Катон-Верстка-01. indd


АРЫАҚҚАН – өзен, Ақсу а.о. Өзен кері бағытта ағып жатқандықтан,  осылай аталып кеткен. М.: Бір бұлақ Қатынсуға құяды[93]. АСПАНТАС



Pdf көрінісі
бет44/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   305
АРЫАҚҚАН – өзен, Ақсу а.о. Өзен кері бағытта ағып жатқандықтан, 
осылай аталып кеткен. М.: Бір бұлақ Қатынсуға құяды[93].
АСПАНТАС – тас. Биіктігі көкке жеткендей өте үлкен тас,. М.: 
Шекарашылар «Дембельский камень» деп, жергілікті қазақ «Аспантас» 
атап кеткен әлдебір алып тастың жанына жете тоқтадық[7,123б.].


70
АСТАУША – ж.а., Өрел а.о. Жер ойықтау болып, көлемі шағын, 
пішімі астауға келетін болғандықтан осылай аталған[100]. М.1: Мына 
Астаушаға қар да ерте түседі - биік жер[11,216б.]. М.2: Астаушаға 
батысынан қасқая қараған ит азу шыңдардың бауырына, шоқ құйрық 
көлеңке түсіп үлгерген. [11,218 б.]
АСТАУШАНЫҢ БҰЛАҒЫ – бұлақ, Өрел а.о. Астаушада кішкене 
бұлақ ағатын болғандықтан, Астаушаның бұлағы деп атап кеткен[100].
АСТАУШАНЫҢ КӨЛІ – көл, Өрел а.о. Астаушада кішкене көл 
болғандықтан, Астаушаның көлі деп атап кеткен М.: Көлемі жағынан 
кішкентай ғана көл[100].
АСТЫҢҒЫАҚЖАР - ж.а., Өрел а.о. Жар топырағының түсіне қарай 
қойылған және негізгі Ақжардың астыңғы жағындағы жер атауы. М1.: 
Үстіңгі Ақжар және Астыңғы Ақжар деп бөлінеді[109].
АСТЫРТ - ж.а., Қатонқарағай а.о. Ауыл шетіндегі жарқабақтың 
астындағы Бұқтырма өзенінің жағасындағы жазық жер астырт аталатын. 
М.: Жаңаүлгінің жанында[148].
АСТЫРТ ҚЫСТАҒЫ – қыстау, Катонқарағай а.о. Таудың 
етегінен төмен, Бұқтырма жағасына жақын жазықтықта орналасқан 
қыстау[44,48б.]; [159].
АСУ – ж.а., Жамбыл а.о. Тау жотасының өтуге қолайлы жерін қазақ 
асу дейді [44]. М.: Сол жерде қарағай ағашы топ құрап, шұбар болып 
өсіп тұр [105].
АСУСАЙ – сай, Өрел а.о. Сай арқылы өтетін асу. М.: Қарағай 
тауынан кейін тұр[100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет