жойыңыз.
Сіз тәртіппен қоса, таза ортаны да жақсы көресіз.
Нақты көрсетілген мерзім сізді іске итермелейді.
Басқалар сіздің Discipline талантыңызды қаталдық деп қабылдауы мүмкін. Уақыт өте адамдар сіздің реттілігіңіз бен тәртібіңізді бағалайды.