МЫРЗАБЕК ҚҰЛАҒАН – шат, Өрел а.о. антропотопоним, кісі
есіміне қатысты қалыптасқан топонимдік атау. Өңір таулы аймақ
болғандықтан, оқыс оқиғалар жиі орын алған. М.: Аты айтып
тұрғандай, кісі құлаған болуы керек[100].
НАЗАР – төбе, Солоновка а.о. Антропотопоним [123].
НАЙЗАҒАРА – тау, Жамбыл а.о. Таудың бет-бедерін сипаттайтын
топонимдік атау. Таудың ұшы үшкір жүзді, қырлы болуы ороним атауына
негіз болған[
120].
НӘЛІМКӨЛ - көл. Зоотопоним. Нәлім балығы бар көлге қойылған
атау. Нәлім зат. 1. Балық. [53,511б.]; [149]
.
НАРЫНКА – ж.а. Солоновка а.о. (Нарын+ка) орыс топоформанты
–ка жалғану арқылы жасалған атау. Ресейден қоныстанушылардың орыс
тіліне икемдеп қойған атауы. М.: Сиыр сауатын жер болған. Әйелдер
сол жерге барып, жұмыс атқарған[141].
НАРЫН – өзен, Солдатова а.о. «Жіңішке» мағынасында жұмсалып
тұрған гидроним атауы. «Нарын атауы моңғол тіліндегі нарийн
«жіңішке» сөзінен жасалған. Қазақ жерінде моңголдың нарийн
«жіңішке» сөзінің қатысуымен жасалған» [16,107б.]. М.: Үлкен Нарын
өзенінің бастауы[142]. М.: Нарын – Бұқтырма су қоймасының оң
202
жақ құйылысы[76,66б.]. М2.: Монғолдың нарийн «жіңішке», «жұқа»,
«талдырмаш» деген сөзінен жасалған. Шындығында да бұл өзеннің ені
тар, жіңішке болып келеді. Өзенді бойлай жатқан тау сілемін алғашқы
карта жасаушылар өзен атымен Нарын тау жотасы деп көрсеткен.
Жергілікті тұрғындар ол тауды Алтай деп атайды [15,60 б.].
НАРЫНКА – өзен,Үлкен Нарын а.о. Нарын сөзіне «-ка» - орыс
топоформанты жалғану арқылы жасалған гидроним атауы. М.: Бұрыңғы
бұлақ [136].
НАУА – ж.а. Аққайнар а.о. Науаның тұңғыш мағынасы:«малдың
су ішіп, жем жеуіне арналған үлкен, ұзын астау» [65,326б.]. Науа
географиялық терминге көшу үшін, «үлкен, ұзын сайдың, біріншіден,
дәл табанында су ағып жатуы керек және, екіншіден, ол сай тік емес,
көлбеу, көлденең орналасқан» болуға тиіс. Бұл екі ерекшеліктің
бірі болмаса, науа ГТ ретінде қолданылмайды. Ол сай, жыра, бұлақ
т.б. атқа ие болады. Қазақстанда Науа, Науалы, Науатоған қатарлы
топонимдер кездеседі [16,61б.]. М.: Науа – ел қонысы Шабанбайдың
аты [35,43б.]. М1.: Бұл атау науа тәрізді сайларға қойылады. Ол
сайдың табанында міндетті түрде суағып жатады. Суы болмаса
науа атауы берілмейді. Өйткені, науа сөзі көне түркі тілінде «су ағар»
деген мағына береді [15,60 б.], М2.: Ат басын тірер Науаның төбесі
жуыр маңда көрінбеді[18,256б.]. М3.: Бұл атау науа тәрізді сайларға
құйылады. Суы болмаса науа атауы берілмейді. Өйткені, науа сөзі көне
түркі тілінде “су ағар” деген мағына береді [166,154б.]. М4.: Сонау
көрінген Науа, оның арғы бетінде Қатынсу, - деп Дидаш қолын созды.
– Бүгінде Науаға бара алмайсыз, Қатынсудан ат суара алмайсыз,
-деді. – Абайсызда бара қалсаңыз, казактар атыңызды аударып алып,
қалтаңызды қағып, артыңыздан ыңқитып бір тебеді де айдап салады.
Біз тәуелсіздік алдық деп бөркімізді аспанға атып жүргенімізде Ресей
бір етегімізді кесіп әкетіпті. ... Дидаштың балалық шағы сонда, Науада
өткен[170,44б.].
НАУА – көл, Катонқарағай ауд.. М1.: Науа - үлкен екі таудың
ортасында, бұдырсыз, тіс шұқитын ағашсыз жып-жылмағай болып,
дәл осы қалпында қып-қызыл гүл толтырған жап-жасыл астау секілді
екен. Екі жағындағы тау барып-барып басын түйістіре біте қайнасқан,
дәл сол тұсы - бауыздауынан асау бұлақ басталып, сонау шатқалға
сіңіп жоқ болады [18, 256 б.]. М2.: Өскелеңнің үстіне шыға келгенде
Шаруа-шал айтты:- Науа көлдің арғы жиегіндегі Жуан төбенің (бұл
жақта төбе деген үлкен тау) түстік етегінде [18,256 б.].
203
Достарыңызбен бөлісу: |