Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет249/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Төржайлау мен Тауасары Тұрғандай маған бола аласарып[42,93б.]. 
М:3. Әлдеқашан сүйегіне қына шығып кеткен әкемнің жайлаудағы 
жұртын көрсетемін деп тәтемнің жетелеп келе жатқан түрі 
мынау... Төржайлауға жеттік деді. Бәрі де елсіз-күнсіз иен жұрт. 
... Төржайлауға жеткен соң балқарағай соқтық[170,56б.]. М:4. 
Алдымызда, мен әлі жүрмеген сүрлеу, көрмеген жер бар. Төржайлаудың 
тек құлақпен ғана естіген әсем жерлері, шалқар көлдері бар[18,157б.]; 
[103].
ТӨРҚУЫС – жайлау, Белқарағай а.о. Атау төр (зат есім) және қуыс 
(зат есім) сөздерінің бірігуі ақылы жасалған. Мұндағы «төр» сөзі 
жоғарсы, үстіңгі мағынасын берсе, қуыс сөзі «1. Бір нәрсенің ішіндегі 
бос, ашық жер; кеуек. 2. Ішіне бір нәрсе қою үшін арнайы жасалған 
бір жағы ашық ойық. 3. Жауын-шашыннан паналауға, жасырынуға 
болатын іші кең, жан-жағы берік, төбесі жабық жер, үңгір» [53,217 


268
б.] мағыналарында сипатталады. Атауды қалыптастыруда жайлау 
орналасқан жердің үстіңгі жақта пішіні қуыс болып келуі негіз 
болған. М.: Бағана Төрқуысқа құлдар Жетікезеңнің үстіне шыққанда 
Қарлығаш жақ жазаңда тігілген екі киіз үй көзге шалынған[18,138 
б.]; [103].
ТӨРТБИЕ – ж.а., Өрел а.о. Төрт (сан есім) және бие (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Өңірде жылқы малына, соның 
ішінде биеге байланысты орын алған оқиға негізінде қалыптасқан 
атау. М:1. Тасдіңгектен ары қарай тұр[100]. М:2. Малға байланысты 
қойылған атау. [118].
ТӨРТҮЙ – ауыл, тарихи атау, Новополяковский а.о. Төрт (сан 
есім) және үй (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың 
қалыптасуы ХХ ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. Яғни 
кеңес заманында төрт үйден құралған шағын ауылды сол қалпында 
атау жүйесі болған. Қазіргі таңда бұл ауыл жоқ, атау да қолданыста 
жоқ. М:1. Новополяковканы төрт үй деп атайды[153]; М:2. Красный 
октябрь жақта. Ол жер құнарлы, егіндікке жайлы. Зырян ауылының 
байлары осы жерге келіп омарта ашады. 4 үй ғана болғандықтан, 
солай аталған. 1912 жылдан кейін пайда болған атау[129].
ТӨРТІНШІ АУЫЛ – ауыл, тарихи атау. Катонқарағай ауд. Төртінші 
(сан есім) және ауыл (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. 
Кеңес кезеңінде жалпы өңірдегі елді мекендерді тізімдеу барысында 
төртінші санымен белгіленген ауылдың атауы болып табылады. М:1. 
Төртінші ауыл қазақтың құт дарыған қасиетті қонысының бірі еді 
[8,5 б.].
ТӨС – тау беткейі, ҮлкенНарын а.о. Жердің сыртқы пішініне 
байланысты берілген атау. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде төс сөзі негізгі 
мағынада адамның дене мүшесі мағынасын берсе, ауыспалы мағынада 
«4. Тау мен төбенің беткей жағы» [56,360 б.] деп сипатталады. Яғни 
атау тау мен төбенің төске ұқсайтын беткей жағын осылай атаса керек. 
«М: Төске ұқсас болғандықтан берілген атау[143].
ТӨСҚАЙЫҢ – ж.а., Новохайрузовка а.о. Төс (зат есім) және қайың 
(сын есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Бұл аймақта, яғни төс 
тәріздес жерде ерте заманда қайың ағашы көп өскендіктен, берілген 
атау деген пікірдеміз. М: Төсқайын екіге бөлінеді: Жоғарғы Төсқайың 
және Төменгі Төсқайың[144].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет