Катон-Верстка-01. indd


].  М:2. Мұндағы ұзақ этноним. Сол рудың мекендеген жері [15, 185 б.];  [162]. ҰЗАҚ КӨҢІ



Pdf көрінісі
бет256/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

.]. 
М:2. Мұндағы ұзақ этноним. Сол рудың мекендеген жері [15, 185 б.]; 
[162].
ҰЗАҚ КӨҢІ – қыстау, Катонқарағай а.о. Этнотопоним. Ру атына 
байланысты қалыптасқан атау. Атау құрамындағы көң сөзі – қордаланып 
қалыңданған мал қиы [50, 30 б.] деген мағына береді. Яғни Ұзақ руының 
малы ұзақ жайлаған жер дегенді білдіреді. М: Оралхан Бөкейдің руымен 
аталған. [163]; [107].
ҰЗЫНЖАЛ – тау бөктері, Алтынбел а.о. Ұзын (сын есім) және жал 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атау құрамындағы 
екінші компонент жал қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Ұзына бойы 
енсіз келген көлбеу қырат, жер бедерінің бір түрі, қырқа сілемі, жон-
жота адыр» [47,621 б.]. мағынасын береді. Географиялық нысанның 
ұзақ, шұбалаңқы болып келуі атаудың қалыптасуына негіз болған. М: 
Түпкірбай мен Жолдыбай ортасындағы жал[121].


275
ҰЗЫНЖОЛ – жол, Катонқарағай а.о. Ұзын (сын есім) және жол 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Жолдың шұбалаңқы, 
ұзақ екенін көрсету мақсатында қалыптасқан атау[159].
ҰЗЫНЖОТА – жайлау, Өрел а.о. Ұзын (сын есім) және жота (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Атау құрамының 
бірінші компоненті ұзын сөзі ұзақтықты, шұбалаңқылықты білдіретін 
сөз болса, жота – биіктігі әртүрлі келген (үлкен, кіші, аласа) қыр, қырқа, 
қырат [48,503б.] мағынасын беретін сөз. Атау жердің ерекше сипатына 
байланысты берілсе керек. М: Жердің ыңғайына байланысты қойылған 
атау[118].
ҰЗЫНЖОТА – жота, Катонқарағай ауд. Ұзын (сын есім) және жота 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Ұзын сөзі жердің 
ауқымын білдірсе, жота – биіктігі әртүрлі келген (үлкен, кіші, аласа) 
қыр, қырқа, қырат [48,503б.] мағынасын береді. М.: Ұзын (сын есім) 
және жота (зат есім) тұлғаларының бірігуінен жасалған, “көлбей жатқан 
ұзын жота, қыр”[166,174б.].
ҰЗЫНЖҮРЕК – шабындық, Өрел а.о. Ұзын (сын есім) және жүрек 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Ұзын сөзі жердің 
ұзаққа созылып жатқандығын білдірсе, жүрек сөзі жердің пішіні адам 
жүрегіне ұқсайтындығын меңзейді. Яғни жердің сыртқы пішіні мен 
көлеміне қарай берілген атау болып табылады. М: Жердің ыңғайына 
байланысты қойылған атау [118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет