Катон-Верстка-01. indd


ШЫМЫР – өзен, Өрел а.о. Ойконим. Бұлақ атауы негізінде  қалыптасқан. М: Шымыр жерінен ағатын өзен [100]. ШЫҢҒЫСТАЙ



Pdf көрінісі
бет290/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305
ШЫМЫР – өзен, Өрел а.о. Ойконим. Бұлақ атауы негізінде 
қалыптасқан. М: Шымыр жерінен ағатын өзен [100].
ШЫҢҒЫСТАЙ – ауыл, Қатонқарағай а.о. Атауды шың – ғыс – тай 
/ Шың – ғыс – тау деп сипаттауға болады. Мұндағы Шың – жалғыз, 
алғашқы деген мағына береді. Бұл ретте тува тіліне чыңғыс/чаңгыс – 
жалғыз деген мағына беретін сөз қолданыста бар. Яғни Шыңғыстай 
– жалғызтау ретінде қалыптасқан атау болуы мүмкін [78,550 б.]. М1.: 
Кризисный год в жизни казахов в Чингистайской волости (теперь 


310
это земли Катон- Карагайского района Восточно- Казахстанской 
области[167,140]. М2.: Чингистай привлек внимание (царской России) 
чисто стратегически[167, 349 с.]. М3.: Шорнауа селбетіне қарайтын 
село [35,57б.]. М4.: 1949 жылы өскен ауылы – Шыңғыстайға мұғалима 
– Нағима болып оралды[25,48б.]. М5.: 1967 жылы. Үлкенарым ауданы 
Катонқарағай ауданымен біріктіріліп – бір Үлкеннарым аудан болып 
ұйымдастырылды. Ол кезде менің жанұям Шыңғыстай ауылында, 
өзім уақытша Чернова орта мектебіне ауыстырылып оқушыларға 
тіл, әдебиет пәнінен дәріс беріп жүрген болатынмын [71,33б.]. М6.: 
Сонымен 1955 жылдың көктемі келді. Май мерекесін ұлан-асыр 
тойлап, енді Жеңіс күніне қам жасаған Шыңғыстай ауылы үлкен 
бір қарбаласта [24,291б.]. М7.: Шығысы Қоңқайға, оңтүстігі Алты 
қыз таушасына тірелетін далашықтың әп-әдемі төскейіне соқаның 
түрені тиіп, біраз жылдан бері сұлы егіп келе жатқан. Жазықтың 
нақ ортасында қыстау бар. Онда да көрші Шыңғыстай аулының 
қойшылары мен көрші ауданның «Пилорамасы» отыр[23,20б.]М8.: 
Шыңғыстай – Алтай шыңының мәңгілік жүрегі Мұзтауға апаратын 
жолда орналасқан, бір ғасырдан аса уақыттың ішінде қаншалықты 
танымал тарихи тұлғалаларды тәрбиелеген ауыл, Оралхан 
Бөкейдің туған ауылы. Осы ауылда жазушының қара шаңырағы – 
Катонқарағай өңірінің өзіне тән, бөренелерден салынған ағаш үй 
орналасқан [25,361б.]. М9.: Шыңғыстай ауданының аумағына он қазақ 
ауылы кірді. Екі ауданның орталығы да Катонқарағай селосында 
болды. 1929 жылғы 20 қыркүйекте Семей округтық атқару комитеті 
президумы мәжілісі шешімімен Шыңғыстай ауданы Катонқарағай 
ауданына біріктірілді [3,33 б.]. М10.: Шыңғыстайда он жылдық 
мектеп салынып, оған Әбдікерімнің атын беру туралы салтанатты 
мерейтой болды[89,8б.] М11.: Шындығында, ауылға Оралхандай 
іңкәр жанды табу қиын еді. Шыңғыстайға барып қайтқан сайын 
шүйіркелесіп достарының басын қосып, әсерлене ауыл жаңалығын 
жырлап отыратын [7,73б.]; М: Шәңгіш ағашы шыққан. Төменгі 
Тоғайда өте көп болған. Ауылды көп жылдар Әбдікәрім басқарған. 
Халқының саны жағынан да, жер көлемі жағынан да үлкен ауыл 
болған[114]; [110].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет