Список литературы:
1 Послание Президента РК Н.А.Назарбаева, Астана, 2012.
2 Н. Ильина, Р. Нургалиева., Методика преподавания английскому языку, учебное
пособие., Астана ,2010.
3 Иностранные языки в школе / Республиканский методико-педагогический
журнал, 3(63) 2013.
4 Научно-методический журнал: Иностранные языки в школах Казахстана, 2(68)
2013.
Резюме
Мақалада ЖОО ағылшын тілін заманауи технологияларды қолдана отырып оқытудың
тиімді және маңызды екендігі жӛніндегі мәселе қарастырылған. Сонымен қатар, ағылшын
тілін заманауи технологияларымен оқыту тәжірибеде мысалдармен келтірілген.
Resume
This article discusses the problem of the effectiveness and potential of innovative technologies in
teaching English at the universities. Also examples from the experience of using innovative
technologies in teaching English are indicated.
ӘОЖ 378.02:37.016. (14.35.) 09
Сейілова А.Е.
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім мектебі, Арқалық, Қазақстан
ОҚУШЫЛАРҒА ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында
«Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына
тіреледі» - деп атап кӛрсетті.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін,
ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып
отыр. Бұл әдістер жалпыға ортақ қолданылып келеді, демек артық айтпаған болар.
Ӛйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолданып оқушыларға шетел тілдерін
оқыту арқылы танымдық қызығушылығын арттырып,білім сапасын кӛтеруде.
Тірек сөздер: инновациялық технологияларды, теориялық және практикалық
ұғым, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, дидактикалық негiздер,
белсенділікке жұмылдыру, интеллектуалды біліктілікті қалыптастыру.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел
дегеніміз-белсенді,білімді және денсаулығы мықты азаматтар.Мен 2050
жылғы қазақстандықтар-үш тілде сӛйлейтін білімді, еркін адамдардың
қоғамы екеніне толық сенімдімін. Мектеп түлектері қазақ,орыс,ағылшын
тілдерін білуге тиіс деп Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев атап
кӛрсеткендей бiлiм беру жүйесiн жаңаша ӛркендетiп оқушыларға шетел
тілдерін оқыту арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.
«Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін
арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, ӛзгеше ӛткізу үшін, әр пән бойынша кӛптеген
жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта
- ықыласының, құштарлығының ерекше кӛрінісі. Мысалы: мұғалімнің
баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып
тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, ӛздігінен кітап оқуы,
бақылау, тәжірибе жасау, жазу сияқты жұмыстар істеуі керек. Ӛйткені
ӛтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары
мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың
белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу
жұмыстарында, бір сӛзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым
толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - ӛрісінің күрделі үрдісі».
Танымдық
белсенділік
кӛп
түрлі
тұлғалық
қатынастардың
қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым
саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және
қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен
бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің ӛзінің даму деңгейінен
белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру
әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты
жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық
тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге
деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін
шешуде айқын кӛрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы кӛріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін
қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы
да мүмкін.Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады.Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен
мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға
тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және
күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.
Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек
етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне
қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сӛйлеу,
ойлау, таным, ӛзін - ӛзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б.
белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау
қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Қазіргі таңда шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы
ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуда, яғни шет
тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық
коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді.Осы тұрғыдан қарағанда шетел
тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру
бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Коммуникативті
біліктілік дегеніміз: шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік
бірліктерді қолдана білетін, яғни сӛз әрекетінен сӛйлеу түрін жоғары
деңгейде кӛрінетін, шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасай алатын
адамның тілге деген қабілеттілігі. Коммуникативті біліктілік белгілі бір
тілдік
ортада
және
арнайы
ұйымдастырылған
оқу
үрдісінде
қалыптасады.Білім беруші ұстаздардың бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ел
азаматтарының бойына ең алдымен ана тілі, екіншіден шет тілдерін
дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, әр баланың
табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан
жақты дамыту міндеті тұр.Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып,оқытудың
жаңа технологиясы,яғни инновациялық оқыту технологиялары пайда болды.
Инновация термині ағылшын тілінің «Innovation» деген сӛзінен шыққан,
аудармасы «жаңашылдықты енгізу». Қазіргі таңда жаңа педагогикалық
технологиялар ӛте кӛп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында пайдалану
ұстаздың шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін
оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.
Ондағы мақсат оқушылардың ӛз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей,
ӛз ара тіл табысып, сындарлы ойлауға,талдау жасай алу қабілетін жетілдіру,
пікір алмасуға үйрету. Оқытуды Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
ретінде сындарлы оқытуды пайдалану. Орта білім беру жүйесінде әлемдік
жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері
арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуда негізделген тәсіл кең
тараған (Hattie, 2009) [1, 9б.].
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін
дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға
нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің ӛз сабақтарын оқушының
идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыруын талап етеді.Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған
тақырып бойынша білімдерін ӛз деңгейінде кӛрсетіп,кейбір болжамдар
бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-кӛзқарастарын нақтылап,
жаңа ұғым-түсініктерін ӛрістетуге орайластырылып құрылады. Шет тілін
оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру барысында
сыныптағы диалогтің маңыздылығы зор. Мерсер мен Литлтон (2007) ӛз
еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен
қатар, олардың білім деңгейінің ӛсуіне үлес қосатындығын атап кӛрсетеді.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады
деп жорамалдайды.Сондықтан, шет тілі сабақтарында оқушылардың білім
деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау кӛрсетуде мұғалімнің рӛлі ерекше [2,
39]. Сабақ ӛту барысында оқушылардың ауызекі сӛйлеуін дамыту
мақсатында диалогті оқытудың маңызы зор.Оқушылар диалог құру арқылы
ӛз ойларын еркін жеткізе білуге тырысады. Диалог құру барысында
оқушылар ӛзінің сыныптастарымен және мұғаліммен тығыз байланыста
болады. Барнс (1971) атап кӛрсеткендей сыныпта тіл қаншалықты
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.
Инновациялық технологияның, білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан
теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский «Бала табиғаты кӛрнекілікті қажет етеді», -
деген болатын. Шет тілі сабақтарында дәстүрлі оқу құралдарымен қатар
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану зор
қызмет
атқарады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
оқушыларға
ғылыми
ұғымдарды
түсіндіруді
және
олардың
қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде
кӛмектесетін маңызды кӛрнекі құрал болып отыр [3, 61б.].
Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттыруда АКТ ның пайдасы зор.Білім беру ісінде инновациялық
технологияларды оқытудың дифференциалдық және жеке адамға
бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім
сабақта әрбір оқушыға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға
қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере
алады.
Инновациялық
білім
әлемдік
талаптарды
жүзеге
асыра
отырып,оқушыларға біртіндеп дүние жүзілік біріңғай ақпараттық кеңістікке
кіру мүмкіндігін береді. Инновациялық технологияларды қолдану ӛздігінен
сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, оқу үдерісін жүргізуді қызықты
етеді,шығармашылық жағынан кәсіби дағдыларды қалыптастырып жаңа
мүмкіндіктер туғызады. Компьютер және желі мүмкіндіктері мен мұғалім
білімін біріктіре алатын мультимедиалық жүйелерді пайдалану арқылы
электрондық оқулықтар жасауға болады. Олар сабақты бұрынғыдан гӛрі
кӛрнекі, қызықты түрде ӛткізіп, оқушыларға жаңаша мәлімет беруге жағдай
туғызады. Қазіргі заман талабына сай білім беру мақсатында электронды
оқулықтар кеңінен қолданылады. Электрондық оқулықтың ішінде
оқушыларды қызықтыратын бейнефильмдер дыбыстық үлгідегі мәтіндер,
грамматикалық және лексикалық тапсырмалар болғандықтан, оның берер
мәліметі де толығырақ болады. Мұндай оқу құралы оқушыларды
қызықтырып, сол пәнді ары қарай тереңдетіп оқуға итермелейтіні сӛзсіз,
әрине білім деңгейіне тигізер әсері мол. Инновациялық технологиялармен
жұмыс істеу кезінде оқушылар танымдық әрекеттерге араласа алады.
Осындай мәселе барысында білім алып, оны іс жүзінде қолданып қана
қоймай, қосымша мәлімет кӛздері мен қажетті деген құралдарын да ӛздері
таңдап ала алады. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары тіл
тасушыларды тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктер береді,
кез келген білім алушылар үшін жақсы кӛмекші болып табылады. Компьютер
білім алушының тілдік және сӛйлеу материалымен жаттықтыру құралы
болып табылады. Олар: Сӛздікті үйренуге арналған жаттығулар. Сұраққа
жауап беру. Еркін құрастырылған диалог.Бос орынды толтыруға арналған
жаттығулар. Сәйкесін табу.
Сонымен
қатар
Ақпараттық
технологияны
оқыту
үрдісінде
қолданылатын жаңа түрдегі құрал- интерактивті тақта болып табылады.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде сабақ барысында
ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақтаны қолдану. Біздің
мектепте пәндер бойынша интерактивті тақта қолданылады. Интерактивті
тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы. Интерактивті тақта мен
электрондық оқулықтың әсіресе тіл үйренуде тиімді және бір уақытта
оқып,тыңдап үйренуге ыңғайлы. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім бір
мезетте мәтіндік, аудио, бейне материалдарды және желі ресурстарын
қолдана алады. Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға
ақпаратты тиімді жеткізуге кӛмектеседі. Оқушылар ӛздігінен іздену
жұмыстарымен айналысады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу
оқушылардың кӛзбен кӛріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға
баулыйтын дидактикалық және электрондық құбылыс.
Әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012.- 6,39, 61 б.
2 «Мектептегі шет тілі» - «Иностранный язык в школе» №3/2011.-17 б.
3 «Иностранный язык в школе» №1/2010.-14 б.
4 Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранному языку. Москва,
2000г.
5 «Мектептегі шет тілі» - «Иностранный язык в школе» №6/2010.- 4 б.
Резюме
В данной статье рассматривается формирование познавательного интереса учеников к
языкам.Познавательный интерес–избирательная направленность личности на предметы и
явления окружающие действительность. Эта на правленность характеризуется
постоянным стремлением к познанию, к новым, более полным и глубоким знаниям.
Resume
This article deals with the formation of pulps‘ cognitive interests to foreign languages. Cognitive
interest - selective focus on individual objects and phenomena of the surrounding reality. This
orientation is characterized by a constant quest for knowledge, to new, more complete and in-
depth knowledge.
ӘОЖ 373.2.02. 016.09
Кішібаева Д.Ж.- п.ғ.к., доцент, Жаздықбаева М.Б.- п.ғ.к., доцент
Орман М.М.-магистрант
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЕРТЕГІЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Мектепке дейінгі кезең - бала тілінің дамуының маңызды кезеңі болып табылады.
Осы уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда
ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдістері қолданылып келді. Бұл мақалада
мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуындағы ерекшеліктер сӛз болады. Және ересек,
даярлық топ балаларының тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың ұтымды амал-
тәсілдері қарастырылады. Оларды сабақ үлгісін жасағанда пайдалануға болады.
Тірек сөздер: Бала, тіл дамыту, ертегі, мектепке дейінгі кезең, білім беру, тәрбие,
оқыту, тәрбиеші, әдіс-тәсіл, байланыстырып сӛйлеу тілі, кӛркем тіл.
Сапалалы білім беру басты міндет болып тұрған бүгінгі таңда
балабақшаларда баланың толыққанды ӛсіп-жетілуіне ерекше кӛңіл бӛліне
бастағаны
белгілі.
Қазақстан
Республикасының
президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында негізгі бағыттардың бірі
ретінде білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің негізгі
бағдары деп кӛрсетілген. Онда «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Және «қазіргі әлемде
жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи ӛндірістерде
жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ
балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор кӛңіл бӛлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға
бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп баса айтылған. «Бүкіл
әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне
кӛшу керек» делінген[1]. Яғни, балабақшаларда білім беру дәстүрлі ескі
үрдістен арылып, баланың ерте дамып-жетілуіне ықпал ететін оқытудың
жаңа әдістерін пайдалануды жүзеге асыру қажет.
Сондай-ақ елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін
тӛмендету жӛніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі
білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етуді кӛздеген
Елбасының «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты
міндеттерінің бірі «2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру
ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету және
мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді
және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру»[2]. Бұдан
мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісіне қойылатын талаптың артып
отырғандығын аңғаруға болады.
Осы уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен
оқытуда ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері қолданылып
келді. Яғни тәрбиешілер ертегі мәтінін оқып немесе баяндап береді. Ал
баланың ӛзіне түсінгенін айтқызу немесе кейіпкерлердің рӛлін сомдау
арқылы еркін сӛйлеуге дағдыландыру немесе сӛздік қорын дамытуға ықпал
жасау – бұл ертегіні оқытудың ең жетілген әдісі болды. Және белгілі
ертегілердің сарыны бойынша мульфильмдер, кинофильмдер кӛрсету де әлі
күнге балабақшаларда кеңінен қолданылады. Мұның барлығы баланың еркін
қиялдауы мен кең ойлауы үшін жеткіліксіз екені айдан анық.
Мектепке дейінгі кезең бала тілінің дамуының маңызды кезеңі болып
табылады. Ӛзінің дамуы барысында баланың тілі олардың іс-әрекеті мен
қарым-қатынасының сипатына тығыз байланысты болады. Тіл бірнеше
бағытта дамиды: адамдармен қарым-қатынас жасағанда тілдің тәжірибеде
қолданылуы жетіледі, оған қоса тіл психикалық процестерді қайта құруға
негіз болады және ойлау құралына айналады.
Мектепке дейінгі ересек топтың балаларында тіл жоғары дәрежеде
дами бастайды, сӛздік қоры едәуір молаяды, қарапайым жай сӛйлемдер мен
күрделі сӛйлемдердің ара салмағы артады; балалар грамматикалық
қателіктерге сын кӛзбен қарай бастайды, сӛздерді орынды қолдана білуге
әдеттенеді. Тілдің дамуы қоршаған ортаны танумен, жалпы жеке тұлғаның
дамуымен тығыз байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі ересек және
даярлық топ балаларының тілінің дамуы жалпылама сӛздер мен бағыныңқы
бӛлімі бар сӛйлемдердің санының артуымен ерекшеленеді. Бұл балаларда кең
ойлау дағдысының дами бастағандығын дәлелдейді. Балалардың тіл
дамуындағы мұндай жетістіктердің маңызы зор. Алайда тек фонетика,
лексика, грамматикаға тән тіл ерекшеліктерінің қалыптасуы туралы ғана
емес, сондай-ақ дұрыс, анық, бейнелі сӛйлеу сияқты байланыстырып сӛйлеу
тілінің дамуына да кӛңіл бӛлу қажет.
Психологтар мен педагогтардың (Л.С. Выготский, В.В. Давыдов. Н.Н.
Подъддяков, С.Л. Рубинштейн, Ф.А. Сохин, Д.Б. Эльконин және басқалар)
зерттеулерінде мектепке дейінгі балаларда саналы түрде түсіну қабілеті
дамитындығы, оны шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мағынасын
түсінуінен, кӛркемдік ерекшелігін аңғару қабілетінен байқауға болатындығы
айтылған. Яғни балаларда тілдің кӛркемдігін түсіну қабіледті дамиды.
А.М. Бородич, Н.В. Гавриш, В.В. Гербова, О.С. Ушакова, Е.М.
Струнина, Е.В. Савушкина баланың кӛркем тілінің қалыптасуы
байланыстырып сӛйлеу тілінің дамуында зор маңызы бар екендігін дәлелдеді.
Балалар әдеби шығармаларды анағұрлым терең түсінуге, оның кӛркемдік
ерекшеліктерін бағалауға қабілетті, сондықтан да кӛркем тілді қалыптастыру
дәл осы жаста мүмкін болып табылады.
Баланың миының таза, ақпаратты қабылдау қабілеті жоғары мектепке
дейінгі жасында бар мүмкіндікті пайдаланып, іргетасты мықтап қалау
керектігін ескерген жӛн. Ол үшін балабақша тәрбиешілері үшін сабақты
ӛтудің жаңаша әдіс-тәсілдерін жасау уақыт күттірмейтін маңызды мәселе деп
білеміз.
Ертегілер балалардың қиялдау, ойлау қабілеттерін, тіркестіріп сӛйлеу
шығармашылығын
және
жақсы
сезімдерін
тәрбиелеуде
толық
пайдаланылмай жүр.
Теледидар арналарынан үздіксіз кӛрсетіліп жатқан шетелдік
мультфильмдердің, компьютер ойындарының салдарынан ертегі аз оқылатын
болды. Теледидар мен компьютер кітаппен «жекпе-жекте» ешбір
қиындықсыз жеңімпаз болып шыға келді: теледидар мен компьютерден
қызылды-жасылды дайын дүниені кӛру оңай, әрі қызықты. Ақпараттық
технология дамыған заманда ертегілерді тәрбие құралы ретінде пайдалану
қарқыны біраз бәсеңсіп қалғандай.
Ауызша байланыстырып сӛйлеу тілін қалыптастыру мектепке дейінгі
балалардың лингвистикалық тұрғыдан дамуының негізін құрайды.
Балалардың мектептегі оқу жетістігі кӛбінесе олардың байланыстырып
сӛйлеу тілін меңгеру деңгейіне байланысты болады. Мәтіндік оқу
материалдарын дәл қабылдау және елестету, сұрақтарға толық жауап беру,
ой-пікірін ӛзінше баяндай алу сияқты және басқа да оқу әрекеттері
байланыстырып сӛйлеу (диалог және монолог түріндегі) тілінің дамуын
талап етеді.
Біз ертегі материалына дәстүрлі түрде қарауға үйреніп қалғанбыз. Яғни
қаншама жылдар осыған байланысты стереотиптер қалыптасқан: түлкі үнемі
қу, қасқыр аңқау, т.б. Балабақша тәрбиешілері ертегіні оқытуда негізгі
міндеттердің бірі баланы шығарманың мазмұнымен таныстыру, мәтіннің
негізгі идеясы туралы әңгімелеу, драмалау, сахналау ғана деп біледі. Мұның
барлығы ертегімен жұмыс жасаудың дәстүрлі бағыты.
Ал балаларды әңгімелеу барысын шығармашылық тұрғыда
түрлендіруге, ертегінің аяқталуын әртүрлі ойластыруға, мүлдем күтпеген
оқиғаларды енгізуге, бірнеше сюжетті араластыруға және т.б. үйрету бүгінгі
күннің талабы.
Ертегіге мұндай тұрғыдан келу тәрбиешіге де, балаға да пайдалы.
Ертегіде не жақсы, не жаман немесе қаһарман несімен жақсы, несімен
жағымсыз, жағымсыз болса, қай тұста ӛзгерсе игі, жақсылық қай кезде
салтанат құрса жақсы, жамандық жазаланса (алайда қатыгездік, адамдыққа
жат нәрселер айтылмауы тиіс), деген сияқты мәселелер қозғалып, оның
негізінде барлық нәрсені жақсартуға, жетілдіруге болады, адамдардың игілігі
үшін ӛзгертуге болады дегенге саятын қағидалар бала үшін шығармашылық
ұран болуы керек.
Балаларды салыстырып ойлауға үйрету, бұл былай немесе бұлай емес
дегенді дәлелдеу әдетін қалыптастыру, баланы жағымды немесе жағымсыз
кейіпкердің орнына қойып, сол арқылы ӛз ұстанымын таңдау мүмкіндігін
беру, кейіпкерлер үшін мазасыздануға жетелеп, баланың ӛз сезімдері мен
дене қозғалысын үйлесімде ұстауына жаттықтыруға болады.
Баланың қиялы мен ойлауының шынайы ӛмір мен қиялды айыра
білуіне кӛмектесетіндей дәрежеде дамуына ерекше мән беру қажет. Қиялдау
мектеп жасына дейінгі балалар үшін ӛте пайдалы: ол оның ӛмірін жеке-
шығармашылыққа толы етеді, қайталанбастай ерекше әсерлерге жетелейді.
Ертегінің, кӛркем шығармалардың ауызша сӛйлеудің дұрыс
қалыптасуындағы рӛлін жоққа шығару қиын. Егер қарапайым тілмен
жеткізсек, мәтіндер сӛздік қорын кеңейтеді, диалогтарды дұрыс құруына,
байланыстырып сӛйлеу тілінің дамуына әсер етеді. Алайда осы айтылған
міндеттерден ӛзге ауызша және жазбаша сӛйлеуді эмоционалды, бейнелі
етудің де маңызы зор.
Психлогтардың пікірі бойынша мәселеге орай сауатты сұрақ құрай
білуі мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс даму кӛрсеткіштерінің бірі
болып табылады екен. Әрине бала онсыз да күні бойы тынымсыз сұрақ
қоюмен болады. Алайда олар үшін ертегіге, оның кейіпкерлеріне қатысты
ұтымды сұрақ қою анағұрлым қиынға соғады.
Лингвистикалық білімнің элементтері ерте жастан қалыптасатындығы
белгілі. Сол себепті де баланы ауызша сӛйлеу дағдыларына үйрету ғана
маңызды емес, оларға жазбаша қарым-қатынас жасау жанрында ашылып
жатқан жаңа мүмкіндіктерді де кӛрсету маңызды. Л.Б. Фесюкованың пікірі
бойынша мұндай қарым-қатынастың ең қарапайым түрлері жеделхаттар
(қысқа мәтінді жазбалар, хаттар) болып табылады. Яғни ертегілердің, кӛркем
шығармалардың сүйікті қаһармандарына жолдауға арналған хаттар. Қайсы
кейіпкерге жеделхат жолдаған дұрыс, қайсысына хат жазған пайдалы
екендігін анықтап, балалармен бірге хаттың мазмұнын құрастырады. Бала
айтып отырады, тәрбиеші жазып отырады, содан кейін жазылғанды бірге
оқып, талқылап, түзетіп, жетілдіруге болады. Бала осылайша ауызша және
жазбаша тілдің ерекшеліктерін меңгереді[3].
Осы уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі балалар үшін
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасын түсінуі қиын
деп есептеліп келген. Алайда О.С.Ушаковтың зерттеулері ол пікірдің дұрыс
еместігін дәлелдеп берді [4]. Балаларға кӛмектесу үшін, яғни ертегілердің
мағынасын түсіндіру үшін шығармаға қажетті фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдерді таңдап алып, балалармен бірге олардың әрқайсысының
мағынасын талқылаудың маңызы зор, сол арқылы балаларға мақал-
мәтелдерді есте сақтауына кӛмектесіп, оларды керекті жерде қолдануға
үйрету қажет.
Л.Б. Фесюкованың пікірі бойынша балаларды әрбір сӛзге ұқыпты
болуға дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін ертегілермен жұмыс
жасағанда келесідей амалдарды қолдануға болады:
- әдемі, жағымды, таңғажайып, кӛңілсіз сӛздерді табу;
- ұзақ әрі күлкілі сӛздер құрау;
- жазылуы бір, мағыналары әртүрлі сӛздерді талдау. Сӛздердің контексте
қолданылу ерекшелігіне мән беру;
- сӛздің этимологиясын түсіндіру[3].
Ойлауды, тілді, қиялды дамытудың келесідей әдісі – «Мәселе
тудыратын сұрақтар». Балаларға дәстүрлі түрде ертегінің мәтіні бойынша
кӛп сұрақтар беріледі. Олар ӛте қарапайым деңгейде құрылады. Алайда
ойлану мен ізденуді қажет ететін сұрақтар (неліктен, не үшін, қалайша т.б.)
берген анағұрлым пайдалы болмақ.
Ертегілердің баланың танымдық процестерін дамытудағы рӛлі зор
болып табылады. Ертегі арқылы мектепке дейінгі бала дамуындағы
келеңсіздіктерді түзетуге болады. Ертегілер арқылы баланың байланыстырып
сӛйлеу деңгейін арттыруға болады.
Енді бала ертегіні жақсы меңгеруі үшін, сол арқылы сӛздік қоры толыса
түсуі үшін, жүйрік ойлауға дағдылануы үшін сабақта қолдануға болатын
амалдарды қарастырып кӛрсек.
Оқыту үдерісінде қолданылатын сұрақтардың мазмұны мақсаты
бойынша алуан түрлі болуы қажет. Кейбір сұрақтар ертегі кейіпкерлерін
анығырақ сипаттап беруіне кӛмектесуі мүмкін. Сұрақ бере отырып, тәрбиеші
сәйкес эпизодты есіне түсіре алады, ондағы жеке сӛздерге, кейіпкердің әс-
әрекетіне назар аударта алады. Мәселен «Тіл дамыту» әдістемелік құралында
мектеп алды даярлық топтарында ӛтуге болады деп ұсынылған «Күшік пен
мысық» ертегісін алсақ: Тәрбиеші ертегідегі күшіктің аңқау, мақтаншақ,
жалқау сияқты қасиеттерін балалардың айтып беруі үшін сол қасиеттері
кӛрінетін эпизодтарды балалардың есіне түсіруі қажет.
Енді бір сұрақтар шығарманың негізгі идеясын сезінуіне кӛмектесуі
керек. Балаларға ертегінің ұнаған, ұнамағандығын, ұнаса әсіресе несімен
ұнағандығын анықтап алып педагог ертегінің ӛнегелі тұсын кӛтеріңкі
дауыспен айтып береді. «Сонымен, әліне қарамай, мақтанға салынып,
ойланбай жасаған әрекеттің соңы немен аяқталады, балалар?» Балалар оның
арты жаман болады деп жауап береді. Тәрбиеші ертегінің әр кейіпкері туралы
айтып әңгімелеп беруді ұсынады. Содан кейін тәрбиеші ертегінің соңында
айтылған мақтанға еріп, әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созба деген
ғибратты сӛзді балалардың есте сақтауына ықпал жасайды.
Сондай-ақ бала ертегі жанрының ерекшеліктерін жақсы сезінуі үшін
оларға «бұл шығарма неліктен ертегі деп аталады» және «шығармада ертегіге
тән қандай белгілер бар» деген сияқты сұрақ қоюға болады.
Ертегіге қатысты кәсіби суретшілер салған сапалы суреттерді
кӛрнекілік ретінде пайдаланып, жұмыс жасаудың маңызы ерекше. Бұл
кейіпкерлердің сыртқы кӛрінісін балалардың есте сақтауына кӛмектеседі.
Балалардан «егер сен жазушы» болсаң, ертегіні қалай баяндар едің?»
деп сұрауға болады. Балалардың әңгімесін тыңдап, тәрбиеші балаға жәрдем
беретін сұрақтар қояды. Мәселен, сенің «Күн астындағы Күнікей қызың»
қалай киінген, кӛзі қандай, аузы қандай? Немесе «жалмауыз кемпірдің
кӛздері қандай?». «Ол сондай қорқынышты болса, неге оны батыр бірден
танымайды?» деген сияқты.
Сабақтан бос уақытта балаларға ертегі сюжеті бойынша сурет
салғызудың пайдасы зор. Ӛздерінің салған суреттері бойынша да ертегіні
қайталап әңгімелетуге болады. Бұл ертегідегі сӛздер мен сӛз тіркестерінің
баланың ойында беки түсуіне септігін тигізеді. Байланыстырып сӛйлеу тілін
жетілдіреді.
Балаларға ертегіден үзінділер айтқызудың пайдасы орасан. Ертегіні
бұлайша қайталау арқылы бала шығарманың кӛркемдік қасиетін тереңірек
сезінеді.
Тәрбиеші балаларға ертегінің ең күлкілі, ең кӛңілсіз тұсын, ең
қорқынышты эпизодын естеріне түсіруді тапсыруы қажет.
Тәрбиешінің ертегіні ары қарай қалай жалғастырар едің немесе қалай
аяқталғанын қалайсың деп сұрауының да мәні зор. Дәл осы кезде балада
нағыз шығармашылық жұмыс жүреді. Осылайша кімнің әңгімесі тартымды,
қызықты болды деген сайыс ұйымдастыруға да болады.
Ертегіні драмалаудың да маңызы зор. Алайда бүгінгі таңда ол кеңінен
қолданыс тапқан әдіс деп білеміз. Драмалау кезінде әсіресе, кейіпкерлердің
сӛзін кӛркемдегіш құралдарды пайдаланып айтып беруін қадағалау керек.
Жоғарыда айтқан, «Күшік пен мысық» ертегісінде күшік қасқырды былайша
сипаттайды: «сенің кӛзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жылмиған,
аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына
қыстырылып, жас шыбықтай майысқан». Яғни, қайсыбір ертегі болмасын,
ондағы кӛркем тіркестерді қалт жібермей, балалардың оларды меңгеруін
қадағалау қажет.
Және ертегімен жақсы танысып, меңгеріп алғаннан кейін ондағы
кейіпкерлердің қасиеттерін бір-біріне ауыстырып, балаларды шатастыруға
әрекет жасау тәсілінің де берері мол. Мәселен, мыстан қайырымды, батыр
қорқақ т.б. Балалар бұл кезде ӛз уәждерін айтуға, қате пікірді түзеуге
дағдыланады. Немесе ертегіге мазмұнына қарай басқаша тақырып қою,
сюжеттерінің орындарын ауыстыру сияқты ойындар ұйымдастыруға да
болады.
Тағы бір тәсіл, ол ертегілердегі кейіпкерлерді бір-бірімен салыстыру.
Мысалы, түлкі кездесетін ертегілермен таныстырып болғаннан кейін, «қай
ертегіде түлкі қандай сипатта кӛрінеді?», «сендерге қай түлкі ұнады, қайсысы
ұнамады?», «неліктен?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларды әңгімеге
тарту.
Тәрбиешілер осылайша шығармашылық шеберліктерін мүмкіндігішше
мол пайдаланып, оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданса, бала тілінің, ақыл-
ойының ерте әрі дұрыс жетілуіне зор үлес қосқан болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |