Катон-Верстка-01. indd


ҮШБҰЛАҚ – күздік, Шабындық жер. Қыста жылқы тебіндетеді.  ҮШКЕЙКЕҢ



Pdf көрінісі
бет265/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   305
ҮШБҰЛАҚ – күздік, Шабындық жер. Қыста жылқы тебіндетеді. 
ҮШКЕЙКЕҢ - ж.а., Қатонқарағай а.о. Үш кейкеңнен, жотадан 
тұратын жер атауға негіз болған[148].
ҮШКЕЙКЕҢ – жота, Катоқарағай а.о. Атау үш (сан есім) және 
кейкең (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. «Үш» атау 
құрамындағы сандық өлшемді сипаттаса, кейкең сөзі «қайқаң, биіктеу 
жер, белең» [49, 540б.] деген мағына береді. Олай болса, үш белеңнен 
тұратын жотаның сыртқы пішініне қарап, осылай атаса керек. М: Үш 
томпақ жота болған. Сонда қойшы отырған[159].


284
ҮШКӨЛ – көл, Жамбыл а.о. Атау үш (сан есім) және көл (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үш сөзі гидронимдік 
нысанның санын білдірсе, көл сөзі гидронимдік термин ретінде өте 
ерте замандардан бері қолданылып келе жатқан сөз. «Көл – айналасы 
табиғи не жасанды түрде тұйықталған, дөңгелек не сопақша біткен су 
айдыны» [50, 256 б.] мағынасын береді. Өңірде үш көлдің бір жерде 
орын алуы атаудың қалыптасуына негіз болған[120].
ҮШКҮНГЕЙ – жайылым, Катонқарағай а.о. Атау үш (сан есім) 
және күнгей (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үш сөзі 
геоморфологиялық нысанның санын білдірсе, күнгей сөзі «1. Күннің 
шуағы мол түсетін жер; 2. Таудың үнемі күн сәулесі түсіп тұратын бір 
жағы, етегі, баурайы» [50,511б.] деп сипатталады. Таудың етегінде күн 
шуағы түсетін үш жердің болуы атаудың қалыптасуына негіз болған. 
М: Үшкүңгейде зираттар бар[132].
ҮШКІРТАУ – тау. Катонқарағай а.о. Тау тұрпатына қарай, яғни басы 
үшкілденіп келетін болғандықтан аталған. М.: Ауыл көркі, жайылым, 
сол жағалау. Баурайында Кеңсай, Бадансай тау сілемдерімен бойлап 
көтерілгенде горизонттық жоғарылық деңгей саналады[99].
ҮШҚОҢЫР – тау, Өрел а.о. Атау үш (сан есім) және қоңыр (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Бұл жерде қоңыр сөзі 
тарнсформацмяланып, зат есім мағынасын беріп тұр. Яғни алыстан 
көрінген үш көлеңке, белеске арнайы берілген атау «Үшқоңыр» деп 
аталған. М.: Наурыз туысымен белгі беретін Алтай жылымығы 
томар қалпағын қисайтып, қысқы жолдың күнқағар езуін науалап 
тастағанымен, қар әлі семіздің сүбесіндей: жел қаққан жазықтың 
кірі, қысы-жазы қылау жатпайтын Үшқоңырдың найзасы болмаса 
ұлы таудың теріс қапталы шаңқайып-ақ тұр[171,128б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет