Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ал Discipline таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет20/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Ал Discipline таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Бұл адаммен бір жобада жұмыс істесеңіз мерзімді алдын ала бекітуді ұмытпаңыз. Мұндай адам бәрін мерзімінен ертерек істеп қойғысы келеді. Сондықтан қатты асықпауы үшін және жұмысты жүйелі бөле алуы үшін мерзімді алдын ала айтып қойыңыз.

Discipline (Реттілік)

  • Жоспарды күрт өзгертпеуге тырысыңыз. Күрт болған нәрсе мұндай адамның көңіліне жақпайды.

  • Бейберекетті көрсе көңілі құлазиды. Ол лас жерде ұзақ отыра алмайды.

EMPATHY (Эмпатия)


Сіз айналаңыздағы адамдардың эмоциясын сезесіз. Олардың сезімін өз өне бойыңыздан өткізесіз. Іштей әлемге олардың көзімен қарай аласыз. Олардың көзқарасын қолдамасаңыз да өзіңізді олардың орнына қойып көре аласыз. Бәрінің мәселесіне бірдей жаныңыз ашымауы мүмкін. Эмпатия деген жанашырлық емес. Сіз басқалардың таңдауын қолдамайсыз, бірақ олардың таңдауын түсінесіз. Түйсікпен түйсінудің бұл түрі өте күшті. Сіз айтылмаған сөздерді естіп қоясыз. Сіз әркімнің қажетін білесіз. Басқалар не айтарын білмеген кезде қажет сөзді тауып айтасыз. Адамдардың ақтарылуына көмектесесіз. Эмоцияларын көрсетуіне жәрдемдесесіз. Сондықтан бәрі сізбен араласқысы келеді.
Empathy таланты бар жандар былай көрінеді:
Е ханым: Мен көпшіліктің арасында жұмыс істесем кешке үйге шаршап қайтамын. Өйткені әркімнің көңіл-күйін өз өне бойымнан өткіземін. Басқаның қайғысын, ренішін сеземін. Басқалар маған келіп сыр ақтарады. Оларды тыңдап отырып жағдайына еніп кетемін. Ақыр соның бәрі жүрегіме жүк болып жиналады.
Empathy таланты бар жандарға кеңес:

  • Айналаңыздағы адамдардың басына қара бұлт төнсе басқалардың мұқият болуына көмекте-

Empathy (Эмпатия)
сіңіз. Көбі сіздей басқаның сезімін іліп ала алмайтынын ұмытпаңыз.

  • Басқалар өзіне және айналасына зиян етіп жатса бірден батыл әрекет етіп көмектесіңіз. Command немесе Activator таланттары мықты адаммен серіктес болыңыз. Сонда адамның көңіліне қарап қалмай қажет нәтиже ала аласыз.

  • Басқалардың оң қолы немесе сенімді серігі ретінде қызмет атқарып көріңіз. Өйткені сізге басқаның сенім артуы өте маңызды.

  • Сізге жақындағанда басқалар өзін жайлы сезінеді. Кейде сіздің түсіністігіңіз таптырмас қасиет. Ал кейде өзіңіздің жанашырлығыңыздан басқаларға жем болып жатасыз.

  • Өз талантыңызды басқаға жұбаныш болу үшін қолданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет