Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет292/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШЫҢДЫҒАТАЙ – тау, Өрел а.о. М1.: Вторая дата- это время 
основания одного из последний «алтайских каменщиков», в приделах 
Маркаколя и Кабы- Орлавки, чье другое название в источниках 
записано по- разному, как Чинагатай и Чиганты[167, 140с.]. М2.: 
Шындығатай таулары – Бұқтырма өзенінен солтүстікке қарай 
Орталық Алтай жоталары[ 76,55 б.]. М3.: Ресейдің Алтай өлкесі мен 
Қазақстан шекарасы – шың басындағы Шындығатай асуына бара 
жатып жолшыбай Шыңғыстай ауылына соқтым [25,313 б.]. М3.: Бұл 
біздің ел жақта жүрген бесінші күніміз болатын. Шындығатай - көз 
көрмес, құлақ естімес алыс мекен, былайша айтқанда құлан жортпас 
құла дүз, иен өңір. Қазақ жерінің шығыстағы шебі Аршаты ауылымен 
шектелсе, Шындығатай осы Аршатыдан әрі таулы-қиялы жолменен 
қырық шақырымның үстінде [7,121б.]. М4.: Атау моңғолдың чандага 
«ақ қоян» + тай (туынды сын есім жұрнағы) тұлғалары арқылы 
жасалған. Чандагатуй> «Ақ қоянды, ақ қояны мол тау» дегенді 
білдіреді [15,197б.]. М5.: Шыңдығатай! Күнді жұрттан бірінші 
көреді екен. Күн осы жерде ұлы тауды тесіп шығады екен. Әр биіктің 
басына жамырап күн шапағы ҚараЛақа өзеніне қайта келіп құяды 
екен. Шындығатай жер биігі. Шындығатайға жеткенде төбең 
көкке жеткендей, көңілің көк тірегендей! Әлібек Төр Алтайдың үш 
босағасына үш түрлі мінез тауып берген. Мұзтау - тәкаппарлығы. 
Көккөл - мұңы мен көзінің жасы. Шындығатай - тіршілікке деген 
шапағаты [7,192б.]; М: Суырлы тау деген мағынаны беретін қалмақша 
атау[118].
ШЫҢДЫҚАТАЙ – ж.а., Өрел а.о. Ойконим. Тау атауы негізінде 
қалыптасқан. Ауызекі сөйлеу тілінің әсерінен сөз ішінде ғ/қ дыбыс 
өзгерісі байқалады. М: Шекара тұр. Бұрындары кішігірім ауыл 
болған. Скотоимпорттың базасы болған[119].
ШЫРҚАЙЫҢ – өзен, Новохайрузовка а.о. Атау шырша (зат есім) 
және қайың (зат есім) сөздерінің бірігіп, кейін кірігуі нәтижесінде 
қалыптасқан. Маңайын шырша, қайың ағаштары көмкере өсуі өзен 
атауының қалыптасуына негіз болған[144].
ШЫРША – сай, Новохайрузовка а.о. Шырша – қарағай 
тұқымдасына жататын қылқан жапыратқы, мәңгі жасыл ағаш [57, 


313
601б.] болып табылады. Яғни сайды аталған ағаштың көмкеріп жатуы 
атаудың қалыптасуына негіз болған[144].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет