Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет46/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305
АЮБАСПА – жайлау. Аюдың жиі кездесуіне байланысты қойылған 
атау[149].
 
АЮЛЫ – тау, Белқарағай а.о. Алтай тауларында көп тараған аңның 
түріне аю да жатады. Таудың «Аюлы» аталуына қоңыр аюдың басқа 
тауларға қарағанда, осы жерде көп ұшырасатындығына қатысты аталған. 
М1.: Инеліктей дірдектеген талпақ мұрын вертолет Жындысайдың 
иығынан шыға келді де жер-көкті азан-қазан көшіріп Аюлының 
нуына асты[171,6б.]. М2.: – Бала, сен «Аюлы» бөлімшесіне бригадир 
болып барасың-ау деймін [169,138б.]. Күндізгі тіршілігі – ауласынан 
өрген жалғыз сауын, желінқап киген бір-екі шыбыш, түн баласында 
иті де үрмейтін жетім ауылдың неге «Аюлы» атанғанын да ешкім 
білмейді. Бұл шатқалдағы соңғы аюды қай жылы, кім атқанын да 
ешкім білмейді[169,177б.].


72
АЮШАТ – шат, Өрел а.о. Аюлар жиі жүретін шат мағынасында тұр. 
Әр атау жер бедерін өте жоғарғы дәлдікпен белгілеуді мақсат еткен. 
Атау сол жердің ерекше бір белгісін білдірмесе, көш адасып, мал арып, 
шаруашылық күйзелуі мүмкін болған. Мәселен, Аюшат топонимі «бұл 
жер – аю көп жүретін, жасырынатын бұта-қарағаны мол, таулы, тасты 
жер» деген ескерту беріп тұрғандай[118].
АЯҒАН ЖАЛАҒЫ – шабындық, Катонқарағай а.о. Аяған атты 
адамның шабындық жері, судың жағасы[163]; [107].
ӘБДІКӘРІМ ЖАЙЛАУЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. 
Антропотопоним. Әбдікәрім жайлаған жайлау[163], [107]. М.1: 
Әбдікәрім болыс – Шыңғыстай болысын отыз жыл билеген әкесі 
Ережептен қалған мұра[76,157 б.]. М.2: Тек ойдағы орнынан 
тапжылмаған болыс Әбдікәрімнің ауылы ғана[170,26б.].
ӘБИ ӘУБӘКІР – жұрт. Антропотопоним[164].
ӘБУХАН БҰЛАҒЫ - бұлақ, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.: Қаражердегі бұлақ атауы. Сол жерде мал баққан адам есіміне 
байланысты қалған атау[133].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет