ҚАТЫНҚАРАҒАЙ – е.м., Өрел а.о. Қатонкарағай (Катонқарағай)
- Шығыс Қазақстан обл., Алтай тауының Оңтүстік етегіндегі елді
мекен, аудан аты. Осы өлкенің тумасы, белгілі жазушы Қ.Ыскақовтың
атауынша: «Бұл елді мекеннің тарихи аты – Қатынқарағай. Қотанкарағай
– совет дәуіріндегі бұрмаланып аталған атау. Ол жерде алқа қотан
қарағай болған. Ар жақтан мал әкелгендер сол жерде мал тапсырған.
Содан Қoтaн, Қотанқарағай атанған. Алтай мен екі шекарадағы жер,
елді мекен аты. Алтай тауынан Ақбұлақ деген үлкен өзен ағады да,
ол екіге бөлініп, Қoтaн жане Бұқтырма деп аталады. Бұқтырма Берел,
Шыңғыстай елді мекендерінің тұсынан ағады, Қотанқарағайды жанап
өтеді». Құрамында қатын сөзі бар топонимдер республикамыздың
Ақмола, Павлодар, Қараганды, Алматы т.б. облыстарында жиі кездеседі.
Мәселен: Қатынбұлақ, Қатынқопа, Қатынқұм, Қатынадыр, Қатынкөл,
т.б. Олай болса, Қотанқарағай атауының әуел бастағы аты Қатынқарағай
деген жазушы Қ.Ысқақов пікірі орынды деп білеміз. Алтай тауының
терістігінде Қатун (қадын) өзені ақса, оның бергі бетінде калың қарағай
өскен. Сонда бұл атау «Қатун өзені жағындагы қарағай» деген мәнде
қойылғаны байқалады. [170,6б.].
ҚАТЫНСУ – өзен, Катонқарағай а.о. «Қатын сөзі «ерге тиген әйел»
мағынасын береді. Ол сөздің этимологиясында қат+ын «қатылған,
қосылған» деген мән жатқанын байқау қиын емес. Жер-су атын жасауға
қатын сөзінің «әйел» мағынасы емес, оның «бір табиғи нысанның
екінші нысанмен қосылғанын» білдіретін мағынасы қатысады. Мысалы:
Қатынсу «қосылған су» [16,270б.], М1.: Аман бол, қыран мекен – Бүркіт шыңы, Қатынсу, Бұқтырмадай басты өзені, «Баянда» өткен күндер есте мәңгі – мөлдір су, жұпар ауа – жақсы еді емі [25,370б.].
М2.: Бұқтырма, Қатынсудың дәмін татып, Алтайдың шалғайында жүрмедің бе? [42,170б.], М.3: Қатынсу, Бұқтырмалар тасығанда Толқыны жағаға ұрып бұлқынады. [42,20б.], М.4: П. Чихачев, Н.М. Ядринцев, О.Т. Молчанова т.б. зерттеушілер түркі тіліндегі қатын «ханым, әйел» мағынасында тұр деп табады. Алайда өзен атының дәл этимологиясын берген – алтайлық зерттеуші В.Н.Тадыкин. Мұзтаудан
166
басталатын өзендердің барлығы жазда ақ айран түстес болып ағатыны белгілі. Сүт түстес Қатын өзені Обь өзеніне құйғанда, оны лайлап түсін өзгертеді. Ендеше түркі тіліндегі қат түбірі «қосылу, араласу» мәнін берсе (м.: шайға сүт қат), қат+ ын туынды сөзі «қосылған» деген мән береді (м.: қатын – ерге қосылған, шыққан әйел). Сонда Қатын гидронимі «екінші бір өзенге қосылған өзен» ұғымын тудырады, сондықтан қазақтар Қатын суы, алтайлықтар Қатын суу деп атайды. Қатын су «қосылған су» мәнін береді де, тұнық су, жайық су секілді ұғымдармен теңеседі. Түркі елдерінің біразында кездесетін Қатын топонимдері түгелдей осы мағынадан шығады [15,58б.].
ҚАУМЫШ – көл, Аққайнар а.о. Антропогидроним, жергілікті
тұрғындардың айтуынша, нысан атауы адам есімімен байланысты.
М.: Адам атына байланысты қойылған. Теңіз деңгейінен биік жатқан
көл. Ұзындығы 7км. [124].
ҚАУМЫШ – көл, Жамбыл а.о. Халықтың айтуынша, Қалмақ
батырының есімімен байланыстырылып аталып кеткен гидроним. М.: Шабанбай жерінде үлкен көл бар. Қаумыш көлі. Қалмақтың батыры болған. Қазақтың батыры Қаумыштан айласын арттырып Қаумышты өлтірген. Сонда барлығы Қаумыш-Қаумыш деп айқайлаған [105]. М1.: Қаумыш көлі – бұқтырма өзенінің басындағы көл, мұздақтан пайда болған, көлемі – 1,47 шаршы шақырым. ең үлкен көлдер[76,67б.]. М2.: Қаумыш көлі иінағашқа ұқсап имек жасай созылған әжептәуір үлкен көл [9, 96 б.].