Катон-Верстка-01. indd


ТОЛСТУХА/БЕРІКҚАРА/ҚАРАТАУ



Pdf көрінісі
бет244/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТОЛСТУХА/БЕРІКҚАРА/ҚАРАТАУ – тау, Солоновка а.о. Кірме 
атау. Орыс тілінен енген кірме қабатқа жататын атау. Жердің физикалық-
географиялық ерекшелігіне байланысты қалыптасқан. М:1. Берікқара 
деп те, Қаратау деп те аталады. Бірақ халық арасында кең таралған 
нұсқасы Толстуха болып табылады[123]. М:2. Қызылдар мен ақтар 
соғысып жатқанда[уақыты нақты емес], Толстоухов деген бұзақы 
[бандит] тау басындағы үңгірде тығылған деседі. Уақыт өте келе 
дыбысталуы өзгеріп, Толстуха деп өзгеруі мүмкін[122].
ТОЛЫБАЙ – асу, Қатонқарағай а.о. Антропотопjним[162].
ТОЛЫБАЙ – бұлақ, Аққайнар а.о. Антропотопjним. М.: Ауылға 
кіреберісте орналасқан. Өзенге құяды. Батырдың аты болуы 
мүмкін[152].
ТОЛЫБАЙ - жайлау, Қатонқарағай а.о. Антропотопним. М.: Арада 
Толыбай жайлауының жоталы белесінің тау ішіне сұғынар алқымында 
отырған біздің үйдің ішін үнсіздік жайлады[25,219б.]; [148].


263
ТОЛЫБАЙ – сай, Үлкен анрын а.о. Антропотопним [143]. М.: Ел 
аузындағы мәліметтерге қарағанда қазіргі Катонқарағай ауданын 
мекен еткен қазақтарды Ертістің сол жағынан Толыбай деген батыр 
бастап барған. Толыбай ел билемеген, би-болыс болмаған, тек қол 
бастаған кісі. Толыбай бастаған топ бірден, тоқтаусыз бұрынғы 
Катоқарағай ауданының жеріне бармаған. Батыстан шығысқа қарай 
бірте-бірте жылжып отырған. Бұлардың алғашқы тоқтаған жері 
қазіргі Большенарым ауданындағы Жұлдыз селосының жаны. Бұл 
жер қазір Толыбай сайы деп аталады. Катонқарағай ауданында 
Толыбай сазы деген жер бар. Ел аузындағы мәліметке қарағанда бұл 
топтың осы жерде біраз отырғандығы байқалады. Сондықтан да 
ол Толыбай сазы деп аталып кеткен. Толыбай батыр бастаған бұл 
топ Үкектің арғы жағына өтіп мекендеген. Ол жер қазір Толыбай 
деп аталады[3,70б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет