ТАНЫМДЫҚ ІС-ƏРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі заманның басты мақсаты оқыту мен
тəрбие беру, болашағынан зор үміт күттіретін
білімді де, білікті мамандар даярлау. Жаңа
қоғамымыздың ертеңі оқыту мен тəрбие тал
бесіктен басталып, ұдайы даму барысында
қалыптасады. Бұл білім беру мекемелеріне
үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтанда да білім
беру жүйесі əртүрлі əдіс-тəсілдерді қол-
дана отырып, келер ұрпаққа білім мен тəрбие
беруде танымдық əрекеттерді дамытуды көздеп
отыр. Осы тұрғыда жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына əсер ететін факторлар психология-
лық тұрғыда қарастырылып жатыр десек
болады. Бала бойындағы туа біткен қасиеттерді
дамытатын оқыту мен тəрбие, ал оны ары қарай
дамытатын баланың айналасындағы педагогика-
лық, психологиялық ортасы болып табылады.
Сондықтан қазіргі кезде мектеп жасына
дейінгі балалардың танымдық іс-əрекетін қа-
лыптастыру жəне тұлғалық жағынан үйлесімді
қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі десек
болады. Мектепке дейінгі жас кезеңінің өзіндік
психологиялық ерекшеліктері бар. Бүгінде елі-
мізде мектеп жасына дейінгі балаларды тəр-
биелеу мен оқыту мəселесі кең көлемде дамып
келе жатыр. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымда-
масындағы басты мақсаттар - мектепке дейінгі
білім беруді кеңейту жолымен балалардың бі-
лім алуына жағдай жасау жəне бар мүмкіндік-
термен қамтамасыз ету.
Жалпы бала бойындағы танымдық белсен-
ділікті дамыту оқумен тығыз байланысты. Та-
нымдық белсенділікті психологиялық құбылыс
ретінде анықтау, балалардың тұлға ерекшелігіне
талдау жасау, білім беру мен тəрбие беру
мекемелерінің басты міндеті.
Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерек-
шелікпен сипатталады. Бұл жөнінде ғалымдар
Л.С.Выготский, А.Н. Леотьев, В.В.Запорежец
зерттеулері баршылық. Олар мектеп жасына
дейінгі балалардың танымдық əрекеті, сөзі,
мінез-құлық нормалары сияқты қасиеттері əлеу-
меттік тəжірбиені игеру процесінде қалыптаса-
тынын атап көрсетті.
Осы кезеңде балада зейін қалыптасады.
Зейін бағдарлы – зерттеу əрекетінің бір сəті
болып табылады. Зейіннің динамикалық сипатта
болуы оқыту мен дамыту үрдісіне тəуелділігі-
мен түсіндіреді. Баланың зейінділігін өздігінен
орындайтын іс-əрекеттің тиімді мөлшерде
болуы оның өзін басқаруын, бақылауын дамы-
тады. Адамға тəн əрекеттің кез келген түрінде
зейін орын алмаса, оның нəтижелі болуы қиын.
К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша
көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қоры-
тылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам
жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,
демек, есікке ілімнің бірде бір сөзі соқпай өте
алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың
санасында ештеңеде қалмайды» [1]
Мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне
тоқталсақ, ойлау тіл дамуы мен ғылыми ұғым-
дарды меңгеру жағдайында дамиды. Баланың
сау психикасының ерекшелігі – танымдық
белсенділігі. Ойлау - сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының байланыс қатынастарының
адам миында жалпылай жəне жанама түрде сөз
арқылы бейнеленуі. Ақыл ой жағынан бала
қаншалықты мықты болса, сонша көп сұрақтар
қояды. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның
қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Бейнелі
ойлау-алты жасар бала ойлауының негізгі түрі.
Сонымен қоса бала логикалық ойлаудыда орын-
дай алады, бірақта көрнекілікке сүйенген оқыту
басым болады. Мектепке дейінгі бала тəрбиесі-
мен айналысатын педагогтар мен тəрбиешілер,
ата-аналар балалар мен жылдың қай мезгілінде
болмасын далаға шығып серуендегенде, əр түрлі
ойындар ойнағанда ойланту əдісіне көңіл бөл-
гені дұрыс. Баланың бойына ерекше əсер ететін
айналадағы өлі жəне тірі табиғат құбылыстары
түрткі болады.
К.Д.Ушинский - баланы табиғатпен жастай
таныстыра дамыту, оның өзінің логикалық
ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне əсері
мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікір-
дің дамуы баланың келешекте рухының жоғары
болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына
жəне оны дəлелдеп беруіне жетелейді. Сондай-
ақ кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы
келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы
тиіс, - деп көрсетеді. [2,3]
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял –
қоғамдық тəжірбиені меңгерудегі алғы шарт-
тары болып келеді, өйткені балалар қоршаған
ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды
өзіндік көз қараспен қабылдайды. Баланың
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
279
қиялы ересектерге қарағанда əлсіз болады.
Л.С.Выготскидің тұжырымына сүйенсек, «Бала
қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай
қабылдауынан басталады. Қиялда болатын
барлық образдар, қаншама таңғажайып болып
көрінгенімен де, баланың өмірден көрген біл-
геніне негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен
кейбір жағдайларды өзіндік қабылдауымен тү-
сіндіргенде, үлкендерге күтпеген таңқаларлық-
тай болып естіледі».
С.Л.Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл
образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу»
деп түсіндіреді. Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьев
қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы пси-
хикалық процесс деп қарауға мəн берді [4]
Мектепке дейінгі балалардың ерекше қабі-
леттерін зерттеп, қорытынды жасаған А. Подьяков
болатын. Оның айтуы бойынша 5-6 жастағы
балалар белгілі бір тапсырманы зерттеуге
ынталы, белсенді келеді, яғни осы жастағы
балалар қиын, көпсалалы тапсырмаларды өз
бетінше саралай алады. Бұл баланың білімді
меңгеруімен, айналасындағы адамдармен қа-
рым-қатынас жасауымен, күнделікті өмірдегі іс-
тəжірбиесімен жүзеге асады. Сонымен қатар
мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-та-
нымдық əрекетке қызығушылықтары мен ынта-
ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың
белсенділігін арттыру маңызды. Сол жөнінде
Л.С.Выготский былай деген: «Ең алдымен
баланы бір əрекетке тарту үшін, сен оны
қызықтыр, оның бұл əрекетке дайын екенін білу
үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін
барлық күш жігерін салатынын жəне бала өзі
қимылдайтынын, ал тəрбиеші болса тек қана
басқарып, бағыттап отырады. Балалардың та-
нымдық əрекетке қызығушылығы ынта-ықы-
ласы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне
байланысты, ойлау əрекетінің əдістерінің қалып-
тасуына тəуелді» [5] Тəрбиеші үшін баланың
қызығушылығы, бейімі, қабілеті жəне басқа
психологиялық ерекшеліктері басты мəселе
болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен
дамыту баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда
маңызды фактор болып табылады. Мектепке
дейінгі психологиялық процестер барысында
баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық
жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптас-
тыру көзделеді.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік
көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне
психологияның қосары мол. Баланы байқағыш-
тық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зерек-
тілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып,
тəрбиелейтінде осы ғылым саласы. Жалпы
психология ғылымының алға қойған мақсаттары
халыққа, болашақ ұрпаққа адамның өзін-өзі та-
нып білуінде психологиялық қызметтің қанша-
лықты маңызды мəселе екендігін жете түсіндіру.
_________________
1. Д. Ушинский К Педогогические сочинения В.6т.
М.., 1988 414 Л.С.
2. Возрастная и педогогическая психология. Тексты.
- М.: МГУ, 1992.
3. В.В.Давыдов. Теория развивающего обучения.
- М., 1996
4. Л.С.Выготский. Проблема возраста/ Собрание
сочинений. – М.,1984
5. Л.С. Выготский «Избранные психологические ис-
следование». М.., 1956. 519-б.
Ə. Молдажанова
ТІЛ ҮЙРЕНУДЕ ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Ойын – оқыту əдісінің бөлігі. Тіл үйренуде,
тіл дамытуда ойындар арнайы мақсатты
көздейді. Ойынның мақсаты – білім, білікті жəне
дағдыларды
қалыптастыру,тиянақтау
жəне
бекіту, қимылдарды қайталау немесе тексеру
сипатында болады.
Сабақты жүйелі түрде түрлендіріп, əртүрлі
əдіс-амалдарды қолданып, оқушылардың ана
тілінде таза сөйлеуін, шет тілінде сөйлеуін, ана
тіліне деген, шет тіліне деген ынтасын арт-
тырып, белсенділігін көтеретін – ойын, жұмбақ-
тар жəне тақпақтар мен өлеңдер.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі
бастала отырып,адамның кəсіпті толық меңгер-
генінше жалғасады жəне ойын оқытуда алдыңғы
технологиялардың маңызды бөлігі болып та-
былады. Кейбір психологиялық теориялар ойын-
ның мəнін баланың артық əл-қуатын шығындап,
жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.
Ойын балалар үшін əрқашан ойын болған-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
280
дықтан, ойын элементтері мен жұмбақтар қол-
данылып қолданылып өтілген сабақтар оқушы
қауымды қызықтырады. Балалар ақыл-ойын
дамытуда əсіресе сөздік жаттығулар,ойын түрін-
дегі жаттығулар ерекше роль атқарады. Осының
бəрін тілдік ойындарға жатқызуымызға болады.
«Тілдік ойындар (языковая игра) – тек тіл ғана
көрініс тапқан ойын емес, онда өмірлік ахуалдар
бар, тіл арқылы көрінісберетін шындық» деп
орыс ғалымдары В.П.Руднев те, Витгенштейн де
санайды. Алайда бұл оқыту үдерісі кезінде қол-
данылған
себептен,
дидактикалық
əдіске
жатады. Дидактика деген не? Дидактика деген
терминнің өзі гректің didaktikos – оқытушы,
үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика –
оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заң-
дылықтарын, принциптерін, əдістерін қарасты-
рады. Кез-келген білім беру саласында дидакти-
калық əдіс жоғары орында тұрады,себебі ол
оқушылардың белсенділігін арттырумен қатар,
мұғалім мен оқушы, оқытушы мен оқушы
арасындағы əдеттегі психологиялық кедергіні
бұзып, еркіндік, теңдік сезіледі, өз ойларын,
пікірлерін білдіре алады, басқа тілді үйрене
алмаймын деген сенімсіздігін сейілтеді, қызығу-
шылығын арттырады. Оқушылардың өзіндік
пікірін қалыптастыру мұғалімнің бір міндеті
болып табылады. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар
ойын барысында белсенді сергек болуға мүм-
кіндік алады. Ойын сабаққа енжар оқушының
өзін еліктіреді, сабақта үлгеруіне үлкен көмегін
тигізеді. Егер ойын алдын-ала ұйымдастырылып
берілсе, онда ойынның өзі де, нəтижесі де
жетістіктерге жеткізеді. Оқытушы сбақта қолда-
натын ойынды əртүрлі мақсаттарына сəйкес түр-
түрлерге бөліп, қолдануына болады. Мысалы,
ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде
жүргізілсе, онда ойынға көбірек уақыт бөлінуі
тиіс. Ал, сол материалды қайталау кезінде
ойынның түрлері ұйымдастырылса, онда көп
уақытты талап етпейді. Кейбір ойын түрлерін
сабақтың əртүрлі кезеңдерінде пайдалануға
болады. Ойын оқушылардың шаршағанын ба-
сады, сергітеді жəне шет тілін үйренуді жеңіл де
қызықты процеске айналдырады.
Ойынның тəрбиелік мəні зор. Ойынның қай
түрі болмасын, оның қоғам дамуының барлық
кезеңдерінде бала тəрбиесінде өзіндік орны бар
үрдіс болғаны педагогика тарихынан бəрімізге
белгілі. Ойын кезінде оқушылар ұжымдыққа,
жауапкершілікке, белсенділікке, дəл жəне тез
шешім қабылдауға үйренеді. Сондай-ақ, дұрыс
ойластырылған, қызықты ұйымдастырылған
ойынның түрлері балалардың ойлау жəне есте
сақтау қабілеттерін дамытады, ынтасын арттырады.
Сабақта ынта мынадай себептерден төмен-
дейді:
Ойлау-процесіне, миына көп салмақ
түсіруден;
Сабақты бірыңғай, бірсарынды жүр-
гізуден;
Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс
жиі жүргізуден;
Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл
бөліп, сабақты созып жіберуден жəне т.б.
Жоғарыда көрсетілген себептерді болдыр-
мау мақсатында оқу үрдісі кезінде ойынды
қолдану тиімді. Бала оқу үстінде қандай да
білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай
ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Ойын тіл үйренушілерге өте тиімді əрі пайдалы
əдістің бір бөлігі. Тіл үйрену сабақтарында қол-
данылатын ойындар түрлі əрекетті қимыл, қа-
рым-қатынастарды ойнатып, диалогтар үстінде
ойды дамытады. Ойын барысында сөйлеу қыз-
метінің үш бірдей талабы – грамматикалық
ережелердің сақталуы, сондай-ақ лексикалық
қорды қолдану жəне фонетикалық дыбыстау
заңдылықтарының орындалуы шарт.
Ойын тек баланың қызығушылығын ғана
қамтып қоймайды, сонымен қатар баланың көп
мəліметтермен, ақпараттармен танысуына да
мүмкіндік туғызады.Ойын ойнау кезінде даму,
тəрбиелену, үйрену қабілеттері мен дағдылары
дамиды. Енді біз даму, білім беру, дағдылар,
қабілет деген сөздерге қандай түсініктеме
берілгенімен танысып көрелік. Білім – адамда
объективтік ақиқаттың фактілер, түсініктер
жəне ғылым заңдары нысанында бейнеленуі
болса, білім беру – бұл оқушылар алып,
меңгеретін білімдердің, қабілеттердің жəне
дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы.
Білім беру – тəрбиенің жəне оқып-үйретудің
нəтижесі. Даму – бұл процесс жəне адам орга-
низміндегі сангдық, сапалық өзгерістердің нəти-
жесі. Қабілет – игерілген білімдердің, өмірлік
тəжірибенің жəне бойға сіңісті болған дағды-
лардың негізінде практикалық жəне теориялық
іс-қимылдарды саналы əрі дербес түрде орын-
дауға даярлық деп көрсетсе; Дағдылар –қажетті
іс-əрекеттерді орындау кезінде көрініс табатын,
сан рет толассыз жаттығулар жасау жолымен
мейлінше жетілдірілген практикалық іс-əрекет-
тің құрамдас бөліктері
Аталып өткен қабілет, дағдылардың кез-
келген баланың, оқушының бойында сіңуіне
ойынның атқаратын қызметі зор.
Ойын – баланың əуелі эмоциональды, сонан
соң интеллектуальды жүйесін қалыптастыра-
тын іс-əрекет. Сабақ барысында ойынның ұйым-
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
281
дастырылуы, оның жүзеге асуы оқушы мен
оқытушының тарапынан іске асырылады. Се-
бебі, ойынның шарты, ұйымдастырылуы, орны,
сабақтағы материалға қатыстылығы, өткізілу
формасы уақыты оқытушыға байланысты. Ал
оқушы осылардың барлығын жүзеге асырушы
ретінде танылады. Егер оқушы берілген мате-
риалды дұрыс түсінсе, ойынның шартымен дұ-
рыс таныстырылса, онда сабақ өз мақсатына
жетті деген сөз. Ол үшін оқытушы тартымды,
бəріне түсінікті əрі қарапайым формаларды
таңдап,жеңілден – ауырға,жекеден – жалпыға
концепциясын ұстануы тиіс.
Ойынды сабақ барысында пайдалану кезін-
де оқушылардың өткен материалдарымен қатар
жас ерекшелігін, жыныстық ерекшелігін ескеру
қажет. Бастауыш мектеп жасындағы балалар
үшін ойын – қызықтыратын іс-əрекеттер ретінде
танылса, жоғары мектеп оқушыларының ара-
сында ол тек қызықтыратын іс-əрекет емес, өз
пікірін білдіретін пікірсайыс сабақ ретінде
танылуы мүмкін. Сонымен қатар, жас ерекше-
ліктеріне байланысты оқу процесінде ойыннның
түрлерін де бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы немесе
балабақшадағы балаларға жас ерекшелігін
ескере отырып тіл үйрену сабақтарында
мынадай ойынның түрлерін жүргізуге болады:
«Ұшты,ұшты», «Хан, уəзір», «Кім тапқыр?»,
«Жəрмеңке» жəне т.б. Мұндай ойындар тапқыр-
лықты, жылдамдықты, тез ойлауды, есте сақ-
тауды мақсат тұтып, көздесе, жоғары мектептің
оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың
«Рөлдік», «Іскерлік ойындар», «имитациялық
ойындар» сияқты түрлерін қарастыруға болады.
П.ғ.к. А.Əлімов өзінің «Интербелсенді əдіс-
терді жоғары оқу орындарында қолдану» атты
оқу құралында былай деп берген: «Рөлдік ойын-
дар – тиімді интербелсенді əдістердің бірі.
Рөлдік ойындарда студент өзінің теориялық
білімдерін өмірде кездесетін ситуациялар мен
жағдаяттарда қолданады. Рөлдік ойындарды
жүргізу алдында оқытушының əдістемелік
тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол
əсіресе келесі мəселелерді алдын-ала мұқият
талдап алуы керек:
Ойынды өткізудің əдістемесі (ойын
шарттары мен ережелері, мақсаттары, кезеңдері,
қатысушылар, т.б.)
Ойынның мүмкін нəтижелерін болжау;
Ойынның нəтижелерін қорытындылау.
Рөлдік ойындардың екі түрін ажыратуға
болады:
Əрбір студент рөл ойнайды.
Студенттердің шағын топтары рөл ой-
найды.
Рөлдік ойындар үйренушілерде келесідей
біліктерді қалыптастыруға септігін тигізеді:
Қарым-қатынастық дағдылар;
Шағын топтарды жұмыс жасау дағды-
лары;
Толеранттылық;
өзіндік тұрғыдан ойлау, пікір жəне көз-
қарас қалыптастыру;
үйренгенді практикалық тұрғыдан қол-
дану;
өздерінің үйрену деңгейін анықтап, оны
əрі қарай дамыту.
Сондай-ақ, рөлдік ойындарды басшылыққа
алу барысында бірнеше ұйымдастыру кезең-
дерін атап өту керек. Олар:
1. Жүргізуші
тақырыпты
хабарлайды,
ойынның мақсаты мен рөлге еніп ойнауы үшін
барлық жағдайларды жасайды;
2. ойынға қатысушыларды ойынның тəр-
тібімен таныстырады;
3. жүргізуші ойынның қорытындысын бел-
гілеп отырады;
4. Ойынға қатысушылардың тақырыпты
талқылауына көңіл бөлінеді.
Рөлдік ойындарда ойынға қатысушылар
басқа адам ретінде өздерін сезінеді,ойлайды
жəне солардың іс-əрекеттерін қайталайды.
Іскерлік ойындар іскерлік ойындар жəне
өндірістік ойындар болып екіге жіктеледі.
Іскерлік ойындарда студенттер қандай да
бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп,
зерттеу жұмыстарын жүргізу жəне деректерді
талдау арқылы нақты практикалық мəселелерді
бірлесе отырып шешеді. Ал, өндірістік ойын-
дарда ойынға қатысушылардың сан қилы мүд-
делерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін
қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын
шешім қабылдауды қажет етеді. Өндірістік
ойындар əлеуметтік немесе экономикалық си-
паттағы нақты бір жағдайды шешуде үйренуші-
лердің өзара əрекеттесуін қалыптастырады.
Өндірістік ойындар əдетте студенттік топтың
өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс əре-
кеттері түрінде өтеді.
Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың
қалыптан тыс жағдайлардағы əрекеттерін анық-
тайтын өмір сүру ортасының үлгісін құру. Ими-
тациялық ойындарда студенттер өмірде тууы
мүмкін оқыс жағдайларды қайталап, шаруашы-
лық, басқару, əлеуметтік, психологиялық ше-
шімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар
қарым-қатынастың əртүрлі тəсілдері арқылы
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
282
жүзеге асырылады:пікірталас, келіссөз жүргізу,
презентациялау, бірлесе əрекеттесу.
Сонымен қорыта келгенде ойын – оқу
процесінің бір бөлігі болып табылатын,ұтымды
əрі тиімді əдіс болып табылады. Оқыту үрді-
сінде оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде
дербес дидактикалық категория бола алатын
ойынды оқытушылар мен студенттердің, мұға-
лімдер мен оқушылардың, мектеп жасына
дейінгі балалар мен тəрбиешілердің бірлескен
оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы
ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да,
үлкендер ойыны да мəнді тұлғаның мəнді əре-
кеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің жəне
басқалардың қызығушылықтарынан, ынтасынан
туындаған ойынының нəтижесін бақылай, тал-
дай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы
да жаман да істерінде ұтымды қолдануға ма-
шықтанады. Сабақты бірыңғай əдіспен жүргізу
балаларды жалықтырып, пəнге деген қызығушы-
лығын төмендетеді. Сол себептен де бірсарынды
баланы жалықтыратын əдістерден бас тартып,
керісінше баланың ойлау қабілетін, іскерлігін
дамытатындай бағытта ұйымдастырсақ нұр
үстіне нұр болар еді.
___________________
1. Ш.А.Амонашвили «Мектепке - алты жастан».
Педагогикалық ізденіс, А.: Рауан. 1990. -574 бет. Құрас-
тырушы: И.Н.Баженова
2. Əлімов Асхат .Интербелсенді əдістерді жоғары
оқу орындарында қолдану.Оқу құралы.-Алматы,2009.-328
бет.
3. Ахметова Педагогика
4. Ə.Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика.
А.: Рауан, 92.-207 бет
5. Культура русской речи: Энциклопедический сло-
варь-справочник / Под ред. Л.Ю.Иванова и др.-М.: Флинта:
Наука, 2003.-840с.
Г. Ə. Мұсаева
ТІЛДІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
(ҚАЗАҚ ТІЛІ)
Тілді екінші жəне шет тілі ретінде оқытудың
бірыңғай тұжырымдамасын құзіреттілік (компе-
тенция) competentis латын тілінде – қабілетті)
жолымен қарастыру қажет. Құзіреттілік тер-
минін ғылымға алғаш рет Н. Хомский енгізген.
Оны адамның белгілі бір іс-əрекетті орындауға
қабілеттілігін көрсету үшін қолданды. Тіл мең-
геруде құзіреттіліктің негізгі үш түрі айқын-
далған.
Коммуникативтік құзіреттілік – бұл тілді
қарым-қатынас кеңістігі ретінде түсініп, іс-əре-
кеттің белгілі бір саласында қарым-қатынастың
мақсаты мен жағдаятына сай үйреніп жатқан тіл
құралдары арқылы сөйлеу əрекетін жасау қабілеті.
Тілдік құзіреттілік – тіл арнайы заңдылық-
пен қызмет жасайтын жүйе деп түсініп, осы
жүйенің көмегімен басқа адамның ойын ұғу
жəне ауызша, жазбаша түрде өзіндік пайым-
дауларын жеткізе білу қабілеті.
Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік – тіл ха-
лық мəдениетінің құрамдас бөлігі, мəдениетті
тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп
жатқан тілде сөйлейтін халықтың əдет-ғұрпын,
этикетін, əлеуметтік стереотиптерін, тарихын,
мəдениетін қоса меңгеріп, қарым-қатынас бары-
сында оларды қолдана білу қабілеті [1,138 б].
Бұл құзіреттіліктер тілдік тұлғаның терең
қалыптасқан сапасын білдіреді. Сондай-ақ олар-
дың бөтен ортада өмір сүріп, əрекет жасауын
қамтамасыз ететін дағдылары мен біліктілігін,
алған білімдерін орынды қолдана білу қабілетін
көрсетеді.
Қазіргі кезеңде еуропалық стандарт бойын-
ша тілді меңгерудің алты деңгейі қарастырыл-
ған. Осыған орай əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
дың шетел азаматтарына арналаған дайындық
факультетінде қазақ тілін меңгеру жүйесі де осы
деңгейлерге сəйкес ұйымдастырылған. Тілді
меңгерудің коммуникативтік құзіреттіліктері де
осы деңгейлерге сəйкес таңдап алынады.
Осы қағиданы негізгі ұстаным етіп ала
отырып, сабақ ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақтың құрылымын негізгі үш бөлімге
бөлеміз: сабақтың басы – тілдік қарым-қаты-
насқа дайындау; сабақтың ортаңғы бөлігі –
жаңа сабақты түсіндіру жəне бекіту; Сабақ-
тың аяғы – қорытындылау, бақылау;
Сабақтың негізгі бөлімі.
1. Жаңа сабақты түсіндірудің негізгі ұста-
нымы – коммуникативтік тəртіптегі тілдік мате-
риал.
Тілдік материалды ұйымдастыру коммуни-
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
283
кативтік мақсатқа сай болу керек. Ең алдымен
оқушыға тілдік қарым-қатынасқа қажет нəрсені
үйрету жөн. Бұл оқытудың пəндік мазмұнымен
анықталады. Оған түрлі салалар, тақырыптар,
қарым-қатынас жағдаяттары, мəтіндер енеді.
Оның ішінде тіл меңгерушілердің қарым-қаты-
настарының ниеттері (интенциялары) де анық-
талады. В.Л. Скалкин қарым-қатынас саласына
əлеуметтік-тұрмыстық, отбасылық, кəсіби-ең-
бек, əлеуметтік-мəдени, қоғамдық əрекет, əкім-
шілік-құқықтық, көпшілік ойындар мен көңіл
көтерулерді жатқызады, ал тіл меңгеруде əдетте
оқу-кəсіби, əлеуметтік-мəдени, тұрмыстық, қо-
ғамдық-саяси, ресми-іскери салаларды таңдап
алады [2].
Əлеуметтік-тұрмыстық салада қарастырыла-
тын қарым-қатынас тақырыптары: отбасылық
мəселелер, əке-шешемен, достармен қарым-
қатынас, ақша мəселесі; Оқу мен еңбек сала-
сында: мамандық таңдау, бос уақыт мəселелері,
жұмыс іздеу мəселелері; əлеуметтік-тұрмыстық
салада: үйреніп жатқан тіл елі, қалалары, бұқа-
ралық ақпарат құралдары, жастар сəн-салта-
наты, саяхат, мерекелер, табиғат пен экология,
мəдениет пен əдебиеттің ұлы қайраткерлері [1].
Осы тақырыптар төңірегінде арнайы жағдаяттар
құрылуы тиіс.
2. Грамматикалық материал функционал-
дық жəне ситуациялық негізде ұсынылуы тиіс.
Грамматика коммуникативтік ниеттерді,
арнайы ойларды жеткізу құралы ретінде
үйретіледі. Грамматика тілді оқытудың маңызды
аспектілерінің бірі, себебі қарым-қатынас негізін
грамматикалық дағдылар мен біліктілік құрай-
тын тілдік құзіреттілік арқасында жүзеге асады.
Бүгінгі таңда грамматикалық дағдылар мен
біліктілікті қалыптастыру үшін сөйлем құры-
лымын модельдеу (құрылымдық) жəне сөйлеу
үлгілері əдістерін қолдану тиімді болып отыр[3,
89 б.]. Біздің тəжірибемізде əрбір жаңа сөз тек
атау ғана емес, белгілі бір мағыналы синтаксема
ретінде беріліп, сөйлем құрылымы атаулы
сөйлем құраудан басталып, тұрлаулы, тұрлаусыз
мүшелері толық қатысқан жайылма жай сөйлем
жасауға дейін күрделене алатын синтаксистік
модельдер грамматикалық формаларды оқытуда
негізге алынады.
Тілдік мəліметтерді ұсынудың негізгі ұста-
нымдары.
• Тілдік бағыттылық – сабақ тіл туралы
емес, сол тілде болу керек, яғни қарым-қатынас
арқылы үйрену;
• Функционалдық – грамматиканы мағы-
надан формаға ұстанымымен оқыту;
• Ситуативтілік – тілді емес, қоршаған
əлемді тіл көмегімен оқыту, яғни əлем шынайы
жағдаяттарда;
• Бірлесе істеу – интерактивтік əдістерді
пайдалану.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мəде-
ниетаралық қарым-қатынасқа жеке жəне тең
дəрежеде қатыса алатындай би/полимəдениеттік
тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталуы
тиіс. Үйреніп отырған тілді мəдениетаралық
қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек
мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген
жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір-
бірімен тығыз байланысқан ауызша сөйлеу мен
оқу жəне жазу əрекеттеріне тікелей қатысты.
Сөйлеу əрекеттері түрлерін (сөйлеу – (диа-
лог, монолог), жазу, оқу, түсініп-тыңдау) қатар
меңгеру барысында танымның барлық түрі
(көру, есту, сөйлеу, сезіну, түйсік т.б.) əрекетке
түсіп, əрбір сөйлеу əрекеті оқытудың мақсаты
ғана емес, құралының да рөлін атқара алады [4].
Сөйлеу: диалог. Үйреніп отырған тілдің
елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайла-
рында сөйлеу нормаларын сақтай отырып,
арнайы сəйкес клишелерді қолданып тілдесетін
этикеттік диалог.
Бұйрық мəндегі сөйлемдердің барлық түр-
лері мен синонимдік құрылымдарды қолдана
отырып өтіну, кеңес беру, ұсыныс жасау; баға
бере алатындай пайымдау, пікір алысу; қызы-
ғатын тақырып төңірегінде пікірсайысқа түсе
алу; т.б.
Монолог. Мəліметтер, оқиғалар жөнінде
қысқа мəлімдеулер; эмоционалдық, баға беретін
пайымдауларды пайдалана отырып əңгімелеу;
заттарды, құбылыстарды, əрекеттерді сипаттау;
мəселелер төңірегінде ойтолғау; оқиғалар мен
адамдарға мінездеме беру; аргументтеу; оқыл-
ған мəтінге сүйене отырып мазмұнын баян-
дау; т.б.
Түсініп тыңдау. Күнделікті қарым-қаты-
наста екінші тілдесушінің сөзін толық түсіну;
қайта сұрау, қайталап айтуын сұрау стратегия-
ларын қолдана білу; онша үлкен емес түрлі жанр
мəтіндерінің негізгі мəліметін түсіне алу;
жарнама жəне т.б. хабарламалардағы қажетті
мəліметтерді тілдік болжамға, контекстке бай-
ланысты түсіне білу; т.б.
Оқу. Оқудың негізгі түрлері мен стратегия-
ларын меңгеру:
• Əртүрлі жанрда жазылған публицистика-
лық, функционалдық, əдеби, ғылыми-көпшілік
мəтіндерді оқи отырып негізгі ой, идея, мəлі-
меттерді іріктей алу;
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
284
• Құрылымдық жəне мағыналық талдау-
ларды, таңдап аударма жасауды пайдаланып
мəтін мазмұнын толық түсіну;
Мəтінді ішінара іріктеп түсіну. Түрлі жанр-
дағы мəтіндерді жүгірте қарап шығып; қажетті,
қызықтыратын мəліметті іздеп табу жəне бөліп
алу [5, 399-400 б].
2. Сабақты бекітудің мақсаты:
• Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
• Сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
• Сөйлеу біліктілігін дамыту.
Осыған орай жаттығу түрлері де үш топқа
жіктеледі:
• Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ар-
налған жаттығулар;
• Сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арнал-
ған жаттығулар;
• Сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған
жаттығулар;
Жаттығу барысында осы тақырыпқа сай
құрылған шынайы жағдаяттарға сай жəне
оқытудың бастапқы кезеңінде жиі қолданы-
латын тіркесімділік қабілеті жоғары сөздер
таңдап алынуы тиіс.
Тілді қалай меңгеру керек? Мамандардың
зерттеуі бойынша оқыту үдерісінде техника-
лық құрал жабдықтарды, көрнекіліктер, атап
айтқанда, мультимедиалық компьютер, бейне-
проекторлар, бейнетаспалар, суреттер, сызбалар,
кестелер т.б. қолдану оқытудың тиімділігін
арттырады. «Интерактивті бағдарламамен жұ-
мыс істеу кезінде үйренушінің ынталылығы,
назар аударуы күшейеді. Нақты материалды
оқуға қажетті уақытты үнемдеу 30 пайызды
құрайды. Сарапшылар оқу материалын меңгерту
əдісі мен оны есте сақтау қабілеті арасындағы
байланысты атап көрсетеді. Жадыда естілген
нəрсенің тек төртінші бөлігі ғана сақталып
қалады, егер қабылдау бейнелі түрде, яғни
көзбен көру арқылы жүзеге асырылса, онда есте
сақталып қалатын материалдың үлесі үшінші
бөлікке дейін артады. Ал дыбыстық жəне
бейнелі ықпалдардың қатар келуінде мате-
риалдардың жартысына дейінгі бөлігі есте
қалады» [6]
.
Тілді меңгеру əдістері: пассивті – оқытушы
тек өзі сөйлеп, оқушылар белсенді болмайды;
активті – оқытушы мен оқушылар бірге ара-
ласып жұмыс істейді; интерактивті, мағынасы
inter – аралық, act – əрекет. Мұнда тек оқытушы
мен оқушылар арасында ғана емес, оқушылар да
бір-бірімен əрекетке түсе алатын əдіс. Əрине,
сабақ үстінде бұл əдістердің бəрі қолданылады.
Тек əрбір əдіс сабақта өз орнымен қолданылуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |