Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет243/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТИІРМЕН – ж.а., Берел а.о. Атауды қалыптастырудағы негізгі 
белгі сол жерде жасалған «тиірмен», яни дақылдарды үгітіп, ұнтаққа 
айналдыратын құралдың болуымен ерекшеленеді. Халық арасында 
ұн жасайтын тиірменнің о баста өте сирек, таптырмайтын құрал 
болғандықтан, тиірмен орналасқан жерді ерекше белгісі ретінде Тиірмен 
деп атап кетуі орынды болып табылады[120].
ТОБАКОВА – сай, бұлақ, Солоновка а.о. Антропотопоним[123] .
ТОЙБАЗАР АШАСЫ – сай, Солдатова а.о. Антропотопним. М.: 
Көктемде, жазда мал отырған[128].
ТОКТАРСКИЙ ПЕРЕВАЛ – жол, Солоновка а.о. Антропотопним. 
М.: Тоқтар Отгульбаев (1937-2020 ж) Солоновка мен Малонарымка 


262
аралығындағы жол үстінде көлігін өшіріп, таудан алған жылдамдықпен 
ауылға келіп отырған деседі. Ауыл тұрғындары арасында осылай аталып 
кеткен[141].
ТОҚПАЙ САЙЫ – сай, Катонқарағай а.о. Антропотопним. Тоқпай 
(жалқы есім) және сай (зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған 
атау. М.: Ақжар тауында орналасқан[157]. 
ТОҚПЫШЫ – жайлау, Ақсу а.о. Антропотопоним [112].
ТОҚСАНТОҒАЙ – ауыл, Үлкеннарын а.о. Антропотопоним. 
Тоқсан (жалқы есім) және тоғай (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған атау. М:1: Көктерек суының төменгі жағында орналасқан. 
Бұрындары Тоқсанның ауылы болған. Тоқсан бай адам болған, 10 
мың жылқысы болған екен. Найманның ішінде Жарымбет руынан. 
Тоқсанның ұрпақтары – Құсайынбет. Тоқсантоғай ауылының тұсында 
Жаңатау орналасқан, төменгі жағында Үркер, Юпитер ауылдары 
орналасқан[129]. М:2. 90 тоғай бертінге дейін тұрды. Сол жерде 
ауыл болды. Ол ауыл Қабыл ауылы деп аталды. Ол тоғайды ең алғаш 
отырғызған Тоқтажан деген ақсақал болған. Қабыл сүйегінен тараған 
(Бупаның ішінде Қабыл). 1930 жылдан бастап Тоқсантоғай деп 
аталып кеткен[136]. М:3. Көктерек өзенінің бойында.Тоқсан байдың 
[10000жылқысы болған] ауылы болған. Егіндік[129]; М:4. Бұрың 
Қабылда ауылы болған. Ең бірінщі сол ауылға тал салған адам аты – 
Тоқтажан ақсақал[136].
ТОҚЫР – ж.а., Жамбыл а.о. Кірме атау. Орыс тіліндегі «токарь» 
сөзінің қазақ тіліне калькалау әдісі негізінде қалыптасқан атау [120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет