Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет41/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52

 
 
 
 
 
Л. Юсупова 
 
ШƏКƏРІМ ЖƏНЕ ТОЛСТОЙ 
 
 
Қазақ 
ақын-жазушыларының 
арасында  
Л.  Н.  Толстойды    өзіне  ұстаз  тұтқан  алғашқы- 
лардың  бірі – Шəкəрім  орыс  классигінің  ал- 
 
 
ғашқы  оқырманы    жəне  оны  өз    қандастарына  
танытушы,  оған  өз  туындысын  арнаушы  бол- 
ғаны  белгілі.  Шəкəрім  Пушкин    шығармалары- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
265
мен  қатар,  Толстойдың  да  үш  шығармасы  мен 
Қытай елінің  өмірінен алынған үш  шығарманы 
1924  жылы  аударып, «Алты  əңгіме»  топта- 
масына енгізген.  
Əңгімелерде  адамның  мінез-құлқы  мен  іс-
əрекеттері  жəне  өмірдегі  орны  туралы  сөз 
болады.  Бұл  шығармаларында  да  Шəкəрім 
дəлме-дəл  аударуға  емес,  Толстой  шығармасы- 
ның  негізгі  мұратын  жеткізуге  ұмтылады.     
Шəкəрім  үшін  Толстой  шығармасының  тереңде 
жатқан жасырын идеясы өте маңызды, ақын сол 
идеяны,  орыс  жазушысының  айтпақ  болған 
ойын əрбір адамның санасына жеткізгісі келеді. 
Əлем  əдебиеті  классиктерінің  тікелей 
ықпал-əсерін түйсіне отырып, Шəкəрім олардың 
көркемдік  тəжірибесінен  үлгі  алды,  бірақ 
қазақтың  ұлттық  дəстүрлерінен  ешқашан  қол 
үзбеді.   
Топтамаға  өзі  өмір  бойы  пір  тұтып,  ұстаз 
санап  өткен  орыс  жазушысы  Л.Н.Толстойдың 
«Асархидон—Лаэли», «Үш  сауал», «Криз 
патша» əңгімелері мен шығыстағы Қытай елінің 
өмірінен  алынған  «Ұждан», «Пан-Жи-Зан-хан», 
«Қолшатыр бұйрығы» атты əңгімелерді енгізген. 
 «Царь  Криз»  атты  əңгімені  немесе  сюжеті 
осы  əңгімеге  ұқсас  шығарманы  Л.Толстойдан 
кездестіре  алмадық,бірақ  Шəкəрімде  əңгіме 
атауынан  кейін  «Толстойдан»  алынған  деген 
түсініктеме  беріледі.Осы  жəне  т.б.  əңгімелерді 
Шəкəрім  Толстой  шығармаларының  желісі 
бойынша  жазған  тəрізді,  ал  өз  кезегінде  бұл 
шығармаларының  арқауын  Толстой  шығыс 
ертегілері  мен  аңыздарынан  алған.  Аталмыш 
əңгімелерде  мораль,  ар-ұждан  сияқты  жалпы 
адамгершілік мəселелері сөз болады. 
Автордың бұлайша топтауының басты сыры 
бізге  беймəлім  болғанмен  де,  аталмыш  əңгіме- 
лердің  сюжет,  идеяларымен  таныса  келе  бұл 
тұрғыда белгілі дəрежеде болжалды ой түюге де 
болатын  секілді. «Алты  əңгіме»  топтамасына 
енген  шығармалардың  барлығының  тақырыбы 
—  адамгершілік,  адалдық,  қанағат  пен  ынсап, 
ар-ұят,  ұждан  мəселелері.  Атап  айтқанда, 
«Асархидон — Лаэли»  əңгімесінде  қарсыласы 
Лаэлидің  əскерін  қырып,  енді  өзін  қалайша 
азаптап  өлтірсем  деген  Ассирия  патшасы 
Асархидон  да,  өлеңмен  аударылған  «Криз 
патша»  да  бір  кезде  өзінің  сұлулығын,  құдірет- 
тілігін айтып мақтана беретін, бірақ басына күн 
туғанда  сол  қасиеттерінен  қайыр  көрмей, 
данышпан  Салонның  ақылды  сөздерінің  ар- 
қасында ғана ажалдан аман қалатын Криз патша 
да  түптің  түбінде  адамға  ең  қажетті  байлық 
əділдік  пен  адалдық,  қара  күш  емес  ойлы  ақыл 
екендігін  ұғады. «Үш  сауал»  əңгімесінде  де 
тақта  отырып  түсіне  алмаған  имандылық 
қағидаларының  сырын  қарапайым  күн  кешкен 
ақылды  тақуамен  өткізген  аз  уақыт  ішінде 
ұғынған патшаның жүгінетіні де осылар.
 
 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басын- 
да  əлемдік  философиялық-эстетикалық  ой-
танымда  өзіндік  орны  болған  ойшылдар  қата- 
рында Шəкəрім Құдайбердіұлы мен Лев Толстой 
есімдері  қатар  аталады.  Екі  суреткердің  де 
еңбектері  мен  шығармалары  адамзаттың    көр- 
кемдік,  эстетикалық,  философиялық  құндылық- 
тары  қатарында  саналады.  Ол  əлем  əдебиеті 
классиктерінен  Хафиз,  А.С.Пушкин,  Бичер-
Cтоу,  Л.Толстой  т.б.  шығармаларын  қазақ  ті- 
лінде сөйлеткен. Бір ерекшелігі Шəкəрім шығыс 
жəне  батыс  даналарының  ішінен  Толстойды 
бөлекше  қарастырып,  өзінің  ұстазы  ретінде 
қабылдаған: 
Танбаймын, шəкіртімін Толстойдың, 
Алдампаз, арам сопы кəрі қойдың. 
Жанымен сүйді əділет, ардың жолын, 
Сондықтан ол иесі терең ойдың [1,64] 
Қазақ  ақыны,  дана  ойшылы  Шəкəрімнің 
Толстойды  ұстаз  тұтуы  жалаң  үйрену  мағы- 
насында қабылданбауы керек, керісінше даналар 
үндестігі  ретінде  қабылдануы  қажет.  Өйткені, 
Шəкəрім  Л.Толстойға  тұлға  ретінде  құрметпен 
қараған  жəне  оның  дүниетанымымен  өзінің 
көзқарасы  көп  мəселеде  үндес  келетінін  де 
жасырмаған.  Мəселен,  Толстой  «ардың  жолын»  
таңдаған, «əділетті» сүйген, «терең ойдың» иесі 
екенін  атап  өтеді.  Шəкəрім  көп  жыл  ізденіп 
жазған  «Үш  анық»  атты  еңбегінде  «ар  ілімін» 
терең 
қарастырып, «ынсап,əділет,мейірім»  
ұғымдары  арқылы  «ұждан»  мəселесін  көтереді. 
Осы  тұрғыдан  келгенде  Толстой  танымының  өз 
көзқарасымен  түйісер  жерін  де  байқайды.  Тіпті 
оны  бар  халыққа  ортақ,  білім  иесі  деген  пікір 
түйеді. 
Танымдық тұрғыдан  салыстыра  зерттегенде 
екі  суреткердің  əсіресе  эстетикалық  көзқара- 
сында  көп  үндестік  барын  байқауға  болады. 
Дүниенің,  болмыстың,  адамзат  қоғамының  бо- 
лашағы  туралы  ой-толғамдары  жинақталған 
еңбектері мен шығармаларын салыстыра зерттеу 
сондықтан да аса өзекті мəселе. 
Əлем  əдебиеті  классиктерінің  туындыла- 
рын  ұлттық  тілге  тəржімелеу  дəстүрі  Шəкəрім 
Құдайбердіұлы  шығармаларының  елеулі  бір 
саласы  болып  табылады.Оны  тек  қана  көркем- 
дік  тəржімелеулері  ғана  емес,  сонымен  қатар 
Шəкəрімнің  бұл  бағыттағы  теориялық  естелік-
зерттеулері  де  айғақтайды.  Солардың  біреуін 
келтірейік: 
«-Ақын, жазушы өзінің жазған тума шығар- 
масына жауаптылықпен қарау қажеттілігі сөзсіз. 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
266
Ал  өте  жауапты  нəрсе-біреудің  шығармасын 
аудару. Бұған өте шеберлік керек. 
Шығарманы  аударушы  адам,  сол  шығар- 
маның  барлық  мазмұнын  түсіндірумен  қатар, 
жазушының  нəзік  сезімін,  шеберлігін,  шығар- 
маның  қандай  күйде,  қандай  рухта  жазылғанын 
жақсы  білу  керек.  Демек:  аудармашы  сол 
аударманың  авторынан  ой-санасы,  сезімі  төмен 
болса,  онда  аударма  дəл  болып  шықпайды. 
Шығарма аударылғанда рухынан айырып қалса, 
онда  аудармашының  жазушыға  қиянат  істегені 
болады.» [2,40 ]. 
Көркем  аударма  саласында  Шəкəрімнің 
теориялық  əрі  іс  жүзінде  өзіндік  дағды  қалып- 
тастыруы - шын  мəніндегі  аударма  жасауға 
мүмкіндік  туғызды.  Сондықтан,  аталмыш  пікір- 
дің Шəкəрімге тиесілі болуы дау тудырмайды. 
Ал Шəкəрімнің Толстойдың дəл осы шығар- 
маларын таңдауы жөнінде көркем аударма сала- 
сының  теоретик  əрі  практик  маманы  Н.Сағын- 
дықова  былай  дейді: «Переводчик  должен 
переводить на родной язык то, что созвучно его 
душе»[3,145]. 
 20  ғасыр  басындағы  қазақ  көркем  проза- 
сының поэтикасын зерттеуші ғалым А.Ісімақова 
былай  дейді: «Художественный  стиль  этой 
литературы  запоминается  не  словами,  а  мо- 
ментами  экзистенциального  мира,  обсуждением 
вечных  ценностей  мира  и  жизни.  В  этом  не- 
преходящее  значение  и  достоинство  этой 
литературы» [5,54]. Біздің  байқауымызша,  бұл 
«стиль» тек қана Шəкəрімнің өз туындыларынан 
ғана емес, сонымен қатар, оның аудармаларында 
да  көрініс  табады.  Мысалы, «Үш  сауал»  деген 
əңгімесінде: «Қай  істі  қандай  уақытта  істеген 
жақсы?  Ең  керекті  кісі  кім?  Ең  керекті  іс  не?» 
сияқты  өмірлік  маңызы  бар  сұрақтардың  қойы- 
луының өзі жəне солардан шығатын қорытынды 
жауаптар  «ең  керекті  уақыт-осы  уақыт!  Неге 
десең,  бəріміздің  де  қолымыз  бос  ерік  өзімізде, 
ең керек кісі- осы дұспаның болды. Неге десең, 
мұның жазылар, жазылмасы əзір неғайбыл, егер 
жазылса,  бұл-дағы  біреуге  жақсылық  қылғанды 
жанындай  жақсы  көрер  еді.  Ең  керек  іс-қазір 
осыған  қылған  жақсылығың,  неге  десең, 
адамның  мойынындағы  шын  міндеті-біреуге 
жəрдем  ету...» [1,479] деген  өмірдің  мəңгілік 
құндылықтарының  талдауы,  талқылауы  болып 
табылады.  Сол  сияқты  «Ассархидон-Лаэли» 
əңгімесінде  де: «Тіршілік  пен  рақат  жалғыз 
саған  ғана  керек  емес,  тамам  жан  иесіне  де 
керек.  Бірақ  сен  жалғыз  бір  өзіңе  тиген  үлесің 
тіршілігіне ғана иесің» [1,476]. 
Л.Толстой  «Ассархидон-Лаэли»  əңгімесін 
жазу  кезінде  З.А.Рагозинаның  «История  Асси- 
рии»  деген  кітабын  пайдаланған.  Əңгіменің 
барлық  кейіпкерлері  ойдан  шығарылмаған,  та- 
рихи  тұлғалар  болғандықтан,  автор  «жалған 
қателерді» («мнимые  неправильности») (былай- 
ша  айтқанда,  шынайы  патша  бейнесіне  келіс- 
пейтін  баяндаулар)  пайдалануына  қарамастан, 
Ассархадон патшасының бейнесін «табиғатынан 
жұмсақтыққа бейім»  адам ретінде береді[6,378]. 
Шəкəрімнің  бұл  «еркіндігін»  кемшілік  ретінде 
қабылдамауымыз  керек,  керісінше,  ол  аударма- 
шының  даралығы  мен  таланттылығы  туралы 
ойды  негіздей  түседі.  Бұл  пікірді  «Аударма 
өнері»  деген  еңбегінде  И.Левый  де  қолдайды: 
«отклонения от подлинника лучше всего демон- 
стрируют  метод  переводчика  и  его  взгляды  на 
переводное произведение» [7,160]. 
Жоғарыда  айтып  кеткендей,  көркем  аудама 
саласы  аудармашының  өзіндік  стилінде  маңыз- 
ды  орын  алатын  лингвистикалық  аспектілерсіз 
жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай аспектілердің 
бірі - сөйлем  құрылысының  синтаксистік  ерек- 
шеліктері.  Сөйлемдер  жай  əрі  қысқа  болған- 
дықтан,  шығарманың  ырғағы  М.Əуезовтің  ай- 
туынша «лебізі» кідірмелі, «тынығуға» ұқсайды 
[8,516].  Осындай  күрделі  синтаксистік  құры- 
лымдарға  толы  Толстой  тіліне  тəн  емес  жазу 
стилін  Шəкəрім  шеберлікпен  жеткізеді.  Тек 
əңгіменің  соңында  ғана  Толстойдың  кең  ты- 
нысты  нақ  тілін  байқаймыз.  Дəл  осы  дəлдікпен 
Шəкəрім  əңгіменің  шарықтау  шегін,  яғни 
шалдың  ойын  береді.Аудармадағы  кейбір  ауыт- 
қуларға қарамастан Шəкəрім негізгі ойды-мейірім- 
ділік пен зұлымдық идеясын өте шебер жеткізеді. 
Енді  «Үш  сауал»  аударма  əңгімесінің  көр- 
кемдік  пен  эстетикалық  құралдарына  көңіл 
бөлейік.  Түпнұсқа  мен  аударманың  бірінші 
көзге  көрінетін  ерекшелігі  олардың  сюжеттік 
жағы.  Түпнұсқада  оқиға  желісі  орманда  өтсе, 
аудармада  оқиға  мекені  -елсіз,  жартасты  жер. 
Жəне  де  бұл  көзге  көрінбейтін  детальді 
қалдырып  кетуі  кездейсоқтық  емес,  өйткені 
аудармада бұл аяғына дейін сақталған. 
Мысалы,  Толстойда:...  Отшельник  жил  в 
лесу...[4,570]. 
Шəкəрімде:...тақуа адам..., тастың үңгірін үй 
қылып... [1,477]. 
Немесе 
Толстойда:...солнце  стало  заходить  за 
деревья... [4,570]. 
Шəкəрім  бұны  былай  өзгертеді:...  Күн 
батуға таянып...[1,477]. 
Сондай-ақ  жүгіріп  келе  жатқан  адамды 
суреттеу.  Түпнұсқада  ол  былай  береді:...Царь 
оглянулся  и  увидал,  что  из  леса,  точно,  бежал 
бородатый человек...[4,570]. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
267
Шəкəрімде бұл деталь мүлде жоқ. 
Тəржімелеудің  мақсаты-  суретшінің  өзіндік 
даралығын  ескере  отырып,  мəтінді,  бұл  жерде 
нақтырақ айтсақ, сюжетті жеткізуі. Оған Шəкəрім- 
нің қорытынды сөзі дəлел бола алады: 
Адамшылық іздесең,бұл жолға түс, 
Алдау қылма біреуге қиянат күш! 
Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа, 
Ар-ынсаптың сүйгені - таза жұмыс![1,465]. 
Əңгіменің  түпнұсқасында  эпилог  бөлімі 
мүлдем жоқ.Ал Шəкəрімде ол бөлім  моральдық 
сарынмен айқын берілген. Бұл тəржімелеушінің 
өзіндік  даралығын  одан  əрі  айқындай  түседі. 
Егер Толстой шығармада əдейі жасалған дидак- 
тикалық  сипатты  жоққа  шығарса,  Шəкəрім, 
керісінше, оны шығыс əдебиетіне тəн эпилогтық 
моральмен,яғни синтенциямен күшейтеді. 
Шəкəрім  шығармашылығында  аударма  мə- 
селесі  өз  төңірегіндегі  зерттеулерге  қарамастан, 
комплекстік  ғылыми  талдауының  обьектісі 
болып  қала  береді.  Өйткені  көркем  аударманы 
нақты  бір  ғылыми  пəнмен  тану  мүмкін  емес. 
[10,158] 
Шəкəрімнің  Толстойға  қарағандағы  өзге- 
шелігі  эстетикадан  арнайы  еңбек  жазбағанымен 
өзінің  еңбектері  мен  шығармаларында  эстети- 
каның  «ұждан», «арлылық», «əдемілік»  т.б. 
категорияларын тірек етіп алады. Толстой болса 
өзінің  «Өнер  дегеніміз  не?»  атты  еңбегінің  сү- 
белі бөлігін эстетиканың маңызды мəселелеріне 
арналған.  Шəкəрім  мен  Толстойдың  ой-таным 
мəселесіндегі  үндестігі  мен  даралықтары  терең 
танымды қажет етер күрделі мəселелердің бірі. 
Соңғы  жылдары  Шəкəрім  мен  Толстойдың 
өмірі,  көзқарастары,  əдеби  мұрасына  арналған 
еңбектер қоры толыға түсті. Ал,Толстой шығар- 
машылығы  туралы  еңбектер  кітапханасы  аса 
мол  ,соған  қарамастан  зерттеушілер  тарапынан 
оның қорының толысуы толастаған емес.  
Олай  болуы  түсінікті  де,  өйткені  Шəкəрім 
мен  Толстойдың  өмірі  мен  шығармашылығы 
адамзат  баласы  үшін  идеал  жəне  эстетикалық 
құндылық болып қала береді.        
Қытай елінің өмірінен алынып жазылған үш 
əңгіме де осы сарындас. «Пан-Жи-Зан хан» мен  
 
 
 
 
 
 
«Қолшатыр  бұйрығы»  əңгімелеріндегі  қол 
астындағы халқына азуын батырып, əділетсіздік 
жасап  отырған,  өзі  ғана  тойғанға  масайрап 
секірген  ұлықтардың  шынайы  бейнелерінен  де 
Шəкəрім  өз  ойларына  толып  жатқан  тиянақ 
тапқандай болады. Мұнда баяндалатын оқиғалар 
қазақ  арасына  да  өте  жақсы  таныс  сезіледі. 
Өтірік  ақпар  беріп,  патшасын  алдаған  ұлықтар 
немесе шаш ал десе бас алатын, өзінің ғана жан 
тыныштығын  ойлайтын  парақор,  белсенді 
əкімдер қазақ ішінде аз болған ба? 
Бір  ұрты  май,  бір  ұртында  қандар  да  бар, 
Қой  терісін  жамылған  жандар  да  бар.  Жаза- 
сызды жалалап атақ алып, Ақ жүрексіп жүретін 
паңдар да бар... [1, 166] 
 «Алты  əңгіме»  топтамасының  көркемдік 
бояу-нақыштарына  қарай  отырып,  оларды  түп- 
нұсқамен  салыстырған  сəттерде  бұл  шығар- 
малардың  да  сөзбе-сөз  жасалған  аударма  емес, 
еркін  баяндалған  өзіндік  ерекшеліктері  бар 
туындылар  екенін  байқаймыз.  Олардың  бірінің 
қара  сөзбен,  екіншісінің  өлеңмен  өрнектелуінде 
де осындай еркіндіктің сыры сезіледі. 
________________ 
1.  Шəкəрім Құдайбердиев.Шығармалары. А., «Жазу- 
шы», 1998-560б 
2.  Мұхаметханұлы  Қ.Абай  мұрагерлері.  А., «Жазу- 
шы», 1995-208 б. 
3.  Сагындыкова  Н.Ж.  Основы  художественного  пе- 
ревода. А., 1996. 
4.  Л.Н.Толстой.  Избранные  сочинения  в3-х  т.,  т.-
м.1989-с671 
5.  Исмакова  А.  Поэтика  казахской  художественной 
прозы начала ХХ века (тематика, жанр, стиль).Автореферат 
диссертации на соис.ученой степени доктора   филол. наук, 
А.,1998-с54 
6.  Рагозина З.А. История Ассирии.СПб., 1902-с378 
7.  Левый И.Искусство перевода.М.,1978-с250 
8.  Ауезов М.Племя младое. Авторизированные пере- 
воды с казахского А Пантиелева. А., «Жазушы», 1997-с516 
9.  Орысша-қазақша сөздік. 1,2-ші том, А-А, 1978-1981 
10.   Аманжол  А.  Шəкəрім  жəне  Толстой.  Шəкəрім 
əлемі: таным мен тағлым.А., 2008 
* * * 
Статья  посвящена  проблемам  художественного  пере- 
вода в казахской литературе. 
* * * 
The article is devoted to the problems of literary 
translation in the Kazakh literature. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
268
Б. С. Қорғанбеков 
 
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІ ЖƏНЕ  
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ЖОҚТАУ ЖАНРЫ 
 
 
Қожа  Ахмет  Ясауидің  қазақ  мəдениетіндегі 
орны  өлшеусіз.  Ұлттық  дүниетанымымыздың 
қалыптасуында Ясаудің хал-хикмет ілімі жетек- 
ші  рөл  атқарған  болса,  оның  «Диуани  хикмет» 
жинағы  осы  ілімді  таратудағы  ең  басты  құрал 
болды.  Сондықтан  да  ол  халық  арасында  кие-
қасиеті  күшті,  қымбат  рухани  қазына  ретінде 
қастерленіп  келді. «Диуани  хикмет»  қазақтар 
арасында жазбаша да, ауызша да тарады. Əйтсе 
де  соңғысы  басымырақ  болды.  Əрбір  отбасын- 
дағы  жандардың  хикметтерді  белгілі  дəрежеде 
жатқа  білуі  Қожа  Ахмет  Ясауидің  халық 
жүрегінің  төрінен  орын  алуына  жол  ашты. 
Жатқа  айтылу  нəтижесінде  Ясауи  хикметтері 
фольклорлық  шығармаларға  зор  ықпал  етті. 
Соның  жарқын  мысалын  қазақ  жоқтауларынан 
көруге болады.  
Жоқтау – көнеден келе жатқан фольклорлық 
жанр.  Оған  Білге  қаған,  Күлтегін  ескерткіштері 
жəне  Махмұт  Қашқари  «Сөздігіндегі»  Алып  Ер 
Тоңаны  (Афрасиаб)  жоқтау  куə  бола  алады. 
А.Байтұрсынұлының 1926 жылы  Мəскеуде  бас- 
тырған «23 жоқтау»  жинағында  қамтылған 
шығармалар  өзінің  дүниеге  келген  дəуірі  жөні- 
нен  бес  жүз  жылдай  уақытты  қамтиды.  Бұл – 
аталмыш  туындылардың  халықтың  рухани  қа- 
жеттілігін əрдайым қанағаттандырып келгендігі- 
нің  жəне  ислам  құндылықтарымен  біте  қайна- 
сып кеткендігінің дəлелі. Академик Ə.Марғұлан: 
«Жоқтау – Орхон  жазуларының  түбегейлі  аял- 
ғысы [1], – дейді. Түркі халықтарының өмірінде 
маңызды  рөл  атқарған  жоқтаулардың  Ясауи 
шығармашылығына  тигізген  ықпалы  да  жоқ 
емес. 
Қазақ  мəдениеті  мен  өнеріне  күшті  əсер 
еткен  Ясауи  хикметтерінің  жоқтау  сияқты  көне 
фольклорлық жанрлардың соны мазмұн табуына 
септігі тигені анық. Сол себепті сопылық жолға 
тəн  таным  мен  түсінік  қазақ  жоқтауларынан  да 
байқалады.  Кеңестік  дəуірде  жоқтау  өлеңдерін 
ислам  қағидаларына  қайшылық  ретінде,  яғни 
тағдырға  қарсылық  ретінде  көсетуге  тырушы- 
лық ғылыми əдебиеттерден кең орын алды. Бұл 
жөнсіз  қисын  еді.  Өйткені  жоқтаулардан  тағ- 
дырға  қарсылық  емес,  керісінше,  тағдырға 
мойынсұну,  өлімнің  хақ  екенін  мойындау  маз- 
мұны  басты  орын  алған.  Жоқтаудың  ең  басты 
мақсатының бірі – дүниеден өткен қайраткердің 
жақсы  істерін  мақтау,  дəріптеу,  көпке  үлгі  ету.  
 
 
Бұл – лайықсыз  адамды  дəріптеп,  шындықты 
бұрмалау емес. Жоқтау кез келген адамға айтыл- 
маған,  елге  еңбегі  сіңген,  халық  сүйген  адам- 
дарға арналған. Оны белгілі ақындар шығарған. 
Халық  шығармашылығының  білгірлері  А.Бай- 
тұрсынұлы [2], Х.Досмұхамедұлы [3] сияқты 
ғалымдар осылай дейді. Елге үлгі тұтуға лайық- 
ты  жандарды  дəріптеу  ислам  қағидаларына 
ешқашан  қайшы  келмейді,  қайта  бұл – дінді 
дұрыс  түсінуден  шыққан  ізгі  іс.  Құранның 
«Зұха» (93) сүресінің 11-аятында  «Раббыңның 
берген  нығметін  жарияла,  білдір», - делінеді. 
Діни  көзқарас  бойынша,  халыққа  тура  жол 
көрсетуші  тұлғалар  да – адамзат  баласына 
Жаратушы  тарапынан  берілген  ең  үлкен  сый. 
Сондықтан пайғамбарды мақтау, дəріптеу, оның 
ісін үлгі етіп, тарату, оған салауат айту – Құран 
аяттарынан  туындайтын  шын  мұсылманның 
міндеті.  Қожа  Ахмет  Ясауи  де  бірнеше  хик- 
метін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды мадақтауға 
арнаған.  Айталық,  Стамбул  басылымындағы 
«Диуани  хикметтің» 20, 21, 23, 51, хикметтері 
тек  қана  пайғамбарды  мақтап-дəріптеуге  арнал- 
ған.  Пайғамбар  жолымен  жүргендер  ғана  ха- 
лықтың  сүйіктісіне  айнала  алады.  Сол  себепті 
халық  жырларында,  жоқтауларда  дəріптелетін 
тұлғалар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мен оның 
жолын  қуушылардың  ізбасары  ретінде  көрсеті- 
леді.  Бұдабай  ақын  шығарған  Əйеке  болысты 
жоқтауда: 
Қайратың болды, көкежан, 
Үрістем менен Дастандай. 
Сақилығың бар еді 
Баязат пен Бостандай. 
Үммəтке белді байладың 
Құданың шері арыстандай. 
Əділдігің бар еді  
Əзіреті Омар, Оспандай. 
Үлгіменен сөз айттың 
Тəпсірден шыққан дастандай [4], –  
деп жырланады, елге пайдалы қызмет еткен жан 
пайғамбар,  сахаба,  əулиелер  ісін  жалғастыру- 
шы ретінде  көрсетіледі.  Жоқтаулардағы мұндай 
жандарды  дəріптеу – пайғамбарды  (с.ғ.с.)  мақ- 
таудан,  оның  ісін  үлгі  етуден  бастау  алатын 
дəстүр. 
«Диуани  хикметтегі»  мақтаулар  мен  қазақ 
фольклорындағы жоқтаулардың арасында осын- 
дай  туыстық  бар.  Ал  қазақ  фольклорындағы 
мақтаулар  хикметтермен  тек  тақырыптық  тұр- 
ғыда  ғана  емес,  образдық  жағынан  да  байланы- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
269
сады.  Мақтау,  мадақ  мазмұндағы  хикметтерді 
Ясауи  шəкірттері  де  жалғастырды.  Олар  Қожа 
Ахмет Ясауидің пайғамбарды мақтаған ізімен өз 
ұстаздарын  дəріптеді.  Бұған  Сүлеймен  Бақыр- 
ғани  шығарған  деп  айтылып  жүрген  хикметті 
мысал етуге болады. 
Ысқақ баба ұрығы 
Ибраһим шайхы құлыны, 
Машайықтар ұлығы – 
Шайхы Ахмет Иассауи [5], – 
деп  басталатын  бұл  хикметтің  ізгілікті  дəріп- 
теуді, оны көпке үлгі етуді дəстүрге айналдыру- 
дағы маңызы зор болды. 
Қазақ  ауыз  əдебиеті  мен  фольклорындағы 
мақтаулардың жоқтаумен тамырластығы айқын. 
Фольклортанушы  Е.Тұрсынов  мадақ  өлеңдерін 
жоқтаулардан  да  бұрын  туған  деп  көрсетіп,  ол 
екеуінің шығу негізі бір екенін айтқан. Ол өлген 
адамды  еске  алуға  арналған  көне  ырымдық 
əрекеттерде  аруақтың  көңілін  көтеру  мақсаты 
барлығына  назар  аудара  келіп, «Осыған  қара- 
ғанда,  аруақтарға арнап  айтылған өлеңдер  жоқ- 
тау  түрінде  емес,  мадақтау  түрінде  айтылған 
болса  керек» [6] – дейді.  Мақтауларда  да 
жоқтаулардағыдай дəріптелуші тұлғаның халық- 
қа, елге сіңірген еңбегі басты орында жырланады. 
Жоқтауларда  өмірдің  өткіншілігі,  рухтың 
өлмейтіндігі,  əулиелердің  шарапаты  сияқты 
хикметтерде  бар  сопылық  танымға  тəн  түсінік 
түрлері  өте  көп  кездеседі.  Сопылық  жол- 
дағы  жүрек  тазалығы  да  айтылады.  Мысалы, 
Ысмайылды жоқтаудағы: 
Кешегі менің бекзатым 
Бесінде мектеп оқыған. 
Алтыда ақыл тоқыған, 
Жетісіне келгенде, 
Жетпіс жерден діл сұрап, 
Құдықтай көзін шұқыған [4,60], –  
деген  жолдардан  жүрек  тазалығымен  айналыс- 
қан  Ясауи  жолының  өкілін  танимыз  (фольклор- 
лық  шығармалардағы  «діл»  сөзі  «жүрек»  ұғымын 
береді).  Жоқтауларда  Қожа  Ахмет  Ясауидің: 
«Иер  устида  улмас  бурун  тирик  улдим» [7], 
«Улмас  бурун  жан  бермакни  дардин  тарттым» 
[7,148], «Ғашиқларни суннати дур тирик улмак» 
[7,172], – дегеніндей, «өлмей  тұрып  өлу»  деп 
айтылатын  сопылық  жолға  тəн  қасиет  те  айқын 
жырланады. Осы жоқтаудағы: 
Бұрынғы өткен пайғамбар –  
Бəрі өлімге болды тəн, 
Бір кісіге жарасар 
Өлімге де қылған сəн [4,63], –  
деген жолдар – осының дəлелі. Бұл жерде өлім- 
нің  не  екенін  тірі  кезінде  біліп,  оны  қуаныш- 
пен,  салтанатпен  қарсы  алған  адамның  бейнесі 
бар.  Жоқтаулардағы  сабырға  шақыру,  өліге 
иман  тілеу  де  сопылық  жолдағы  дəстүрлерден 
туындайды. 
Кеңестік  идеология  исламға  жат  етіп  көр- 
сетуге  тырысқан  жоқтауларда, керісінше, ислам 
құндылықтарының  ең  маңызды  тұстары,  сопы- 
лық  ілімге  тəн  барлық  шарттар  мен  ұста- 
нымдар үлгі етіледі. Мысалы, Шоқанға арналған 
жоқтауда  Ясауи  айтатын  «топырақ  болу»,  яғни 
елдің  табанында  жататын  топырақ  сипатты 
кішіпейілдік  пен  нəжіс  төксе  де,  гүл  өсіріп  бе- 
ретін    топыраққа  тəн  жомарттық  қасиеті  былай 
дəріптеледі: 
Адалдан жиған теңгені,  
Ақ көңіл, ашық пенде еді. 
Мен ақсүйек екем деп, 
Елге айтып көрмеді [4,51]. 
Ғаріпке  болысу,  жетім-жесірді  жебеу – 
Ясауи  хикметтерінде  көп  айтылатын  өнегенің 
бірі.  Жетім,  пақырларға  болысу  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 
пайғамбардың  сүйікті  ісі  екеніне  Қожа  Ахмет 
Ясауи  айрықша  назар  аударады.  Ол  пайғамбар- 
дың бұл ісін «Ғариб,  фақир, иетимларни  башин 
сылаб», «Ғариб, фақир, иетимларни Расул сурди» 
[7,129], «Иетим,  фақир,  ғарибға  саһауатлығ 
Мухаммад» [7,174], «Мухаммад  айтдилар:  һар 
ким иетимдур, Билиңлар: ол мени хас умматим- 
дур» [7,209] – деп  дəріптейді.  Өзі  де: «Ғақил 
ирсаң ғарибларни куңлин аула» [7,129], «Ғариб, 
фақир,  иетимларни  қылғыл  шадман» [7,131], 
«Иеимни курсаңиз ағиртмаңизлар, Ғарибни кур- 
саңиз дағ етмаңизлар» [7,209], – дейді. Аталмыш 
жоқтауда бұл идеяны 
Немересі ер Шыңғыс 
Билікті істі қалапты. 
Қызыр Ілияс жар болып, 
Сұлтан болды талапты. 
Ғаріпке Шыңғыс болысқан, 
Билік айтып толысқан [4,51-52], –  
деп  береді.  Бұл – халыққа  пана  болумен  қатар 
дəріптелетін жақсылық. Əйекені жоқтаудағы:  
Айналайын, көкежан, 
Қараның болдың ханындай. 
Қарайғанды ықтаттың 
Қамысқа түскен жалындай. 
Орта жүздің көркі едің, 
Қоңыраулы бұйра нарындай. 
Ағайында жинадың 
Алпыс үйлі арғынды-ай! 
Орынды болдың орасан 
Мыңжылқының тауындай! 
Көпке пайдаң көп тиді 
Көктемдегі жауындай [4,67-68], –  
деген жолдардан осыны танимыз.  
Жоқтаудың  соңы  əрдайым  дұғамен,  қайтыс 
болған адамға иман тілеумен аяқталып отырады. 
«Өлі риза болмай, тірі жарымайды» деген мақал 
мазмұнынан  аңғарылатын  екі  дүниенің  тұтас- 
тығы  туралы  хал  іліміне  тəн  көзқарас – жоқ- 
таулардың негізгі өзегі. Осы дүниетаным белгісі 
əулиелер  шарапаты,  аруақтың  қолдауы  жайын- 
дағы  жыр  жолдарында  барынша  ашыла  түседі. 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
270
Ысмайыл Арыстанбекұлына арналған жоқтаудағы: 
Жеңіл де болсын сұрағың, 
Əулие, пірлер медет қып, 
Бейіште болсын тұрағың [4,59], –  
деген  сөздер  өткенге  деген  құрметтің,  тарихты 
қадірлеудің  белгісіндей  көрінеді.  Бұл  шығар- 
маларда əр тыныста Алланы еске алудың, дүние 
ісінің  өзін  Жаратушы  ризашылығы,  халықтың 
игілігі  үшін  атқарудың,  сөйленген  сөз  бен  ат- 
қарылған  əрбір  əрекетті  құлшылыққа  айналды- 
рып  жіберудің  үлгісі  де  бар.  Мұндағы  елшілдік 
мазмұн  оны  батырлық  жырлармен  туыстас- 
тырады.  М.Əуезов  қаһармандық  жырлардың 
көбін жоқтаулардан шыққан деп дəлелдейді [8]. 
Жоқтауды  ұлт  зиялыларының  көп  зерттеуі, 
жариялауы  да  тегін  емес.  Мұнда  Ясауи  іліміне 
тəн құндылықтар мол. 
Қожа  Ахмет  Ясауидің  өзі  де  көне  жоқтау- 
лардағы  көркемдік  дəстүрлерді  пайдаланған- 
дығын  аңғауға  болады.  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пай- 
ғамбарды  мақтаған 51 хикметіндегі: «Бабасини 
атасы  ирди  Һашим,  Ешитканда  ақадур  кузда 
иашим» [7,207], төрт шардиярдың бірі – Омарға 
арнаған 53 хикметіндегі: «Мискин  Ахмад, 
қылғыл  иад,  қылғыл  ғажизиңни  бунияд,  Шаяд 
рухы  қылғай  шад,  ғадалатлиғ  Ғумар  дур» 
[7,211], – деген  жолдардан  жəне  Əзіреті  Əлиге 
арналған 55-хикметіндегі: «Рахмет  қылғай  Бир 
уа  Бар,  һар  не  қылса  ерки  бар,  Қожа  Ахмадга 
мадаткар  шер  худа  Ғали  дур» [7,213], – деген 
жолдардан қазақ жоқтауларында бар дəстүр ізін 
байқаймыз.  Бұл  жолдардың  алғашқысынан 
дүниеден  өткен  адамға  қатысты  өз  қайғысын 
білдіруді,  кейінгі  екеуінен  жоқтау  соңының 
жұбатуға  ұластырып,  өз-өзіне  басу  айту  мен 
дұға-тілек бағыштауды аңғарамыз. Бұның бəрі – 
қазақ жоқтауларында бар сипаттар.  
Ясауи  хикметтерінде  тікелей  жоқтаумен 
байланысты  туған  образдар  да  бар.  Мысалы, 
Қазан басылымындағы 67 хикметінде «Күні-түні 
тынбай бір сəт жоқтау айтты» [9], – деп, жоқтау 
айту  дəстүріне  тағдырға  қарсылық  ретінде 
шошына қарамағандығын көрсетеді. Ол: 
Аналары дал болып қалды қайран, 
Гүр жүздері запырандай сарғайған, 
Уай, құлыным, ботам, деумен ах ұрған, 
Жаға жыртып, шаштарын жұлды, көргін [9,129], – 
деп  те  жырлайды.  Бұл  сурет  көне  замандағы  
 
 
 
 
 
жоқтау  айту  кезіндегі  іс-əрекетті  көзге  елес- 
тетеді. «Боздағым»  жинағын  құрастырушы 
Т.Арынов  осы  жинаққа  жазған  «Өлгендер  туралы 
өлмес  мұралар»  атты  алғысөзінде  бұл  туралы: 
«Сонау көне замандарда, бергі көне түркі кезінің 
өзінде (V-VІІІ  ғ.)  түркі  тайпалары  өлген  адамға 
қатты  қайғырып, «өлген  адамның  тумалары 
шашын  жұлып,  бетін  тырнап,  құлағын  кесіп, 
өздерін  қорлайтын»  əдет  болған.  Оның  мəнісі: 
«Өлген  жақсы  адамның  артында  қалып,  онсыз 
сүрген  өмірде  не  мəн  бар?» – деп  қараудан 
шыққан» [4,12], – дейді.  Қожа  Ахмет  Ясауидің 
осы  іс-əрекеттерді  салқынқандылықпен  бейне- 
леуі  оның  бұған  қалыпты  жағдай  ретінде  қара- 
ғанын  жəне  көне  дəстүрлерді  құрметтегенін 
білдіреді.  
Осы айтылған мəселелердің бəрі Ясауи хик- 
меттерінің  қазақ  жоқтауларымен  мазмұндық 
жəне  образдық  тұрғыдағы  тығыз  байланысты- 
лығын  танытады.  Бұл  ақиқат  жоқтауларға  қа- 
тысты  кеңестік  идеология  қалыптастырған  көз- 
қарастың  қазіргі  кезде  ескіргендігін  ескертіп, 
оны  ғылыми  негізде  қайта  қараудың  қажет- 
тілігін күн тəртібіне қойып отыр. 
_________________
 
1.  Марғұлан  Ə.  Ежелгі  жыр,  аңыздар.  Алматы: 
Жазушы, 1985, 
2.  Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тəржімелер, 
публ. мақалалар жəне əдеби зерттеу (құраст. Р.Нұрғалиев). 
Алматы: Жалын, 1991, 428-б. 
3.  Досмұхамедұлы  Х.  Аламан  (құрастырушылыр, 
алғы  сөзін  жəне  түсініктемелерін  жазғандар – Ғ.Əнесов, 
А.Мектепов, Ш.Керімов). Алматы: Ана тілі, 18-б. 
4.  Боздағым  (қазақтың  жоқтау  жырлары).  Құраст. 
Т.Арынов. Алматы: Жазушы, 1990, 69-б. 
5.  Иассауи Қожа Ахмет. Хикметтер. (Аударған жəне 
түсініктерін  жазған  Ə.Жəмішұлы).  Алматы:  Өнер, 1995, 
144-б. 
6.  Тұрсынов  Е.  Тарихи  жыр,  өлеңдердің  тегі  мен 
дамуы // Қазақ  тарихи  жырларының  мəселелері  (жауапты 
ред. Р.Бердібаев). Алматы: Ғылым, 1979, 44-б. 
7.  Иасауи  Қожа  Ахмет.  Диуани  хикмет  (Даналық 
кітабы).  Жинақты  баспаға  əзірлеп,  қазақшаға аударғандар: 
М.Жармұхамедұлы, С.Дəуітұлы, М.Шафиғи. Алматы: «Мұ- 
раттас» ғылыми-зерттеу жəне баспа орталығы, 1993, 170-б. 
8.   Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 
Мақалалар, зерттеулер. 17 т. Алматы: Жазушы, 1985, 171-б. 
9.  Иассауи  Қожа  Ахмет.  Хикметтер  (жалпы  ред. 
басқарған жəне алғы сөзді жазған М.Қ.Əбусейітова: қазақ- 
шалаған  Ə.М.Ибатов,  З.Жандарбек,  А.Ш.Нұрманова;  түсі- 
ніктемесі З.Жандарбектікі). Алматы: Дайк-Пресс, 2000, 83-б. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет