122
соғды тілінен енген
χatun/katun – «ханшайым» деген мағына береді. О
баста, ел билеуші әйел затына тән
титул атауын берген сөз, мағынасы
кеңейіп, өмірге ұрпақ әкелу, көбею мағынасына ойысып, кейін туған-
туыс атауын білдертін «қайны» сөзінің түбірінде, сондай-ақ, «қайың
ағашы» атауының негізінде орын алады. Мұндағы ортақ белгі – «қатын»
сөзі өмірдің бастауы, ұлы ана деген ұғымға сайып келуі. Түркі тілдері
арасында т-д-й дыбыстық өзгерістердің бола алатындығын негізге
ала отырып, Шығыс Қазақстан өңіріндегі Қатонқарағай атауына
фоносемантикалық талдау жасайтын болсақ, әуел баста Қатынқарағай
болып, кейін қазақ тіліне орыс тілі арқылы Катонқарағай (Қайыңқарағай)
болып келген бұл этнотопоним өз бастауын қайың сөзінен алады.
Түркі тілдері арасындағы т-д-й дыбыстық өзгерісті ескерсек, көне
түркі тіліндегі «қатын», яғни қайың сөзі алдымен қатын-қадын-қайың
өзгерісіне ұшыраған. Тілімізде «Қатонқарағай» атауында түркілік
негізін сақтап келген «қатын» сөзі қазір тілімізде «қайың» болып
қолданылады. Көне түркілік негіздің тілімізде сақталуы қазақ тілінің
тамыры өте тереңде екенін көрсетеді; 2-н. Катонқарағай атауының түп
төркіні қайың+қарағай, қатын+қарағай және қотан+қарағай сөздерінің
бірінен шыққаны анық. Енді Қатонқарағай атауының тарихи кітаптарда,
жазбаларда жазылғанына шолу жасап өтсем: 1864 жылғы Шәуешек
келісіміне дейін Ресей мен Қытай арасындағы шекара Бұқтырма
өзенінің бойымен өтетін, өзенінің оң жағалауы Ресей мемлекетінің
ал сол жағалауы Цин империясының қарауында болды. Шәуешек
келісімінен кейін Бұқтырма өзенінің жоғарғы бөлігі мен сол жағы,
Күршім, Зайсан көлі және Тарбағатай таулары Ресейдің қарауына көшеді.
Сондықтан 19 ғасырдың 60 жылдарына дейінгі орыс саяхатшылары
мен зерттеушілерінің жазбаларында Катонқарағай атауы кездеспейді.
Шәуешек келісіміне 1864 жылы 25 қыркүйекте қол қойылып шекараны
белгілеу 1865 жылдың мамыр айынан бастап жүргізіледі. Орыс
географы, әскери генерал, Омск әскери округі штабының басшысы
Бабков Иван Федерович бастаған топ 1865 жылдың мамыр айының
ортасында шекараны белгілеу үшін қытайлардың Шыңғыстай қарауыл
бекетіне келіп, Өрел, Үкек бекеттеріне дейін барады. Осы сапары
туралы «Вспоминание о моей службе в Западной Сибири 1859-1875 г.»
еңбегінде жазылады, онда мынадай деректер кездеседі: «По собранным
мною в то время сведениям, местами для основания наших оследлых
водворении могли служить следующия местности: 1) на р. Сарымсакты
и на ур. Котон-Карагай, в половине расстояние между дер. Черновой
123
и Медведкой; 2) на правом берегу р. Бухтармы по р.Березовке; 3)
при слиянии р.Язевки с. Берелю.» Бұл деректен келіп қоныстанатын
орыстарға ауыл орындарын белгілегендігін көреміз. Ол
кезде
Катонқарағай елдімекен атауы емес жердің атауы болғандығын және
оны Котон-Карагай деп атағандығын көреміз. Американдық журналист,
саяхатшы әрі жазушы Джорж Кеннанның «Сибир и ссылка» кітабында
«Станция Алтай, или Котон-Карагай, как ее зовут киргизы, находится на
высоте почти 3.500 фудов в верхней части плодородной горной долины,
извесной под именем долины Бухтармы.» - деп жазады. Бұл жазбадан
Котон-Карагай деген қазақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыздар деп
атаған) қойған атауы екендігін көреміз. 19 ғасырдың екінші жартысы
мен 20 ғасырдың басындағы орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің
еңбектерінен Катонқарағайды «Котон-Карагай» деп жазған көптеген
деректерді келтіруге болады. Осы деректер негізінде Катонқарағай
атауы Қотанқарағай деген сөзден шыққан деп қорытынды жасауға
болады [120]; 3-н.: Түркі-моңғолға ортақ түрк. хатун
[qatun], қатын
[qatïn] // монғ. хатан
[qatïn] титул атауынан жасалған. Қазақ тіліндегі
қатын
[qatïn], моңғол тіліндегі
хатан
[qatïn] сөзі арқылы жасалған
жон-жота, тау, мойнақ, сонымен қатар өзен-су атаулары Қазақстан
және Моңғолия территорияларында көптеп кездеседі және екі тілдің
топожүйесінде қатар орын алатын тектес географиялық атаулар болып
саналады [81].
М.1. Ресми түрде Катонқарағай ауданы 1928 жылы
1 тамызда құрылды деп есептеледі. Жоғарыдағы аталған қаулымен
Шыңғыстай ауданы да құрылды. Оған Шыңғыстай болыстығы
тұтасымен және Катонқарағай болыстығының бір бөлігі қаратылды
да, оның аумағына он қазақ ауылдары кірді. Екі ауданның орталығы да
Катонқарағай ауылында орналасты. 1929 жылғы 20 қыркүйекте Семей
округтік атқару комитеті президиумының шешіммен Шыңғыстай
ауданы өзін-өзі ақтамайтын, әканомикалық жағдайы нашар аудан
деп танылып, Катонқарағай ауданымен біріктірілді [35,25б.].
М.2.
Катонқарағай болысының бір бөлігі Катонқарағай ауданының, енді
бір бөлігі Шыңғыстай ауданының құрамына енді [3,32б.].
М.3. 1945
жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданында мынандай ауылдық
Кеңестер болды: Алтай, Белқарағай, Ақсу, Березовка, Берел, Голубовка,
Жаңа-Тұрмыс, Коробиха, Каменка, Катонқарағай, Қиын-Жыра, Маркс,
Медведка, Печи, Таңба, Өрел, Фыкалка, Шыбынды-Бұлақ, Шыңғыстай,
Черново, Жазаба [3,33б.].
М.4. Қазақстанның ең қиыр шығысында,
Алтай тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде 13167 шаршы