Катон-Верстка-01. indd


ТӨТЕЙ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М



Pdf көрінісі
бет250/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТӨТЕЙ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Төтей деген адамның 
атымен аталған [154].


269
ТӨТЕЙ ШАҚЫСЫ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопним. Қос 
компонентті атаудың бірінші компоненті кісі есімі болса, екінші 
компоненті «Қошқар мүйізінің түп жағынан бастап жыл сайын пайда 
болатын сақина іспеттес дөңгелек сызықтар»[57,210б.]деген мағына 
береді. Атау қалыптастыруда «шақы» сөзі тура мағынасынан ойысып, 
«ат байлайтын орын» деген мағынаға ойысып, географиялық нысан 
атауын береді. М.: Ұңғы асуы тұсында. Төтей кісі аты. Ат байлар жері 
болған. Соны Төтейдің шақысы деп атап кеткен[131].
ТҰҒЫРЫҚ – тау, Алтынбел а.о. Бұл атау түркілік ұғымда күннің 
шығатын жері мағынасын береді. Ал қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
«тұғыр – 1. Қолға үйретілген саят құстарының (бүркіт, ителгі, қаршыға, 
лашын) орны, биіктеу ағаш қондырғы; 2. Бір нәрсенің астына қойылған 
тірек; 3. Сүйеніш, тірек» [56,407б.] деп сипатталады. Олай болса, атау 
«тұғыр» сөзіне «-ық» зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ жалғану 
арқылы жасалып, биіктегі тауды енді ғана атып келе жатқан күннің 
тұғырына балау негізінде қалыптасқан атау болады. М: Тау беті тік, әрі 
жартасты болып келгендіктен, Тығырық деп атап кеткен. Кейіннен 
дыбыстық өзгерістерге ұшырап, Тұғырық деп аталып кеткен[137].
ТҰЙЫҚ – жайлау, Белқарағай а.о. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
«тұйық» сөзі «1. Шығар жақ беті жабық, бітеу» [56,412б.] мағынасында 
сипатталады. Олай болса, жайлау орналасқан жердің шығар жақ беті тау, 
жартас, өзен және т.б. географиялық нысанмен шектеліп, тұйықталып 
тұрғандықтан, қолданысқа енген атау болса керек[103].
ТҰЙЫҚСУ – тау, Белқарағай а.о. Ойконим. Өзен атауы негізінде 
қалыптасқан. Тұйық (зат есім) және су (зат есім) сөздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. «Тұйық» сөзі «1. Шығар жақ беті жабық, бітеу» 
[56,412б.] мағынасында береді. Ал «су» сөзі қазақ тілінде жеке 
географиялық термин ретінде орын алмайды. Тек күрделі топонимдердің 
құрамында топоним жасаушы сөз ретінде ғана кездеседі. Алайда 
халық арасында суды өзен деп қабылдау қазақ тілінде орынды болып 
табылады. Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде су/суу/сув/суг 
сөзі өзен, өзек, бұлақ, бастау және т.б. гидронимдік атауларды беруде 
кеңінен қолданылады. Қашқари сөздігінде «suv/sub – су, ылғал, сұйық» 
ретінде анықталады [61,515б.]. Түркімен және башқұрт тілдерінде су 
сөзі «көл, шағын көл» мағынасында да қолданылады [78,165б.]. Баскаков 
су сөзін «су, бастау, өзен» мағынасында сипаттайды [13,66с.]. Тува, 
тофа тілдерінде су «суг» формасында қолданылып, топоним құрамында 
«өзен» деген мағына береді [78,55б.]. М.: Қысылып қара терге түскенде 


270
Тұйықсудың басынан елік бақырды. Оған Жалбыртөбе, Суықсайдан 
екеуі бірдей жауап қатты[171, 308б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет