Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет291/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШЫҢҒЫСТАЙ – болыс, тарихи атау. Атауды шың – ғыс – тай / 
Шың – ғыс – тау деп сипаттауға болады. Мұндағы Шың – жалғыз, 
алғашқы деген мағына береді. Бұл ретте тува тілінде чыңғыс/
чаңгыс – жалғыз деген мағына беретін сөз қолданыста бар. Яғни 


311
Шыңғыстай – жалғызтау ретінде қалыптасқан атау болуы мүмкін 
[78,550 б.]. М1.: Сөз болып отырған аудан бұрын Шыңғыстай болысы, 
Шыңғыстай ауданы болып аталғаны жоғарыда әңгіме етілді. Қазір 
де мұнда Шыңғыстай селосы, Шыңғыстай атындағы мектебі бар.
Ол 1907 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстанда 
ашылған алғашқы мектептердің бірі. Қазақстанның көрнекті 
ғалымы, профессор Сәрсен Аманжолов пен қоғам қайраткері Қиса 
Тойғанбаев осы мектепте оқып, білім алған болатын. Сұлтанмахмұт 
Торайғыров 1914-1915 оқу жылында Шыңғыстай мектебінде 
оқытушы болып қызмет істеген . Ел аузындағы мәліметке қарағанда 
ол осында жүріп «Қамар сұлу”романын жазады. С. Торайғыровты 
көрген, онымен бірге болған қарттар былай дейді: Сұлтанмахмұт 
Ережепов Әбдікәрім деген кісінің қызына (аты Бағила) ғашық 
болады, әкесі кедей деп Бағиланы Сұлтанмахмұтқа бергісі келмейді.
Қыз да Сұлтанмахмұтты ұнатады. Ақыры Әбдікәрім Бағиланы 
казіргі Қосағаш ауданындағы Ақсолтан деген бай, дәулетті кісіге 
беріп жібереді . «Қамар сұлу” романы біздіңше осы сюжетке 
құрылған. Ал енді Шыңғыстай сөзінің этимологиясына келейік. 
Ол бұрын Шәңгiштай деп аталатын. Бұл жерге Шәңгіш деген 
түбірінен басына дейін буын - буын болып келетін ағашы көп өседі. 
Шәңіштен таяқ жасалады. Жергілікті халық шәңіс монғол сөзі 
дейді. Шынында монғол тілінде цангис, цангис жимис - деп қышқыл 
дәмді , қызыл жидекті, ағаш тұқымдас өсімдікті айтады. Алтай 
сөзінің таулы, орман деген мағынадағы тайгадан алынғандығы 
жоғарыда айтылады. Шыңғыстай селосының айналасы жайқалаған 
таулы орман, ол ағаштардың ішінде шәңгісте жиі кездеседі. Бір 
сөзбен айтқанда, осы маңайдың көз тартарлық әдемі табиғаты 
біз жасаған этимологиялық талдауды дәлелдей түсетін тәрізді 
[3,76б.]. М2.: Шыңғыстай болысына 1898 жылғы мәлімет бойынша 10 
ауыл, 1786 үй, 4394 еркек, 3326 әйел болған, басқа ұлт өкілдері жоқ. 
Катонқарағай ауданының тұрғындары негізгінен алғанда Найман, 
ішінара Керейлер де ұшырайды. Қаратай руының ең негізгі тараған 
шегі Большенарым ауданына қарасты Майемер селосынан Шүй 
даласына дейін [3,68 б.]М3.: О. Бөкейдің туған ауылы. Бертінге 
дейін үлкен қарттар Шәңгіштай деп айтып отыратын. Атауға 
қазақша шәңгіш, моңғолша цангис деп аталатын кәдімгі ырғай 
тектес бүрген өсімдігі себеп болған. Мұнда моңғолдың -тай, -туй, 
сын есім жұрнағы тұр: цангис+ тай/шәңгіш+тай «шәңгіш өсімдігі 


312
мол өсетін жер» мәнін береді. Орыс келгеннен бері, Шыңғыстай 
болып өзгергені байқалады. Шәңгіш өсімдігінің жемісін қазақ жемесе 
де, таяқсап жасауға мықты болған соң жер атауына ие болған 
[15,66 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет