200
МҰРАТ – ауыл, антропоойконим, кісі есіміне қатысты берілген
атау
. М1.:
«Мұрат» ауылында өз түтіні түтелмесе де, сол ауылдың
әр үйінің түтіні тік шығуы үшін тер төгуде, болашағына сенуі
иланымды[40,35б.]. М2.:
Мұрат ауылы да жер шетінде қалыпты-ау.
... Бүкіл Мұрат ауылының шаңырағын бір өзі тіреп тұрғандай сезінді
[168,125б.]. М3.:
Арада жарты жыл өтпей жатып Жапониямен соғыс
басталды да, Халхин-Голға аттанар алдында Төремұрат мен жоқта
күнің не болады деген күдікпен осы «Мұрат» колхозындағы, әйтеуір,
атасы бір ағайындарының ішіне көшіріп әкеліп тастаған. Бұл дүниеде
«Мұрат» деген колхоздың бар-жоғын кім біліпті? [168,95б.].
МҰРЫМБЕТ – тау, антропоороним, кісі есіміне қатысты берілген
атау
. М.: Кісі есіміне байланысты қойылған[152].
МҰСАЖАЛАҒЫ – ж.а. Қатонқарағай а.о. антропотопоним, кісі
есіміне қатысты берілген атау
. «Мұсаға тиесілі сортаң жер» мағынасын
береді. Жалақ сын. 1. Ащылы сортаң жер [47,324б..].
М.: Ол жерде
малдар ащы жалаған [148].
МҰСТАФА – ж.а. Өрел а.о. антропотопоним, кісі есіміне қатысты
берілген атау
. М.: Тарбағатай жазығынан ары шыққанда үлкен тау
бар, Қабаның бойымен өтеді. Екі жағында шат ортасында Қаба
жатыр[154].
МҰХТАРҚОС – қос, Өрел а.о. антропотопоним, кісі есіміне қатысты
берілген атау
. Мұхтар деген кісінің көшіп-қонуға арналған уақытша
баспанасы.
Қос зат. 1. Шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы
отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шағын
уақытша баспана [52,115б.],
М.: Бұқтырма көлінен бойында тұрған
қос[100].
Достарыңызбен бөлісу: