Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет187/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

1. зат.мат. Нөл (жоқтық 
шаманы білдіретін сандық белгі). «Ноль» – латын сөзі, мағынасы– 
«ешқандай»(сан емес)дегеннен шыққан. Жеті сөзі «алты мен сегіздің 
арасындағы тең санның» аты, есептік сан есім. Қазақ халқы киелі сандар 
қатарына жатқызады. Топонимжасамда «тура жеті геонысанды немесе 
бір үйір, шоғыр нысандар тобын» атап көрсетеді[53,631б.]. М.: Топырақ 
эрозияға ұшыраған кезде 0 және 7 санына ұқсаған[143].
НҰҒЫМАН – ауыл, Үлкен Нарын а.о. антропоойконим, кісі есіміне 
қатысты берілген атау. М.: Үлкен Нарын а.о. Татарлар тұрған. Нұғыман 
кісінің атына қойылған[129]. М1.: Нугуман ауылы... Нарым өзенінің 
сол жағының төменгі ағысында орналасқан[167,96б.]. М2.: Заутдин 
Шәмші – 1947 жылы Үлкен Нарын ауданындағы Нұғыман ауылында 
дүниеге келді[2,331б.]. 


206
НҰҚБАЙ – шұңқыр. Өрел а.о. антропотопоним, кісі есіміне қатысты 
берілген атау. М.: Ол жерде Нұқбаевтар тұрған. Нұқбаевтардың 
жайлауы болған[117].
НҰҚПАЙ ШҰҢҚЫРЫ – ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним. М.: 
Нұқпай деген адам есімініне байланысты[158].
НҰРБАЙСАЙ – сай, Жамбыл а.о. Антропотопоним, кісі есіміне 
қатысты берілген атау[120]. 
НҰРҒАЛИ КӨҢІ – ж.а. Өрел а.о. антропотопоним, кісі есіміне 
қатысты берілген атау [100]. М1: Кісі атына байланысты қалған атау 
[118]. 
НҰРИЯТҰМСЫҚ – қыстау. Катонқарағай а.о. Мүйістің 
географиялық ерекшелігіне және Нұрия есімді адамның отырған жұрты 
атауға негіз болған.
НҰРТАЗА КӨҢІ – көң, Қатонқарағай а.о.антропотопоним [148].
НҮРСЕЙ – ж.а. Жамбыл а.о. антропотопоним болуы мүмкін [120].
НІЛІБАЙ – бұлақ, Өрел а.о. антропогидроним, кісі есіміне қатысты 
берілген атау. Х.: Нілібай деген адам отырған[154].
ОБАЛЫ АСУЫ – асу, Катонқарағай а.о. 1.н: жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, бұл жерді оба (өлген адамдарды жерлеген орын) жоқ. Олай 
болса, көшпелі тұрмысқа ыңғайлы көш тоқтайтын орын болу мүмкін. 
Болмаса, барлық асуларды «Обалы» деп те атай береді.
Оба сөзі тілімізде үш түрлі мағынада кездеседі: 
1)Тәңір дініндегі 
көне түріктер мен моңғолдардың асудан, өткелден өткен кезде үйетін 
тас төбешіктері. Ол екі түрлі мақсаттан пайда болған, біріншіден, асу 
мен өткелден аман-есен өткен соң, жер-суға құрмет ретінде әркім бір 
тастан қосып отырады, екіншіден, асу мен өткелді белгілеу үшін меже 
ретінде қызмет атқарған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет