Катон-Верстка-01. indd


ҮРКІНШІ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопоним. М: Кісі атына  байланысты қалыптасқан атау болуы мүмкін[118].  ҮСТНАРЫН



Pdf көрінісі
бет264/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҮРКІНШІ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопоним. М: Кісі атына 
байланысты қалыптасқан атау болуы мүмкін[118]. 
ҮСТНАРЫН – ауыл, тарихи атау Үлкеннарын а.о. Ежелгі 
замандардан бері жерді ыңғайына, орналасу деңгейіне қарай үстіңгі, 
ортаңғы, төменгі деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Бұл ерекшелік барлық 
дерлік түркі халықтарының топонимикасында орын алады. «Мәселен, 
Алтай өңірінде «Усть сена», «Усть иша», «Усть кан», «Усть кокса», 
«Орталык» деген атауларды кездестіруге болады. Ал Шығыс Қазақстан 
жер-су атауларында Усть-Каменогорск (Үст Кемен), «Орта», «Орта 
Күнгей», «Орта Қарауыл» деген топонимдер сөзімізге дәлел бола 
алады»[88,420б.], яғни атау нарын өзенінің үстіңгі жағы мағынасын 
береді. М1.: Усть-Нарынжаңадан құрылған Большенарым 
ауданының аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма 
уезінің болыстығы[35,25б.]. М2.: Усть-Нарын қорымдары - Ертіс 
жағалауында мекендеген адамдар неолит кезеңінде-ақ тіршілік еткенін 
айғақтайды[76,13 б.]. М3.: Қарт Алтайдың тарихи бір пұшпағы 
ретінде бұл өлке де сонау көне заманнан сақ, ғұн, түркі жұртына 
қасиетті қара қоныс, алтын бесік – атамекен болған. Археологиялық 
зерттеулер деректеріне қарағанда қазіргі Катонқарағай ауданының 
аумағын адамдар мұз дәуірінде, орта палеолит заманында мекендей 


283
бастаған. Осыдан 15-20 мың жылдай бұрын өмір сүрген ертедегі 
адамдардың еңбек құралдары табылған Свинчатка, Қанай, Усть-
Нарым елді мекендері, Шыңғыстау таулары осы өңірде екенін еске 
сала кеткен жөн шығар[3,3б.]; [129].
ҮСТІҢГІАҚЖАР - ж.а., Өрел а.о. Жар топырағының түсіне қарай 
қойылған және негізгі Ақжардың үстіңгі жағындағы жер атауы. М1.: 
Үстіңгі Ақжар және Астыңғы Ақжар деп бөлінеді[109].
ҮШАУЫЗҮЙ – ж.а., Өрел а.о. Үш+ауыз+үй деген үш компоненттің 
бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Жердің ерекше сипатын беру 
мақсатында жасалған. М1: Құрылысқа байланысты атау[118]. М2.: 
Көкқабырғадан кейін. Үш ауыз үй деген сөзден шыққан. Үш үй тұрған 
[118].
ҮШАШЫҚ – ж.а., Өрел а.о. Үш (сан есім) және ашық (сын есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Бұл жердегі «ашық» сөзі 
тарнсформацияланып, зат есім мағынасына өтіп тұр. Яғни қалың 
ағаштың ортасындағы үш ашық жер мағынасын беру нәтижесінде 
қалыптасқан атау. М1.: Төлеңгіттен кейін орналасқан[100]. М2: 
Ағаштардың орналасуына байланысты қойылған атау[118]. 
ҮШБӨРТЕК – тау, Катонқарағай а.о. Үш (сан есім) және бөртек 
(сын есім, диалект) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Мұндағы 
үш саны нысанның санын білдірсе, «бөртек – жергілікті халық тіліндегі 
ойлы-қырлы, белес-белес жер» [45,565б.] деген мағынаны білдіреді. 
Яғни атау үш белестен құралған тау болып сипатталады[159].
ҮШБҰЛАҚ – бұлақ, Коробиха а.о. Үш (сан есім) және бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. М: Үш бұлақтың 
қосылған жері. Ақсуға жетер жолда[93].
ҮШБҰЛАҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Ойконим. Тау аты 
негізінде қалыптасқан атау. М.: Атажұртқа жаңа үй көтеріпсің, 
Жылыұшырап қарсы алды Үшбұлағың[42,146б.]. М: Жәшік көңінен 
кейін орналасқан[132].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет