Казахский национальный педагогический



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата24.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Список литературы: 
1  Новикова,  Е.  А.  Инновации  в  учебном  проектировании  /Е.  А.  Новикова// 
Инновации в образовании. - 2007. - № 4. - С. 23-29. 
2  Китайгородская  Г.А.  Интенсивное  обучение  иностранным  языкам.  Теория  и 
практика: монография. 2-е изд. М.,2008 
3 Five-Minute Activities. A resource book of short activities. Penny Ur, Andrew Wright. 
Cambridge University Press, 2004 
 
Тҥйін 
Мақалада  шет  тілдеріне  үйрету  барысында  интерактивті  оқыту  әдістерін  қолданудың 
әртүрлі  жолдары  қарастырылады.  Тіл  мамандарын  дайындамайтын  жоғары  оқу 
орындарында, ағылшын тіліне оқыту кезінде пайдаланылатын әдіс-тәсілдер сипатталған. 
 
Resume 
The  article  deals  with  implementation  of  interactive  forms  of  teaching  foreign  languages.  The 
author describes interactive methods used in second language teaching in non-linguistic higher 
educational institutions.  
 
 
ӘОЖ 378.02:37.016. 14.35. 09 
 
Шынжырбаева А.Т. - магистрант 
Шет тілдер және Іскерлік карьера университеті, Алматы, Қазақстан 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Мақалада  1-сынып  оқушыларын  ағылшын  тілінде  оқытудың  тиімді  жолдары 
қарастырылады.  Ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  үшін  оқушылардың 
қызығушылығын  арттыратын  әдіс-тәсілдер  мен  жаттығулар  жүйесін  пайдалану 
жолдары.  
Тірек  сөздер:  Диалогты  сӛйлеу,  жаттығулар,  жаңа  бағдарлама,  суреттер, 
слайдтар, сызбалар.  
 
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта 
ағылшын  тілін  еркін  меңгерген,  келешекте  білімін  түрлі  саладағы  қарым-
қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып 

шығару  -  біздің  казіргі  кездегі  міндетіміз.  Ағылшын  тілін  тереңдетіп,  жан-
жақты  оқытуды  қоғам,  уақыт  қажет  етіп  отыр.  Қазақстан  Республикасының 
тәуелсіз  елге  айналып,  әлемдік  ӛркениеттің  даму  жолына  түсуі,  ағылшын 
тілін  жетік  меңгертуді  талап  етеді.  Мектебімізде  биылғы  жылдан  бастап  1- 
сыныптан  ағылшын  тілі  оқытыла  бастады.  Ағылшын  тілін  ерте  жастан 
оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  ағылшын  тілінде  қарым-қатынас  жасай 
алу негіздерін меңгеруі болып табылады.  
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму 
біліктілігін  арттырады,  оқушылардың  қызығушылығын  оятуға  мүмкіндік 
береді, бірден кӛп тілдерде сӛйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде 
бейресми  түрде  орныққан  ағылшын  тілін  меңгеру  ұлттың  бәсекеге 
қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Шет 
тілін игеру жолында Л.С. Выгодский бұл жолдарды ӛз ана тілінде « тӛмен — 
жоғары» жол ретінде анықтады. Ал «тӛмен — жоғары» жолы шет тіліне тән. 
Шет  тілін  игеру  жолы  ана  тіліндегі  даму  жолымен  тепе-тең  деп  айтуға 
болады.  Бала  ӛз  ана  тілін  санасыз  және  байқаусыз  игереді,  ал  шет  тілін 
саналы  түрде  және  байқау  арқылы  игереді.  Сондықтан  ана  тілінің  дамуы 
тӛменнен  жоғарыға  қарай  жүреді  деп  айтуға  болады.  Ал  шет  тілін  игеру 
жоғарыдан тӛменге қарай жүреді.  
Сонымен қатар, оқушылардың шет тілін терең ұғыну құралы мен ойды 
қалыптастыру,  мазмұнын  ұғыну  оқу  компонентінің  міндеттері  болып 
табылады. Тілдік құралды сезіну, оқу процесінде қандай орын алатыны және 
уақытша созылуымен тұжырымдалады. Сонымен қатар тілдік құралды сезіну 
бекітуге  қайшы  емес,  тілдің  ӛзіндік  ақыл-ой  процесінде  жоспар  мазмұны 
бақыланады.  Оқушыларға  ерте  жастан  ағылшын  тілін  үйрету  сатысында 
оқушылардың  танымдық  қабілетінің  қалыптасуына,  коммуникативтік 
қызметінің  дамуына,  ағылшын  тілі  пәніне  қызығушылығын  арттыруына, 
ізденіс-шығармашылық  жұмыс  істеуге  дағдыландырады.  В.Риверс  тауып 
айтқандай  «Tiлді  оқыту  жӛнінде  қандай  да  бip  шешім  қабылдамас  бұрын 
алдыменен тіл деген ұғымның анық ерекшелігін қарастыруымыз дұрыс болар 
eдi».  Ағылшын  тілін  тілін  ерте  жастан  оқытуда  жас  ӛспірімдердің 
физилогиялық,  психологиялық  қызмет  кӛздерінің  мол  екені  баршамызға 
мәлім. Жас ӛспірімдердің:  
- тез қабылдауы;  
- еліктеуге бейімділігі;  
- қиялының әртүрлілігі;  
- ойлау, ауызша сӛйлеу іскерлігінің дамуы;  
- танымдық іс-әрекеттерінің дамуы;  
- есте сақтауы;  
- қызығушылық қасиетінің молдығы мен әртүрлілігі;  
- жан-жақты тәрбилееуге бейімділігі;  
- еліктеуіш қасиетінің басым болуы;  
- іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.  
Шетел  тілін  оқу  пән  ретіндегі  ерекшелігі  кез-келген  жалпы  тілге  тән 
белгілі  бip  жүйе  болғанмен,  ана  тілден  үйренуімен  қолданылуы  жӛнінен 

кӛптеген  epeкшeлiктepi  жағынан  дараланады.  Сонымен  бірге  кез-келген 
мектеп  оқулығынан  сипаты  жӛнінен  epeкшeлeнeдi.  Ағылшын  тіліне  ерте 
жастан  оқытудың  тілді  жақсы  әрі  еркін  меңгеруге  тигізер  әсері  мол.  Ол 
адамның  интеллектуалдық,  тәрбиелік  және  рухани  әлеуетін  жақсартады. 
Кӛпжылдық  зерттеу  кӛрсеткендей,  ағылшын  тіліне  ерте  жастан  оқыту 
балалардың  жалпы  және  тілдік  дамуын  реттейді,  бастауыш  мектепте 
тәрбиенің  жалпы  білімдік  құндылығын  кӛтереді,  балаларды  ӛзге  ұлт 
мәдениетін  білуге  және  құрметтеуге  үйретеді.  Шетел  тілі  ана  тілімен  қоса 
оқушының сӛйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, 
оны ӛзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне 
де үйретеді.  
Оқушының  шетел  тілінде  сӛйлеу  қабілетін  жетілдіру  мектепте 
берілетін  білім  мазмұнының  негізгі  мақсаты  болып  табылады,  оқулықпен 
және  басқа  оқушылармен  қарым  –  қатынас  барысында  оқушы  барлық 
пәндерді  меңгереді.  Шетел  тілін  оқушыларға  үйреткенде  біз  оларға  басқа 
халықтың  мәдениетіне  әрі  дүние  жүзі  мәдениетіне  жол  ашамыз,  басқа 
халықтармен  қарым–қатынас  жасауға  мүмкіндік  туады.  Шетел  тілінің 
қызметі  –  оқушыларды  ӛздері  үйреніп  жатқан  тілде  сӛйлейтін  халықпен 
түсіністік,  ортақ  кӛзқарас  орнатуға  дайындап,  тәрбие,  білім  беріп  әрі  жеке 
басын,  ӛмірге  кӛзқарасын  жан  –  жақты  дамыту.  Оқушылардың  ағылшын 
тілінде  ауызекі  сӛйлеу  қабілеттерін  дамыту  бағытында  түрлі  іс-әрекет 
ұйымдастыруға болады.  
Шет  тілі  пәні  бойынша  оқушы  ереже  мен  ұғымдар  анықтамасын  тек 
жаттап  алғаннан  гӛрі,  оларды  іс  жүзінде  саналы  түрде  қолдана  алуы  қажет. 
Түрлі  тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы  теориялық  білімді  шыңдауға 
болады.  Мысалы,  белгілі  бір  мәтін  бойынша  жұмыс  істеу  үшін  мынадай 
жаттығулар беріледі Тапсырмалары:  
1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;  
2. Мазмұнын түсіну;  
3. Тірек – сызба сӛздері арқылы баяндау;  
4. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу;  
Келесі жаттығу түрі сӛйлеуге үйрету. Диалогты сӛйлеуде – оқушылар сұрақ – 
жауап,  ӛтініш  айту,  нұсқау  беру  және  тағы  басқа  жұмыстары  ретінде 
қарапайым  іс  -  әрекеттерді  жасай  алуы  тиіс.  Балалар  бӛлік  элементтерден 
жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды  
қоя  алуы,  әр  –  түрлі  сұрақтарға  жауап  бере  алуы,  ӛтініш,  бір  нәрсемен 
келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сӛйлеу 
қарқынын  ӛсіру  қажет  және  әр  оқушы  сӛйлегенде  екі  репликадан  айтуы 
қажет.  
Қазіргі  кезеңде  пән  мұғалімдерінің  кеңінен  қолданып  жүрген  тілдік 
жаттығуларының  біріне  «Warming  up»  жаттығуын  кіргізуге  болады.  Тілдік 
жаттығудың  мақсаты  –  сабаққа  деген  бетбұрыс  туғызу.  Тілдік  жаттығу 
барысындағы  мұғалімнің  жылы  дауысы,  сұрақтардың  алдын  ала 
ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының 
арасындағы  жақсы  қарым  –  қатынас  туғызып,  алдағы  сабақтың  нәтижесін 

жоғарлата  түседі.  1-  сынып  оқушыларының  сӛйлеу  дағдыларын 
қалыптастыру  үшін  тиімді  әдістерді  пайдалана  отырып  жаттығулар 
орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Оқушыларға ағылшын 
тілін  1-сыныптан  үйрету  үшін  қолданылатын  жаттығулар  жүйесі  бойынша 
жаттығу  жұмыстарының  жүйесіне  қарай  материалды  таңдауға  қойылатын 
талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-
бірге  күрделеніп  отырылады.  Мұндай  жаттығу  жұмыстарының  әдісі-
оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын 
әдістің түрі.  
Жаттығу  жұмысын  жүргізу  үшін  оқытушы,  ең  әуелі,  оның  түрлі 
мақсатын  айқындап  алады.  Содан  кейін  оқушыларға  жаттығу  жұмысының 
үлгісі кӛрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.  
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге 
құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу 
жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының 
сауатты  жазуына  ықпалын  тигізеді.  Жаттығу  түрлері  арқылы  оқушылардың 
оқу  материалын  қалай  ұғынғаны  айқындалады,  яғни  жаттығу  әдісі  оқыту 
ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.  
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен 
жұмыс  жасауына  қарай  фонетикалық,  лексикалық,  морфологиялық, 
синтаксистік, т.б. болып бӛлінеді.  
Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды 
орындауда мынадай талаптар қойылады:  
1.  Белгілі  бір  жаттығуды  орындау  үшін  оқушылардың  сол  жаттығуларды 
орындай алатындай білімі болуы шарт.  
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.  
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.  
4. Ӛз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.  
5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар кӛбірек болуы керек.  
Жаттығуды  іріктеу  барысында  шамамен  мынандай  талаптар  қамтылуы 
тиіс:1) жаттығудың ӛтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы;  
2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында  
түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.  
Бұл  талап-тілектердің  орындалу,  орындалмауы  мұғалімнің  қабілетіне 
және  оқулықтағы  жаттығулар  сапасына  да  байланысты.  Сыныптағы 
жаттығулар  кӛбіне  бірге  талданады,  түсініксіз  болса,  мұғалім  тарапынан 
бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға 
мүмкіндік  бар.  Жаңа  тапсырмаға  байланысты  жаттығулардың  біразы 
сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.  
Үйге  берілетін  жаттығулар  мазмұн  мен  сипаты  жағынан  оқушыға  таныс, 
орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі 
тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жӛн.  
Мұғалімнің 
оқулық 
жаттығуларымен 
шектеліп 
қоймай, 
шығармашылық  бағыттағы  тапсырмаларды  ӛз  тарапынан  беруі  тәжірибеде 
кездеседі. Ол кӛбінесе, қатыстырып сӛйлем жаз... кӛркем шығармадан теріп 

жаз,  сұрақтарға  жауап  бер,  жанұя  мүшелерінен  сұхбат  ал,  мәтін  ішінен 
керекті сӛзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл 
іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын.  
Құрастыру,  салыстыру,  талдау,  табу,  топтау,  дәлелдеу,  қорытынды  шығара 
білу  дағдыларын  қалыптастыратын  жаттығулардың  әр  сабақта  жүргізілуі 
мұғалімнің  шеберлік  қабілетіне,  табандылығына  байланысты.  Мұның  бәрі 
мұғалім  үшін  жаңалық  емес,  қайта  «Нені  үйреттім?»,  «Қандай  дағды  мен 
іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» 
деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады.  
Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе 
қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын 
жаттығу әдістерін білгені жӛн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері 
нығайтылып,  нақтыланып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  ӛз  беттерінше 
жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу 
кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, 
абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.  
Соңғы жылдары шыққан оқулықтардағы жаттығуларды саралап кӛрсек, 
жоғарыдағы  қарастырылған  мәселелер,  талаптар  қаншалықты  ескерілгенін 
байқауға болады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  тұжырымдамасы// 
Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. - №1  
2  Н.Ә.  Назарбаев.  Қазақстан  халқына  Елбасының  жолдауы.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 
Қазақстан» - 2007. - 28 – ақпан  
3 Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы: 2011ж. 
4 Мектептегі шет тілі, 2010 ж. №2 Шатилов С.Ф. «Методика  
обучения английскому языку в средней школе» М., 1977ж.  
5 Гальскова Н.Д. «Современная методика преподавания иностранных языков»; М., 
2000г.  
6 Мильруд Р.П. «Методика преподавания английского языка»; М., 2005г.  
7 Филатова В.Н. «Некоторые аспекты раннего обучения иностранным языкам».  
8 Иностранные языки в школе, 1998ж. №3  
9  Р.Ф.  Исаева.  Проблемы  обучения  детей-казахов  иностранному  языку  в  раннем 
возрасте. 1968, 8с.  
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  оптимальные  пути  обучение  английскому  языку  учеников  1 
класса.  Варианты  использование  систем  методик  и  упражнений  возрастающий  интерес 
учеников для обучение английского языка с ранних лет  
 
Resume 
The article discusses how best to study English Grade 1 pupils. Options systems use techniques 
and  exercises  for  increasing  the  interest  of  pupils  learning  English  at  an  early  age  Keywords: 
Dialogue, exercise, a new program, an interactive program resunki, slides and drawings.  
 
 

 
УДК 378.02:37.016. 14.35. 09 
 
Байшымырова А.У. - магистрант 
Орталық Азия Университеті, Алматы, Қазақстан 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА РӚЛДІК ОЙЫНДАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
       
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан–2050»  Қазақстан  халқына  арналған 
жолдауында  «Біздің  жас  мемлекетіміз  ӛсіп,  жетіліп,  кемелденеді,  біздің  балаларымыз 
бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру 
мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.
  
          Тірек сөздер: тәрбие процесі, жастардың шығармашылық әлеуметі, ағылшын тілі 
пәні, оқушылар, мұғалім, әдіскерлер, бақыланатын рӛлдік ойын. 
 
        Бұл  процесс  педагогика  теориясы  мен  оқу  –  тәрбие  процесіне  нақты 
ӛзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру 
қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  сын  кӛзбен  бағалай 
отырып  саралауды,  жастардың  шығармашылық  әлеуметін  дамытудың, 
мұғалім  іс-әрекетін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды  талап  етеді»[1],  деп 
атап  кӛрсеткен  болатын.  Қазіргі  заманның  оқушысының  дүниетанымы  кең, 
жан-жақты  жетілген,  ӛмірлік  белсенді  ұстанымы  бар  азамат  болуы  тиіс. 
Сондықтан  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілеті  мен  белсенді  ой 
еңбегін  дамытуды  ұйымдастыру  үшін  оқу  процесінде  жаңа  құралдар  мен 
әдістерді енгізу қажет. 
          Соның ішінде, ағылшын тілі пәні сабағында оқушылардың тілді дұрыс 
меңгеруі  үшін  әртүрлі  рӛлдік  ойындарды  қолдануға  болады.    Осы  рӛлдік 
ойындарды   қолданудың басты мақсаты  – оқушылардың ой-ӛрісін кеңейту,  
ӛзіндік  пікірін  қорғауға,    сӛйлеу  тілінің  дамуына  және  де  сӛздік  қорын 
дамытуға  ықпал  ету  болып  табылады.    Шетел  тілінде  сӛйлеуді,    қарым-
қатынас  жасауды  үйретуді  мақсат  еткен  әрбір  мұғалім  ӛз  сабақтарында 
жаттығулардың  бірі  ретінде  осы  рӛлдік  ойындарды  қолданған  тиімді  деп 
санаймын. 
       Оқушылар  арасындағы  қарым-қатынас  ешқандай  мотивсіз,  яғни 
қызығушылықсыз  болуы  мүмкін  емес.  Дегенмен,  сабақ  барысында 
оқушылардың қызығушылығын оятуда оңай болып табылмайды. Сондықтан 
біз  оқу  процсінде  оқушылар  ӛздігінен  сӛйлейтіндей  жағдай  тудыруымыз 
керек. Осы мақсатта рӛлдік ойындарды қолдану –ағылшын тілін меңгертудегі 
тиімді жолдарының бірі деп санаймын.   
Ағылшын  тілін  оқытудың  қазіргі  әдістемесінің  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  - 
әртүрлі  жастағы  балаларды  ойын  кӛмегімен  оқыту  болып  табылады.  Бұл 
мәселелердің ӛзектілігі тұтастай бірқатар факторлардан туындаған. 
        Біріншіден,  оқу  процесін  біріздендіру,  оқушылардың  материалға 
қызығушылығын  арттыру  жолдарын  іздеу  және  бүкіл  сабақ  барысында 
олардың қызметін белсенді ету міндетін алға қою. 

        Екіншіден,  ағылшын  тілін  оқытудың  ең  маңызды  мәселелерінің  бірі 
тілдің  коммуникативті  қызметін  ашуға  жағдай  жасайтын  және  шет  ел  тілін 
зерттеуге  деген  мотивацияны  кӛтеретін  нақты  оқыту  шарттарына  оқыту 
процесін  жақындатуға  мүмкіндік  беретін  ауызша  сӛйлеуді  оқыту  болып 
табылады.  Әдіскерлер  ойын  әрекетінің  оқыту  құралы  ретіндегі  келесі 
белгілерін атап кӛрсетеді: ынталы болу, жеке тұлғалық терең әрекет, ұжымда 
және  ұжым  арқылы  оқыту  және  тәрбиелеу,  психикалық  қызметтер  мен 
қабілеттерді  дамыту,  қызықтырып  үйрету.  Ойын  үйретеді,  ӛзгертеді, 
тәрбиелейді [2, 37-40б.].   
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды 
сақтауға  байланысты,  яғни  олар:  оқушылар    әрекет  ететін  қиялдағы 
жағдайдың,  жоспардың  болуы  және    балалардың  ойын  нәтижесін,  ойын 
ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық кӛңіл кӛтеру емес, 
бұл  оқытудың  барлық  міндеттеріне  қол  жеткізудің  негізгі  тәсілі,  сондықтан 
ол  қандай  дағды  және  икемділікті  талап  ететіндігін,  баланың  нені  жасай 
біледі  және  ойын  барысында  неге  үйренгендігін    білу  қажет.  Ойын 
оқушылардың  ойлау  қабілетін  күшейту  қажеттілігін  алдына  қоюы  керек 
[3,56-58]. 
Рӛлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау,  сӛйлесу саласын кеңейтуге, 
білім  алушылар  пікір  айтуда  мазмұнды  жағына  назар  аударуға  мүмкіндік 
беретін  тиісті  дағдыларды  дамыту  және  машықтандыру  жаттығуларындағы 
тіл  материалдарын  алдын-ала  меңгеруді    болжайды.  Сабақта  жиі 
қолданылатын рӛлдік ойындардың түрін тӛмендегі кестеденкӛруге болады. 
1-кесте Рӛлдік ойын тҥрлері        
      Рӛлдік ойын түрлері 
Рӛлдік ойын қасиеттері 
1.Бақыланатын 
Оқушылар қажетті сӛздерді алады 
2.Белгіленген 
деңгейде 
бақыланатын 
Оқушылар  сюжеттің  жалпы  сипатын 
және ӛз рӛлдерінің сипатын алады 
  3.Еркін 
Оқушылар  қарым-қатынас  жағдайын 
алады 
  4.Эпизодтық 
Жекелеген эпизод ойналады 
  5.Ұзақ 
Ұзақ  уақыт  кезеңінде  эпизодтар 
сериясы  ойналады  (мысалы,  сынып 
ӛмірінен) 
         Бақыланатын рӛлдік ойын әлдеқайда қарапайым түр болып табылады 
және  диалог  немесе  мәтін  негізінде  құрылуы  мүмкін.Бірінші  жағдайда 
оқушылар базалық диалогпен танысады және оны ӛңдейді.Содан кейін олар 
мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды,сӛйлеу эпизоды нормаларын 
және қажетті лексиканы ӛңдейді. 

        Белгіленген шекте бақыланатын рӛлдік ойын әлдеқайда күрделі болып 
табылады,онда  қатысушылар  сюжеттің  жалпы  сипатын  және  ӛз  рӛлдерінің 
сипаттамасын  алады.  Мәселе  мынаған  негізделеді:  рӛлдік  мінез-құлық 
ерекшеліктері  тек  орындаушыға  ғана  белгілі  болады.  Қалған  қатысушылар 
олардың  әріптесі  қандай  мінез-құлық  кӛрсететіндігін  табу  маңызды  және 
ӛзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс. 
        Еркін  рӛлдік  ойынды    жүргізген  кезде  оқушылардың  ӛздері    қандай 
лексиканы  пайдаланғаны  дұрыс,әрекет  қалай  дамуы  тиіс  екендігін  шешу 
тиіс,мұғалім  рӛлдік  ойынның  тақырыбын  ғана  атайды,ал  содан  кейін 
оқушылардан  осы  тақырыптың  әртүрлі  аспектілерін  қозғайтын  әртүрлі 
жағдайларды құрастыруды сұрайды [4, 34-38б.]. 
        Ойын  ӛз  ӛзіне  сенімсіз,  ұялшақ  балаларға  сӛйлеу  арқылы  сенімсіздік 
кедергісін жоюға кӛмектеседі.Ойын арқылы оқушылар әңгімені бастау, оған 
ілесу,  қолдау,  әңгімелесушінің  сӛзін  бӛлу,  оның  ойымен  келісу   немесе 
келіспеу,  сұрақтар  қою  сияқты  қарым-  қатынас  элементтерін  меңгереді. 
Рӛлдік  ойын  шет  тілінің  әлеуметтік  қолдануына  сезімтал  болуды  үйретеді. 
Жақсы  әңгімелесуші  кӛбіне  тілдік  құрылымдарды  дұрыс  қолданатын  адам 
емес,  серіктестердің  түскен  жағдайын  талдап,  түсіне  алатын  және  бар 
мәліметтерді  ескере  отырып,  әрекеттесу  үшін  ең  қолайлы  лингвистикалық 
тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады. 
 
Жалпы  ойын  оқушылардың  танымдық  мүддесінің  қалыптасуына 
жағымды  әсер  етіп,  шетел  тілін  жақсы  игеруіне  әсерін  тигізеді.  Және  олар 
оқушының бойындағы дербестік, талапшылдық сияқты қасиеттерді дамытып, 
ұжымшылдық  сезімін  тәрбиелейді.  Рӛлдік  ойындарды  бастапқы  кезеңде  де, 
ілгерімді кезеңде де қолдануға болады.Онда вербельды және вербальды емес 
әдістер  арқылы  жасалған  жағдаяттар  қолданылады  (Мысалы:суреттер, 
графика, монологотік немесе диалогтік мәтіндер т.б.). Жағдаят әрекет ету 
шартын  бағыттап,  сипаттайды  және  шешілетін  мәселені  кӛрсетеді.  Берілген 
проблемалар  қарапайым  немесе  күрделі  болуы  мүмкін,  сондықтан 
әңгімелесушілердің коммуникативтік қарым қатынасы да тілдік формаларды 
қолдануына байланысты қарапайым немесе күрделі болып келеді. 
        Қорыта  келгенде,  қазіргі  заманда  оқушыларды  оқу  құралдарымен, 
басқа  да  құрал-жабдықтармен,  техникамен,  аппараттармен  таңғалдыра 
алмайсың.  Алайда,  балаларды  мұғалімдердің  кӛптен  бері  қолданып  жүрген 
ойын  әдісі  әрқашан  қызықтырады.  Ағылшын  тілі  сабақтарында  ойын 
түрлерін  пайдалану,  ӛте  тиімді  деп  санаймын.  Сабақтағы  ойынның  орны, 
оған  бӛлінетін  уақыт  мӛлшері  оқушының  білімінің  деңгейімен,  оқу 
материалының  жеңіл  не  қиындығымен,  сабақтың  мақсаты  мен 
мүмкіндіктеріне  байланысты.  Оқушылардың  белсенділігі  ойын  арқылы 
артады,  мұғалім  мен  оқушының,  оқушы  мен  оқушының  арасындағы 
психологиялық  кедергілер  жойылады.  Яғни,  ойында  бәрі  тең,  нәтижесінде 
ұялшақ,  жасқаншақ  оқушылар  оның  барысында  белсенді  серік  болуға 
мүмкіндік алады.  
 
 

Әдебиеттер тізімі: 
1 Қазақстан-2050 Стратегиясы; 
2 Макапова  Г.К. « Роль ролевых игр в обучении иностранному  языку»//Қазақстан 
мектептеріндегі шет тілі 6/2006.- 37-40 б. 
3  Мартыненко  Л.  С.  Ролевые  и  деловые  игры  на  уроках  английского  языка.–М., 
1997 .- 56-58 б. 
4  Жилкина  Д.Н.    «Ролевые  игры  на  уроках  английского  языка»//Иностранные 
языки в школе №1/2010.- 34-38  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет