Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет185/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

НАУРЫЗБАЙБҰЛАҚ – бұлақ, Жамбыл а.о. антропотопоним, кісі 
есіміне қатысты берілген топонимдік атау. Бұлақ жағасында мекендеген 
елдімекен ішіндегі елге сыйлы, ел басқарған кісінің құрметіне орай 
қалыптасқан атау болуы мүмкін. Қазақы танымда, қазақы дәстүрде 
жер-су аттарын елге абыройлы, елдің қамын жеген тұлғалардың 
атымен атау дәстүр бар. 
НӘЛІМ – көл, Өрел а.о. Нәлім балығы гидроним атауына негіз 
болған. 
1. Зоол. <лат. lota lota> Нәлім балық. Қазақстанда Ертіс 
өзені су алыбы мен Жайық өзенінің жоғарғы ағысында кездеседі. 
Дене тұрқы 30 см-ден 1 м-ге дейін, салмағы 1012 кг . 
2. зоол. Треска 
тәрізділер отрядына жататын балық[53,566б.], М.: -Бағана өздеріңіз 
көрген Қаракөлде язь деген балық өседі, - деді Ақәділ. - Қазақ оны 
шиқылдауық балық дейді. Ұстасаң болды, аузын ашып шиқылдай береді. 
Одан беріректегі шекарадағы дөңгелек көлді - Нәлім көлі дейді. Ол 
көлде иісі Алтайда кездеспейтін нәлім дейтін балық өседі[7,13б.].
НИКОТКА – су аты, Белқарағай а.о. Қазақ жеріне көшіп келген 
қоныстанушы орыс ұлты өкілінің есімімен қалыптасқан гидроним 
болуы мүмкін[147].
НИЯЗ ТҮБЕГІ – ж.а. Катонқарағай а.о. антропотопоним, кісі 
есіміне қатысты қалыптасқан атау
Түбек зат. геогр.1Бір жағы 
құрлықпен шектесіп, қалған жақтары сумен қоршалған құрлық бөлігі 
[56,456б.];[130]. М.: «Сатып алдың - құл болдың, күйеу болдың – ұл 
болдың» - ды тұтынған халық Ниязбайды «Нияз» атандырып, Сартоғай 
деген жерден қоныс беріп, өзін тәйжі сайлапты. Сартоғайдағы «Нияз 
түбегі» деген жерде қыстауының орны қазір де бар екен»[41,152б.].
НОВОБЕРЕЗОВКА – ауыл, Катонқарағай ауд. Бұл ойконимнің 
қалыптасуының себептері 2 түрлі болуы мүмкін: 1.н.: Бұрынғы Ресей 
жеріндегі өз қоныстарының атын қою, олардың алдына ново-, велико- 
сөзін қосып не қоспай ат қою да етек алды. Бұларды келтірінді атаулар 
«миграционные топонимы» дейміз: Новониколаевск, Рязановка, 
Полтавка, Новомосковское. ... ново-, новый- сын есімдерімен келетін 
елді мекен атаулары 1989 жылы жағдай бойынша еліміздің топонимдік 
кеңістігінде 188 рет қайталанады. «В период расселения русских на 
территории Казахстана многие названия были иммигрированы вместе с 
переселенцами, т.е. населенным пунктам, в которых появлялись новые 
жители, присваивались названия, характерные для тех местностей, 
откуда шло переселение. Таким образом появились на карте Казахстана 
населенные пункты Украинское, Херсоновка, Ново-Черкассовка, 


204
Ярославский, Таврический, Самарский и т.п» [36,35б.], 2.н.: Қоныстанған 
орыс ұлтының өкілдері жердің географиялық ерекшелігіне сай орысша 
атау берген «Қоныстанған орыс селениелерінің табиғи ерекшелігіне 
қарай орысша номинациялау: Березовка, Малиновка, Крутоярск, 
Многоводное, Тихогорское, Раздольное, Верхнеишимское, Приреченск, 
т.б.» [36], М1.: Новоберезовка ауылында бізді бір миллиционер 
тоқтатып, жол құжаттарымды, не әкетіп бара жатқанымды 
тексерді де, етті ары қарай алып жүруге рұқсат бермеді[25,231б.]. 
М2.: Жиынбол Старшынайұлы Үлкен Нарын ауданы «Ново-Березовка» 
(Бекет) ауылында күні бүгінге дейін тұрады[89,50б.]. М3.: Колхоз 
шаруашылығында жұмыс істеген кезде Алтай тауының аржағындағы 
«Маралиха» өзенінің суын Үштөбе ауылына дейін, «Ақтүйенің» суын 
Новоберезовкадан Теректі суына әкеп қосу арқылы, еңіс мөлшерінің 
есебінен Теректі суының бойына 6 фрегат салынып, ешқандай 
шығынсыз жұмыс істеп тұрды[89,12б.]. М4.: ... Көп ойланып, ол 
ауылдың атын «Алтынбел» қояйық деген ұсыныс айтты, неге екенін 
түсіндірді. ... Осы ауылдың бас жағында Теректі ауылы болғанын, ол 
ауылда кеншілер тұрғанын, сай ішінде шахты болғанын, рудауправление 
болғанын білген. Аз болса да өндірілетін металл – алтын екен. 1944 
жылы таза алтынның «самородогы» табылп, сол кездегі басшылар, 
мамандар оның атын «куст» деп атаған. Осы мәліметті ауыл 
тұрғындарына айтып, ұғындырып, ең соңында өз ойын қайта дауысқа 
салғызып, көпшілік қолдап, оны аудан, облыс басшылары бекітті. Ауыл 
аты «Алтынбел» болсын деп қаулы шықты[89,50б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет