266
көптеп орналасуына байланысты қалыптасқан атау. М.: Нарынға келіп
құятын басты өзен[76,66 б.]
ТӨМЕНГІҚАНАЙ - тау, шабындық,
Катонқарағай а.о. Өргіқанайға
қарағанда еңіске қарай орналасқан жер атауы. Антропотопоним.
М.:
Мойылдылық[99].
ТӨМЕНГІШҮМЕК – жайлау, Жамбыл а.о. Атау «төменгі» және
«шүмек» сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Алғашқы
компонент көне түркіден бүгінге дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің
көлеміне, орналасу деңгейіне қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы,
үстіңгі, ортаңғы деп бөлу дәстүрі негізінде қалыптасқан. Екінші
компонент «шүмек» деп, жергілікті халық бастаулардан, бұлақтардан,
судан су алып ішу үшін, егістік суғару үшін қойылатын шүмекті
айтады. Атаудың қалыптасуында сыртқы пішінін ұқсату, бейнелеу
тәсілі қолданылған. Яғни жердің сыртқы бедерін шүмек тәрізді түтікке
ұқсату нәтижесінде қалыптасқан атау[120].
ТӨМЕНДЕГІЛАГЕРЬ – ауыл, Катонқарағай а.о.
Атау қос
компонентті болып табылады. Төмендегі және лагерь сөздерінің тірксеуі
нәтижесінде қалыптасқан атау кеңес дәуірінің нәтижесі болып табылады.
Себебі атау құрамындағы «лагерь» сөзі тілімізге орыс тілі арқылы енген
интернационал сөз екені даусыз. Олай болса, топонимнің қалыптасу
тарихы белгілі болып табылады. Лагерьдің қайда орналасқандығын
меңзеу мақсатында қолданылған тіркес уақыт өте келе, аталған жердің
атауына айналған.
М.: Ал, Төмендегі лагердегі ауыл тұтастай қирап
жоғалған. Ақар-шақар іргелі ауылдан қазір екі-ақ үй қалған. Оларды
туристер өздері күтіп-баптап, ары-бері өткенде осы жерде демалып,
түнеп кетіседі. Өйткені Төменгі лагерь тұрған бұл жер – Алтайға
келген барлық туристердің тоқтайтын дәстүрлі аялдамасы іспетті.
Осы жерден соқпақ жол тарамдалып, әртүрлі бағыттарға: Мұзтауға,
жоғарыдағы кенішке, Көккөл су құламасына бастайды[7,46б.].
Достарыңызбен бөлісу: