Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет30/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52

 
 
 
 
 
Б. Құсаинов 
 
М.ƏУЕЗОВ «МАНАС» ЖЫРЫН ОРЫНДАУШЫ  
ҚЫРҒЫЗ ЖОМЫҚШЫЛАРЫ ЖАЙЫНДА 
 
 
Əдебиетші  ғалым  М.Əуезовтің  фольклор- 
тану  ғылымына  сіңірген  еңбегі  зор.  М.Əуезов 
халық əдебиеті нұсқаларын жинап қана қоймай, 
жүйелеп  .жанрына,  мазмұнына  құрылымына 
қарай  топтастырып,  тексеріп  отырған.Алғашқы  
əңгімелері жарық көрген кезден бастап қаламгер 
ауызша  тараған  ұлт  мұрасын  терең  игеруді 
өзінің  бұлжымас  бағыт-бағдары  етіп  белгілеген 
секілді.  Ол  халық  əдебиетінің  мың  жылдық 
маржандарын хатқа түсіріп, баспасөз беттерінде 
жариялап  тұрған.  Оның  «Əдебиет  тарихында» 
талдаған  шығармалары  ғалым  жазып  алған 
дүниелердің  молдығын  көрсетеді  М.Əуезов 
халық 
əдебиеті 
үлгілерін 
ақын-жыраулар 
мұрасы  ретінде,  сонымен  бірге  ұлт  тарихын 
қалыптастыруға  қажетті  дерек  көздері  əрі  жаңа 
əдебиеттің  жолын  ашар  рухани  салт-сананың 
қайнар  бастауы  ретінде  қараған.  Мұның  
растығын қазақ прозасы мен драматургиясының 
қарыштап  дамуына  ықпал  еткен  жазушының 
шығармашылық тəжірибесі айқын дəлелдейді.  
Кеңес  үкіметі  тұсында  қырғыз  халқының 
даңқы  əлемге  жайылған  эпопеясы  «Манасты»  
 
 
алғаш  рет  түбегейлі  зерттеген  классик  жазушы 
əрі  ғалым  М.Əуезов  еді.  Оның  анау  отызыншы 
жылдардың  аласапыранында  жариялаған  моно- 
графиялық   туындысы ешқашан өзіндік  құнын 
жойымайтын  еңбек.  Кезінде  ғалым  осы  зерттеу 
жұмысының  негізінде  «Социалистік  Қазақстан» 
мен  «Казахстанская  правда»  газеттеріне  мақала 
да  бастырыпты.  Ал  «Манас»  турасындағы            
кітап  көп  жылдар  өткен  соң,  М.Əуезовтің  «Əр 
жылдар  ойлары», «Уақыт  жəне  əдебиет»  атты 
белгілі еңбектерінде жарияланды.  
Ғалымның  аталмыш  еңбектерінде  жырдың    
генезисі. сақталу сырлары, «Манасты» орындау- 
шылардың  рөлі,  жыр  оқиғасының  қырғыз  хал- 
қының  тарихы  мен  байланысы,  жырдың  нұс- 
қаларындағы  айырым  өзгешеліктер,  эпостың 
көпқабаттылығы,  эпикалық  ортаның  əсер-ық- 
палы, қаһармандық эпос поэтикасына тəн өзекті 
мəселелер айқындалған. 
М.Əуезов: «Импровизаторлық таланты күш- 
ті,  шабыты  тасып  тогілген  жыршылар  жаттап 
алған  жырларын  өзгерте,  өз  жанынан  қоса 
отырып  айтатын  болған.  Ал  енді  біреулер  тек 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
197
естігендері  мен  жаттап  алғандарын  ғана 
айтқан»,- [1]деп жырды орындаушылардың өзін 
екіге  бөліп  қарастырады..  Ғалым  мұндай  түйін 
тұжырымға    жайдан-жай  келіп  отырған    жоқ, 
əрине.  Ол  «Манас»  жырын  ың  айтулы  орын- 
даушылары    Келдібек,  Балық,  Найманбай,  Ты- 
ныбектер  қалыптастырған  жыр  мектептерінің 
дəстүріне  тоқталып,  жырлаушыларды  өз  ара 
салыстырады,  сөйтіп, «Манасты»  айтушылар- 
дың  табиғатына  тереңдеп  бойлайды.  Осы  ең- 
бегінде  ғалым  жомоқшылардың  жыр  мəтінін 
үнемі  толықтырып,  байытып  əкетіп  отыратын 
ақындық  қабілеті  болғанын  айтады.  Айтушы- 
лардың    жырды  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғап  оның 
оқиғасын  .тілдік  кестесін  əбден  жетілдіргені 
жөнінде  бірнеше  дерек  ұсынады. «Балық-бергі 
заманда  болған  ақын.  Балықтан  кейін  оның 
баласы  атақты  ақын  Найманбай  шығады. 
Балықтан  бастап  «Манасты»  айтып  таратуда 
кейінгі  ұрпаққа  беруде  мирастық  дəстүр 
туады....»[2]  
Зерттеуші  жыр  шумақтарымен.  күрделі 
мазмұнымен,  құрылысымен  таныса  отырып, 
ортақ  сарындардың  қаншалықты  қайталанып 
келетіндігіне назар аударады.  
Түркі-монғол  халықтарының  қаһармандық 
эпосы  жайында  жазған  зерттеуші  ғалымдар  бұл 
жырларды  орындау  біраз  жұртта  киелі  мəнге  
ие  болғанын  айтады.  В.Радловпен  сөйлескен 
қырғыз  манасшысы  «Жыр  жырлауды  менің 
көмейіме  құдай  тағалам  құйған,  мен  жырды 
іздеп жатпаймын да, жаттап та  жүрмеймін. Жыр 
менің  көмейімнен  өзінен  өзі  төгіліп  жатады.»-
деп айтқан көрінеді.[3] 
М.Əуезов  те  қырғыз  жомықшылары  ара- 
сында,  ақындық  жыршылық  өнерді  ғайыптан          
келген «қасиет», «керемет» деп қабылдаушылық 
кең  жайылған.  əбден  қалыптасқан  дəстүр 
екеніне  тоқталады.  Манасшылардың  көбі  бұл 
кəсіпті батырдың өзі аян бергеннен   кейін ғана 
қолға алған.  
Қырғыз  манасшылары  туралы  академик 
Ə.Марғұлан: «Бұлардың барлығына ортақ нəрсе 
манасшы  болардың  алдында  олардың  түсіне 
Манас  пен  оның  қырық  шорасы  кіріп,  ақындық 
қасиетін  олардың  ауызына  құяды-мыс.  Содан 
«Манас»  жыры  оларға  түсінде  қонады  деген 
ұғым  болған.  Мəселен,  Қарашы  жыршының 
қалай  манасшы  болғаны  туралы  халық  аузында 
мынандай  аңыз  бар.Қарашы  қой  бағып  жүрген 
əке-шешесі  жоқ  жетім  бала  екен. «Манас» 
жырын  айтуға  сондай  құмар  екен.  Бір  күні 
далада  ұйықтап  жатып  түс  көреді.  Түсінде 
соңынан  ерген,  астында  аққұла  ат  мінген, 
басында үлкен найзасы бар, қызыл шырайлы кісі 
аян  беріп  балаға  келеді: «Бізді  танисың  ба?»- 
«Жоқ  танымаймын». - «Танымасаң  мен  Манас- 
пын,  менің  артымда  тұрған  Семетейдің  шорасы 
Күл-Шора», - дейді.  Таныстырып  болған  соң 
Манас: «Айт  Манасты» - дейді.  Қойшы  бала: 
«Білмеймін,  айта  алмаймын» - дейді  тартынып. 
«Олай  болса,  дауысыңды  шығар, «а»  де,  ауы- 
зыңды  аш!» - бала  ауызын  ашады.  Манас  бала- 
ның ауызына үш түкіреді. Содан былай Қарашы 
төкпе  ыршы,  манасшы  болып  кетеді», - деп 
жазады.[4] 
Қырғыз  аңыздарының  желісіне  қарағанда, 
«Келдібек жырлағанда киіз үй селкілдеп, айнала 
төңірек  ұйып  қалады  екен,немесе  қара  дауыл 
соғып,  ауыл  маңын  жұмбақ  та,  тылсым  қалың 
қол  қаптап,  ат  тұяғынан  қара  жер  солқылдайды 
екен». [5]      
Осындай  наным-сенім  монғол-бурят  жұр- 
тында  да  болғанға  ұқсайды.  Олардың    көнеден 
келе  жатқан  таным  түсінігі  бойынша,  барлық 
батырлық  жырда  дəріптелетін  тұлғалардың 
аруақтары  келіп,  жыр  тыңдайды-мыс.  Жыр 
көңілден шықса, оқиғалар өзгермей дұрыс баян- 
далса  аруақтар  риза  болады  да,  дұрыс  ай- 
тылмаса,  бұлқан-талқаны  шығып,  ашуланып, 
жыр айтушыны өлімге бұйрады-мыс.[6] 
Бұдан  Е.Тұрсынов  айтқандай,  аруақтар 
культінің  батырлар  жырындағы  оқиғаларды 
эпикалық  кең  құлашта  суреттеу  амалдарының  
орнығуына  эпикалық  əсерлеудің  пайда  болып, 
қалыптасуына көп əсер еткенін байқаймыз.[7] 
Мифологиялық  жырға  тəн  ауқымдылықты 
осы  жанрдың  көркемдік  бейнелеу  құралдарын 
əрі қарай жетілдірген батырлық əңгімелерден де 
көреміз.  Осыларға  өмірден  өткен  тарихы  тұл- 
ғаларға  арналып  айтылатын  жоқтау,  мадақтау 
өлеңдері  қосыла  келіп,  оқиғаларды  əсірелеп 
бейнелеу тəсілі қалыптасты дейміз. 
М.Əуезов  батырлық  жырлардың  ішкі  бө- 
лектеріне  назар  аудара  отырып,  олардың  бас- 
тауында  тұрмыс-салт  жырлары  жатуы  мүмкін 
деп  тұжырымдайды,  Манастың  өзі  де  керез, 
кошан  (керез-өсиет,  кошан-жоқтау)  негізінде 
тууы  сөзсіз  екендігіне  нақтылы  мəліметтер 
арқылы  сендіреді.  Оған  зерттеуші  өз  өмірінен 
мынандай  мысал  келтіреді. 1928 ж  Пржевальск 
ауданы  Бұғы  руынан  шыққан  бір  адамның 
айтуынан  өз  қолымен  Балбай  керезін  жазып 
алыпты. Ол  шақта əлгі керездің көлемі елу жол 
болған.  Кейін  Х.Қарасаев  деген  кісі  сол  керезді 
жаңағы  ауданан  шыққан  басқа  айтушыдан 
жазып алғанда оның жобасы 430 жолға көбейіп, 
батырлық жырға айналып кеткенге ұқсайды. 
М.Əуезовтің  Л.Соболевпен  бірігіп  жазған 
«Эпос  и  фольклор  казахского  народа»  деген 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
198
очеркінің ең құнды бөлімі эпостың шығу тегіне, 
тарихына  арналады.  Олар  батырлар  жыры  мен 
лиро-эпикалық  туындылардың  ішінде  халық- 
тың  əдет-ғұрпын  суреттейтін  тұрмыс-салт 
өлеңдерінің  мол  кездесуіне  баса  назар  аудара 
отырып,  эпостық  жырлар  алғашында  жоқтау, 
естірту  сияқты  халық  əдебиетінің  кең  тараған 
жанрларынан  тууы  мүмкін,  халық  мұрасының 
шағын формаларынан  ұзақ.ауқымды шығармаға 
ауысуы заңды деп қарайды.  
Ғалым  «Манасты»  өте  ертеде.  қадым  за- 
манда  айтқан  жыршылардың  бірде-бірінің  аты 
жұрт  есінде  не  манасшылардың  жырында  сақ- 
талмағанын,  оның  түрлі  себебін  тарата  келіп: 
«Мұнда  əр  жыршы  эпостың  қалай  туып 
тарағанын жəне соны кімнен жаттап үйренгенін 
əдейі жасыратын тəрізді... 
Қырғыз  жомықшылырының  арасында  жыр- 
дың  даруына,  жырдың  қонуына  сенушілік  бол- 
ған.  Сондықтан  да  «манастың  нағыз  майталман 
жыршылары  өздері  айтатын  нұсқаны  тəңірі 
бойға    дарытқан  қасиет, «Манасты»  бастан  аяқ 
білгізген  де  сол  ғаламат  күштің  жемісі  деп 
танытуға тырысқан... 
«Манастың»  əр  жыршысы  өз  нұсқасын 
дербес  деп  санап,  оны  тəңірдің  бойға  дарытқан 
өнері, өзгеше қасиеті деп білген. Кейін бірде-бір 
жомықшы бұдан аттап өтпеген»,-дейді.[8] 
Эпосты  айтушылармен  кездесіп,  талай 
туындыларды  жазып  алып  жүрген  М.Əуезов 
«Манасты»  орындаушылар  жайын  тегін  қозғап 
отырған  жоқ.  Өйткені  қазақ  ішіндегі  жыршы  –
жыраулар  шығарманы  кімнен  қалай  үйренгенін 
жасырмайды.  Қазақ  жыршылырына  тəн  қасиет- 
 
 
 
 
 
 
ол жыршы өлең-жырға бала күнінен құмартады, 
өзінің  де  ақындық  қабілеті  болады.  Сондықтан 
олар атақты жыршылардың соңынан еріп жүріп, 
жыр  үйренеді,  содан  əрі  қарай  туындысын  қай- 
талап  айтып  машықтанады,  əбден  толысқаннан 
соң  өз  бетімен  ел  аралап  жыр  айтады,кейін  өзі 
ұстаздық  етіп,  шəкірт  даярлайды.  Сонымен 
қазақ  жырлары  бір  айтушыдан  екінші  айту- 
шының  қолына  өтіп  жетіледі,  жаңа  деңгейге 
көтеріледі.  
Тағы  бір  айта  кететін  жайт-қырғыз  жомақ- 
шылары  «Манасты»  ғана  жырласа,  қазақ  жыр- 
шыларының  репертуарларында  «Алпамыс  ба- 
тыр», «Қобыланды  батыр»  жырларынан  басқа 
мазмұны,  сюжеті  тұрғысынан  бір-бірін  мүлде 
қайталамайтын  ондаған  жырлар  болады.  Олар 
айтысқа  қатысып,  терме  толғауларды  да  орын- 
дай  береді.  Қазақ  жыршылырының  үлкен 
шығармаларды  орындамас  бұрын  əр  түрлі  күй 
тартқаны жайлы да деректер мол.  
___________________ 
1.  Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет- А., 1962,180-бет 
2.  Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет- А., 1962,189-бет 
3.  Радлов В.В. Образцы народной литературы север- 
ной  тюрксих  племен.Наречие  дикокаменных  киргизов. 
Ч.ІІ.С.П.Б.,1886,с.599 
4.  Марғұлан Ə. Шоқан жəне «Манас»-А,1971, 18-бет 
5.  Ауэзов  М.  Киргизская  народная  героическая 
поэма «Манас».- в кн: Киргизский эпос «Манас»- М., 1961, 
с.22-23 
6.  Владимирцов  Б.Я.  Монголо-ойратский  герои- 
ческий эпос. Пг.,1923,с.37-39-38,40 
7.  Тұрсынов  Е.  Тарихи  жыр,  өлеңдердің  тегі  мен 
дамуы\\Қазақ  тарихи  жырларының  мəселеоері-А.,1979,38-
39бет 
8.  Əуезов М.Шығармалар он екі томдық,- А.,1969, 11т. 
 
 
 
 
 
 
Б. О. Мамиева 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ 
 
   
Ұлт    қамқоры,  табиғатынан  ерекше  дарын 
иесі,  əдебиеттану  саласында  күні  бүгінге  дейін 
құнын жоймаған, болашақ ғылымға да сара жол 
сала  берер  тағылымды  ой-пікірлер  мен  ғылыми 
тұжырымдарды  соңына  мирас  еткен  Ахмет 
Байтұрсыновтың    мұралары  туралы    сан  алуан 
ғылыми  зерттеулер  жарық  көрді,  əлі  де 
жариялана  бермек.  Оның  ақындық  мұрасы- 
нан,  саяси-қоғамдық  көзқарастарынан,  ғы- 
лыми-əдістемелік еңбектерінен, тіпті азаматтық,  
 
 
адамдық  қасиеттерінен  тағылым  алу,  елінің 
ертеңі  үшін  күрескен  ұлтжанды  азаматтың 
өнегелі  өмірін  жастарымызға  үлгі  ету  бүгінгі 
күннің  маңызды  мəселелерінің  бірі  болуы 
заңдылық.    
Қазақ  даласының  асыл  перзентінің  туған 
халқымыздың  тарихы  мен  мəдениетіне  қосқан 
үлесі  қомақты.  Ғалымның    кез  келген  мəселеге 
байланысты айтқан ғылыми пікірлерінің маңызы 
зор,  əсіресе,  оның  əдебиет  теориясына  қатысты 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
199
ғылыми  толғамдарының  бағасы  өлшеусіз.  Ол – 
қазақ  əдебиетінің теориялық мəселелері белгілі 
бір  жүйеге  салынып,  əдеби  ұғымдарға  терең 
ғылыми  талдау  берілген  тұңғыш  еңбектің 
авторы.  Бұл  еңбек 1926 жылы  «Əдебиет  таныт- 
қыш»  деген  атпен  Ташкент  қаласында  басылып 
шықты. 
Еңбектің  құндылығы  жайлы  академик 
ғалым Р.Нұрғали: «Əдебиет танытқыш» - Ахмет 
Байтұрсыновтың 
эстетикалық-философиялық 
танымын,  əдебиетшілік  көзқарасын,  сыншылық 
келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ 
филологиясының  ерекше  зор,  айтылған  ой- 
ларының  тереңдігі  мен  дəлдігі  арқасында 
болашақта  да  қызмет  ететін,  ешқашан  ма- 
ңызын жоймайтын қымбат, асыл мұра» деген. /1, 
бет 25/ 
\Əдебиеттану  ғылымының  осындай  еңбекке 
зəрулігі  бола  тұра  саясат  жетегінде  кеткен 
заманның кесірінен құнды кітаптың өз уақытын- 
да  танылмай,  көпшілікпен  қауыша  алмай  қал- 
ғандығы,  əрине,  өкінішті.  Алайда, «ештен  кеш 
жақсы демекші» ұлттық əдебиеттану ғылымына 
баға  жетпес  асыл  мұрамен  танысып,  құнарлы 
ой-тұжырымдарды  пайдалану  бақыты  бұйы- 
рыпты. «Тəн  көмілер,  көмілмес  еткен  ісім»  деп 
ғұлама  өзі  айтып  кеткендей  бүгінгі  тіл  білімі, 
əдебиеттану  ғылымдарының  бағыт-бағдар  алар 
темірқазығы  сияқтанған  Ахмет  мұраларын, 
соның ішінде аталмыш еңбегін зерттеп, қажетке 
жарату ісі жанданып, өз жалғасын табуда.  
\А.Байтұрсынов  «Əдебиет  танытқыш»  ең- 
бегінде  əдебиеттің  қарапайым  қағидаларын 
талдаудан  бастап  күрделі  философиялық, 
эстетикалық,  көзқарастарын  білдіріп,  əдеби 
даму,  əдеби  бағыт,  өлең  құрылысы,  көркем 
шығарма  тілі,  туындының  мазмұны  мен  пішіні 
сияқты  күрделі  теориялық  мəселелерге  дейін 
саралаған.  Əдебиеттануға  кіріспе,  əдебиет  тео- 
риясы  курстарын  оқытуда  ғалымның  түсінікке 
жеңіл,  нақты  да  дəл  берген  анықтамалары  мен 
ғылыми  деректері  таптырмас  құрал  екендігіне 
əдебиетші мамандардың көздері əбден жетті. 
Əдебиет  теориясының  күрделі  мəселесінің 
бірі – жанрлар теориясы, яғни əдебиеттің тектері 
мен  түрлері  жайлы  зерделеу.  Ғалым  еңбегінің 
бір бөлімі осы мəселеге арналған. Өз кезеңіндегі 
қазақ  əдебиетінің  даму  үрдісін  дəл  танып, 
ертеңін  де  көрегендікпен  болжай  білген  Ахмет 
«Еуропа  əдебиетіндегі  сөз  түрлері  бізде  əлі 
түгенделіп  жеткен  жоқ.  Бірақ  қазір  болма- 
ғанмен,  ілгеріде  болуы  ықтимал»  деген  тұжы- 
рым  жасайды.  Одан  əрі  əдеби  тек  түрлері 
жайында  «Ақындықтан  шыққан  сөзді  яғни 
көркем  лебізді  шығармаларды,  үлгілі  жұрттар 
айтылуына  қарай  үшке  бөледі: 1.Əуезеленіп 
айтылуына қарай. 2.Толғанып айтылуына қарай. 
3.Ғамалдап  айтылуына  қарай» /2,103 бет/  дей 
келе,  бұл  үлгілердің  қазақтың  тек  жазба 
əдебиетіне тəн екендігін ескертіп кетеді.  
Ғалымның  өзіне  дейінгі  ғылыми  көзқа- 
растармен  үндестігі  де,  алшақ  кететін  тұстары 
да  бар. «Жалпы  ғылымның  дамуы - өзіне 
дейінгілердің ілгерінді, келешек қажетін өтейтін 
ұстанымдарын  өз  дəуірінің  қажетіне  жаратып, 
одан  əрі  дамыта  түсу  десек,  Ахаң  есімі  бұл 
тарапта  да  асқақ  тұруға  тиісті.  Осындай  деуі- 
міздің  түп-төркінінде  əдеби  жанр  мəселесі 
төңірегін  алғанның  өзінде  екі  мəселе  жатқанын 
ескертеміз. Біріншіден, А.Байтұрсынов бейнелеу 
тəсіліне  негізделген  Аристотель  принципін  де, 
бейнелеу объектісіне негізделген Гегель, Белин- 
ский  принципін  де  табысты  қолданған.  Екін- 
шіден  жанрлық  түрлерді  жүйелеудегі  ұлттық 
танымының  тереңдігі». /3, бет 193/ Ғалым 
жаңалығы  ретінде  ең  алдымен  байқайтынымыз 
оның    əдеби  тек  түрлерінің  терминдік  атауын 
беруде  өзгеге  ұқсамайтындығы.  Қалыптасқан 
эпос,  лирика,  драма  деген  термин  сөздерді  қа- 
зақы  ұғымға  жақын  əуезе, толғау, айтыс-тартыс 
деген  сөздермен  алмастырып,  терминдердің 
ұлттық баламасын тиімді қолдануы оның өзіндік 
ерекшелігі. 
Еңбектегі  басқа  да  осындай  əдеби  термин- 
дердің    ұлттық  баламаларының  ғалым  тарапы- 
нан  шебер  қолданыс  табуы  сүйсіндіреді. «Біз 
сияқты мəдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт 
өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі 
əдебиеттерін,  ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне 
аударғанда  пəн  сөздерінің  даярлығына  қызық- 
пай,  ана  тілімізден  қарастырып  сөз  табуымыз 
керек» /2, бет 20/ дей отырып тіл тазалығы, ана 
тілінің  ертеңі  үшін  пайдалы  талаптарды  нақты 
көрсетіп  қана  қоймай,  өз  ісімен  үлгі  көрсете 
білген    А.Байтұрсыновтың  ұлттық  терминдерді 
қалыптастырудағы  рөлі орасан зор. Осы орайда 
тағы  да  Р.Нұрғали  пікіріне  жүгінер  болсақ, 
ғалым  «Əдебиет  танытқышта»  Ахмет  Байтұр- 
сынов  əдебиеттанудың  əлемдік  терминология- 
лық  стандарт  деңгейіне  көтеріліп,  шет  сөзді 
араластырмай,  қонымды,  ықшамды,  бір-бірімен 
сабақтас,  ұйқас,  ұялас  ұғымдардың  тұтас, 
ұлттық  қазақы  жүйесін  жасап  берді.  Олардың 
басым  көпшілігі  автор  репрессияға  ұшырап, 
кітаптың тыйым салынғанына қарамастан əдеби 
тілге кіріп кетті» дейді. 
Ғалым  еңбегінде  жоғарыда  аталған  жанр 
түрлерінің  əрқайсысының  өзіндік  табиғатына, 
ерекшеліктеріне  терең  талдау  жасайды.  Əдеби 
тектердің  аралық  жігін  ажыратуда,  əрқайсы- 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
200
сының  өзіндік  табиғатын  ашуда  суреткерді, 
оның  тысқы  жəне  ішкі  ғаламын  қатыстыра 
отырып  түсіндіруді  негізге  алып  «əуезе  көркем 
сөздің тысқарғы түрлісі болады», «... Толғағанда 
айтатын  нəрсесін  толғаушы  тысқарғы  ғаламнан 
алмай,  ішкергі  ғаламнан  алады», «...айтыс-
тартыста  ақын  өз  басындағы  емес,  басқаның 
басындағы  уақиғаны  көрсетіп,  өз  басынан, 
көңілінің күйінен ешнəрсе қатыстырмайды» деп 
тұжырымдайды.  Жанрды  авторға  қатысты 
саралау  ғылымда  бұрын  да  болған  пікір.  Мұны 
Аристотельдің  «Поэтикасынан»  байқаймыз. 
Алайда  ғалым  өз  еңбегінде  кімнің,  қандай    ой-
тұжырымдарына  сүйенгендігі  туралы  айтпаған. 
«Автор  қандай  ғылыми  еңбектерге  сүйенгені 
туралы,  дерек  келтірмейді. ...Бір  ерекше  жəйт, 
А.Байтұрсынов  ұзақ-ұзақ  цитата  алып,  өзге- 
лерден  бəтуа  іздеп,  басқаның  пікіріне  жығыла 
салатын  əдеттен  мүлде  аулақ....Ғалым  өзі 
қорытқан,  өзі  шындығына  жеткен,  ақиқат  деп 
санаған ойларын ортаға салады» /1, бет 26/  
Əуезе  түрлерін    «бұл  топқа  кіретін  сөздер 
толып  жатыр.  Оның  бəрін  түгендеудің  қажеті 
жоқ.  Басты-басты  түрлерін  алғанда,  олары 
мынау  болады»  дей  келе  ертегі  жыр,  тарихи 
жыр, əуезе жыр, ұлы əңгіме, ұзақ сөз, аңыз өлең 
жəне  əңгіме,  көңілді  сөз,  мысал,  ұсақ  əңгімелер 
деген  тоғыз  түрін  атап  көрсетеді.  Қазір  роман, 
повесть,  поэма,  новелла,  фельетон  деп  танып, 
кең  көлемді,  орта  көлемді,  шағын  көлемді  
эпикалық  жанр  түрлеріне  топтастырылып  жүр- 
ген  щығарма  түрлерін  ғалым  идеялық  мазмұн 
мен  шығарма  пафосы  тұрғысынан  жіктеп  отыр. 
А.Байтұрсыновтың  бұл  ұстанымын  Е.Тілешев 
оның жанрлық түрлерді жіктеудегі бір принципі 
ретінде  танып, «Қазіргі  əдебиеттануда  поэма 
делініп  жүрген  жанрды  А.Байтұрсынов  ертегі 
жыр, тарихи жыр, əуезе жыр, мысал өлең дейді, 
яғни  мұнда  ең  алдымен  идеялық  мазмұн, 
шығарма  пафосы  бірінші  қатарға  шығарылады, 
осындай  ұстанымды  толғауды  ішкі  түрлерге 
таратуынан  да  байқаймыз»  деп  аңғартады. /3, 
бет 196/ 
Дарынды  теоретиктің  толғау  жанрына 
қойылатын  ішкі  жəне  тысқы  шарттарды  сана- 
малап  беріп,  оның  ішкі  түрлерін  жіктеуде 
жасаған  тұжырымы  да  ерекше.  «Əдемі  толғау- 
дан  алатын  адамның  көрік  лəззаты  басқа 
сөздердің бəрінен де артық болады» дей отырып 
ақындық өнер мен өлеңге айырықша баға береді.  
Толғауға  қатысты  ғалым  пікірлерінің  орыс 
сыншысы В.Г. Белинскийдің ойларымен үндесер 
тұстары көп. Мысалы, ғалым «нағыз толғау мен 
күй  (яки  əн)  арасы  жақын:  екеуінің  де  зейінге 
айтары аз, көңілге айтары көп» /2, бет 169/ десе, 
В.Г.Белинский  «өзіндік  мазмұны  тұнып  тұрса 
да,  лирикалық  шығармада  ешбір  мəн  жоқ 
тəрізді,  оның  мазмұнын  тіпті  айтып  беруге  де 
болмайды,  ол  тəтті  түйсігімен  бүкіл  жан 
жүйемізді  тебірентетін  музыкалы  пъесадан 
аумайды,  өйткені  бұл  мағынаны  адам  тіліне 
аударып  болмайды» /4, бет 32/ деп  байлам 
жасаған. Қос ғалымның толғаудың ықшамдығы, 
қысқалығы  жайлы тұжырымдары да бір жерден 
шығады.  Лирикалық  туынды  түрлерін  жіктеуде 
де  ғалым    терминдердің  қазақша  баламасын 
ұтымды  қолданған.  Толғаудың  ішкі  түрлерін 
сап  толғау,  марқайыс  толғау,  налыс,  намыс- 
таныс, сұқтаныс, ойламалдау, сөгіс толғау, күліс 
толғау  деп  топтастырып,  олардың  əрқайсысына 
нақты 
анықтама 
береді. 
А.Байтұрсынов 
ақынның көңіл-күйі тұрғысынан анықтап берген 
лирика  түрлерін  бүгінгі  əдебиет  теориясы  ғы- 
лымы  меңгеріп,  терминдік  сөздерді  қолданысқа 
əлі де толықтай енгізе қойған жоқ десек қателік 
болмас.  Дулат  Бабатайұлының 2003 жылы 
басылып  шыққан  «Тұнық  тұма»  жинағының 
алғысөзінде  ақын  толғауларының  түрлеріне 
А.Байтұрсынов  тұжырымы  бойынша  талдау 
жасалған.  Бұл  да  болса  лирика  туралы  ғалым 
пікірлерін  игілікке  жаратып,  тиімді  қолдануға 
қарай  жасалған  игі  қадамдардың  бірі  деуге 
болатын шығар.  
Қазақ  топырағында  кейіндеу  дамыды  деп 
саналатын  жанр  түрі  драмаға  да  ғалым  қазақша 
балама  тауып,  əдеби  тек  ретіндегі  сипатына, 
өзіндік табиғатына ғылыми талдау жасап берген. 
Драмалық  жанрды  айтыс-тартыс  немесе  ұстасу 
деп  атап,  оны  да  авторға  қатысты  жағынан 
тысқы  ғаламның  сөзі,  яғни  əуезе  мен  айтыс-
тартыстың  арасы  жақынырақ  деп  қорытады. 
Сондай-ақ  драманы  «өмірдің  алаңда  көрсеті- 
летін  сəулесі»  деп  таниды.  Драмалық  жанрдың 
өзіне  ғана  тəн  ерекшеліктерін  ескерте  келе, 
драмалық  шығарма  оқиғасының    негізгі  үш 
кезеңін (1.байланыс, 2.шиеленіс, 3.шешіліс) атап 
көрсетеді.  Осы кезеңдерді қазаққа жақсы таныс 
балуандар  күресімен  салыстыра  отыра  ұғымға 
жеңіл, əрі түсінікті етіп былайша сипаттайды: « 
Ұстасудың  бұл  үш  дəуірі  күресу  дəуірлері 
сияқты.  Байланыс – балуандардың  белдерін 
буынып,  білектерін  сыбанып,  балтырларын 
түрініп,  күреске  шығып,  ұстасқаны  есебіндегі 
дəуірі.  Шиеленіс – балуандардың  əдіс-амал, 
күш,  өнер  бəрін  жұмсап,  қайрат  қылып  күресті 
қыздырған  шағы  сияқты  дəуір.  Шешіліс – 
балуандардың  бірін  бірі  жыққан  мезгілі  сияқты 
дəуір». /2, бет 179/  
Байтұрсынов   драманың  жанрлық  түрлерін 
де  өзгеше  атаумен,  яғни  əлектеніс  (трагедия), 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
201
азаптаныс  (драма),  əуреленіс  (комедия)  деп 
саралайды. 
Айтыс-тартысты  адамның  ішкі  ғаламы  мен 
тысқы ғаламының түйіскенін көрсететін сөз түрі 
дей  келе  бұл  мəселеге  орай  да  ғалым  қызықты 
тұжырым  жасайды. «Адам  бала  күнінде  тысқы 
ғаламдағы  көзге  көрініп,  денеге  сезіліп  тұрған 
нəрселерді  ғана  танумен  болады.  Есі  əбден 
кіргенше  өзгеден  өзін  айырмайды.  Есейген 
сайын  өзінің  өзгеден  басқалығын  біліп,  өзіне 
ұнағанын  істеп,  ұнамағанын  істемей,  қиықтық 
шығара  бастайды. ...Өз  алдына  мұңы,  мұраты, 
мақсаты,  мүддесі  болып,  сол  мұрат-мақсатына 
жету  талабына  кіріскен  жерде  тысқы  ғаламға 
тиісті  жердің  шегіне  келіп,  ішкі  ғалам  мен 
тысқы  ғалам  екеуі  кездеседі.  Сонда  ішкі 
ғаламның  ниетіне  тысқы  ғаламның  шарттары  
тура  келмей,екеуі  ілінісіп  ұстаса  кетеді»  деп 
драмалық  оқиғаның  туу  себептерін  қарапайым 
мысалмен дəлелді жеткізеді. /2, бет 176/  Айтыс-
тартыс түрлеріндегі кейіпкерлер мінезінің, соған 
орай  əрбір    шығармадағы  тартыс  сипатының 
ерекшеліктері нақты талданады.  
Трагедияданың  негізгі  мағынасы  болып 
табылатын коллизияның маңызы туралы Белин- 
ский «...трагедияның  мағынасы  коллизияда 
болмақ,  яғни,  жүректің  табиғи  еркінің  адам- 
гершілік  парызбен  соқтығысуына  немесе  алын- 
байтын тосқауылда мерт болуында жатпақ» десе 
А.Байтұрсынов 
айтыс-тартысқа 
қойылатын 
шарттардың бірінде «Ұстасудың мақсаты тысқы 
ғаламға  қарсы  жұмсалған  ішкі  қайрат  болған 
себепті,  ол  қайратты  жұмсатып  белгілі  бір 
мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар 
ойламаған  жерден  шыққан  уақиға  сияқты 
болмай,  мақсатты  қайраттан  туған  ғамалдар 
болып көрінуге тиістігі» дейді   
Ғалым  Рымғали  Нұрғалидың  айтуынша 
Байтұрсыновтың  бұл  пікірлері  жазылған  кезде 
қазақ  драматургиясында  М.Əуезовтың,  Б.Май- 
линнің,  С.Сейфуллиннің,  Ж.Шаниннің  алғашқы 
пъесалары  жазылған.  Еңбектегі  ғалымның 
«Айтыс  қазақта  ауыз  əдебиеті  түрі  болғанмен, 
айтыс-тартыс  түріндегі  сөздер  басқа  жұрттарда 
жазу-сызу,  өнер-ғылым  шыққан  уақытта  пайда 
болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар 
қазақта  соңғы  кезде  шыққан»  деген  сөздері  де 
осыған мегзейді. /2, бет 106/ Алайда, басқа жанр 
түрлерін  талдағандай  нақты  драмалық  шығар- 
малардан мысалдар келтірілмеген. Драма жанры 
туралы  ғылыми  пікірлерінің  құндылығын, 
талғампаздықпен, дəлдікпен берілуін айта келіп, 
ғалым  Р.Нұрғали  «Шынына  келгенде,  Ахмет 
Байтұрсынов  əлемдік  драма  өнерінің  биік 
тұғырлары Шекспир, Мольер, Гете, Островский, 
Чехов үлгілерін оқып, яки сахнадан көріп барып 
пікір айтып отырғандай» дейді. /1, бет 34/ 
Трагедиялық  жəне  комедиялық  туындылар- 
дың  ерекшеліктерін  ғалым  бас  қаһармандардың 
кескін-келбеті,  өмірлік  мақсаттары  мен  соған 
жету  жолындағы  іс-əрекеттері  тұрғысынан 
зерделейді.  Мысалы, «Əлектеністің  қайраткері 
қатардан  қара  көрінім  биік  адам  болса,  əуре- 
леністің  қайраткері  қайраткері  қатардан  қара 
көрінім  төмен  адам  болады.  Биік  нəрсе  қандай 
сəулетті,  көзге  көрнекті,  көңілге  тамаша  көрі- 
ніп  сұқтандырса,  таңдандырса,  төмен  нəрсе 
өзінің  төмендігімен,  ұсақтығымен  көзге  күйік» 
/2, бет 180/ 
Əдебиет  теориясының  жанрлар  мəселесін 
қарастыруда  ғалым  тұжырымдарының  берер 
тағылымы  мол.  Ғалым  мұрасы  бүгінде  жан-
жақты  зерттелініп,  оның  терең  ойлы,  ғылыми 
негізді  ой-тұжырымдары  əдебиеттану  ғылы- 
мының  кез  келген  саласындағы  өзекті  мəсе- 
лелерді зерделеуге негіз болып отыр. Ғалымның 
ұлы еңбегі «Əдебиет танытқышты» қаншалықты 
таныдық  десек  те,  осы  мəселеге  орай  «алтын 
шыққан жерді белден қаз» деген халық нақылын 
жадымызда  ұстауымыз  əбден  қажет-ақ  сияқты. 
Ахмет  Байтұрсынов  мұрасын  «өшпес  жарық», 
«кетпес байлық», «даналыққа бастар жол басы» 
деп  танып, «ертеңгі  үшін»  аянбай  еңбек  еткен 
ғұламаның  асыл  мұраларын  келешек  қажетіне 
жарату бəріміздің басты міндетіміз.  
Түймеге жарқылдаған алданбаған, 
Басқадай бір бас үшін жалданбаған, 
Көркейер қайткенде Алаш деген ойдан, 
Басқа ойды өмірінде малданбаған,-  
деп  С.Торайғыров  айтқандай  бар  күш-жігерін, 
ақыл-ойы  мен  еңбегін  ұлт  келешегіне  арнап, 
халқын ғылымның ұшар биігінен көруді аңсаған 
Ахмет  Байтұрсынов  есімін  ұлықтау,  рухани 
қазынасын насихаттау  ісі өз маңызын ешқашан 
жоймайды.                                                                                      
_____________________ 
1.  Нұрғали  Р.  Қазақ  əдебиетінің  алтын  ғасыры. 
Зерттеу. Астана, «Күлтегін», 2002 
2.  Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш.  Зерттеу мен 
өлеңдер. Алматы, «Атамұра», 2003 
3.  Тілешев  Е.  Суреткер  жəне  көркемдік  əдіс.  Ал- 
маты, «Арқас», 2005 
4.  Белинский  В.Г.  Шығармалары.  Алматы, «Жазу- 
шы», 1987 
5.  Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Жазушы»,1992 
6.  Əбсадықов  А.,  Исина  Н.  Ахмет  Байтұрсынұлы- 
ның  əдеби  мұралары.  Литературное  наследие  Ахмета 
Байтурсынова. Қостанай, 2003. 
* * * 
В  статье  рассматривается  вклад  А.Байтурсынова  в 
казахское литературоведение. 
* * * 
The article deals with the contribution of Ahmet 
Baitursinov to the sphere of literature. 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
202
Н. М. Могилевская 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет