201
МЫҚАН ПӘЙӨГІ – шабындық (Фадихада). Антропотопоним.
Мықан кісі аты мен орыс тілінен енген «Паёк» сөзінің қазақ тіліне
икемделген нұсқасының бірігуінен қалыптасқан атау.
М.: Мықан есімді
адамның малына қыстық шөп дайындайтын жері [149]
.
МЫҚАН-ЖАҚАН – ж.а. Катонқарағай а.о. Кісі аттары.
Мықан
ағаш. м и ф.
Жер мен көкті қосып тұратын қасиетті алып ағаш,
бәйтерек, өмір ағашы. Iздеген
мықан ағашын табады [55,437б.].
М.:
Мәрия, Мықан-Жақан, Самырсын-бұлақ учаскелерінен шөп
дайындап, жылқышылардың өздері қыс бойы қораға тасымалдап,
мал бағатын[23,84б.].
МЫҢБАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним[159].
МЫҢБАЙ КӨҢІ – шабындық, Өрел а.о. антропотопоним, кісі
есіміне қатысты берілген атау
. «Мыңбайға тиесілі қоныс, шабындық»
мағынасындағы топонимдік атау. М.: Кісі атына байланысты қалған
атау. [118].
МЫҢШҰҢҚЫР – шұңқырлар, Қатонқарағай а.о. «Мың» сан есімі
мен «Шұңқыр» зат есімінің бірігуінен қалыптасқан атау. «Мың» сан
есімі зат есімге көптік мағына жүктеу мақсатында жұмсалып тұр.
М.:
Ол жерде шұңқырлар өте көп[133].
Достарыңызбен бөлісу: