Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет143/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   305
ҚАСҚАБАСТЫҢ АСУЫ – асу, Өрел а.о. Бұл жерде басты нысан 
асу. Таудың не жотаның басы, жұмырланып келген жалама тас болса 
қасқа басқа теңеледі. М.: Қасқабастан кейін орналасқан. Қасқабас 
асуы деп аталып кеткен[119].
ҚАСҚАБАСТЫҢ БҰЛАҒЫ – бұлақ, Өрел а.о. Гидроним атауына 
Қасқабас асуының маңынан ағатын бұлақ болғандықтан, басты нысан 
асу аты бұлақ атына негіз болған. М.: Бұлақ Қасқабас жерінен аққаннан 
кейін, Қасқабас бұлағы деп аталып кеткен [119].
ҚАСҚААЙҒЫР – ж.а. Жамбыл а.о. «Қасқа» сын есімі + зат 
есім. Қасқа сын есімі алдымен малға, оның ішінде жылқыға қатысты 
пайда болғанын оның мағынасынан байқауға болады: қасқа «малдың 
негізгі түсінен басқа маңдайында болатын дақ, жолақ» [65,128б.]. 
Топонимжасамда қасқа сын есімі осы мәнімен метафора жасап барып, 
«табиғи нысанның маңдай тұсынан қасқалана біткен екінші нысанды» 
атайды», «Айғыр зат есімі «үйірге түсетін еркек жылқы» мағынасымен 
де топонимдер жасауға қатысады және «табиғи нысанның ірі, шоқтығы 
биік» тұрғанын айғырға теңеу арқылы да топонимдер жасайды. Мұнда 
жылқы ішінен айғырдың ерекше көзге түсетіні: ірі санды, құйрық-жалды 


164
болып келетін дене тұрпаты семасы ұлттық дүниетанымнан орын алып, 
жер-су аттарын жасауға жұмсалған деуге болады [16,460б.]; [161].
ҚАСҚАТАЙ – ж.а. Қасқатай оқиғасына байланысты байланысты 
қойылған атау[161]
ҚАСҚАТАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. Тұрғындардың білуінше, 
бұл жерде жылқы (тай) өлген. Сол оқиға топонимдік атауға уәж 
болып тұр. М.1: Кезінде жылқы баққанда, жылқы өлген[159]. М.2: 
Ақсу баяғыда, біздің ауыл Қасқатай мен Саркезеңнен шөп шабатын 
жетпісінші жылдардың басында өткел бермес асау өзен еді. Биылғы 
қуаңшылық адуын Ақсуды да ауыздықтап, жуасытып тастағандай 
екен[6, 8 б.].
ҚАСҚЫРСОЙҒАН – тау, Алтынбел а.о. Зоотопоним. «Қасқыр сөзі 
«ит тұқымдас жыртқыш аң, бөрінің аты», зооним. Қасқыр даланың 
негізгі белгілерінің біріне жатады. Көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысқан қазақтар «қасқыры бар, мол жерлерді» ескерту ретінде 
таңбалап отырған» [16,460 б.], М.: Үштөбе тауының арғы жағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет