309
қалыптасуына өңірдің ерекше белгісі негіз болған. Аталған жерде
шыбын жәндігінің көп болуына байланысты, жер аты «Шыбынды»
аталған.
М.: Ақылдаса келіп қалмақтарды Қызылқайың, Аманат,
Шыбынды арқылы Қарақолға апарып, Ертістен өткізіп, Алтай
асырып қуып тастайтын болып келісілді [2,157б.]
; [154].
ШЫЖЫМ – ж.а., Катонқарағай а.о. Атаудың қалыптасу мотиві
анық емес. Тува топонимикасында да «Шыжыма» тұлғасындағы
өзен атауы кездеседі. Алайда атаудың шығу төркіні жайлы ақпарат
берілмеген. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде шыжым сөзіне «1. Арқан
тәрізді, бірақ жіңішке етіп есілген мықты жіп; 2. Құпия, сыр»
[57,529б.] анықтамалары берілген. Бірінші мағынаға сәйкес жіптің жер
атауын қалыптастырудағы белгісін анықтау қиынға соғады. Алайда,
екінші мағына бойынша құпия, сырға толы жер деген мағынада жер
атауы қалыптасуы әбден мүмкін.
М: Тайшы жайлауында орналасқан.
Ыстық шыждырып тұрғандықтан, Шыжым аталған[157].
ШЫМҚОС – ж.а, Катонқарағай а.о. Атау шым (зат есім) және қос
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан. Шым – жылдар
бойы шөп тамырлары тұтасып өскен құйқалы қабаты [57,553б.], ал
қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу
кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шағын уақытша
баспана [52,115 б.] мағынасын береді.
М: Австралиялық тұтқындар
шымнан қос салып тұрақтаған жер аты[163]; [107].
ШЫМЫЛДЫҚ – ж.а., Өрел а.о. Шымылдық – төсек орынды
басқалардың көзінен көлегейлеу, тасалау үшін қолданылатын
перде [57,560б.] мағынасындағы сөз. Жердің пердеге, шымылдыққа
ұқсайтын ерекше белгісі атаудың қалыптасуына негіз болған[154].
ШЫМЫР – бұлақ, Өрел а.о. Шымыр – дыбыстық еліктеуіш сөз.
Бұлақтың шымырлап аққан дыбысына байланысты берліген атау.
М1.: Шымырлап ағатын бұлақ атауына байланысты қойылған атау
[118].
М2.: Мағзұм тауынан кейінгі жер[100].
Достарыңызбен бөлісу: