Катон-Верстка-01. indd


ҰҢҒЫ СУЫ – өзен, Белқарағай а.о. Жер аты негізінде қалыптасқан  атау. М: Бұрында бұл жерде қорғасын шығарған. Қазір жабылған[147]. ҰРА



Pdf көрінісі
бет258/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҰҢҒЫ СУЫ – өзен, Белқарағай а.о. Жер аты негізінде қалыптасқан 
атау. М: Бұрында бұл жерде қорғасын шығарған. Қазір жабылған[147].
ҰРА – ж.а., Катонқарағай ауд. Ұра – 1. астық сақтау үшін жерден 
қазып жасалған қарапайым орын, жасырын, жабық көмбе; 2. 
Қалтарыс; 3. Жан-жануардың денесіне шыққан бөртік, томпақ ісік» 
[56,734б.] мағынасындағы сөз атаудың қалыптасуына негіз болған. М.: 
Жастайынан бірге өсті ғой, Нұрғали соның бәріне куә. Ұрада тұратын 
кіші қызы Дәйкө туған жылғы оқиға да Нұрғалидың күні кешедей 
есіңде[8,244 б.].
ҰРАНХАЙ – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним. Мәселен, Ұранхай 
жорығы – 1257 жылы оңтүстік Сун империясына бағытталған ірі 
жорықтардың бірі. Бұл жорықты моңғол әскерінің атақты қолбасшысы 
Сүбедей батырдың ұлы Ұранхай басқарды[173]; [193].
ҰЯЛЫ ҚАРАҒАЙ – ж.а., Өрел а.о. Ұялы (сын есім) және қарағай 
(зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау. Бірінші компонент 
ұя сөзіне «-лы» cын есім тудырушы жұрнағы жалғану арқылы жасалса, 
екінші компонент қарағай сөзі өсімдік атауын береді. Атау қарағай 
ағашындағы ұяның көп болуына байланысты қойылуы мүмкін. М: 
Ағаштардың орналасуына байланысты қойылған атау[118].


277
ҮГІЛГЕН – тау, Катонқарағай ауд. М.: Үгілген (өткен шақ есімше 
тұлғасында тұр), «тасы үгіліп жатқан тау» [15, 187б.].
ҮЙТАС – ж.а., Өрел а.о. М.: Үй (зат есім) және тас (зат есім), 
«үй тәрізді үңгір тас» [15,187б.]; М: Ерекше тастарға байланысты 
қойылған атау [118].
ҮЙТАС – жайлау, Өрел а.о. Ойконим. Жер аты негізінде қалыптасқан 
атау. М: Тарғыбатай жайлауында орналасқан. Үйдей тастар орналасқан 
кейін, Үйтас деп атап кеткен[109].
ҮКЕК – ж.а., Берел а.о. Атау ежелгі дәуірлерде қалыптасқан болуы 
мүмкін. Орта ғасырдағы Қашқари сөздігінде де «ükek - табыт, сандық» 
[62, 78б.] мағынасын береді. М2.: «Аяғың Нарын, Майемер, Басың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет