261
емес. Сол себепті қалың таста тесіктің болуы атау қалыптастырушы
негізгі белгі болып табылады. Халық арасында қай жер дегенде, «тесік
тастары бар тау», кейін келе «тесік тас тау», әрі қарай жай ғана «Тесіктас»
деп атап кету белгілі бір мерзімде, сөздің ішікі мағыналарының өзгеруі
салдарынан қалыптасқан атау екенін көрсетеді. М.: (Балтабай жартасы)
Адам баспаған Алтайдың асуларын жатқа білетін Балтабай жалақтаған
қылыштан, жалқақ қаннан, өрттей жалмаған аштықтан қашқан-босқан
қаратайлықтарды арғы бетке апарып салып жүреді екен. Қиянатқа
шыдай алмаған жеке батыр қолына қару алуға мәжбүр болған. Совет
өкіметін құлатамын деп емес, социализмге тойып болған елді арғы
бетке алып шығу үшін. Артынан кезекті бір қуғын түскенде дәл осы
«Тесіктаста» Пахомовты қасқа маңдайдан көздеп, қанды іше-іше күпті
болмасын деп фәнидің «азабынан» құтқарса керек[170,34 б.];
М.: Текше
тауының жанында орналасқан үлкен құзар тас. Тесігі бар. Бұл тасқа
шығып көруге болады [124].
ТИХАЯ – өзен, Ақсу а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. Қазақ тіліне
аударғанда «тихая» дыбыссыз, тыныш деген мағына береді. М.: Кішкене
өзен. Тоқпышы жайлауында орналасқан[112].
ТИХИНСАД – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним. Кірме атау.
Орыс тілінен аударғанда Тихин деген адамның бауы деген мағына
береді. М.: Ол жерде марал ұстаған[124].
ТИХОЙ – ж.а., Аққайнар а.о. Антропотопоним. Кірме атау.
М.:
Жамбыл, Аршаты, Сартақтай, Тихой жайлаулары рухани сусынын
бір қандырды[25,104б.]; [152].
ТИІНДІ – жайлау, Катонқарағай а.о. Атау «тиін» жабайы аң атауына
«-ді» сын есім тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.
Яғни тиін көп кездесетін жерге «Тиінді» атауы берілген[160].
Достарыңызбен бөлісу: