Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет261/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҮЛКЕНСАРТҰҒЫРЫҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Екі 
компоненттің тіркесуі арқылы қалыптасқан атау. Көне түркіден бүгінге 
дейін жердің орналасу деңгейіне қарай үлкен-кіші, жоғарғы-төменгі 
деп бөлу дәстүрі бар. Яғни көлемі үлкен жайлау Үлкен Сарытұғырық 
деп аталған. Сары – қазақ топонимикасында жиі қоланысқа түсетін 
түс атауы. Көп жағдайда жердің түсін, ерекше белгісін сипаттауда 
қолданылады. Бұл жерде «сары» сөзі «күн» мағынасында қолданылған. 
Ал «тұғырық» сөзі орын деген мағына береді. Яғни күн шығатын жер 
мағынасынан шыққан атау болып табылады[159].
ҮЛКЕНТАС – ж.а., Өрел а.о. Үлкен (сын есім) және тас (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үлкен сөзі тастың көлемін 
білдірсе, тас сөзі « таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі 
бөлшектері, қабырғасы» [56,19б.] деген мағына береді. Өңірде орын 
алған үлкен-үлкен тас бөлшектері аталған атаудың қалыптасуына негіз 
болған. М: Шошқатастан кейін тұр. Үлкен десе, үлкен құлап жатқан 
тастары бар. Кейде Шоқпартас, кейде Дембел (Дембель]тас деп те 
атайды. Бала кезімізден бастап, сол тастарға әскери адамдар өз 
аттарын жазатын[100].
ҮЛКЕНТАСШОҚЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. Атау екі 
компоненттен құралған. Үлкен сөзі негізі атаудың көлемін білдіреді, 
ал «Тасшоқы» атауына жоғарыда сипаттама берілген[159].
ҮЛКЕНТЕКШЕ – ж.а., Өрел а.о. Таудың күнгей бетінде орын 
алған текше тәріздес жазық, алаң негізгі белгі ретінде танылып, тау 
атауының «Текше» болып аталуына негіз болған. Сондай-ақ, көлеміне 
қарай «Текше» үлкен және кіші болып екіге бөлінеді. М.: «Қазіргі 


280
кезде Топқайың ауылының маңында «Есімхан тоғайы», «Кеңарал», 
«Сарыбұлақ», «Қаралақ», «Шабынды бұлақ», «Үлкен Текше», «Кіші 
Текше», «Құржыра» аталып жүрген жерлердің бәрінде Есімхан бай 
мал ұстаған[35,211б.]; [100].
ҮЛКЕНШАҚАБАЙ – тау, Өрел а.о. Антропотопjним. М.: Шақабай 
деген батыр кісі есімімен байланысты. Кішкене Шақабайдан кейін 
орналасқан[100].
ҮЛКЕНАЙҒАЙ – тау, Аққайнар а.о. Қазақы танымда қатар келген 
нысандарды сұлбасына қарай үлкен, кіші деп айырым белгісін қойып 
атау қалыптасқан үрдіс. 
«Үлкенайғай», «Кішіайғайға» қарағанда 
көлемді дегенді білдіріп тұр. Ал «Айғай» атауының қосылуы, ол жерден 
өтудің қиын екенін, дауыс шығармай, үндемей өту мүмкін еместігін 
білдіріп тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет