Катон-Верстка-01. indd


ТІНІБАЙ - жер атауы, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним.  М.:Қозыбайдың жайлауы болған[145]. УАҢ



Pdf көрінісі
бет255/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТІНІБАЙ - жер атауы, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.:Қозыбайдың жайлауы болған[145].
УАҢ – ж.а, Өрел а.о. Антропотопоним. М1.: «Уаң деген жерден үлкен 
бір қой қораны жеке меншігіне алып, сол маңайдағы алқапты 49 жылға 
алып, өзінің үйреншікті кәсіби тіршілігін жасап жатыр»[35,126б.]. 
М2.: Осы аудандағы Еңбек селосынан 2-3 километр жерде Уаң деген 


274
жер бар. Уаң сөзі (ван) монғол, қытай тілдерінде князь, патша 
деген мағынаны білдіреді . Мүмкін , мұнда бұрын Қытайдың немесе 
Монғолдың князы, патшасы уақытша болса да тұрған болар[3,74б.]. 
М:3. - Бар малын ұшырам деп тасырлай ма, Таңбаның құшырланып 
тасы ұрмай ма?! Уаң мен Атыраудың шаңы борап, Перделеп ақ даланы 
жасырмай ма?! [80,9б. ]. М:4. Атаудың өмірге келуіне аталмыш өлкені 
мекендеген қазақ төрелерінің, біріне көршілес Қытай мемлекеті Ван 
«князь» деген өздерінің лауазымды атағын берген екен. Сол төренің, 
«ақсүйек, әкім» мәніндегі Уаң (Ван) лауазымы мекенге атау болыпты. 
Екіншіден бұл атаудың түп төркіні қытай тілінің «аудан», «туған 
өлке», «қорған» мәндес сөздерімен байланысты болуы мүмкін [15,185б.]; 
[154].
УӘЛХАН КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопоним. М: 
Шеруші руының тумасы[134].
УЛЬЯНОВКА – совхоз, Үлкеннарын а.о. Антропотопоним. М:1. 
Жаңадан құрылған Большенарым ауданының аумағында 1945 жылғы 
22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы[35,25б.]. М:2. 
Айталық, сегіз-тоғыз жыл бұрын Ульян, Бекет, Катон ауылдарында 
дүрілдеген үлкен ақындар айтыстары өткізілді[3,30б.];
 М.:1974 жылы 
Новополяковка жерінде құрылған [129].
ҰЗАҚ – тау, Катонқарағай а.о. Этнотопоним. Ру атына байланысты 
қалыптасқан атау. М:1. Экскурсия жасаған жердің атауы туралы, 
мекендейтін аң-құстары жайлы, табиғаты туралы, Ұзақ тауы, Көбен 
тауы, Бұқтырма өзені жайлы естігендерін айта жөнелетін[25,196б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет