Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет248/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТӨРАЛТАЙ – тау, Жамбыл а.о. Төр және Алтай сөздерінің тіркесуі 
арқылы жасалған атау. Атаудың негізі «төр» сөзінде жатыр. Көне 
түркіден бүгінге дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, 
орналасу деңгейіне қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, 
ортаңғы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Алайда бұл атауда жоғарғы, 
үстіңгі, алдыңғы сөздерінің орнына «төр» деген қазаққа тән төл сөзіміз 
қолданылып тұр. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде төр сөзіне «1. Үйдің 
есігіне қарама-қарсы жоғарғы жағы. 2. Ең жақсы, көрнекі жер, ыңғайлы 
орын. 3. Құтты, қасиетті мекен» [56,350 б.] сипатындағы анықтамалар 


267
берілген. Бұл жерде қатар- қатар орналасқан таулар жүйесінің ең 
жоғарыда ораласқанына қазақ халқы ерекше құрметпен қарап, «Төр 
Алтай» деп атаса керек. Атаудың екінші компоненті алтай – алтын+тай, 
яғни алтын тау сөздерінің бірігуі арқылы жасалған деп жорамалдауға 
болады. Тау сөзінің тай формасындағы қолданысы Тува тіліндегі жер 
аттарында жиі қолданылады[120].
ТӨРЖАЙЛАУ – жайлау, Белқарағай а.о. Төр (зат есім) және жайлау 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан. Мұндағы жайлау 
сөзі «Малдың жазғы алыс жайылымы» [47, 579 б.] мағынасын береді. 
Жалпы атау өте ертеде қалыптасып, қазақ ұлтының ментальдық белгісін 
сақтаған атау болып табылады. Атаудың негізі «төр» сөзінде жатыр. 
Көне түркіден бүгінге дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, 
орналасу деңгейіне қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, 
ортаңғы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Алайда бұл атауда жоғарғы, 
үстіңгі, алдыңғы сөздерінің орнына «төр» деген қазаққа тән төл сөзіміз 
қолданылып тұр. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде төр сөзіне «1. Үйдің 
есігіне қарама-қарсы жоғарғы жағы. 2. Ең жақсы, көрнекі жер, ыңғайлы 
орын. 3. Құтты, қасиетті мекен» [56,350 б.] сипатындағы анықтамалар 
берілген. Бұл жерде қатар қатар орналасқан жайлаулардың ең жоғарыда 
ораласқанына қазақ халқы ерекше құрметпен қарап, «Төрде ораласқан 
жайлау, кейін келе, Төржайлау» деп атап кеткен. М:1. «Қос бұлбұлымыз 
үлкен орынға сайланып келіпті», - деп қуанған ел-жұрты Әбдікерім 
болыс пен Мұса биге Шабамбай атты Алтайдағы Төржайлаудың 
төрінде ат шаптырып той да жасапты»[41,79б.]. М:2. Маңдайша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет